Файл: Асхат лімов интербелсенді дістерді жоАРы оу орындарында олдану оу ралы Алматы.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1173
Скачиваний: 21
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Естидi» деген не екен ғажабында? Оған музыканы ғарыш әуендеп бере ме? Жоқ, әлде, Пифагор секiлдi ол аспан әуенiн естiген бе екен? Не десек те, мұндай қабiлеттi бiр де бiр консерваторияда үйрету мүмкiн емес.
Ондаған шет тiлдерiн бiлетiн лингвистер бар. Соншама тiлдi жаттап алу мүмкiн емес. Бiр тiлдi үйрену үшiн (мәселен, немiс яки француз) бiрнеше мың сөздi, оның iшiнде алты-жетi шақтағы жүздеген етiстiктердi, орасан көп мөлшерде идиомалық тiркестердi және т.б. жаттап алу керек. Ал полиглоттар ондаған тiлдердi меңгерген. Шындығына келсек, олар екi-үш тiлдi ғана жаттайды да (бұл үшiн арнайы қабiлет қажет), ал қалғандарын «есiне түсiргендей» болады. Олар жеке тiлдiң, тiптi өз-ара туыс тiлдердiң «жанын», iшкi байланыстары мен негiзiн сезiнгендей болады. Тiл оларға «ашылады», әрбiр келесi сөз жан тұңғиығынан олардың санасына «көтерiледi».
Философия тарихында немiс философ-рационалисi әрi математигi В.Лейбниц пен ағылшын философ-эмпиригi Д.Локк арасындағы атышулы пiкiрталас болғандығы аян. Рене Декарт секілді Лейбниц те идеялар туа бiтедi деп есептеген, ең маңызды және басты бiлiм адамға туғаннан берiлген деп пайымдаған. Әрине, мәселе адамның физика немесе математика заңдарын туа бiлуiнде емес, мәселе егер адамды дұрыс тәрбиелеп, дамытса, ең басты ақиқаттарды оның өзi-ақ ашатындығында. Адам болмысында туа бiткен бiлiм әу бастан-ақ бар. Мүсiншi мәрмәр тастың кесегiне қарап, мүсiн пайда болу үшiн оның қандай бөлiктерiн қашап тастау керектiгiн көретiндей, бiлiм де адам бойында оның оқыған-оқымандығына байланыссыз орын алған.
Бiрақ осы бiлiмдi өн бойынан алу, оны «еске түсiру» - өте күрделi әрi көптiң қолынан келе бермейтiн шаруа.
Барлық маңызды және құнды нәрселердi нәтиже ретiнде, жұмыс тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде беру мүмкiн емес - кәсiп тереңiне әр адам өзi ой толғатып жетуi керек, барлығы да оның өзiне ашылуы тиiс.
Ал бұған ешкiм де үйрете алмайды. Бұл тек еске түсiруде, тұла бойыңнан Үлкен сананы ашу жолында ғана берiледi.
Бiрақ мұның бәрi оқудың, күнделiктi бiлiмдердi игерудiң, бұрынғылардың бiзге дейiнгi бiлгенiн бiлу керек еместiгiн меңземейдi. Үлкен сана деңгейiне асқақтау үшiн, Кiшi сананы күнделiктi және жан-жақты дамыту қажет, белгiсiздiкке ұмтылу үшiн өзiңе таяныш-тiрек қалыптастыру керек.
В.Губин
/Кітапта: В. Д. Губин. Я познаю мир.- М., 1997/
2. Білім түрлері: реподуктивтік және конструктивтік
Жалпылай алғанда, педагогикалық ғылымда білімнің бір-біріне қарама-қарсы тұрған, антагонистік қағидалар ұстанған екі түрі ажыратылады. Мәселен, Джон Дьюи «Өмірлік тәжірибе және білім беру» атты еңбегінде білімді дәстүрлі және прогрессивтік (Дьюи Дж., Демократия и образование: Пер. с англ. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 384 с.) деп екіге бөлсе, Жан Пиаже «Баланың сөйлеуі мен ойлауы» атты еңбегінде білімнің келесідей екі түрін атаған: «әлеуметтік-ырықсыз» білім және белсенді түрде үйрену арқылы игерілген білім (Жан Пиаже. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.).
Альфред Уайтхэд те білімді «мектептік» және «пән аумағындағы білім» деп бөлген, бұл жерде ол ұсынған «интуитивтік» білімді ескермесе де болады, өйткені аталмыш білім туа біткен білімдерге жатады (А.Уайтхэдтің жүйесін таблицадан қараңыз). «Пән аумағындағы білім» деп мектеп бағдарламасында орын алған пәндер бойынша өткізілетін сабақтарда оқушылардың өздігімен білім құрастыруды атайды (Ч.Темпл, 2002, 31).
Т.Лешкевичтің жүйелеуінде келтірілген білімнің сан алуан түрлерін де сайып келгенде екіге бөлуге болатын сияқты: репродуктивтік және жүйелі білім (Қосымшада көрсетіледі).
Сонымен білімді келесідей түрде жіктеуге болатын тәрізді: репродуктивтік және құрастырылған (конструктивтік) білім. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай? Бұл сұраққа жауап беру әрбір педагогтың білім жүйесіне деген көзқарасы мен ұстанған құндылықтарын айқындайды, ұстаздық философиясын мен сенімдерін көрсетеді, яғни мұғалімнің білім жүйесін қалайша түсініп, осы түсініктен туындаған дидактикалық әдістері мен үйренушіге деген ықыласын айғақтайды.
Дж.Дьюи дәстүрлі мектептің кемшіліктері ретінде «ересектердің қазіргі кезде тек өсіп-жетіліп келе жатқан балалар үшін құрастырған, жоғарғы жақтан және сырттан күштеп берілетін пән мазмұндарының стандарттары мен әдістерін» атайды да, бұл ойын әрі қарай былай деп жалғастырады: «Ұрпақтар арасының алшақтығы орасан үлкен болғандықтан, оқудың бекітілген мазмұны, әдістері және тәртібі балалардың мүдделеріне тіпті де сәйкес келмей, оларға таныс тәжірибенің аумағынан тыс шығып кетеді» (Дж.Дьюи, 328). Сол себепті де ересектердің бекіткен мұндай талаптары жүзеге күшпен асырылады, бұған қоса оқушылар педагогикалық процеске терезесі тең түрде қатыса алмайды, өйткені бұл жоспарлар олардан тек «орындау мен жаттауды» ғана талап етеді: «Мұндай жағдайда оқу дегеніңіз кітаптар мен жасы үлкендердің басында орналасқан нәрселерді иемдену. Бұған қоса оқытылып жатқан мазмұн толық аяқталған деп қарастырылады» (Дж.Дьюи, 328).
Сонымен репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған (берген) ақпаратын бәлсенді (пассив), ырықсыз түрде қабылдау дегенді білдіреді. Мұндай білім үйренушілердің мұқтаждары мен мүдделерін ескермейді, олардың бұрынғы білімдерімен байланыс орнатпайды. Үйренушілер бұл білімді сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмыстарын атқармайды, оның қажеттілігі туралы ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана есте сақтауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің қажеттілігі шамалы болады, өйткені үйренушілер оларды өз өмірінде қалайша қолданатындығын білмейді. Репродуктивтік білім оқушының тұлғасына бағытталмай, оқу жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен, оны «бағдарламацентристік» оқыту деп атауға тұрарлық.
Лирикалық шегініс
Жындардың әміршісі
Әкесі дүниеден озып, бір жас жігітке мұрагерлікке көп дәулет қалыпты. Сол байлықтың барлығын жігіт жын мен перілерді жеңу өнеріне сарп етіпті. Ұзақ жылдар бойы жігіт құпия ілімді игеріп, бұл тұрғыдан алдына жан салмайтын дәрежеге жетіпті.
Бірақ өле-өлгенше әлгі жігіт бір де бір жын мен періні кездестірмепті.
(Кітапта: Если ты не осел, или Как узнать суфия. Суфийские анекдоты./ Составление, перевод и литературная обработка: Константинов С.В., Смирнова Л.В.- СПб.: ИД «ВЕСЬ», 2003. -240 с. – Бұдан әрі қарай хикаялар осы кітаптан алынады. – А.Ә.)
Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.
Кесте №3
Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері,
Кесте №4
Мұғалімнің гуманистік философиясы
көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал мұның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады, «жасайды». Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.
Құрастырылған білім ұзақ уақыт есте сақталып, өмірде кең қолданыс табады, өйткені олардың мазмұны үйренушілердің өз мүдделері мен қызығушылығынан туындайды. Құрастырылған білім мен дәстүрлі білімнің айырмашылықтары Дж.Дьюидің «Өмірлік тәжірибе және білім беру» кітабы бойынша №4 кестеде көрсетіледі.
Конструктивтік білім «Үйренушілердің өздері мағына мен түсінікті құрастыруда олардың белсенді әрекеттері үйрену/үйрету процесінің негізі» деген идеяны ұстанғандықтан, мұндай білім үйренушіцентристік мазмұнда болады. Мұнда басты назар үйренушінің қандай да бір ұжым ішіндегі әрекеттеріне ауысады, өйткені мағына мен түсінік тек әлеуметтік ортада және өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана қалыптасуы мүмкін. Л.Выготский «Жоғарғы психикалық функциялардың дамуының тарихы» атты еңбегінде бұл туралы былай деп жазады: «Баланың мәдени дамуының жалпылама реттілігі келесідей екендігі бізге белгілі: алдымен басқа адамдар балаға әрекеттер арқылы ықпал жасайды, одан кейін бала басқаларға ықпал жасайды, тек аяғында ғана бала өзіне қарасты әрекеттерді атқарады. Сөйлеу,
ойлау қабілеттері және мінез-құлықтың басқа да жоғарғы процестері дәл осылайша өтеді» (Выготский Л.С., 678).
Конструктивтік білімнің негізгі идеяларын жан-жақты сараптай және қорытындылай келе, С.Мирсейітова жаңадан «Мұғалімнің гуманистік философиясы» деген ұғымды ұсынады. Ғалым бұл ұғымды терең тұжырымдап, оның функционалды моделін анықтаған соң, өз ұстанымдарын келесідей кестеде (Кесте №5) ықшамдап көрсеткен (С.Мирсеитова, 2008, 83).
ҚОСЫМША
БІЛІМ ТҮРЛЕРІ
Сократ кезінде былай деген екен: «Кім есімдерді игерсе, бұл есімдер не нәрсеге тиеселі екендігін де игереді».
Ал белгілі философ Дж.Остин зат пен құбылысты білу олардың аттарын, дәлірек айтсақ, дұрыс атауларын білгенімізбен анықталады деп есептейді (Austin J.L. Other Minds. In Austin J.P. Philosophical Papers. 2 ed. Oxford, 1970).
К.Маркс: «Адам барлық нәрсе ол үшін бар болуы үшін, Адам Ата секілді, барлығына да атау беруі қажет» (К.М., Ф.Э., Соч.,т.18, С.18).
«Заттар да, қасиеттер, оқиғалар қалай аталса, солай жалпы қабылданады»

Дәстүрлі (репродуктивтік) білім | Құрастырылған білім |
Жоғарғы жақтан күштеу | Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы |
Еркіндікке жол бермейтін тәртіп | Еркін түрде әрекеттесу |
Кітаптар бойынша үйрену | Тәжірибе арқылы үйрену |
Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру | Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер пен дағдыларды игеру |
Бұлыңғыр болашаққа дайындау | Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану |
Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар | Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы |
Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері,
Кесте №4
Мұғалімнің гуманистік философиясы
Компоненттері | Ерекшеліктері |
Конструктивтік | - Оқу жоспары жалпыдан дараға қарай бағытталып, негізгі құрамдас бөліктерді назарға алып құрылады. - Тапсырмалар үйренушілердің мүдделері мен мұқтаждықтарын ескеріп құралады. - Өмірде орын алған және нақты құбылыстар зерттеледі. - Тура емес, жанамалай оқыту таңдалады. |
Әлеуметтік- мәдени | - «Оқушылар – мұғалім – ата-аналар» құрамында үйренушілер социумы құралады. - Үйренушілер басқа жұмыс түрлеріне қарағанда топ құрамында көп жұмыс жасайды. - Өз ұлттық және әлем мәдениеті бойынша кітап оқуға уақыт беріледі. |
Танымдық (когнитивтік) | - Сабақтың мақсаттары мен тапсырмалары Блум таксономиясының деңгейлері негізінде құралады. - Жаңа білім бұрынғы білімнің негізінде құрастырылады. - Оқушылардың әртүрлі деңгейдегі сұрақтары қуатталады. |
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) | - Сабақтар интербелсенді тұрғыдан құрылады. - Физиологиялық және моральдік орта оқуды ынталандыруға сәйкес болады. - Оқушылардың өзіндік ойларын келтіруі қуатталады. - Мұғалім тұрақты түрде әріптестерімен кәсіби тұрғыдан қарым-қатынас жасайды, сұхбаттасады. |
Ой-толғаныстық (рефлексивтік) | - Мұғалімнің сабақ кезінде және сабақтан кейін міндетті түрде ой толғайды. - Оқушылардың сабақ барысында және сабақтан кейін, көркем әдебиетті оқып шыққанан кейін ой толғаныс жасауы үшін қажетті уақыт және орын беріледі. - Бағалау және мониторинг оқу барысында мұғалімнің сабақты ұйымдастыруы мен оқушылардың іс-әрекеттерін бақылауы, оқушылардың өз жұмыстарын презентациялауы, олардың портфолиоларының мазмұны арқылы жасалады. - Оқушылар мен мұғалімдер өз әрекеттерін зерттейді. - Тәжірибемен алмасу. |
көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал мұның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады, «жасайды». Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.
Құрастырылған білім ұзақ уақыт есте сақталып, өмірде кең қолданыс табады, өйткені олардың мазмұны үйренушілердің өз мүдделері мен қызығушылығынан туындайды. Құрастырылған білім мен дәстүрлі білімнің айырмашылықтары Дж.Дьюидің «Өмірлік тәжірибе және білім беру» кітабы бойынша №4 кестеде көрсетіледі.
Конструктивтік білім «Үйренушілердің өздері мағына мен түсінікті құрастыруда олардың белсенді әрекеттері үйрену/үйрету процесінің негізі» деген идеяны ұстанғандықтан, мұндай білім үйренушіцентристік мазмұнда болады. Мұнда басты назар үйренушінің қандай да бір ұжым ішіндегі әрекеттеріне ауысады, өйткені мағына мен түсінік тек әлеуметтік ортада және өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана қалыптасуы мүмкін. Л.Выготский «Жоғарғы психикалық функциялардың дамуының тарихы» атты еңбегінде бұл туралы былай деп жазады: «Баланың мәдени дамуының жалпылама реттілігі келесідей екендігі бізге белгілі: алдымен басқа адамдар балаға әрекеттер арқылы ықпал жасайды, одан кейін бала басқаларға ықпал жасайды, тек аяғында ғана бала өзіне қарасты әрекеттерді атқарады. Сөйлеу,
ойлау қабілеттері және мінез-құлықтың басқа да жоғарғы процестері дәл осылайша өтеді» (Выготский Л.С., 678).
Конструктивтік білімнің негізгі идеяларын жан-жақты сараптай және қорытындылай келе, С.Мирсейітова жаңадан «Мұғалімнің гуманистік философиясы» деген ұғымды ұсынады. Ғалым бұл ұғымды терең тұжырымдап, оның функционалды моделін анықтаған соң, өз ұстанымдарын келесідей кестеде (Кесте №5) ықшамдап көрсеткен (С.Мирсеитова, 2008, 83).
ҚОСЫМША
БІЛІМ ТҮРЛЕРІ
-
Атаулар мен есімдерді білу.