Файл: дістемелік нсаулы араанды, 2018 удк 373. 1 Ббк 74. 202. 5 (5 аз).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 82

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Барлық пәндер бойынша жетістіктер критерийлері арқылы бағалау бойынша іріктелінген оқу мақсаттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін бағалау келесі қағидаларға сүйенеді:

  • бағаланатын оқу мақсаттарынан;

  • бағалау бойынша ұсыныстар: қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмаларды жоспарлау;

  • жетістік критерийлері: оқушының оқу мақсаты «жетті немесе «талпынатын» анықтайтын критерийлерден тұрады.


Бағалау критерийі арқылы бағалаудың маңызы

Мұғалімдер үшін:

  • сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;

  • өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;

  • сабақ берудің сапасын арттыруға;

  • оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;

  • бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге.

Оқушылар үшін:

  • танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;

  • табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;

  • өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;

  • сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге.

Ата-аналар үшін:

  • баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;

  • оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;

  • оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.

Оқуды бағалау критерийі арқылы бағалау оқу үрдісі аясында оқушылардың жетістіктері мен пәнді түсіну деңгейін үздіксіз бақылап отыра аламыз. Нақтырақ айтқанда, жетістік критерийі арқылы қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек[7] .


    1. . Рәсімдерді жоспарлау және жиынтық бағалау құралдарын құрастыру


Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасында қазақ тілін тек жеке пән ретінде ғана меңгертуді емес, оқушылардың жалпы білім алуының негізгі құралы ретінде оқытуға және функционалдық білім беру бағдарына баса назар аударылады.

Бұл ерекшеліктер тек оқушы үшін ғана емес, пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Кез-келген пән бойынша бағдарлама мазмұны мен оқыту мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмасын құруда мәселелер туындап жататыны анық. Тапсырма түрін таңдау , бағалау тәсілін анықтау, сапалы тапсырма құру деген мәселелер жиі кездеседі. Қазақ тілін бірінші және екінші тіл ретінде меңгертуді қадамдап жоспарлау кезінде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының көптеген түрлерін жоспарлап, қолданып жүрміз. Сол қалыптастырушы бағалау тапсырмасының формаларына тоқталатын болсақ:


- материалдың оқыту мақсатына сәйкес меңгерілу деңгейін анықтау мақсатында даярланатын тапсырмалар;

- тыңдалған немесе оқыған мәтіні бойынша алған ақпаратты қаншалықты дұрыс түсінгендігін тексеру және қажетті ақпаратты таба білуге бағытталған тапсырмалар.
Жиынтық бағалау құралдарын құрастыруда берілген сұрақтар мен тапсырмалар мұғалімге көмек ретінде ұсынылады
Бөлім бойынша жиынтық бағалауды қалыптастыру

Тапсырма қай оқу мақсатына сай құрастырылған?

Оқу мақсатына жетудің бағалау критерийлері қандай?
Бөлім бойынша жиынтық бағалау: құрастыру

Құрастырушы неліктен бөлім бойынша жиынтық бағалау үшін осы оқу мақсатын таңдады?

Сіз қандай оқу мақсатын таңдар едіңіз?

Бөлім бойынша жиынтық бағалау қанша балл бойынша құрастырылған?
Бөлім бойынша жиынтық бағалау: құрастыру

Тапсырмалардың әрбір орындау қадамын сипаттайтындай дескрипторлар құрастыруға назар аудару ұсынылады. Дескриптор арқылы тапсырманы орындаудың әр кезеңін сипаттау оқушыларда қиындық туындататын дағдылар мен біліктерді мұғалімнің анықтауына, сондай-ақ, оқу үдерісін одан әрі жоспарлауға және түзетуге мүмкіндік береді.
Неге назар аудару қажет?

  • тапсырманы орындаудың іріктелген әдісі

  • аралық әрекет/есептеу

  • алынған жауап


Құрылымдық сұрақтар.

Бір тапсырма ма немесе бірнеше жеке тапсырмалар ма?

Қарастырылған қателіктер

Қате бас жағында, алайда әрі қарай тапсырма дұрыс орындалған

Бірнеше қателер бар

Соңында қате бар
Қатемен жұмыс.

Қателер шеберлік деңгейімен қалай байланысуы қажет?

Ірі, ұсақ қателер

Қателер маңыздылықты жоя ма?

Басқа критерийлер қай тұсына сәйкес келеді?

Жазу емлесі, грамматика, пунктуация формат және ұқыптылық
Жиынтық бағалау құралдарын құрастыру - оқушының оқу жетістігін бағалау құралы. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.


Тоқсандық жиынтық бағалау рәсімдері:

  1. ТЖБ тапсырмаларын мұғалім спецификацияға сәйкес құрастырады.

  2. Тоқсанның барлық бөлімдері бойынша оқу мақсаттарын қамтиды.

  3. Сабақ көлемінде өткізіледі (40 минут).

  4. Балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады.

  5. ТЖБ нәтижесі бойынш.а модерация өткізіледі (жазбаша жұмыстар үшін ғана).

  6. Тоқсандық бағаға әсер етеді (50%).

Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау


5-сурет. Тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау

Оқушылардың жетістікке жетудегі айырмашылықтарын үш фактор арқылы азайтуға болады:

1. Бастапқы деңгейін диагностикалау және оқушының қажеттілігіне қарай білім беру үдерісін бейімдеу

2. Алғашқы сәтсіздіктен көңілі қалмау үшін оқушыны ынталандыру арқылы оған қолдау көрсету

3. Марапаттау және жеке тіл табысу

Түйінді идеялар

Оқу бағдарламаларын меңгеру оқушылардың тәжірибесі мен қабілетінде, дағдыларында, білімі мен білігінде көрінетін нақты нәтижелері арқылы бағаланады. Кері дизайн арқылы білім беру үдерісін жобалау: Оқу бағдарламасы – Бағалау жүйесі – Оқу мен оқыту үдерісі. Оқушылар бағалаудың пассив нысаны болуды қояды, осы үдерістің «жасаушысы/құрастырушысы» болады. Оқушылар «не», «қалай» және «неге» бағаланатынын түсінетін болады. Бұл мұғалім мен оқушының жауапкершілік, өзін-өзі реттеу, өзара әрекет ету, кері байланыс жасау сапасын арттырады. Оқу мақсаттары ойлау дағдыларының алты деңгейін бағамдайды: білу және түсіну; қолдану; талдау; жинақтау; бағалау. Бағалау критерийлері тілдік пәндер бойынша 4 сөйлеу әрекеті түрлерін сипаттайды: тыңдалым; айтылым; оқылым; жазылым. Мұғалімнің жетекшілігі арқасында құрбыларымен ынтымақтастығы дамуы үшін оқушылардың жағымды ортасы құрылады. Оқушыларға қолдау көрсетеді және бағалауда түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолданады. Бағалаудың негізін сұрақтар құрайды: «оқушы білім алудың қай сатысында?», «сабақ оқуда олар неге талпынады?» және «осыған қол жеткізуге көмектесу үшін не істеу қажет?»
Қорытынды
Оқыту мақсаттарына жетуде жетістік критерийлерін құрастырып оны тиімді қолдану білу бүгінгі білім беру жүйесінде маңызы өте зор. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Жетістік критерийі арқылы бағалау - бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.


Бағалау критерийі арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру арқылы өмірге бейімделеді.

Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю, бір-бірінің, мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артуына ықпалы бар. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін біледі.

Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушыларға: нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер беріледі.

«Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз» - деген екен белгілі шығыс ойшылы Конфуций. Олай болса, бағалауға деген көзқарасымызды өзгертсек, сабақтарымызға критерий арқылы бағалауды қолдансақ, мектеп оқушыларының жетістіктерін бағалаудың тиімділігі артады.

ГЛОССАРИЙ
Критериалды бағалау – оқушылардың оқу-танымдық құзыретін қалыптастыруға жағдай жасайтын, білім беру мақсаты мен мазмұнына сәйкес білім беру процесіне қатысушылардың (оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.


Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау –сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағандығын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Ішкі қорытынды бағалауды педагогтар немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады.

Сыртқы жиынтық бағалау – бастауыш мектепте (5-сынып), негізгі мектепте (10-сынып), жоғарғы мектепте (11-12 сынып) оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды. Қорытынды жұмыстарға қойылған баға, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады.

Оқушылардың жетістіктері туралы есеп – оқушы бойында қандай біліктің қалыптасқандығын, сондай-ақ алған білім-біліктілігін іс жүзінде қалай қолданатындығын көрсететін, белгілі бір кезеңдегі ақпарат.

Портфолио – оқушының білім алудағы белгілі бір кезеңде, бір немесе бірнеше пән бойынша жетістігін, ілгерілеушілігін, оқытудағы нәтижесін көрсететін жеке жетістіктер бағасын тіркеу әдісі. Портфолио критериалды жүйені енгізуде оқушы нәтижелерін шынайы және әділ бағалау мақсатында енгізіледі.

Модерация – шынайылық пен әділдік үшін бағалауды стандарттау мақсатында бір пәннен беретін мұғалімдердің бір сынып оқушыларының қорытынды жұмысын талқылау процесі. Модерация білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымшалар

  1. Қосымша