Файл: дістемелік нсаулы араанды, 2018 удк 373. 1 Ббк 74. 202. 5 (5 аз).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 81
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым - қатынас | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 5 Пәні: қазақ тілі Т1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | «Тілі байдың ойы да бай» | |||||
Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау 5.3.1.1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану | |||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп, бөліктерге бөледі. | |||||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндегі негізгі ойды анықтап, қосымша ақпаратты түсініп ажыратады.Қарапайым жоспар құрады. | ||||||
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінге сұрақ қою арқылы негізгі ойды саралайды, дәлелдейді.Қосымша ақпарат алу арқылы күрделі жоспар құрады. | ||||||
Тілдік мақсат | Оқушы орындай алады: Оқылған мәтін бойынша сұрақтарға сенімді және еркін жауап береді, өз ойларын айтады. Талқылауға арналған сұрақтар: Шешен қария баласына не деді? Ол баласына қандай қазына қалдырды? Бала абыз ақсақалға не деп мұңын шақты? Дана қарт оған не деп жауап берді? | |||||
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шешен, мұра, қазына. | ||||||
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері: тілге жүйрік, көз жұмарында, қамықпа, қазынам, қадіріне жет, арып – ашып, абыз ақсақалдарға, ақтық дем, сөздің дәмі, мәңгілік мұра.
| ||||||
Құндылықтарға баулу |
| |||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, бейнелеу, тарих | |||||
АКТ –ны қолдану дағдылары | Таныстырылым | |||||
Алдыңғы білім | Сөйлеу мәдениеті. Сыпайылық, әдептілік | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру: Топқа бөлу әдісі: конфет I Білгірлер II Тапқырлар ІІІ Алғырлар Қызығушылықты ояту Оқылым алды тапсырма Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді.
| Таныстырылым | ||||
Сабақтың ортасы 34 мин | Мағынаны тану 1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, жинақы мәтін құрастырыңыз.
Өзара бағалау. «Бас бармақ әдісі» арқылы 2-тапсырма Топтық жұмыс 1-топ Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Ықтимал жауап: қария, қазына, әке, бала.
Ықтимал жауап: Оның саған қалдырған мол мұрасы – қасиетті тіл.
Ықтимал жауап: Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік.
Ықтимал жауап: Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті. 2-топ Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Орындалу барысы: басы – тақырыбы, үстіңгі сүйектері – тақырып бойынша басты мәселе, астыңғы сүйектері - себептері, факт, құйрығы - мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Ықтимал жауап: Балықтың басы – әке өсиеті, үстіңгі сүйектері – қазына, мол мұра, астыңғы сүйектері - ақиқат, құйрығы - сөздің дәмін келтіретін тілдің қымбаттығы. 3-топ Өз ойыңызды «ПОПС» формуласы бойынша білдіріңіз. «ПОПС» формуласы 1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » 2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » 3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » 4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...» Дескриптор:
Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі Оқылымнан кейінгі тапсырма. 3-тапсырма Оқылым мәтінінің негізінде кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімді анықтай отырып, қарапайым (күрделі) жоспар құрыңыз. Ықтимал жауап: I Кіріспе: Қарияның баласына қалдырған мұрасы. II Негізгі: Баланың іс – әрекеті, абыз бен бала III Қорытынды: Аталы сөздің шешімі Өзара бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек» | Оқулық Арман-ПВ | ||||
Сабақтың соңы Кері байланыс 3 мин | Рефлексия «Төрт сөйлем» әдісі 1. Пікір. Негізгі не қосымша ақпаратқа өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Үйге тапсырма: «Ана тілім- мақтанышым» тақырыбында ой толғау жазу. | |
2- қосымша
Тапсырмалар үлгілері
Танымдық мақсаттар | Тапсырмалар үлгілері | Ұпай |
Білу | Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Формуласын жазыңыз. Атап көрсетіңіз. | 1-2 |
Түсіну | Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз | 3-4 |
Қолдану | Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз. | 5--6 |
Талдау | Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салдары не? Салыстырыңыз. Бөліктерге бөліңіз. Себебін талдаңыз. | 7-8 |
Жинақтау | Өз шешіміңізді көрсетіңіз. Алгоритм ұсыныңыз. Баламасын табыңыз. Бөліктерден құраңыз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз | 9-10 |
Бағалау | Қисынды ойды бағалаңыз. Жетістіктерін атаңыз. Өлшемдерін көрсетіңіз. Сәйкестігі қандай? Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз? | 11-12 |
3- қосымша
Пәндер бойынша тапсырмалар үлгілері
Танымдық деңгейлер | Тапсырмалар үлгілері |
Білу | 1.Зат есімге анықтама беріңіз. 2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады? 3.Тіршілік иелерін қандай екі категорияға жіктеуге болады? 4.(9-177)/21+8 өрнегінің мәнін табыңыз. 5.ҚР парламентінің негізгі палаталарын атаңыз. |
Түсіну | 1.Иллюстрациядағы эпизодтан кейін роман кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз. 2.ХХ ғ.ғ басы, ортасы, аяғында Германияда болған оқиғалар туралы үш сурет салыңыз. 3.Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз. 4.Президент міндеттерін сипаттайтын 2-3 беттік шығарма жазыңыз. 5.Неліктен географиялық карталарда таңбалар қолданылады? |
Қолдану | 1.Берілген сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз. 2.Картадағы белгілерді пайдаланып, қаладағы үш ескерткішке бару маршрутын жаса. 3.Өздерiңiз оқитын сыныптың ауданын табыңыздар. 4.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз. 5.Игерілген ылғалдылықты анықтау тәсілін қолданатын үш жағдайды көрсетіңіз. |
Талдау | 1.Бұл оқиғалардың қайсысы шын мәнінде болған, қайсылары жалған? 2.Азамат соғысы мен ауған соғысынан кейiнгi жағдайлар ұқсастығы. 3.Бұл коллекциядағы минералдарды үш белгі бойынша бөліңіз. 4.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз. 5.Жәндiктердi сипаттамасы бойынша қай тұқымдасқа жататынын анықтаңыз. |
Жинақтау | 1.15 географиялық элемент арқылы қиялдағы елдi картаға түсiрiңiз. 2.Б.Майлиннің «Шұға» повесіндегі Абдрахманның іс-әрекетінің салдарын болжаңыз. 3.Эксперимент нәтижелерiн ескере отырып, себептерiне болжам жасаңыз. 4.Болған оқиға туралы мәлiметтердi фельетон түрiнде жазыңыз. 5.Мектеп ауласын көгалдандырудың әр түрлi жолдарын көрсетiңiз |
Бағалау | 1.Қала әкiмiне кандидаттардың бәрi жоғары бiлiмдi болуы тиiс пе? 2.Поэманың екi басты кейiпкерiн салыстырыңыз. 3.Қазiргi заманда оқушыларға ауызша есептеу дағдылары керек пе? 4.Әдiлетсiздiктi түзеу үшiн күш қолдану қажет пе? Пiкiрiңiздi дәлелдеңiз. 5.Зерттелгендердiң iшiнен қай орта сiз үшiн өмiр сүруге қолайлы? Нелiктен? |
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Кларин М.В. Технология постоновки целей: курсовая работа. Раздел «Педагогика».– Москва, 2005. –25 б. -
Мұғалімге арналған нұсқаулық (төртінші басылым) Үшінші (базалық) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған. – Астана, 2015. -
Опарина Н.М., Полина Г.Н., Файзулин Р.М., Шрамкова И.Г. Адаптивное тестирование: учебно-методическое пособие. – Хабаровск, 2007. – 11 б. -
Танымдық мақсаттарды қою мен анықтау мәселелері. Блумтаксономиясы бойынша презентациялар LOGO.– Астана, 2012. Электронды ресурс: http://www.myshared.ru/slide/1032016/ -
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары// Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №832, 25 маусым 2012. -
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау. ҚР білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясы. – Астана, 2015. -
Адамова Ж.Ш.,Сүлейменов М.Б.,Тлеубай С.Т., Мукушева М.А. Оқу мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану. – Қарағанды, 2015.