Файл: Бекітілді ЦК трайымы Абуова Р.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 246

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітілді

ЦӘК төрайымы____________Абуова Р

Қысқа мерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні:

Ишанова Қарлығаш Биганиевна

Бөлімі:

Геометриялық оптика

Сабақтың тақырыбы:

Толық ішкі шағылу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.7.2.4 -жарықтың толық ішкі шағылуын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Жарықтың толық ішкі шағылуын білу;

Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсіндіру.

Оптоталшықтардың қолданылуына күнделікті өмірден мысал келтіру.

Бағалау критерийлері


Жарықтың толық ішкі шағылуын біледі;

Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сынуын түсінеді;

Опто талшықтардың қолданылуына күнделікті өмірден мысал келтіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


«Жақсартуға арналған уақыт» әдісі


Ұйымдастыру кезеңі

«Жақсартуға арналған уақыт»-әдісі бойынша

үй тапсырмасына физикалық диктант арқылы тексеру жүргіземін.


Сабаққа дайындық

Білім алушылар

бұрынғы білімдерін жаңғыртып еске түсіреді .

Дискриптор:

-Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын білді.

-Түскен сәуле мен сынған сәулені ажырата алады.

-Тұрақты шамаларды ортаның сыну көрсеткішін мен жарық жылдамдығының мәнін біледі.

Физика 11 [2]

Арман ПВ баспасы

Жаратылыстану математикалық

бағыт

§24 Толық ішкі шағылу

«Миға шабуыл» әдісі


Білім дағдысы: Білу (D)

Оқытушы «Миға шабуыл» әдісі көмегімен білім алушыларға тақырып мағынасын ашатын сұрақ қояды: Сыну бұрышы 90болуы мүмкін бе? Яғни екі орта шекарасының перпендикуляры бойымен тарала алады ма?

Білім алушылар берілген сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

Дискриптор:

Жарықтың сыну заңын тұжырымдай алады.

Презентация


Сабақтың ортасы. «Тәжірибе алаңы» әдісі


Білім дағдысы: Түсіну

1-тапсырма

Білім алышулар «Тәжірибе алаңы» әдісі арқылы толық шағылу құбылысын бақылаймыз. Суы бар стаканға судың бетіне қарай судан, яғни бүйір қабырғасынан жарық шоғын жіберіп, стаканның астыңғы жағынан судың бетін бақылаймыз. Жарық шоғының түсу бұрышын ақырындап өзгете отырып, мәнінде су беті жалтырап көрінеді.

Білім алушылар бірлесіп тәжірибе жасайды. Ойға түйгенін дәптерге жазады.

Дискриптор:

-тәжірибе сызбасынан сынған сәулелерді белгілейді

-Заңдылықты тұжырымдайды



Жарық шоғы(лазер), стақан су

«Дебат»әдісі
Жұптық жұмыс


Білім дағдысы: Қолдану

2-тапсырма

Толық ішкі шағылу құбылысының талшықтық оптикада пайдаланады. «Дебат» әдісі арқылы оптоталшықты технологияның артықшылығы және кемшілігі тақырыбында қалтателефон және өткен 2 тоқсандағы білімді еске түсіру арқылы дебат ұйымдастырамын.

Білім алушылар өткен тақырыпты еске түсіру арқылы оптоталшықтың қолданылу аймағын сипаттайды.

Дискриптор:

- Толық ішкі шағылу құбылысының талшықтық оптикада пайдаланатынын біледі.


11-сынып оқулығы.

Қалта телефон


Сабақтың соңы.
«Білгеніңмен бөліс»әдісі

Жеке жұмыс

Рефлексия


3-тапсырма

Білім дағдысы: Түсіну

«білгеніңмен бөліс»әдісі Толық шағылу құбылысы қолданылатын оптоталшықтан басқа да приборлар мен құрылғыларды атап көрсетеді:
«Бағдаршам»әдісі арқылы кері байланыс. Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер? Сабақ кезіндегі белсенділігіне қарай бағдаршам түстерін таңдаймыз.

Білім алушылар

алдыңғы тапсырмада айтылмаған аспаптарды айту арқылы білімдерін толықтырады.


Дискриптор: -толық ішкі шағылу құбылысын түсінеді.


Жұмыс дәптерлері.



Бекітілді

ЦӘК төрайымы____________Абуова Р

Қысқа мерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні:

Ишанова Қарлығаш Биганиевна

Бөлімі:

Геометриялық оптика

Сабақтың тақырыбы:

№ 14 Зертханалық жұмыс "Шынының сыну көрсеткішін анықтау"

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.6.2.5 - шынының сыну көрсеткішін эксперименттік жолмен анықтау және экспериментті жақсартудың жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Параллель пластина арқылы өткен жарықтың екі рет сынатынын білу, түсу және сыну бұрыштарын салып көрсету;

Эксперимент арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтау

Бағалау критерийлері


Параллель пластина арқылы өткен жарықтың екі рет сынатынын біледі, түсу және сыну бұрыштарын салып көрсетеді;

Эксперимент арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Жүректен жүрекке» әдісі


Ұйымдастыру кезеңі

«Жүректен жүрекке» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

«Жүректен жүрекке»әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқытушы ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілектер айту арқылы көңіл –күйді көтереді.

Физика 11 [2]

Арман ПВ баспасы

Жаратылыстану математикалық

бағыт


Сабақтың ортасы

«Ойлан, жаса»

Топтық жұмыс.



Білім дағдысы: Білу

Топтық жұмыс (G)

Белсенді оқыту: «Ойлан, жаса» әдісі
Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластина мен үшбұрышты призмадағы сәулелердің жолын сыза білу.



Жұмыстың теориясымен танысады. Қолдағы бар құрал жабдықтар немесе виртуалды зертханалық арқылы зертханалық жұмысты жасайды.

Дискриптор:

- үшбұрышты призманың қырына түскен сәулені салады, түсу нүктесі арқылы призманың қырына перпендикуляр тұрғызады, түсу бұрышын дұрыс көрсетеді.

-жазық параллель пластина ішіндегі сынған жарық сәулесінің жолын дұрыс салады, сыну бұрышын дұрыс анықтайды.

Шыны пластина

Үшбұрышты

шыны призма

Пенопласт картон қағаз беті

Милиметрлік

қағаз

4 түйреуіш

Сызғыш

Транспортир


Мағынаны ашу.

«Білім пирамидасы» әдісі.
Жекежұмыс.



Білім дағдысы:Қолдану

Белсенді оқыту:«Білім пирамидасы» әдісі.
2-тапсырма (І)

Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз

Қорытынды жасаңыз 

Өз ой пікірлеріңізбен сыныппен бөлісіңіздер.

Білім алушылар

зерханалық жұмыс бойынша зерделегенін берілген сұраққа жауап беру арқылы білім пирамидасының қай жерінде тұрғанын анықтайды.


Дискриптор:

-жазық параллель пластинаның сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кездегі тәуелділік графигін салады.

Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасын біледі.


11-сынып оқулығы

Жұмыс дәптерлері



ДМ қосымша 2

Сабақтың соңы.

Рефлексия


Рефлексия

Практикалық жұмысты жасау менің өздігімнен жұмыс жасауыма қиындық туғызды / дағдыларымды шыңдады

Практикалық жұмысты орындауда кездескен қиындықтар .....

Практикалық жұмысты жасауда нені өзгертер едіңіз

Білім алушылар

зертханалық жұмысты жасау барысындағы кездескен қиындықтарды жазады.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.



Жұмыс дәптерлері.




Бекітілді

ЦӘК төрайымы____________Абуова Р

Қысқа мерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні:

Ишанова Қарлығаш Биганиевна

Бөлімі:

Геометриялық оптика

Сабақтың тақырыбы:

Линзалар жүйесінде кескін салу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.6.2.6 - линзалар жүйесінде сәулелердің жолын салу;

Сабақтың мақсаты:

Жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттау;

Линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтау;

Жұқа линзада кескін алу.

Бағалау критерийлері


Жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттайды;

 Линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтайды;

 Жұқа линзада кескін алады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
«Досқа тілек» әдісі


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал: «Досқа тілек» әдісі арқылы жақсы тілектер айту.


«Досқа тілек»әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.

Оқытушы ұйымдастыру кезеңінде жақсы тілектер айту арқылы көңіл жағымды ахуал қалыптас

Физика 11 [2]

Арман ПВ баспасы

Жаратылыстану математикалық

бағыт


«Миға шабуыл»

әдісі.

Жеке жұмыс.



Білім дағдысы: Білу (G)

1-тапсырма

Белсенді оқыту: «Миға шабуыл»

Әдісі арқылы линзалар, жинағыш және шашыратқын линзалар туралы алдынғы сабақтағы білімін тексеру.





Білім алушылар берілген суреттерге қарап 8 сыныпта алған білімдерін еске түсіреді.

Дескриптор:

-линзаның түрін ажыратады.


§25 Линзалар жүйесінде кескін салу.


Сабақтың ортасы

«Сызбалар сөйлейді» әдісі



Білім дағдысы: Түсіну (G) Топтық жұмыс. 2-тапсырма (G)

Белсенді оқыту: «Сызбалар сөйлейді» әдісі арқылы, оқытушы линза түріне байланысты сызбалар беріледі.


Әр топ өздеріне берілген сызбаларды сипаттап, линзадан алынған кескінді түсіндіреді.



Дискриптор:

-линзаның түрлерін жазады

-шашыратқыш және жинағыш линзаларда алынған кескінді сипаттайды.

Презентация

«Ойлан, шығар» әдісі


3-тапсырма

Білім дағдысы: Қолдану

Белсенді оқыту: «Ойлан, шығар» әдісі арқылы білім алушыларға, шығаруға есеп беріледі.



Білім алушылар линзадан өткен сәулелердің жолына байланысты қосымшада берілген есепті шығарады.

Дискриптор:

-Белгілі бір сәулелердің түсуін пайдалана отырып, заттың әрбір орны үшін кескін тұрғыза алады

-Жұқа линза формуласының құрамына кіретін шамалар алдына қандай таңба қойылу қажеттігін біледі

Есептер жинағы
Жұқа линзалар жүйесі



Жеке жұмыс.


4-тапсырма(I)

Білім дағдысы: Қолдану

Белсенді оқыту: «Кім жүйрік» әдісі арқылы топтарға бірдей есептер беріледі.

Білім алушылар берілген есепті қарсылас топтан жылдам шығарып үлгерулері тиіс

Дискриптор:

-жұқа линзаның формуласын біледі

-линзаның оптикалық күшін біледі.

Жұмыс дәптерлері.


Сабақтың соңы.
Рефлексия


Бағдаршам әдісі бойынша кері байланыс:

Жасыл – Өзгелерге түсіндіру үшін, мен жақсы білемін

Сары – мен жақсы білемін, бірақ толық емес.

Қызыл –мен ештеңе түсінбедім,білмеймін.

Білім алушылар сабақты түсіну деңгейлеріне байланысты бағдаршам түстерін таңдайды

Стикерлер арқылы бағалау



Бағдаршам түстері бар стикерлер




Бекітілді

ЦӘК төрайымы____________Абуова Р

Қысқа мерзімді жоспар

Педагогтің аты-жөні:

Ишанова Қарлығаш Биганиевна

Бөлімі:

Геометриялық оптика

Сабақтың тақырыбы:

Жұқа линза формуласы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.6.2.7 - әртүрлі радиустағы екі сфералық беттен тұратын жұқа линзаның формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттау;

линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтау;

жұқа линзада кескін алу.

Бағалау критерийлері


жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттайды;

линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтайды;

Жұқа линзада кескін алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Білім дағдысы: Түсіну (D)

Білім ленд порталында геометриялық оптика тарауындағы, жұқа линзаның формуласына байланысты видео көрсетіледі.

Білім алушылар видеода линзаға қатысты сұраққа жауап береді

Формативті бағалау

https://bilimland

com/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/linzalar

Сабақтың ортасы.

Жеке жұмыс


Білім дағдысы: Білу

Жеке жұмыс(І)

1-тапсырма. Симулятор, интернет желісі арқылы тапсырма


Білім алушылар назары экранда берілген линза түрлерінде болады.

Дискриптор:

-линза түрлерін ажыратады.

-сәулелердің жолы дұрыс көрсетілген суретті таңдайды.

Презентация
https://bilimland

kk/optika/lesson/linzalar

Жеке жұмыс

«Қызықты сұрақ» әдісі


Білім дағдысы: Қолдану

2-тапсырма (G)

«Қызықты сұрақ»-әдісі

1. Пәтер есігіндегі көруіштегі линза түрін анықтаңыз. Алынған кескін қандай болады?

2. Бірнеше линза жүйесін қолданып қандай кескін алуға болады?

Білім алушылар линзада алынатын кескін түріне байланысты қойылған сұраққа жауап береді.

Дискриптор:

-линза түрін ажыратады

-алынған кескін түрін дұрыс табады.


Физика 11 [2]

Арман ПВ баспасы

Жаратылыстанматематикалық

бағыт



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Жеке жұмыс


Білім дағдысы: Қолдану (Р)

3-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы сөйлемді аяқтауға тапсырма беріледі

Линза тақырыбында берілген сөйлемді аяқтайды

Дескриптор-линзадағы сәулелердің жолын дұрыс сипаттайды

§25 Жұқа линза формуласы

Жеке жұмыс


Білім дағдысы: Қолдану

4-тапсырма (І)

Жұқа линзаның формуласын түрлендіріп қолдана алуы үшін есептер беріледі.

Оқулықтағы берілген жаттығу есептерін шығарады.

Дескриптор:

-линза түрін ажыратады

-жұқа линзаның формуласын дұрыс қолданады

-линзадағы сәуленің жолын біледі.

Электрондық оқулық

11 сынып Физика


Сабақтың соңы.


Рефлексия


Оқытушы тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Білім алушылар сабақта жеткен нәтижесіне орай берілген сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды