Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 251

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мұнда да белгілі бір шарттардың сақталуы қажет.

Бірінші. Ол материалын түсіндіруде, оқушылардың мәселелік жағдайда пайда болған сұрақтарына қарау керек, сонымен қатар осы сұрақтармен жаңа білімді қажеттілікті қанағаттандырып, олардың оқу әрекетінің себебі болған танытушы қызығушылықтарына жауап беру керек. Оқу материалдарын түсіндіруде ақпаратты ұсынудың барлық қолданыстағы әдістері мен тәсілдері (әңгіме, дәріс, тәжірибені жинақтап кµрсету), осыған пайдаланатын барлық құралдар (сµз, кино, компьютер, әртүрлі техникалық және білім берудің кµрнекі құралдары) негізінде түсіндіріледі. Сµздерге байланысты айтсақ, (материалды ауызша баяндау), онда ол әртүрлі болуы да мүмкін: мәселелік ой пікірлік немесе хабарлы, бірақ ешқандай да парыздық дүмшелік образда болмайды.

Екінші. Оқу материалын баяндауда оқытушы білім алушылардың білім деңгейін есепке алуы керек. Егер студенттер µзінің жеке пікірінің күшімен, негізінен мәселені шеше алса, онда олардың игерген, ізделіп отырғандарды табуын жалпы заңдылық немесе әрекет ету тәсілі сияқты ашып кµрсетудің қажеттілігі жоқ. Оқытушының мұндай жағдайда шешімінің дұрыстығын дәлелдеп, қайтадан жауапты тұжырымдап, сонымен бірге білім алушының есінде сақтауды бекітіп береді.

Егер, студенттер мәселені шеше алмаса немесе олар басқа жолмен кетіп, дұрыс емес шешімге келді, немесе олардан алынған жауап нақты емес болған жағдайда да мәселелі жағдай білім алушыларда білімге деген қажеттілік пен оқытушының баяндамасын тыңдауға дайын екендігін кµрсететін µзінің жағымды ролін ойнайды. Мұнда, әрине материалдың баяндалуы тек логикалық дәлелде емес, сонымен бірге жаңа заңдылықты немесе нақтылы µмірлік фактілерден, процестерден оқиғаларға әсер ететін жаңа тәсілдің болуы керек.

шінші. Егер, оқыту лабораториялық немесе практикалық тапсырма, не семинар-пікірталас немесе семинар-практика түрінде болса, онда студенттер біріншіден қандай қажетті мағлұматтарды пайдалану керек немесе мәселелік тапсырманың қай тәсілін оқу керек екенін түсіну қажет.

Тµртінші. Егер, мәселелік тапсырма топтағы студенттерге шашадан тыс қиын болып келсе, онда мәселелік тапсырмаларды топқа қолайлы болуы үшін жеке мәселелік тапсырмаларға бµліп кµрсетілуі қажет.

Мұндай жағдайлар оқытушының материалдарын, мәселелік тапсырмалардың мазмұнын (тµрт жағдай) түсіндіру процесі оқытушының мәселелік оқудағы әдістерді пайдалану ісіне психологиялық тұрғыда жетекшілік етуімен кµрсетіледі. Оған негізгі проблемалық тапсырмалар мен проблемалық жағдай туғызып отырған оқу материалының шығармалық әдісі жүктеледі.



6 дәріс. Педагог педагогикалық іс әрекеттің субъектісі ретінде. (2 сағ)

1.Педагогтың субъектілік қасиеттері.

2.Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде.

3.Педагогтың субъектілік құрылымының психофизиологиялық компоненті.

.4.Педагог тұлғасы сапаларының жалпы анықтамасы.

5.Тұлғалық кәсіби педагогикалық сапалары.

6.Адамның педагогикалық іс әрекетке сәйкестілігі.

Жоғарғы оқу орнындағы психология пәнінің оқытушының алдында тұрған бірінші кезектегі міндет - студенттің оқудағы іс-әрекетін қалыптастыру немесе қарапайым түрде айтса, оны психологияны оқуға үйрету болып табылады. ¤з еркімен оқып үйренбей, "µзінің ақылымен µмір сүруге машықтанбай" студент әрқашан оқытушының аузынан шыққан дайын білімді алуға әдеттенеді, кітаптағы ғылыми ойларды механикалық түрде жаттап алып, ал нәтижесінде ол осы ойларды практикада қолдануға ешқандай әрекет жасамайды. Ал бұл оның психологиялық ойлап үйрене алмайтынын, адамдармен жақсы қарым- қатынасқа түсе алмайтынын кµрсетеді.

Оқу іс-әрекетін қалай қалыптастыру керек? Яғни бұл -әрбір студентті психологияны дұрыс оқуға үйрету. Алайда осы "дұрыс оқу" сµзінің мазмұнына не кіреді? Психологиялық аспектіде проблема былай кµрінеді: "бұрын белгісіз болған, қатысушыларда бейсаналық түрде болып, оларда меңгеріліп, атақты болып, объективтіліктен субъективтілікке, материалдыдан идеалдыға айналуының себебі неде?". Бұл сұрақтың жауабы оларды дұрыс оқуға бағыт кµрсетеді.

Отандық психологияда 50 жылдары бұл проблемамен П.Я. Гальперин мен оның шәкіртттері айналысып, олар ақыл- ой әрекетінің қалыптасу процесін зертттеуден бастаған болатын. "Адамның санасынан тыс болып келген сыртқы, қандай жолмен ішкі ақыл-ойға айналады, яғни оның санасының мүлкіне, оның ақылына тән болуы қандай жолмен жүзеге асады? "- деген сұраққа жауап іздеуде бірте -бірте бұл мәселеге қорытынды шығарылып, бұл П.Я. Гальпериннің ақыл-ой іс- әрекетінің қалыптасуының жоспарлы сатылық концепциясын құрады.

Бұл концепция кең жалпыпсихологиялық маңызға ие, себебі ол жоғарыдағы сұраққа жауап беріп қана қоймай, психология пәнін оқытуда бағыттаушы қызмет атқарады; жануарлардың психикалық дамуынан принципті ерекшеленетін адам психикасының эволюциясы туралы білімді; психикалық іс-әрекеттің түрлері мен формаларын (қабылдау, ойлау, зейін т.б.) және олардың қалыптасу заңдылықтарын оқыту; сондай-ақ идеалды іс-әрекет пен образды т.б.сондай-ақ, психикалық іс-әрекеттің негізгі элементтерінің қалыптасу заңдылықтары туралы оқыту, яғни бұл ақыл- ой әрекеті мен түсініктің қалыптасуы туралы оқыту болып табылады. Ал бұл педагогика тілінде "білім- икем-дағдыны" білдіреді. Бұл психологиялық дұрыс оқытуды үйрететін қазіргі кезеңде қызығушылық тудырып отырған соңғы теориялық негіз болып отыр және әдебиеттерде оқу- "ақыл-ой іс -әрекетінің сатылық қалыптасу теориясы" ретінде танымал.


Осы теорияға сәйкес оқу саналы іс-әрекетті қалыптастыратын іс-әрекет ретінде қарастырылады. "Саналы іс-әрекет - адамның практикалық, танымдық әрекетінің негізгі бірлігін құрайды, ол жеке тұлғаның тәжірибесінде бірнеше µзгерістер мен жағымды (немесе жағымсыз ) құрамын µзіне қосу арқылы қалыптасады."

Гальпериннің концепциясында оқу- қатысушыға жаңа білім мен қабілет беретін іс-әрекеттердің спецификалық түрлерінің жүйесі ретінде қарастырылады. Сондықтан бұл теорияны жақтаушылар оқудың мақсаты жұмыс туралы біліммен әрекет ету қабілеті деп санайды. Кез-келген оқу адамға "бір нәрсені істеуге" үйрету үшін қолданылады, ол ізденушіге іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалап, бағыттап, дәл, анық білім беруден бұрын, ол үшін нені қалай істеу керек, неліктен тура солай істеу керектігі туралы білім керек. Сонымен қатар маманға жүзеге асқалы жатқан іс-әрекеттің қайсы элементтері әрдайым кәсіби іс-әрекетті қатесіз жүзеге асыратын сенімді бағыт болатынын анықтай білуі қажет. Бұл бағыттырдың-элементтердің жиынтығы оқушыға бұл қызметтті оқып-үйренуде ең негізгі әрекеттің нысаналы негізі болуы тиіс. "Әрекеттің нысаналы негізі- бұл адамның әрекетті жүзеге асырудағы шынайы сүйенетін талаптардың жүйесі болып табылады. "Оқушы аталмыш әрекетті білмегендіктен, ол оған енді ғана үйрене бастағандықтан, оқытушы оқушының "қолына" іс-әрекеттің нысаналы негізін ұстатуы тиіс, осыдан кейін ғана оқушы осыған сүйене отырып, µзінің әрекетін орындайды. Басқаша айтқанда адам егер әрекеттің нысаналы негізін (ООД)- қатаң қадағалып, соның бастауымен жұмыс істесе, бұл аталмыш әрекетпен алғаш кездескен адамның µзі де қатесіз жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Осы арқылы ол кез-келген жаңа жұмыс, жаңа қызмет түрі болсын, бұл тіпті тригонометриялық есептерді шығару болсын, хатты орфографиялық сауаттылықпен жазу немесе жаңа самолетті жинау немесе психологиялық құбылыстарды анализдеу болсын кез-келген әрекетке үйренісіп кете алады.

"Кез-келген адамның іс-әрекетінде ,-де жазды П.Я.Гальперин ,- нысаналы, атқарушы және бақылаушы бµлігі бар. "Оқушы оқытушы қамтамасыз ететін нысаналы бµлігіне сүйене отырып, оқушы оқу процесінде әрекеттің атқарушы бµлігінде оқиды.

Оқытудың нақты методикаларының негізінде жүзеге асырылған ақыл-ой әрекетінің этаптық қалыптасуының психологиялық концепциясы оқу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді: мұның нәтижесін оқушының қалыптасқан қызметін қатесіз орындау икемімен, оның басқалармен салыстырғанда уақыт (кейде тәртіп) жағынан әрдайым біршама ерте аяқтайды. Ал жиналған білімнің шыдамдылығы мен сапасы, икемі мен дағдысы басқалардан жоғары тұрады және негізгісі - бұл ешқандай қосымша материалдық, қаржылық, адами (кадрлық) ресурстарды қажет етпейді.


Осы концепция негізінде оқу іс-әрекетінің құрылуының нәтижелілігі гальпериндік топпен ғана дәлелденіп, зерттелген жоқ, бұл П.Я.Гальпериннің мектебімен, оның шәкірттері, жақтаушылары мен жалпы оқытудың практикадағы жолын қуушылар да µз үлесін қосты.

Психологияны оқытудың методикасында осы аймақта жетістікке жету үшін бірнеше мүмкіндіктер қажет. Біріншіден, педогогикалық жоғарғы оқу орнында мектептік арнайы пәндерге оқытатын методикаларын даярлайтын студенттермен бірқатар практикалық, лабораториялық сабақтар µткізілуі тиіс, осы арқылы олар мектепте сабақ жүргізе алады. Екіншіден, психология пәнін жоғарғы оқу орнында мына теориямен сәйкестікте жүргізуге болады: студенттер практикалық психологтың кәсіби қызметін үйренген жағдайда немесе жекеленген іс-әрекетті анализдеу немесе психологиялық құбылыстарды бағалауда кµрінеді. ‡шіншіден, психология пәнінің оқытушысы осы концепция негізінде құрылған оқытудың белсенді методтарын үгіттеуде шектеусіз мүмкіншіліктерге ие.

Психологияны оқытудың келесі бір маңызды бағыты субъектінің белсенділігінің ерекше формасы ретінде µткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін жеке тұлғаның қабілетін дамыту үшін бағытталған, оқу іс-әрекетінің анализіне негізделген оқытудың дамытып оқыту теориясы болып табылады. Д.Б. Эльконин оқу іс-әрекетінің бірлігі "оқу тапсырмасы" болып табылатындығын кµрсетеді, ол субъектінің µзіне, оның біліміне, икеміне, кµзқарасына, дүниетанымына байланысты. В.В Давыдов оқу іс- әрекеті бұл теориялық білімдерді меңгерту деп анықтама берсе, ал оқу іс-әрекетін қалыптастыру дегеніміз- бұл шығармашылық және µз еркімен оқу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Д.Б. Эльконин мен В.В Давыдов 1960-1970 жылдары мектептік тәжірибеде оқытудың дамыту жүйесін жасап, тәжірибеден µткізді. Оның мақсаты - қатысушыларға оқу процесінің барысында оларға білім беріп қана қоймай, оларды кез-келген информацияларды немесе ғылыми бағытта µз еркімен жұмыс істеуге, бағдарлауға үйрету болып табылады. Бұл "мектеп ойлауды үйрету керек" дегенді білдіреді, яғни бұл қатысушылардың қазіргі заманғы ойлау қабілетінің негізін белсенді дамыту болып табылады. Басқаша айтқанда, дамытушы сипат беретін құрылым ұйымдастыру керек.

Яғни дұрыс оқу дегеніміз -ойлай білу дегенді білдіреді. Дамытып оқыту идеясы 1996 жылы 7000 мұғалімнің қатысуымен жұмыс істеген 5-8 сыныптардың жекеленген пәндердің бағдарламасына, сондай-ақ осы жылдарды бастауыш мектептердің бағдарламасына енгізілген болатын. Эльконин - Давыдов жүйесі бойынша оқыған эксперименттік сыныптарға қатысушыларда: "оқу іс-әрекетінің қалыптасуы, интеллектуалдық даму, оқушылар ұжымының дамуы мен жеке қасиеттерінің дамуы сияқты сипаттағы процесстер дәстүрлі оқыту жүйесінен процестерінен ерекшеленіп және бұл сипаттамалармен сәйкес келеді. Бұл сипаттамалардың қорытындысы әдетте дәстүрлі оқыту жүйесінде жоспарланбайды да, анықталмайды және оқытудың нәтижесі ретінде бағаланбайда да."