Файл: Мектептердегі дістемелік бірлестіктерді ызметін йымдастыру жне жоспарлау Юлдашбеков Умиджан Бахадирович.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 107
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІ.Әдістемелік бірлестік отырыстары
№ | Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны | Өткiзу формасы | Мерзiмi | Жауапты |
1 | Нормативтік құжаттармен танысу, жаңа оқу жылына жұмыс жоспарын жасау, бекіту. | | 25.08 | ӘБ жетекшісі |
2 | І тоқсандағы жұмыс қорытындысы және ІІ тоқсан жоспарына түзету енгізу | | 08.11 | ӘБ жетекшісі |
3 | ӘБ-тің апталығының қорытындысын талдау | | 13.12 | ӘБ жетекшісі |
4 | І жартыжылдық жұмыс қорытындысын талдау | | 12.01 | ӘБ жетекшісі |
5 | Бір жылдық жұмыс жоспарын талдау және жаңа оқу жылының жұмысын жоспарлау | | 08.05 | ӘБ жетекшісі |
6 | Орта буын мұғалімдерімен бірлескен ӘБ отырысы | | ІІ жарты жылдықта | ӘБЖ |
7 | ӘБЖ-мен бірлескен отырыс | | Айына бір рет | ӨӘЖО |
ІІІ.Жалпымектептік шаралар
№ | Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны | Өткiзу формасы | Мерзiмi | Жауапты |
1. | Педагогикалық кеңестер | | Жоспарға сай | Директор |
2. | Әдістемелік кеңестер | | Жоспарға сай | ӨӘЖ бойынша орынбасар |
3. | Әдістемелік апталықтар | | Жоспарға сай | ӨӘЖО |
4. | Бастауыш саты ӘБ апталығы | | Жоспарға сай | ӘБЖ |
5. | Әдістемелік шағын кеңес | | 26.08 | ӨӘЖО |
6. | Конференция: 1.Оқушылардың үлгермеу себептері мен оқу-танымдық әрекетіне қызығушылығы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар 2.Сабақты талдау-оқытушы еңбегін бағалаудың сенімді құралы | | ІІ жарты жылдықта | ӨӘЖО |
7. | Дөңгелек үстел: 1.Деңгейлік саралап оқыту білім беру стандартын орындаудың және оқушыларға шамадан тыс күш түсірмеудің алдын-алудың сенімді құралы. 2.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудағы кітапхананың алатын орны. 3.Шығармашылық топ жұмысының нәтижелері | | ІІ жарты жылдықта | ӨӘЖО |
8. | Семинар: 1.Үй тапсырмасын беруде оқушыларға шамадан артып кетудің алдын-алу жолдары. 2.Жаңа педагогикалық технологиялар | | ІІ жартыжыл-дықта | ӨӘЖО |
9. | Мектепішілік «Жыл мұғалімі» байқауы | | Жоспарға сай | ӨӘЖО |
ІV.Оқу-тәрбиелік жұмыстар
№ | Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны | Өткiзу формасы | Мерзiмi | Жауапты |
1. | Оқушылардың оқулықпен қамтылуын қадағалау | | 01-02. 09 | Сынып жетекшісі |
2. | Үйірме, жеке сабақтар кестесін құру | | 02-03.09 | ӘБЖ |
3. | Тоқсанда алынатын ағымдық бақылау жұмыстары кестесін құру, бекіту | | әр тоқсан алдында | ӘБЖ |
4. | Күнтізбектік-тақырыптық жоспарды талқылау, келісу, бекіту | | 30.08-02.09 | ӘБЖ |
5. | Жұмыс дәптерлерін өзара тексеру | | Тоқсанда 1 рет | мұғалімдер |
6. | Оқу техникасын тексеру (ӘБ ішінде өзара тексеру) | | Тоқсанда 1 рет | мұғалімдер |
7. | Қайталау тақырыбымен әр пәннен әкімшілік бақылау жұмысын алу | | Жылына 2 рет | ӘБЖ |
8. | Пәндер бойынша бақылау жұмыстары мен оқушылар күнделігін өзара тексеру | | Тоқсанда 1 рет | мұғалімдер |
9. | Оқушыларды аудандық, қалалық жарыстарға дайындау | | Жоспарға сай | мұғалімдер |
10. | Оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру туралы ӘБ есебі | | Оқу жылы аяғында | мұғалімдер |
11. | Оқушылар үлгерімі мен оқу бағдарламасын орындалуы туралы мұғалімдердің есебі | | Оқу жылы аяғында | мұғалімдер |
12. | Тәрбиесі қиын балалар мен олардың жанұясымен жүргізілген жұмыстар туралы есебі | | Жарты жыл сайын | Сынып жетекшісі |
VI.Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары
№ | Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны | Өткiзу формасы | Мерзiмi | Жауапты |
1 | Бастауыш сынып кабинеттерін байқауға дайындау | | Демалыс кездерінде | Кабинет меңгерушісі |
2 | Бастауыш сынып кабинеттерінің байқауын өткізу | | Демалыс кездерінде | комиссия |
3 | Оқу-әдістемелік әдебиет, дидактикалық материалдарға, оқыту тех.құралдарына тапсырыс беру | | Тамыз | мұғалімдер |
4 | Кабинетте бұрыштар ұйымдастыру, стендтерді жаңарту | | Тамыз | мұғалімдер |
Қазақ тілі және әдебиет, тарих пәндерінің әдістемелік бірлестік отырысының жылдық
жұмыс жоспары
Қыркүйек
Тақырыбы: Жаңа оқу жоспарын жаңа буын оқулықтарындағы өзгерістерді басшылыққа ала отырып бекіту.
Қараша
Тақырыбы: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен жазу сауаттылығын дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында саралап оқыту әдістерін енгізу жолдары.
Қаңтар
Тақырыбы: Оқушыларды Отаншылдыққа, өз еліне деген сүйіспеншілігіне баулу мақсатында тарих сабағында өз өлкесінің бай тарихын білуге деген қызығушылығын арттыру жолдары.
Наурыз
Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндері бойынша кластан тыс жұмыстарға оқушыларды қатыстырудың жолдары.
Математика және жаратылыстану пәндерінің бірлестік отырыстарының жылдық
жұмыс жоспары
Қыркүйек:
Тақырыбы: Математика және жаратылыстану сабақтарында әр деңгейлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың табиғи қабілеттерін ашып, дарынды балалармен жеке жұмыс ұйымдастыру.
Қараша:
Тақырыбы: Жаратылыстану және информатика пәндерінен зертханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді жолдары.
Қаңтар:
Тақырыбы : Математика және жаратылыстану сабақтарын компьютерлендіру жолдары.
Наурыз:
Тақырыбы: Әрбір оқушының өткен материал бойынша меңгерген білім деңгейін өзі бағалауға үйрету, сол арқылы білім сапасын арттыру.
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігі
Өзекті мәселесі және мақсаты: Дамыта оқыту, деңгейлік саралау әдістерін жүйелі меңгеру және сабақта қолдану арқылы бастауыш сыныпоқушыларына сапалы білім беру, математикалық, ауызша және жазбаша сауаттылыққа қол жеткізу.
Міндеттері:
-
Барлық мүмкіндікті пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалану және бастауыш мұғалімдерін өз шеберлігін арттырудағы жұмысын жүйелеу. -
Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, математикалық сауаттылыққа, логикалық ойлауға үйрету. Оқуға, сапалы білім алуға ынталандыру, танымдық белсенділігін көтеру. -
Оқушылардың деңгейін анықтай отырып өз мүмкіндігін бағалай білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, қиындықтарды жеңе білуге баулу. -
Оқушының мүмкіндіктеріне қарай тапсырмаларды деңгейлеп беру арқылы дамыту. -
Білім берумен қатар оқушыларды халықтық дәстүр үрдісінде адамгершілікке баулу.
Мектеп алды дайындық топтар мен бастауыш білім берудің сабақтастығын жүзеге асыру.
Отырыстардың құрылымы
1.Негiзгi мәселе.
2.Бағдарламаның қиын тарауларын оқып-үйрену.
3.Мектепiшiлiк мәселелердi талқылау.
Жұмыс формалары
1.Өзара сабаққа ену және өзара дәптер тексеру.
2.Ашық сабақтар.
3.Тәжiрибелiк көрсете отырып, өз тәжiрибесiнен баяндама.
4.Ұсыныстар мен жадынамалар, нұсқаулар, жасалған көрнекі құралдардың және т.б. әзірлемелері.
5.Мәслихаттар,педагогикалық оқулар, семинарлар.
6.Оқушылардың жақсы дәптерлері, жасалған көрнекі құралдар, жадынамалар, дидактикалық материалдар, тақырыптық әзірлемелер, сабақтардың конспектілік көрмелері.
7.Жас мамандарға бапкерлік жұмысты ұйымдастыру.
8.Балалар әдебиеті және жаңа әдістемелерді оқу және танысу.
9.Әдістемелік «сандықшаларды» ұйымдастыру.
10.Мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру бойынша есеп беруі.
Бiрлестiк отырыстарында қаралатын мәселелер
-
Оқушылардың оқыту бағдарламасының мазмұнын талдау (оқыту әдістерінің ұсыныстары, оқушылардың ББД-ына қойылатын талаптар, ББД-ны тексеру және бағалау). Салыстыру мінездемесі. -
Оқыту жүйесін қарқындатудың мүмкіндігі, оқушылардың берік білімін қалыптастыру. -
Балабақша, бастауыш, орта, жоғары білім сатыларының жұмыс жүйесін жүзеге асыру жолдарын жетілдіру, оқушылардың ББД-ның сапасын арттырудағы басты рөлі. -
Казіргі заманғы сабақ. Оқыту үрдісін қарқындату жолдары. -
Оқу бағдарламасын жетілдіру жұмысы жүйесінде тәрбие және еңбекке баулу жолдарын жетілдіру жолдары.
6. Оқушылар бiлiмiндегi олқылықтардың алдын алу және жою жолдары.
7. Байланыстырып сөйлеу және мәнерлеп тез, әрі дұрыс оқу дағдыларын
қалыптастыру.
8. Көбейту, бөлу, қосу, алу амалдарын тез, ауызша есептеу және есептерді шығарудың
қарапайым кестесін қалыптастырудың жолдары.
9. Каллиографиялық жазба дағдысын қалыптастыру жұмысының жүйесін жетілдіру.
10.Мектеп пен отбасының, өзара жұмысын, кітапханашылардың кітап арқылы оқуға
деген сүйіспеншілігін арттыру дағдыларын ұйымдастыру.
11.Техникалық шығармашылықты ұйымдастыру.
12.Оқушылардың қоғамға пайдалы жұмысын ұйымдастыру.
13.Оқу жылы аяғында қорытынды қайталауды ұйымдастыру.
14.Табиғатты бақылау, оны жазып алу және қорыту мен жинақтау жұмыстарын
ұйымдастыру.
15.Дидактикалық ойын- оқу -тәрбие үрдісіндегі тиімді әдістердің бірі.
16.Сабақтың әдістемелік тиімділігін анықтау, оқушының жеке тұлғасын анықтау,
мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі өз қиыншылықтарын талдай білуін қалыптастыру.
Озат тәжiрибенi зерттеу тақырыптары
1.Оқу-тәрбие үрдiсiнде дидактикалық ойындарды пайдалану.
2. Сыныптан тыс оқу арқылы оқушыларда тәрбиесі мен жан-жақты дамуын
қалыптастыру.
3.Оқушыны техникалық үлгілерге, еңбекке баулу, өзіне қызмет етуді тәрбиелеу.
4. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және қалыптастыруда аудандық
кітапханалар мен мектеп кітапханаларының өзара жұмыс жасауы.
5. Оқушылардың оқу, жазу, есептеу дағдыларын жетілдіру жолдары.
6. Сабақта оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
Ә/Б-дің әр отырысында оқушылардың ББД-ын әкімшілік жұмыстардың қорытындысы бойынша міндетті түрде сараптама жасау керек. Өзара қатысқан мақсатты ашық сабақтардың нәтижесін қорытындылауда мұғалімнің өзі талдау жасауға жаттықтыру.
Мектеп іші мәселелерін талқылағанда мұғалімдердің өзін-өзі жетілдіру есептерін қарастырып, қалалық, аудандық мектептердегі озат мұғалімдердің озық тәжірибесін талдау ұсынылады. Тематикалық жоспарларды міндетті түрде талқылау керек.
1. Ағымдық кезеңдегі жұмыстың сараптамасы. Ә/Б-дің нәтижелі қызметі төмендегіше сарапталуы керек:
а/ мектептегі оқушылардың пән бойынша жылдық білім білік дағдылары деңгейінің салыстырмалы анализі. ББД бойынша ең төменгі пән мен оған тән мәселелерді анықтау. Үлгірімі төмен оқушылармен ұйымдастыру жұмыстары (оқушылардың ББД-ның кемшіліктерін есепке алу, кемшіліктердің алдын алу жұмысының жүйесі, ағымдағы кемшіліктермен оқушылардың күнделікті өзіндік жұмысын ұйымдастыру, Ә/Б-дің тарапынан аталған мәселелерді басқаруы);