Файл: алматы технологиялы университеті А Факультет.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 75

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7 - кестенің мәліметтерінен ««Rass-al»» мейрамханасының Алматы қаласында көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастап отыратындығы көрінуде. «Дамин» мейрамханасы бәрінен аз - 4,074 балл жинады, сондықтан бәсекелестік кескінін жасау негізгі бәсекелеспен – өз кезегінде 4,29 балл жинаған «Фартуна» мейрамханасымен салыстыруда жүргізілетін болады.

Осылайша, ««Rass-al»» мейрамханасымейрамхана қызметтерінің өз сегментінде көшбасшы орын алып отыр, оның тұтынушыларының кең желісі, бұларға деген қажеттілік артып отырған кешенді қызметтер жүргізу мүмкіндігі, сондай-ақ айтарлықтай қолайлы бәсекелестік орта зерттеліп отырған мейрамхананың табысты дамуына жағдай жасап отыр. Осының барлығы Алматы қаласындағы ««Rass-al»» мейрамханасына қызмет көрсету көлемін көбейтуге және олардың сапасын арттыруға бағытталған, өзі үшін ең тиімді саясат белгілеуіне мүмкіндік береді[12].
3 «Rass-al» мейрамханасы қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Мейрамхана бизнесінде жиі туындайтын кейбір мәселелерінің бірі – кадр. Өйткені жақсы мейрамханаға ұйымдастырылған персонал қажет. Кадрдағы есеп керекті жұмыс күш санын анықтау, бұл жерде мына сұраққа жауап керек: «не және немен сәйкес емес, не керек?» Бұл мекеменің кадрлік ресурстар қорын бағалау қажет. Жоспарлаудың мәні күнделікті тексерісті бағалау түрі, периодты шара емес (“Не бар?” деген сұраққа жауап әрдайым бар).

Бұл кезеңде жұмыс үш түрлі бағытта жүргізіледі:

  • қолма-қол ресурстар күйін бағалау, талдау (олардың сапасы, саны, жұмыс нәтижесі, компотенттілігі және т.б.);

  • сыртқы көздерді бағалау. Оларға басқа кәсіпорын қызметкерлері, оқу орындарының түлектері, оқу жалғастырушылар;

  • потенциалды көрсетілген ресурсты бағалау (ресурстар дамуының сапалы қорлары).

Басқарым персонал сыртқы орта мен қоғамның даму тенденцияларын жылдам және дұрыс бағаласа кәсіпорын бәсекелестік күресте өмір сүре алады. Кадрді басқарудыдағы сәттілігі ол жүйелі есептеу және сыртқы дүниені талдау, сыртқы ортаға адаптациялау[2].

Келесі саты – ресурстар мен талаптарға сәйкес бағалау (нақты және

Сонымен қатар мейрамхана қызметін басқаруда маретингтік әдісті естен шығармаған жөн, себебі ол атаулы бизнесте ғана емес, бизнес атаулының барлығында да ерекше орында тұр. Атаулы саланың мейрамхана шаруашылығына қатысты келесі қамтитын мәселелерін атауға болады:


- қызмет көрсету мәдениеті;

- кадрларды басқарудағы маркетингтік әдіс;

- қонақ үй қызметкерлері арасында маркетингтік мәліметтерді тарату;

- қызмет бойынша қызметкерлердің жылжуы мен сыйақы беру жүйесін пайдалану.

Қонақтардың мейрамханаға келгенде біріншіден азық-түліктің бағасына, қызмет көрсету мәдениеттілігіне және асортиментіне мән береді.

Осыған байланысты көптеген елдерде дағдарыстың әсерін жеңілдету үшін бірнеше шараларды қолдануда:

  1. Операциялық шығындарды азайту – не табысты әкелетінін және ресурстарға кететін шығынды азайту жайлы тексерістер өткізу. Осы кезде ескеретін жайт шаруашылық көрсететін қызметтердің сапасын төмендетіп алмау және де қосымша жаңа қазмет түрлерін көрсету.

  2. Мейрамхана өнімінің құндылығын көтеру – бағаларды кеміту емес, оған қосымша қызметтер қосу, мысал ретінде 1 тағам бағасының есебімен екі тағам алу. Жиі келетін клиенттерге жеңілдіктер не басқа да қызмет түрлерін көрсету.

  3. Қазіргі уақытта көптеген шаруашылықтар персоналды қысқарту, еңбекақыны қысқарту және жұмыстан шығару шараларын өткізуде. Бұл көбінесе әкімшілік, қаржылық бөлім персоналына және жаңа бағдарлама мамандарының әсерін тигізуде. Шығындарды азайтудың жолы болғанымен адам кез-келген кәсіпорынның басты ресурс екенін ұмытпау керек. Еңбекақы қорын азайтумен бірге қызмет көрсету сапасын жоғалтып алуға, адамдарды ынталандырудың төмендеуіне соқтыруы мүмкін.

  4. Келешекте бәсекеге қабілеттілік жағдайларды ойластыру, шаруашылықтың әлсіз орындарын жою жайында дағдарыс кезінде жоспарлауға болады.  

Жарнамадан бас тартпау керек, тек арзан және тиімді жарнама арнасын табу керек, бұл әрине интернет жүйесіне көз түрту. Бұдан басқа да көптеген шараларды ұйымдастыруға болады.
SWOT-талдау – бұл кәсiпорынның күштi және әлсiз жақтарын, оған қоса кәсiпорынға жақын жерден болатын мүмкiндiктердi, төнетiн қауiптердi талдау.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мейрамхана бизнесіне әсер ететін жағдайларды 8 кесте түрінде көрсетуге болады:
Кесте 8 - Мейрамхана бизнесіне әсер ететін жағдайлар


А

Мүмкіндіктер

Б

Күшті жақтары

1

Бизнес-класс дамуы

1

Орналасқан жері

2

Бизнестің қарқын дамуы

2

Инфраструктура (қосымша қызмет көрсету мүмкіндігі)

3

Келушілер санының өсуі

3

Қызмет көрсетудің жоғарғы сапада болуына сұраныс

В

Қауіптіліктер

Г

Әлсіз жақтары

1

Мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақсыздық жағдайы

1

Сатып алу қызметіне байланысты проблемалар

2

Жергілікті биліктің тәуекелділік пен қиындығына байланысты

2

Персоналдың төменгі деңгейдегі мамандығы

Ескерту: «Rass-al» мейрамханасынан автор құрастырған, 2023 жыл



Қоғамдық тамақтану ұйымының негізгі сұрақтарына жал төлемі, персоналдың өнімді жұмыс істеуі мен азық-түлік бағаларының өзгеруі жатады[15].

Ұйымның өмір сүру бизнесіне әсер ететін шығындардың 35% жал төлемінің мөлшері алады. Жалға беруші бизнесі мен жалға алушы тығыз байланысты, сондықтан жал төлемі оптимальді көлемде болу керек. Көптеген елдердің жалға берушілері жал туралы келісім-шарттарын қайта қарастыра отырып, жал төлемін 20-30% мөлшерінде төмендетуде.

Қорытынды
Бұл жұмыстың мақсаты «Rass-al» мейрамханасының экономикалық қызметін зерделеу мен талдауға байланысты тәжірибе туралы есеп жасау болды. Өндірістік тәжірибе аптасына бес рет сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін өтті.

Өндірістік практика барысында «Rass-al» мейрамханасының құрылымы зерттелді, мейрамхананың, оның цехтары мен әкімшілігінің жұмысы ішінен жеке қарастырылды. Мен теориялық білімімді бекітіп, тереңдетіп, нақты практикалық мәселелерді шешу үшін теориялық білімді қолданудың практикалық дағдыларын игердім.

Болашақта даму үшін жақсы тәжірибе жинадым.

Мен белгілі бір учаскеде және жұмыс орнында жұмысты ұйымдастыруды жақсарту жолдарын іздедім және таптым.

Қызмет көрсету мен тамақ дайындауды ұйымдастыру, Қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін ұйымдастыру саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды меңгердім.

Өндірістік тәжірибеде мен мейрамхананың аға даяшысы лауазымын атқардым, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес міндеттерді орындадым және ішкі тәртіпке бағындым.

Мейрамхана бизнесінде көптеген жаңа және қызықты білімдерді аштым. Айта кету керек, тәжірибе маған өте ұнады, өйткені болашақта ресторатор мамандығы менің арманым, өйткені менің басты мақсатым - өз мейрамханамды ашу.

Тәжірибе барысында ол материалдарды жинаумен жұмыс кестесімен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен, сертификаттау шартымен айналысты.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын басқару жүйесінің құрылымы. Кез-келген қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны үшін басқару жүйесінің дұрыс құрастырылған құрылымы менеджерді бірқатар функциялардан жеңілдетеді және босатады, оларды орындау үшін білікті мамандар бар. Басқару жүйесінің құрылымы басқару құрылымының ұйымдастырушылық схемаларында, штаттық кестелерде құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерде, лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген.


Тәжірибе барысында мен мейрамхананың барлық өндірістік бөлімшелерінің жұмысымен таныстым: ыстық цех, суық цех, көкөніс цехы, ұн цехы.

Мейрамхана тағамдары баға мен қызмет үшін оңтайлы және үлкен сұранысқа ие.

Осылайша, осы есепте қойылған мақсатқа қол жеткізілді – кәсіпорындағы ұйым және мейрамханадағы сапа көрсеткіштері «Rass-al» мейрамханасының мысалында талданды және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар ұсынылды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Волков Юрий Федорович, Законодательные основы гостиничного бизнеса: учебное пособие / Ю.Ф. Волков.- Ростов н/Д: Феникс, 2018.- 637с.. (Высшее образование).

  2. Жақсыбергенов А.Г., Жангуттина Г.О., Есайдар Ү.С., Талипова А.А. «Мейрамхана ісіне кіріспе», Алматы 2018 ж.

  3. wikicity.kzbiz/rassal-almaty

  4. Жақсыбергенов А.Г., Жаксыбергенов А.К., Жангуттина Г.О., Есайдар Ү.С., Ошанова Г.А. «Диплом (диссертация жұмысын зерттеудің ғылыми әдісі және әдістемесі». Алматы, 2017 ж. – 121 с.

  5. Попов Л.А, Никольская Л.У. Современные кадровые технологии в индустрии туризма и гостеприимства: учеб, пособие. М.: ФГБОУ ВПО «РЭУ им. Г.В. Плеханова», 2017

  6. http://almaty3d.kz/maps/restorany/restoran-rass-al.html

  7. https://instagram.com/restoran_rass_al

  8. http://vk.com/rassalrestoran

  9. https://restoran.kz/selections/support

  10. «Rass-al» мейрамханасы стратегиялық талдау мәліметтері, 2021 ж

  11. «Rass-al» мейрамханасы қызмет көрсету сапасы мәліметтері, 2020 ж

  12. Джанджугазова Е.А. Маркетинг в индустрии гостеприимства.2017г.209 с.

  13. www.restoran.kz

  14. restaurantrassal.vsite.biz

  15. komandirovka.ruhotels/almaty/rassal-palace/