Файл: дістемелік нсаулы араанды, 2018 удк 373. 1 Ббк 74. 202. 5 (5 аз).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 83

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Атап шық»,

«Ұсын»,

«Ойлап тап»,

«Бөліс»

Мұғалім (немесе оқушы) текшені лақтырады.Текшенің өзіне қараған қыры бойынша оқу материалына сай сұрақ құрастыру керек.Мысалы, «Атап шық...» сөзінен басталатын сұрақ репродукция деңгейіне, яғни білімді қайта жаңғырту деңгейіне сай келеді.

«Неліктен...» деп басталатын сөздің сұрақтары процессуалды білімге сай келеді.Оқушы бұл жағдайда себеп-салдарлы байланыстарды табуға, белгілі бір заттар мен құбылыстарға қатысты болған үдерістіреді сипаттауы тиіс.

«Түсіндір...» сұрағына жауап беруде оқушы ұғым мен түсініктерді жаңа жағдайға қолданады, заңдар мен теорияларды нақты практикалық жағдаяттарда қолданады, әдіс пен тәсілдерді дұрыс қолдана алуын көрсетеді.

Ал, «Ұсын..»,«Ойлап тап...»,«Бөліс...» тапсырмалары оқушының ойлау әрекетін жандандыруға бағытталады.Ол жабық (жасырын) болжамдарды шығарады, фактілер мен салдарлар арасындағы айырмашылықты анықтайды, мәліметтерді талдайды, маңыздылығын бағалайды, әртүрлі салалардың білімін қолданады.Қарабайыр жаттаудың оқу материалын оқушының нәтижелі игеруіне көмектеспейтіні анық.

Бұл тәсілді қолданудың екі түрлі жолы мүмкін болады:

  • мұғалім сәйкес сұрақтар қояды:

  • оқушы сұрақтар құрастырады.

Әрі репродуктивті сипатты сұрақтарға жауап беру ғана емес, оларды құрастырудың анағұрлым жеңіл екенін аңғаруға болады.Себеп-салдарлы байланыстарды іздеуге бағытталған сұрақтарды құрастыру қиынырақ. «Ұсын...», «Ойластыр...», «Бөліс...» сөздерімен басталатын сұрақ-тапсырмаларын құрастыру одан да қиын. Әрине, мұғалім сұрақ-тапсырмалар құрастырумен байланысты оқушының еңбегін нақты бағалауы керек [4].


ІІ. ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1. Тапсырманы құрастырудың мақсаты
Мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелігін оқу материалын меңгерудің процессуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Үрдіс оқушының функционалдық сауаттылығын ең маңыздысы – оқу үрдісінің өзі, жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді [5]. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны белгілі болады. Білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үрдіс.


2-сурет. Ойлау дағдыларының деңгейлері.



Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білімі бес балдық жүйемен және басқа оқушының жетістігімен салыстырылып бағаланып келді.

Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуі оқушылардың дағдыларының дамуына мүмкіндік тудырады. Дағдыларды нақты бағалау біліктілігі жетістік критерийі арқылы бағалаудың маңызды аспектісі. Берілген кестеде оқу бағдарламасына енгізілген, бағалауда дағдылардың қалыптасқанын немесе даму деңгейінің бағалауы көрсетілген.
3-кесте. Оқушылар бойында қалыптастыру қажет рухани құндылықтар мен дағдылар

Рухани құндылықтар

Дағдылар

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

  • коммуникативтік қабілеттер;

  • өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

  • жауапкершілік;

  • денсаулық, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету;

  • өмір бойы оқуға дайын болу.

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • білімді шығармашылық тұрғысынан қабылдау қабілеті;

  • мәселелерді шешу қабілеті;

  • ғылыми-зерттеу дағдылары;

  • коммуникативтік дағдылар (тілдік дағдыларды қоса);

  • жеке және топпен жұмыс жасай алу қабілеті;

  • АКТ саласындағы дағдылар.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – бұл оқушылардың жоспарланған оқу мақсаттары мен шынайы нәтижелерінің сәйкестік деңгейлерін орнату болып табылады. Жетістік критерийі арқылы бағалау – алдын ала белгілі критерийлерге сәйкес, оқушының жеке оқуын түзетуге мүмкіндік беретін, оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Сол арқылы бағалау оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік береді және сабақ беру, бағалау мен оқытудың өзара байланыс қағидаттары негізінде дайындалады (4-кесте).
4-кесте.Бағаланатын дағдылар сипаттамасы

Дағдылар

Сипаттамасы

Білу

Нақты деректерді, ақпараттарды білу және еске түсіру және оларды баяндау.

Түсіну

Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау

Қолдану

Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдану.

Сыни ойлау

Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі көзқараста болу.

Анализ

Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін және/немесе ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.

Синтез

Алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу.

Бағалау

Белгілі критерийлер арқылы идеялардың құндылығы немесе дәлелдер туралы тұжырымды қалыптастыру.

Коммуникация

Басқа адамдардың қызығушылығын және көзқарастарын өз қызығушылығымен және көзқарасымен сәйкестендіріп және негіздеп қабылдау, адамдармен қарым-қатынаста болу және келісу қабілеттілігі.

Тыңдалым арқылы коммуникация

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыпта ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген адамның пікірін айырып тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі стратегияны пайдаланып, әр түрлі типтегі мәтіндердің мазмұнын түсіну және қабылдау; естігеннің негізгі мазмұнын, мәтін бөліктерін таныс сөздерге, фразаларға және естігені арқылы түсіну, нақты/керекті ақпаратты таңдау және түсіну.

Оқылым арқылы коммуникация

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі ғылыми және әдеби мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардағы өзекті мәселелерді бөлу, ақпарат іздеудің әр түрлі стратегиясын қолдану, контекст бойынша сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірі мен көз-қарасын тану, оқығанды түсіну тереңдігін және сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі сандық және қағаз түпнұсқасын қолдану.

Жазылым

Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі әңгімелеуде ауызекі және ресми стильді пайдалану; қажетті ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтарды қоя білу біліктілігі; күтпеген сұрақтарға жауап қайтару; тапсырма орындау барысында өз құрбыларымен қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді сауатты пайдалану; оқиға және оның жүйесін мазмұндау.

Шығармашылық

Өзіндік тәсілдерді немесе әр түрлі жолдарды қолданып, мәселені шешуді іздеу және жаңа идеяны дайындау.

Зерттеу

Зерттеу мақсатына сәйкес деректер және ақпараттарды жинау жолдарын дайындау.

Техника және тәсілдер

Өзара жоспарлауды, орындауды және бағалауды қоса пән бойынша практикалық біліктілікті, оларға сәйкес рәсімдерді мен технологияны көрсету. Әр түрлі іс-әрекетке қатысу үшін негізгі техникалық тәсілдер мен моторикалық дағдыларды көрсету; топта және жеке жұмыс жасау жағдайында стратегия туралы өз ойын көрсету; рухани дамуды және физикалық дайындықты жоғарылату үшін тиімді әр түрлі әдістерді қолдану

Рефлексия

Іс-әрекет жасауда шешім қабылдау жәнетұжырымды қалыптастыру, пікірлер, ойлар және оқиғалар туралы ой пікір ұсыну.

Сандық ойлаудың математикалық қабілеті

Санды қолдануды, есепті шығаруды, график, кесте және кең диапазондағы математикалық ұғымды, контексті және күнделікті жағдайда көрсетуді түсіну.



Келтірілген құндылықтар мен дағдылар ескеріліп, пән бойынша білім деңгейі, дағдылар мен құзыреттіліктер қарастырылады [8]. Жоғарыда аталған құндылықтар мен дағдылар пәнді оқытатын оқу бағдарламасында белгіленген, пәннің оқу бағдарламасы стандартты оқу жоспарының негізі болып табылады. Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Бағалау критерийі арқылы бағалау жүйесінің өзіндік тиімділігі бар:

  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

  • оқушылардың білім сапасын арттырады;

  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді ұстанымына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.


Тапсырмаларды әзірлеуде жетістік критерийлерін құрастыру бойынша ескерілетін мәселелер:

Жетістік критерийі бойынша дайындалған тапсырманың бағдарламадағы сілтеме мен оқу мақсатына негізделіп жасалуы:

  • тапсырманың шұбалыңқы емес, оқушыға түсінікті тілде құрылуы;

  • қысқа көлемді тапсырмалардың қолданылуы, көлемі, орындау уақытын алдын ала жоспарлау;

  • бағалауда бақылауды қажет етпейтін артық ақпараттың тапсырмада қолданылмағаны жөн;

  • кейбір күрделі тапсырмаларда міндетті түрде орындау қадамдары берілуі керек( мысалы, жазылымда және айтылымда) шығармашылық сатыға арнап құрылатын тапсырмалар үшін арнайы шектің немесе жауап үлгісі алдын-ала даярлануы керек.


3-сурет.Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру кезеңдері
Оқу мақсаттары, тапсырмалар және жетістік критерийлері өзара тығыз байланыста болады [7]. Жоспарлау оқу мақсаттарын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы шешім қабылдаған соң, оған сай тапсырманы оқу жоспарын қолдана отырып жоспарлайды. Тапсырма оқушының бір немесе бірнеше оқу мақсаттарына табысты түрде жетуіне ықпал етеді (3-сурет).

Оқушы тапсырманы орындап жатқан кезінде мұғалім оның оқу үрдісінің қай сатысында екенін анықтауға тырысады. Ол ағымдағы нәтиже деңгейін осы деңгейге сәйкес жетістік критерийлеріне жүгіне отырып салыстырады. Оқушы оқу мақсатына «жеткен» жағдайда, мұғалім оқушы білімін әрі жетілдіруді ұсынады, қиынырақ деңгейдегі тапсырмалар береді. Оқу мақсатына «талпынған» оқушыға мұғалім қолдау мен кеңес береді, әрі қарай оқу мақсатына жетудің жолдарын көрсетеді.

Тапсырма түрлері

Жабық түрдегі тапсырмалар:

  • Бір дұрыс жауапты;

  • Бірнеше дұрыс жауапты;

  • Сәйкестікті анықтауға берілген;

  • Дұрыс реттілікті анықтауға берілген.

Ашық түрдегі тапсырмалар:

  • Қысқа жауапты қажет ететін;

  • Толық жауапты қажет ететін;

  • Эссе.


4-сурет. Тапсырманы құрастыру кезеңдері


Бұл ақпараттар тапсырмаларға сәйкес келеді және осы оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалауға қатысты дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі (4-сурет. Тапсырманы құрастыру кезеңдері). Қол жеткізуге тиісті жетістік критерийлері саны әр оқу мақсатын бағалау бойынша ұсыныстарымен жан-жақты сипатталады.

Т апсырма құрастыру кезінде мұғалім не туралы ойлайды?

  • Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес келе ме?

  • Ойлау дағдыларының деңгейлері бағалау критерийлеріне сәйкес келе ме?

  • Тапсырма бағалау критерийлеріне, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?

  • Тапсырманың құрастырылуы түсінікті ме?

  • Тапсырма жас ерекшелігіне сәйкес келе ме?

  • Дескрипторлар / балл қою кестесі тапсырмаға сәйкес келе ме?



Тапсырма құрастыру кезінде неге сүйену қажет?

  • Оқу бағдарламасы және оқу жоспары;

  • Спецификация;

  • Құрастырылған бағалау критерийлері;

  • Кәсіби іс-тәжірибе/мұғалімнің шешімі;

  • Оқу материалын қамту көлемі мен деңгейі;

  • Оқушы деңгейі;

  • Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері.

Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық үдерісте, бағалау кезінде солғұрлым аз болады.

2.2. Бағалау құралдарын құрастыру үдерісі
Мұғалімдер оқушыларды оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарына сәйкес өзіне де, сондай-ақ сыныптастарына да баға қоя алады. Бұл критерийлерді сабақ барысында тапсырма ретінде беруге болады. Бұл тапсырма мұғалімнің оқушылардан не күтетінін айқындап, оқушыларды өздерінің жұмыстарының осы өлшемге сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді. Сыныптастары бағалайтын оқушының жұмысын жақсартудың амалдарын одан әрі дамытуға арналған бағыттарды анықтау тапсырманың мақсаты болып табылады. Сабақтағы жетістіктерді бағалау үшін сабақтың міндетін анықтап алып, критерийлерді қоя білу керек. Критерийлермен бағалау түрі әртүрлі: ишаралар арқылы және сабақтың міндетіне сәйкес нәтижелер қою арқылы бағаланады (5-кесте)[7].
5-кесте. Қалыптастырушы бағалауға арналған ұсыныстар

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалау бойынша нұсқау

Мультимедиа құралдарды пайдалана отырып сөйлеу және тыңдау

Медиа мәтініне негізделген кеңейтілген мәтінді құрыңыз және грамматикалық формаларды дұрыс пайдаланыңыз.

Сіз оқушылар әңгімені, тарихи оқиғаны өз сөздерімен айтатын немесе фотосуреттерде көрсетілген оқиғалар реттілігін сипаттайтын топтарда жұмыс істеу үшін топтасып талқылауды ұйымдастыра аласыз, оқушыларға жеке-дара сұрақ қоя аласыз, тапсырмаларға пайдалана аласыз. Сіз жекелеген оқушыларды мұқият қадағалап отыруыңыз керек, бұл табыс критерийлері сақталғандығын немесе сақталмағандығын шешу үшін керек.

Дағдылар

Тыңдау және сөйлеу

Табыс критерийлері

Оқушылар осы оқу мақсатына жетеді, егер олар

Оқушылар осы оқу мақсатына жету бағытында жұмыс істейді, егер олар

Лексикалық және грамматикалық формаларды дұрыс пайдалана отырып, әңгімені немесе тарихи оқиғаны баяндау арқылы айқын кеңейтілген мәтінді құра алса

Лексикалық және грамматикалық формаларды біршама дұрыс пайдалана отырып, әңгімені немесе тарихи оқиғаны баяндау арқылы кеңейтілген айқынырақ мәтінді құра алса