Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1148

Скачиваний: 21

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Егерде бұл жұмысты орындау нәтижесінде студенттерге баға қою қажет болатын жағдайда бағаларды келесідей бөлуге болады (мұнда көрсетілген әрбір талапты қадағалағандығы үшін бір балл беріледі, яғни студент 12 балға дейін жинай алады):

- «өте жақсы» - 11-12 балл,

- «жақсы» - 9-10 балл,

- «қанағаттанарлық» - 6-8 балл.
2.7 Портфолио
Портфолио - студенттің семестр бойы жасаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Портфолио студенттің даму прогресі мен жетістіктерін көрсетіп, бұл процесті жан-жақты талдау мүмкіншілігін береді: студенттер өз оқуын бұрынғыдан да сәтті түрде ұйымдастырып, мақсаттарын тереңірек түсініп, жұмыстарына өзгерістер енгізіп, оқудағы өз жетістіктерін көреді. Портфолиода студент өзінің семестр бойы атқарған жазба жұмыс үлгілерін сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде портфолионы дәлел ретінде қолдана алады.

Портфолио - студенттің оқу процесіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу процесінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, студенттермен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге септігін тигізеді, өйткені ол студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді.

Портфолио студенттердің оқуын қорытынды әрекет (емтихан) бойынша бағаламай, процесс бойынша бағалау мүмкіншілігін береді. Портфолиоларды электрондық түрде де келтіруге болады (Қараңыз:М.Лебедева, О.Шилова, 21-25).

Портфолио бірнеше қызмет атқарады:

  • жинақтаушы – студенттердің жұмыстарының жиынтығы;

  • үлгі (модель) – студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудың құралы, өйткені ол әр студентке оқудың өзіндік стратегиясын айқындап, қажетті материалдар мен жұмыс түрлерін таңдау мүмкіншіліктерін береді;

  • ой-толғаныс пен шығармашылық тудырушы – студенттерге оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынып, оларды қолдану мен өзгерту мүмкіншіліктерін береді.

Мұнымен қатар Сузанна Саффкова портфолионың келесідей мүмкіндіктерін нұсқайды:

- оқытушы үшін – студенттің жетістіктерімен танысып, олардың маңыздылығын айқындау мен бағалау;

- студент үшін – тұлғалық тұрғыдан дамып, мотивация мен өзіндік жетістіктер, кемшіліктер мен мүмкіндіктер туралы түсініктерінің өзгеруіне байланысты әрі қарай жетістіктерге жету;


- оқу орны үшін – студенттердің мүмкіншіліктерін (әлеуетін) айқындап, соған байланысты оқу бағдарламалары, сабақ беру әдістемесі мен оқу процесін ұйымдастыруды студенттердің мүмкіншіліктеріне байланысты өзгерту;

- жоғарыда көрсетілген барлығы үшін – қажет болған жағдайда жасаған жұмыстары туралы құжаттармен дәлелденген есеп беру (С.Саффкова, 11-15).

Портфолио – материалдардың қарапайым жинағы ғана емес. Бағалауда портфолионың нақты мазмұнымен бірге материалдардың қалайша таңдалып алынғандығы және оларды дәлелдеу базасы да бағаланады. Студенттер портфолиоға өздерінің түсініктері, ой-толғаныстары мен дәлелдеулерін көрсететін келесідей материалдарды жинақтайды:

- өткізілген пікірталастардың қорытындылары,

- оқыған материалдарының (кітап, лекция, зерттеулер) конспектілері,

- проблема шешудің өзіндік ұсыныстары,

- эссе мен басқа да жазу үлгілері.

Басқаша сөзбен айтқанда, портфолио үшін ең басты мәселелер – есеп беру (дәлелдер келтіру) және ой-толғаныс (рефлексия).

Портфолионы оқу процесіне қалайша енгізуге болады? Бұл үшін келесідей әрекеттерді атқарған орынды.

1. Студенттердің түсінігі мен мотивациясын тудыру.

Әрбір студентке портфолионың не үшін құрастырылатындығы түсінікті болуы керек. Студенттер портфолионың қызықты әрі қомақты нәтижелерге қол жеткізетіндігіне көз жеткізіп, оны өзін-өзі бағалау мүмкіншілігі деп қабылдағаны дұрыс.

2. Портфолионың түрін айқындау.

Портфолионың түрін оқытушы көмегімен студенттің өзі таңдауы керек. Мұнда мәселе мақсатқа байланысты: егер студент есеп беруді жоспарласа, онда портфолио оның жұмыстарының толық жинағы (немесе таңдамалы жұмыстар жинағы) болады; ал егерде ол өзінің тұлғалық әрі кәсіби дамуын мақсат тұтса, онда портфолионы ой-толғанысқа негізделген жұмыстар құрайды.

3. Тапсыру мерзімін айқындау.

Мұнда портфолионың дайын түрде тексеруге өткізілетін мерзімі белгіленеді, әдетте ол семестр аяғында межелік бақылауда оқытушы тарапынан тексеріледі.

4. Портфолио бөлімдері мен рубрикаларын айқындау.

Портфолио құрылымы студенттермен бірлесе анықталады. Өз портфолиосының құрылымын белгілеуде студентке ерік беру қажет, бұл жерде тек «Өзім туралы», «Менің таңдаулы жұмыстарым», «Менің жетістіктерім», «Менің ой-толғанысым» сияқты міндетті бөлімдердің болуын талап ету керек.

5. Бағалау критерийлерін айқындау.

Критерийлер студенттермен бірлесіп құрастырылады. Мұнда назарды жұмыстардың жинақталуына ғана емес, сонымен бірге олардың жүйеленуі мен өзінділігіне, студенттің ой-толғанысына аудару керек.



6. Бағалау әдістері.

Студенттермен бірлесе айқындалады: презентация, қорғау, т.б.
Портфолионы құрастыру үшін студенттерге оның формасына (құжаттар мен тапсырмалардың тізімі және реттілігі) және әр құжаттың мазмұнына қойылатын талаптарды келтірген жөн. Мысалы, Лоне Йоренсен мен Сэлли Хансен (Л.Йоренсен, С.Хансен, 2004) педагогикалық практика бойынша есеп беруде студенттердің келесідей тапсырмаларды орындауын ұсынады:

1. Оқу/оқытуға деген өзіндік көзқарастарын келтіру.

2. Кәсіби дағдыларды әрекеттер арқылы көрсету.

3. Сабақ жоспарларын құрастыру.

4. Мектептің оқушылары және педагогикалық ұжымымен кәсіби қарым-қатынас құрудың айғақтарын келтіру.

5. Сабақтарда тәртіпті қалайша қадағалайтындығын көрсету.

6. Оқытып жатқан пәннің мазмұнын білетіндігін көрсету.

7. Оқу бағдарламасын білетіндігін көрсету.

8. Оқушылардың жұмысын әртүрлі критерийлер бойынша бағалай білу.

9. Әртүрлі оқу құралдары мен ресурстарын таңдау, құрастыру және қолдану.

10. Өзінің кәсіби деңгейін бағалау.

Әдетте портфолионың екі түрін ажыратады: өсу портфолиосы (мұнда студенттің жеке тұлғалық және кәсіби дамуы көрсетіледі) және нәтижелер портфолиосы (жыл бойы қол жеткізген ең елеулі нәтижелер). Алайда портфолионың түрі студент пен оқытушының мақсаттарына орай таңдалатындықтан, оны әртүрлі тұрғыдан құрастыруға болады. Мәселен, М.Лебедева мен О.Шилова (М.Лебедева, О.Шилова, 21-25) портфолионың келесідей түрлерін келтіреді.
Кесте №28

Портфолионың түрлері



Мақсаты

бойынша




Меншікті портфолио


Студенттер өздері үшін құрастырады



Есеп беру портфолиосы


Студенттер оқытушы үшін құрастырады



Портфолио-жоба


Студенттер өз әрекеттерін ұйымдастыру үшін құрастырады




Мазмұны бойынша


Жетістіктер портфолиосы


Студентердің белгілі бір уақыт аралығындағы (немесе материалдың қомақты бөлігі бойынша) жұмыстары



Ой-толғаныс портфолиосы


Студенттердің мақсаттарға жетуін бағалау (студенттердің өзін-өзі бағалауы)



Проблема шешуге бағытталған портфолио


Нақты проблеманы шешудің мақсаттарын, шешу процесі мен нәтижелерін көрсететін барлық материалдар



Тақырыптық портфолио


Белгілі бір тақырып (немесе модуль) аумағында студенттердің жұмысын көрсететін материалдар





Портфолионың құрылымы алдын-ала анықталып, оның қандай жұмыстар мен құжаттардан тұратындығы белгілеп алған орынды. Портфолионың қандай бөлімдер мен рубрикалардан (тақырыптар, бөлімшелер) тұратындығын студенттің өзі таңдауы керек, бұл жерде оқытушы оған бөлімдер мен рубрикалардың тізімдерін ұсынып, олардың ішінде қандайларының міндетті екендігін ғана атайды. Өз қалауы мен пікірі ескерілген жағдайда ғана студент портфолионың өзінің меншікті жұмыс екендігін түсініп, оны құрастыруға белсене кіріседі.

Портфолионың міндетті бөлімдері мен рубрикаларының тізімі келесідей болуы мүмкін:

1. Студент өзі туралы.

- өзі туралы мәлімет (қысқаша өмірбаяны, фотолар),

- пән бойынша алдына қойған мақсаттары,

- пәнді игеруде күтетін нәтижелері мен жұмыс жоспары,

- пән игеруде қолданатын әдіс-тәсілдері.

2. Пәннің теориялық мазмұны.

- терминологиялық сөздік (глоссарий),

- оқу материалдары (тірек лекциялары, конспектілер, Интернет материалдары, т.б.),

- нормативтік құжаттар (заңдар, үкімдер, нұсқаулықтар, ережелер),

- студенттің өзі тапқан қосымша материалдар.

3. Студенттің жұмыс үлгілері.

- ғылыми-әдістемелік жұмыстары (баяндамалар, құралдар, мақалалар),

- шығармашылық жұмыстар (эссе, сценарийлер, өзі қойған тәжірибелердің сипаты мен нәтижелері, өзі құрастырған есептер, сөзжұмбақтар, т.б.),

- келесі үлгі бойынша семестр бойы өзіне ұнаған екі сабақтың жоспарын (құрылымын) келтіру: тақырып, сабақ кезеңдері, сабақта қолданған әдіс-тәсілдер, сабақтың ұтымды жерлері, сабақтың маңыздылығы,

- бірге оқитын жолдастарының озық жұмыс үлгілері.

4. Студенттің жетістіктері.

- жаңалықтары (келтірген жаңа ақпараты, өздігімен анықтаған заңдылықтар),

- ең ұтымды шыққан жұмыстары,

- марапаттаулар.

5. Студенттің ой-толғанысы.

- пәнді оқу/игеру процесіндегі өзінің рөлі туралы ой-толғаныс,

- өзінің ой-толғанысын көрсететін әрекеттерді сипаттау (сабақ талдау, пікірталас ұйымдастыру, интервью мәтіндерін келтіру, сауалнамаларға жауаптары),

- өзін-өзі бағалау,

- өз жұмысы туралы есептері,

- оқу процесі туралы ой-толғанысы (эсселер, хаттар, пікірлер).

Портфолионың жанрлық мазмұны

Портфолионың бөлімдері мен рубрикалары айқындалғаннан кейін, жинақталатын жұмыстар мен құжаттардың жанрлық сипатын нақтылап анықтау керек. Мұнда бірінші кезекте студенттің дербестігін, шығармашылығын, рефлексиясын көрсететін жұмыс түрлері келтірілуі керек. Алайда бұл жұмыста да студенттің қалауы мен мүдделері ескерілуі тиіс: портфолиоға жинақталатын жұмыстарды студенттің өзі таңдағаны дұрыс.


Портфолиоға келесідей жұмыстарды жинақтауға болады:

- тексеру және бақылау жұмыстарының, тестердің сұрақтары мен нәтижелері,

- топтық жұмыс нәтижелері (оқу тапсырмаларын орындау реті, алгоритмі),

- жобалар,

- шығармашылық жазу жұмыстары,

- фотолар,

- графикалық ұйымдастырушылар: кестелер, схемалар, диаграммалар, гистограммалар, графиктер,

- сауалнамалар мен оларды талдау нәтижелері,

- интервьюдің сұрақтары мен жауаптары,

- үй тапсырмалары (өздік жұмыс нәтижелері),

- бақылау күнделіктері,

- оқу процесі туралы ой-толғаныстар,

- өзін-өзі бағалау жұмыстары,

- портфолионы құрастыру жұмысы туралы жазылған хаттар (оқытушыға, туыстарына, жолдастарына),

- оқу/үйрену немесе зерттеудің мақсаттарын тұжырымдау,

- портфолио тақырыбы бойынша жасаған баяндамалары,

- оқылған материалдардың (кітап, лекция, зерттеулер, т.б.) конспектілері,

- зертханалық жұмыстарды сипаттау,

- салынған суреттер,

- студенттің жетістіктерін көрсететін мақтау қағаздары, сертификаттары, өзінің жұмыстары жайлы пікірлер, мінездемелер.

Портфолионы бағалауда келесідей параметрлер қарастыруға болады:

- құрылымы мен құрастырылуы (келтірілген материалдардың реттілігі мен қандай тәртіппен құрылғаны, жүйелілігі: үйрену барысында қалыптасқан нақты дағдыларға сәйкес бөлінгендігі),

- комментарий (келтірілген материалдарға түсіндірме беру),

- мазмұны (материалдардың сапасы мен кең ауқымдылығы),

- өзін-өзі бағалау (өз әрекеттері мен дамуына баға беру, оларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілеті, өз тәжірибесін кәсіби қызметпен байланыстыру әрекеттері студентте рефлексия дағдысы қалыптасқандығын көрсетеді).

Ендігі мәселе портфолионы қалайша, қандай талаптар деңгейі тұрғысынан бағалау керектігі туралы болмақ, өйткені жұмыстар мен құжаттардың толық жинақталуы студенттің дамуын жан-жақты түрде айғақтамайды. Сол себепті де портфолионы бағалауда оның құрылымына, студенттің ойлау дербестігіне, шығармашылық деңгейіне, өзін-өзі бағалауына назар аудару керек. Мысалы, портфолионы бағалауда келесідей критерийлерді ұстануға болады:

Кесте №29

Портфолионы бағалау критерийлері


Критерийлер

Жоғарғы балл

Студенттің жинаған балы

Оқытушының комментарийі


Барлық бөлімдер келтірілген


2








Өздігімен қосымша бөлімдер кіргізу


5








Портфолионы құрастыруда зерттеу әдістерін қолдану


10








Портфолионы құрастырудағы өзінділік пен дербестік


10








Материалдарды безендіру


8








Портфолионың студент үшін пайдасы, қорытынды жасау


10








Бірге оқитын жолдастарының пікірлері


5








Ой-толғанысқа негізделген материалдар


10








Портфолионы таныстыру (жариялау, презентациялау)


10








Барлығы



70