Файл: Геометриялы мазмндаы жне кеістік ымын дамытуа арналан тапсырмалар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 217

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Түсініктеме

          3-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші сыныпқа арналған «Қызықты математика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.

Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Кім жылдам » бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.

    «Кім жылдам» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. «Кім жылдам» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса оқып—үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
          Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
          «Кім жылдам» арнайы курс бағдарламасында келесі тапсырмалар түрлері енгізілген:
-геометриялық мазмұндағы және кеңістік ұғымын дамытуға арналған тапсырмалар;
-жиынмен байланысты амалдарды орындауға арналған тапсырмалар;
-математикалық басқатырғыштар;
-логикалық қортындылар;
-лабиринттер;
-көңілді жаттығулар;
-сөзжұмбақтар;
     

Білім беру мақсаты:

Баланың тұлғалық қасиеттерін: ақыл-ойын, сезімдерін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ойлау әрекеттерін дамыту, оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту; шығармашылық қабілеттерін арттыру; зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

Міндеті:

  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.




Пәнді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар

Білімі мен білігі бойынша:

10-нан 100-ге дейінгі сандарды оқып және жаза білуі керек. Көбейту кестесін білуі керек.

Оқушы білуі керек:

  • кері есептер құрастыруды;

  • жүздіктерді қосу мен азайтуды;

  • екі таңбалы сандарды қосу, азайтуды;

  • өрнектерді пайдаланып есеп құрастыру;

  • геометриялық фигураларды ажыратуды , тік төртбұрыш, төртбұрыш, шаршы;

  • шамалар мен ұзындық бірліктерін.



Күнтізбелік жоспар 3 сынып

Аптасына 1 сағат жылына 36 сағат



Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Мерзімі





І тоқсан

Математикалық ойындар








1

Геометриялық конструктор

1

03.10

2

Әр түрлі пішіндер

1

10.09

3

 Сызықтар, бұрыш, кесінді

1

17.09

4

Қандай пішін жетіспейді

1

24.09

5

Қызықты геометриялық фигуралар

1

01.10

6

Құрастырмалы денелер

1

08.10

7

Қызықты төртбұрыш, тіктөртбұрыш

1

15.10

8

Логикалық қорытынды

1

22.10

9

Тест

1

24.10




2 Тоқсан

Сандар сыры








1

Цифрларды танисың ба?

1

05.11

2

Сәйкес сандар

1

12.11

3

Тақ және жұп сандар

1

19.11

4

Тақ және жұп сандар

1

26.11

5

Реттік сандар

1

03.12

6

Санамақ

1

10.12

7

Қорытынды тест

1

24.12




ІІІ тоқсан

Есептер еліне саяхат







1

Бәйге» ойыны

1

14.01

2

Заттарды топтау, бөліп алу

1

21.01

3

Артық заттарды табу

1

28.01

4

Ортақ атау

1

04.02

5

Салыстыру

1

11.03

6

Қызықты жаттығулар

1

18.03

7

Тиісті сандарды таңдап, сөздерді оқу

1

08.04

8

Сәйкес сандар

1

15.04

9

Бөлшектерді құрастыру

1

22.04

10

Сөздерді тап

1







ІVтоқсан

Сиқырлы геометрия







1

Сандар қатарын құрастыру

1

25.04

2

Сөзжұмбақ құрастыру және шешу

1

27.04

3

Математикалық ребустар

1

06.05

4

Неше алма, неше алмұрт?

1

13.05

5

Сиқырлы сандық

1

16.05

6

Сиқырлы шаршылар

1

20.05

7

Кім жүйрік?

1

22,05

8

Өткенді қайталау. Тест

1

24,05




36 сағат




28,05



Оқу курсының тақырыптарының мазмұны

І бөлім "Математикалық ойындар" 9 сағат

Оқушылармен білімдерін саралау мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату. Кел, ойнайық! Құпия сандар, Салыстырудың құпиясы, Кім жүйрік? "Математикалық тізбектер", Есептер еліне саяхат, бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан өзіндік жұмыс алынады.

ІІ бөлім "Сандар сыры" 7 сағат

Сандар сыры, "Математикалық тізбек " ойыны, "Әріпті өрнектер" еліне саяхат, Кел, ойнайық!, "Ойлан тап", «Жас математиктер» турнирі, Ондықтар еліне саяхат, бөлімді қорытындылау ретінде өзіндік жұмыс алынады. Логикалық ойлау есептері, тестер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін және математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Қызықты математикалық есептер құрастыру, шешімдерін табу, бір-бірін тексере алуға баулу. Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында білім деңгейлерін бақылау.

ІІІ бөлім "Есептер еліне саяхат" 10 сағат

Эстафеталық ойлау есептерімен қызығушылықтарын туғызып, ойната отырып есептерді шығарту. Есептер еліне саяхат, «Болды-өзгерді-қалды» есеп шығару, Сурет бойынша есептер шығару, Математикалық диктант, Логикалық есептер, "Ойлан тап", Артық-кем, қымбат-арзан, Логикалық есептер, бөлімді қорытындылау ретінде бақылау жұмысын жаздыру.

ІV бөлім "Сиқырлы геометрия" 8 сағат

Геометрияның бастапқы негіздерін, геометриялық терминдерін, геометриялық фигуралардың қасиеттерін, геометриялық фигураларды тануды, периметр,аудан, көлемді табуды, геометриялық фигураларды құруды, геометриялық фигураларды белгілеу және оқуды үйренеді.

Тәжірибелік бөлім

Оқушыларға қосымша берілетін тапсырмалар

Жеке тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалар

  • сөзжұмбақ;

  • ребус;

  • логикалық есептер;

  • логикалық ойындар

  • айырмашылықты табу

  • математикалық әзіл, жұмбақтарды шешу.


Оқушылардың білім деңгейін бақылау

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

  • Қызығушылығын арттыру;

  • Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

  • Шығармашылық ізденісін дамыту.


Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:

  1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);

  2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).


Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы. Көкшетау. «Келешек-2030» ЖШС, 2010

2. Тестер жинағы. Алматы. Өнер 2005 баспасы.

3. Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде. Шымкент. 2003

4. Математикалық жазулар. Алматыкітап баспасы, 2012

5. Қызықты математика Алматы кітап 1998.
6. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.
7. «Кім зерек?» Алматы 1993.
8. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина
9. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.
10. «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар»
Ш.Х.Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева «Атамұра» 1997 ж.
11. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.

12. Линго Т.И. Ойындар, ребустар, кіші оқушыларға арналған жұмбақтар.- Ярославль: Даму академиясы,2002 ж.

13. К.Ерешева, С, Төрениязова , А.Нарымбетова Математиикадан өзіндік және бақылау жұмыстары. 2010 ж.

14. Ә.Б.Ақпаева Математика 1 сынып 2009

Оқушыларға ұсынылған әдебиеттер

1. Оқушының анықтамалығы 1-4 сынып «Алматыкітап баспасы» 2009

2. Математика пәні бойынша тест тапсырмаларының жинағы

«Келешек-2030», 2008

3. «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ» журналдары

Пәнді оқу-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету

Оқыту - теориялық : оқулық, лекция. 

Оқыту – практикалық: жаттығулар мен тапсырмалар, тест жинағы, тәжірибелік, сарамандық жұмыстар жинағы.

Оқыту - әдістемелік: курсты үйренуге әдістемелік ұсыныстар, реферат, зерттеу жұмысын суреттеу. Оқыту – анықтамалық: сөздік, анықтама.

Оқыту – көрнекілік: альбом.

Оқыту – библиографиялық.

Таңдау курсы бойынша оқу әдістемелік кешенінің тізімі

  1. Ғаламтор

  2. Қазақ энциклопедиясы

  3. Газет, журналдар



Сабақ №1

Пәні: Логикалық математика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Кел, ойнайық!

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:




Тілдік мақсат

Сабақта оқушыларға танымдық тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілетін,ой-өрісін дамыту,математикаға деген қызығушылығын арттыру

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын  түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.

Күтілетін нәтиже

Танымдық тапсырмаларды тез орындауды үйренеді. Математика сабағына қызығушылығы артады. Шапшаңдыққа және топпен жұмыс жасай білуге бейімделеді

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Қайталау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы

Мағынаны тану

25 мин

1. Математикалық диктант

Ең кіші бір таңбалы сан 0

Ең үлкен бір таңбалы сан 9

Ең кіші екі таңбалы сан 10

Ең үлкен екі таңбалы сан 99

Ең кіші толық ондық 10

Ең үлкен толық ондық 90

2.



3. Бір қатарға қайталанбайтындай етіп суретті салып, толықтыру керек.



4. есепті шығар.

1. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? Жауабы: 2+2=4
Сыныпта 15 бала отыр. Олардың 10-ы балмұздақ жақсы көреді, 9-ы кәмпит жақсы көреді. Бұл қалай болғаны? Жауабы: 4 оқушы балмұздақ та кәмпит те жақсы көреді.

5. Боя.

1-ашық жасыл, 2-малина түстес, 3-қара көк, 4-сәбіз сары, 5-көк, 6-қызыл, 7-жасыл, 8-қоңыр, 9-сары, 10-қызғылт түспен боя.



Соңы

/Ой қозғау/

"Кім жылдам?"

10 мин

Айырмашылығын тауып, қаламмен белгілету



Кері байланыс

3мин




Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Күні: _________________________Тексерілді:____________________________

Сабақ №2

Пәні: Логикалық математика

Сыныбы:

Күні:

Тақырыбы: Құпия сандар

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:




Тілдік мақсат

Құпия сандар тақырыбымен танысады, өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушы табылады.

Оқушының сабаққа қамтылуы

Барлық оқушылар: Топта, жеке жұмыс істеуді үйренеді; Жаңа білім туралы ақпараттарды біледі; Адам өміріне маңыздылығын  түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады, тапсырмаларды түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетімен жұмыс жасау барысында белсенділік танытады; еркін сөйлейді.

Күтілетін нәтиже

"Құпия сандар" тапсырмаларын тез орындауды үйренеді. Математика сабағына қызығушылығы артады. Шапшаңдыққа және топпен жұмыс жасай білуге бейімделеді.

Алдыңғы тақырып

/үй тапсырмасы/

Кел, ойнайық

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

/Миға шабуыл/

Қызығушылықты ояту

5 мин

Сәлемдесу, журнал толтыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушының жұмыс дәптері

Ортасы

Мағынаны тану

25 мин

1. Жасырын сөзді тап.



4 2

16


1 3

15

2 3

16

42

11

25

12

1 5

24

65

15

р

к

ы

ү

Қ


й

е

2.  «Баспалдақ» ойыны                                

3. Тігінен де, көлденеңінен де қайталанбайтындай етіп, сандарды орналастыр.



4. Есепті шығар.

1. Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелердегіден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап. Жауабы: 3•20=60 60:2=30 30:2=15 1-сөмкеде 30 дәптер, 2,3-сөмкелерде 15 дәптерден бар.

2. Бір шелекте 7 кг шие бар. Осындай екі шелекте неше килограмм шие бар? Жауабы: 7•2=14 Екі шелекте 14 килограмм шие бар.

3. Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға қайтып оралды. Мұзайдында қанша бала сырғанап жүр? Жауабы: Мұзайдында 6 бала сырғанап жүр.


№5. Математикалық кроссвордты шешіп көр.




Соңы

/Ой қозғау/

"Кім жылдам?"

10 мин

Айырмашылығын тауып, қаламмен белгілету



Кері байланыс

3мин




Бағалау

2 мин

Смайликпен бағалау

Қосымша ақпарат

Ғаламтордан, газет-журналдардан таңдаған тақырыптары бойынша мәліметтер жинау

Саралау

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?