Файл: дістемелік нсаулы араанды, 2018 удк 373. 1 Ббк 74. 202. 5 (5 аз).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуге тиіс? -
Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек? -
Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойылған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік береді.
Оқу нәтижелері:
-
оқушыға бағытталуы керек; -
белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік болуы керек; -
оқушының оқу үлгерімі тұрғысынан жазылуы керек.
Деңгейлік бағдарламалар курсының мұғалімдері бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің төртінші аптасының үшінші және төртінші күндері өтетін сабақтарда тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспары мен бір сабақтың жоспарын, яғни қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасап үйренеді. Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру порталынан мұғалімдер жоспарлауда пайдалануға болатын көптеген ресурстарды пайдаланады.
-
Жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мұғалімдерге сабақтар топтамасы кім үшін жоспарланғанын, нені үйрету керек екенін және бағалаудың қандай әдістерін пайдалану қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді. -
Толтыруға арналған кестеорта мерзімді жоспарлау кезінде қолданылатын нысан болып табылады.Оны мұғалімдер оқу мақсаттарын жазуға, оқытудың белсенді стратегияларын, оқу нәтижелерін, жоспарланған бағалауды, оқушылардың барлығының сабаққа қатысқандығын және әр сабақ үшін қажетті ресурстар тізімін жазу үшін пайдалана алады. -
Кестені толтыру жөніндегі нұсқаулықта орта мерзімді жоспарлау нысанының қандай тарауына не жазу керектігі туралы толық мәлімет ұсынылған. -
Орта мерзімді нәтижелерді бағалауға арналған бақылау парағы мұғалімдерге өз жоспарларына қажетті мәселелелердің барлығы кіргізілгендігін тексеруге мүмкіндік береді[2].
Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
1.2. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесі
Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі
бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында туындаған асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның болуының жақсы
жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек, қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған нәтижелерді бұдан әрі объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Сана философиясына сәйкес асимметрия санадағы объект алдыңғы қалыптасқан сенім мен артықшылықтарға сай болмаған жағдайда туындайды. Оңтайлы сәті оның дамуына алып келетін берілген объектіні қабылдаудың объективтілігін арттыру болып табылады.
Педагогикалық мақсаттардың ең алғашқы үлгісінің авторы американдық ғалым Б.Блум болды. Ол «Таксономия» еңбегінің бірінші бөлігін жарыққа шығарды(1956).Блум таксономиясы–танымдық саладағы оқытудың педагогикалық мақсаттарының жіктелуі.Оған ойлау дағдыларының алты деңгейі кіреді:білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Келесі онжылдықта Д.Кратволь және басқа да ғалымдар «Таксономия» еңбегінің екінші бөлігін (аффективті сала бойынша) жазды.Бірінші бөлігі танымдық (когнитивті) мақсаттар саласын сипаттайды. Алдымен іс-әрекет саласы мен ол қамтитын сәйкес мақсаттарға тоқталайық.
1.Когнитивті(танымдық) сала. Бұның құрамына зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудан бастап проблемаларды шешуге дейінгі мақсаттар енеді.Оның барысында жаңа нәрсе құруды енгізе отырып, бар білімді қайта ойлап (басқаша ойлау) оның алдын-ала зерделенген идеялармен, әдістермен, тәсілдермен жаңа байланысын құру қажет болады. Танымдық салаға бағдарламалардағы, оқулықтардағы, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесіндегі оқыту мақсаттарының басым бөлігі қатысты болады.
2.Аффективті (эмоциялық-құндылықтық) сала. Оған қоршаған ортаның құбылыстарын қарапайым қабылдаудан бастап құндылықтық бағдарлану мен белсенділік танытуды қалыптастыру мақсаттары енеді.Бұл салаға қызығушылық пен қабілеттерді қалыптастыру, басқа да бір сезімге алаңдау, оны әрекеттің барысында ұғыну мен көрсетуі сияқты мақсаттар кіреді.
3.Психомоторлық сала. Бұнда қимыл-қозғалыс (моторлық), манипулятивті әрекет, жүйке-бұлшық ет үйлесімділігін қалыптастырумен байланысты мақсаттар қамтылады.Бұл жазу дағдысы, тілдік дағдылар, дене тәрбиесі мен еңбекке баулу ұсынатын мақсаттар [3].
Блум таксономиясы негізіндегі оқу пәнінің мақсаттарын нақтылау екі кезең бойынша жүреді:алғашқысында курстың мақсаты анықталады да, екіншісінде күнделікті іс-әрекеттің мақсаты анықталады. Мақсаттарды толық өлшемдіетіп, ал оқытуды қалпына келтіру үшін әр мақсатқа қол жеткізудің критерийлерін ұсыну керек. Басқаша айтқанда, оқу мақсаты мен оның жетістігі және бір мағыналылығы жөнінде кесіп-пішіп айтатындай болып сипатталуы тиіс.
Блум таксономиясындағытанымдық деңгейдің алты қадамы бойынша мақсатты айқындау мұғалімдер үшін қиындық туғызары анық. Сондықтан төмендегі кестелердемұғалімдер үшін мақсаттарды айқындаудың шартты түрдегі талаптары келтіріледі(1, 2-кестелер).
1-кесте. Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категориялары
Оқу мақсаттарының негізгі санаттары | Оқу мақсаттарының жалпыланған типтерінің үлгілері |
Бұл категория зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртуды білдіреді. | Оқушы:терминдерді, нақты фактілерді, әдістер мен тәртіпті, негізгі түсініктерді, ережелер мен қағидаттарды біледі. |
Зерделенген материалды түсіну қабілетінің көрсеткіші оны бір формадан екінші формаға, өзгерту, (трансляция) бір тілден басқа тілге «ауыстыру»(мысалы, тілдік формадан математикалық формаға) болып табылады. Оқушының оқу материалын өзінше түсіндіруі (қысқаша түсіндіруі) немесе оқиға мен құбылыстың әрі қарайғы барысын жорамалдауы да (салдарын, нәтижесін алдын-ала болжауы) түсінудің көрсеткіші болып табылады. Бұндай оқу нәтижелері материалды құрғақ есте сақтаудан асып түседі. | Оқушы:фактілерді, ережелер мен қағидаттарды түсінеді, тілдік материалды, графиктер мен диаграммаларды түсіндіреді (интерпретациялайды), тілдік материалды математикалық өрнекке өзгертеді, қолдағы бар деректерден туындайтын нәтижелерді жобалап сипаттайды. |
3. Қолдану Бұл категория нақты материалды нақты және жаңа жағдайда қолдану білігін білдіреді. Бұған ережелер, түсініктер, заңдар мен теориялар, әдістерді қолдану кіреді. Оқытудың сәйкес нәтижелері материалды түсінгеннен де гөрі неғұрлым жоғары деңгейді талап етеді | Оқушы:түсініктер мен қағидаттарды жаңа жағдайда қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдайларға қолданады, әдістерді дұрыс қолдануды көрсетеді. |
4.Талдау Бұл категорияға бүтінді бөліктерге ажырату, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, бүтінді құрастыру принциптерін сезіну жатады.Сонымен бірге, оқу нәтижелері түсіну мен қолдануға қарағанда неғұрлым жоғары зияткерлік деңгеймен ерекшеленеді, сондықтан оқу материалының мазмұнымен қос оның ішкі құрылымын сезінуді де талап етеді. Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау. | Оқушы:жабық(жасырын) болжамдарды бөледі, пайымдау логикасындағы қателіктер мен жетіспеушіліктерді көреді, фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықтарды келтіреді, мәлеметтердің маңыздылығын бағалайды. |
5. Жинақтау Бұл категория жаңалығы бар тұтас дүние алу үшін элементтерді қиыстыру білігін білдіреді. Бұндай жаңа өнімге хабарлама, сөйлеулер, баяндама, іс-жоспарлар жатады.Сәйкес оқу нәтижелері жаңа жүйе мен құрылымға ерекше назар аударатын шығармашылық сипаттағы амалды меңзейді. | Оқушы:шағын шығарма, эссе жазады, эксперимент жүргізудің жоспарын жасайды, қандай-да бір проблеманы шешудің жоспарын салыстыру үшін түрлі саланың білімін қолданады. |
6. Бағалау Бұл категория кейбір материалдың (пікірдің, көркем шығарманың, зерттеу деректерінің) нақты мақсат үшін маңыздылығын бағалай алуды білдіреді.Оқушының пайымдамасы анық критерийлерге негізделуі тиіс. Критерийлерді оқушылар өздері немесе сырттан (мысалы, мұғалімнен) ұсынылуы мүмкін. Аталған категория барлық алдыңғы категориялар бойынша оқу нәтижелеріне жетуді оған қоса анық бейнеленген критерийлерге негізделген бағалау пайымдарын болжайды. | Оқушы:жазбаша мәтін түріндегі материалдың қисынды құрылуын бағалайды,қорытындылардың қолдағы бар деректерге сәйкестігін, сапаның сыртқы критерийлерінен туындайтын іс-әрекет өнімінің маңызын бағалайды. |
2-кесте. Пайдаланылатын етістіктер
Оқу мақсаттары | Пайдаланылатын етістіктер |
Білу | еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелеу, ұсыну, табу |
Түсіну | қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарту, мойындау, қайта қарау, түсіндіру, әңгімелеу, айқындау |
Қолдану | көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу |
Талдау | ажырату, саралау, үміт арту, даулау,жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу |
Жинақтау | тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау |
Бағалау | жорамалдау, бағалау, таңдау, баға қою, анықтау, санау, өлшеу, айыптау |
1.3. Оқытудың кіріктірілген үдерісі
Оқу мақсаттары
Олар қандай? Мен қайда талпынамын?
Оқу мақсаттарына қатысты оқушының қарым-қатынасы Мен қай тұстамын?
Бөлім/тақырыптардың негізгі идеясы қандай?
Критерийлер
Оқушылар мен мұғалімге түсінікті ме?
Сапалы жұмыс қандай болады? Өзімнің қай деңгейде екенімді қалай білуіме болады?
1-сурет. Сабақтағы қалыптастырушы бағалау.
-
Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже. Қол жеткізілетін және күтілетін нәтижелердің арақатынасын есепке ала отырып, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігіне қарай мақсатты анықтау. -
Бағалау құралдары. Оқу мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін құралдарды (критерийлер, дескрипторлар, деңгейлер және т.б.) құрастыру. -
Оқыту әдістері мен бағалау. Сабақта оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететіндей іс-әрекеттерді жоспарлау.
Таксономияның басты принциптерінің бірі – ол практик–мұғалімнің қолында тиімді құралы болуы тиіс. Б.Блум педагогикалық техникалардың бірнеше соны тәсілдерінің авторы болып табылады. Соның бірі -«Блум текшесі».
Текшенің қырларында сұрақтар жазылған:
«Неге»,
«Түсіндір»,