ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 308
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ жоспары
Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні: | | ||||||||||
Пән/Сынып: | 5 сынып | ||||||||||
Күні: | 18.09.20. | ||||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5.1А Натурал сандар және нөл саны | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау; 5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу; | ||||||||||
Бағалау критериі: | Натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау Натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу | ||||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | |||||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру; Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату | Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу. | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | |||||||||
Уақыты | Кезең дері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||
2 минут | Ұйым дастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін, Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі тақырыбын қарастырамыз Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: Натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау Натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу Ұйымдастыру сәті Үй жұмысын тексеру Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Қандай сандар натурал сандар деп аталады? Нөл саны натурал сандар қатарын жата ма? Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады? Натурал сандардың қандай қасиеті бар? | | | | ||||||
8 мин | Жаңа сабақ | Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. Сан — математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Қарапайым түрде алғашқы қоғамдарда-ақ пайда болған, кейін бірте-бірте қолданыс аясы кеңейіп әрі жалпыланды. Кейбір заттарды санауға байланысты бүтін оң (натурал) Сан дар ұғымы, кейіннен Сандардың натурал қатарының (1, 2, 3, 4, …) шексіздігі туралы идея пайда болды. Натурал сандар- арифметиканың ірге тасы. Натурал сандар санау нәтижесінде пайда болған.Натурал сандар жиынын N=1, 2 , 3 ,4 ,...., .... символымен белгілейді.Натурал сандар жиынын үш класқа бөліп ажыратуға болады.Олар:
Соның ішінде жай сандарға тоқталайық. Анықтама.Екі бөлгіші бар натурал сандар жиынын жай сандар деп атайды. Жай сандардың шексіз екенін гректің ұлы математигі Евклид біздің санауымыздан 300 жыл бұрын дәлелдеген.Осы дәлелдемені келтірейік. Біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ- ғасырда Александрия қаласында өмір сүрген гректің Эратосфен( біздің жыл санауымызға дейінгі 276-194 ж. Шамасында) деген математигі және астронымы 1-ден бастап белгілі бір натурал санға дейінгі жай сандарды табудың қарапайым тәсілін ойлап тапты. Бұл тәсілді Эратосфен торы деп атайды. Мысалы 1-ден 40-қа дейін жай сандарды табу керек дейік. 1-ден 40-қа дейінгі сандарды жазамыз. 2, 3, 5 ,7, 11, 13, 17, 19 ,23, 29, 31, 37. Бірді сызамыз ол жай санда , құрама сан да емес, содан кейін 2-ге еслі сандардың бәрін сызамыз . Осылайша 3-ке еселі және 5-ке еселі сандарды сызамыз . 3-теорема бойынша 40-тан кіші кез-келген санның ең кіші жай бөлгіші 40-санынан артпайды, яғни жоғарыда келтірілген сандардың 5-тен артық жай бөлгіштері жоқ, яғни сызылмай қалған сандардың ішінде құрама сандар жоқ, олар жай сандар болады.Бұл жай сандар 2, 3, 5,7,11, 13,17,19,23,29,31,3. Эратосфен жай сандардың таблицасын алу үшін папирусқа жазылған сандардың ішінен құрама сандарды сызбай тесіп отырған Эратосфен торы деген атаудың шығу тегі содан болса керек. Евклид пен Эратосфеннен кейін де жай сандардың табиғаты көптеген ғалымдарды өзіне тартып келді. Жай сандардың ішкі сырына бұдан 200 жыл бұрын Петербург ғылым Академиясының мүшесі Християн Гольдбах (1690-1764) терең үңіліп, «кез-келген 5-тен артық тақ санды үш жай санның қосындысы түрінде жазуға болады» деген пікір айтты.Жеке мысалдар арқылы бұл пікірдің дұрыстығына көз жеткізуге болады, мысалы 7 = 2+2+3. 11=3+3+5. 13=3+5+5. 17=5+5+7. 19=5+7+7.23=5+7+11. т.с.с. Карл Гаусс математиканың сан салаларына сарапқа сала келіп арифметиканы математиканың патшасы деп бағалаған. Ал арифметиканың негізгі ұғымы – сан. Ендеше , сол сан ұғымының қалай пайда болуын ашу , білу – ғылыми методологиялық үлкен мәселе. Сан туралы ұғым адамзат мәдениетінің тууымен және оның дамуымен тығыз байланысты. Шынында , егер осы ұғым болмаса , өзіміздің рухани өміріміз бен практикалық қызметімізді тиісті дәрежеде көрсете алмас едік. Есеп – қисап жүргізу , уақыт пен қашықтықты өлшеу , еңбек нәтижесінің қорытындысын есептеу сан ұғымынсыз мүмкін емес. Сан әуел баста заттарды санаудың қажеттілігінен туған математикалық ұғымдардың бірі. Кейін ол математикалық білімнің дауына қарай жетілдірілді. Бұл ұғым өте ерте заманда адамдардың практикалық қызметтерінінен қажеттілігінен келіп туды. Жалпы алғанда сан ұғымы басқа ешқандай емес тек шындық дүниеден шыққан . Өте ерте заманда пайда болған сан ұғымы көптеген ғасырлар бойы жалпыланып ,кеңейе түсті . Сонда сан жайындағы түсініктер адамзаттың практикалық мұқтаждығына, мәселен , шамаларды өлшеудің қажеттілігіне және математиканың өзінің ішкі мұқтаждығына байланысты кеңеіәп отырғандығы байқалады.Мысалы шамаларды дәлірек өлшеудің мұқтаждығы оң бөлшек ұғымының тууына себепті болса, теңдеулерді шешу тәжірибелері мен осы санаудағы теориялық зерттеулерге байланысты теріс сандар пайда болды. Бастапқыда санның жоқ екенін белгілеу үшін қолданылған нөл саны теріс сандар енгізілгеннен кейін сан ретінде қарастырылатын болды. Натурал сандар қатары : 1,2,3,4,5,6,7,8... Натурал сандар қатарының қасиеті: 1) натурал сандар қатары 1 ден басталады 2)әрбір натурал саннан кейін одан 1 ге артық натурал сан бар 3)натурал сандар қатары шекетусіз Натурал сандар оңнан солға қарай кластарға топталады . Әрбір кластың үш разряды болады. Нөл натурал сандар қатарына жатпайды. Көптаңбалы натурал сандардың оқылу ережесі: 1) оңнан солға қарай сандағы әрбәр үш цифрды кластарға топтасыру керек. 2) сол жағынан бастап әрбір кластағы санды оқып, класс атауын қоса айтуы керек. Көп таңбалы натурал санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады. Мысалы: 35749 = 30000+5000+700+40+9 немесе 35749= 3*10000+5*1000+7*100+4*10+9 | Сұрақтарға жауап береді Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады | Оқушылар осы мысал-дарға қарап түсінеді. | Слайд | ||||||
15 минут | Бекіту тапсырмасы | Есептер шығару №1 Кластарға бөліп жазыңдар 1) 46 870 2) 315 600 3)8 215 734 4) 246 047 000 505 №2 Мына сандарды цифрлармен жазыңдар 1)710 2) 430 060 3)508 234 4) 3 025 006 5) 32 015 702 №7 1) 4 және 5 2)0 және 8 3)7 және 2 цифрларын пайдаланып, екі таңбалы натурал сандарды жазыңдар Ш: 1)45,54 2)80 3)72,28 №9 Есептеңдер 1)(3377+783):8=4160:8=520 2)(2465-917):18=1548:18=86 3)(1401+975):24=2376:24=99 4)45*28-290=1260-290=970 5)16*39:24+74=624:24+74=26+74=100 6)330:22*8-30=15*8-30=120-30=90 Оқулықтан №141,142,145 | | | Слайд | ||||||
10мин | Жеке жұмыс | Қосымша карта | Тапсырманы орындайды | | | ||||||
5 минут | | Бүгінгі сабақта: Натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау Натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу Сабақты бекіту кезеңі: 1.Натурал сандар дегеніміз не ? 2.1;2;3;4;5;6;,7;8;9 сандарын пайдаланып, жан-жақты 15 санын шығарыңдар. Үйге тапсырма. №147, №148
| Тақырыпты меңгергенін анықтау | | Презентация |
Сабақ жоспары
Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні: | | |||||||
Пән/Сынып: | 5 сынып | |||||||
Күні: | 18.09.20. | |||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5.1А Натурал сандар және нөл саны | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі | |||||||
Оқу мақсаты: | 5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау; 5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу; | |||||||
Бағалау критериі: | Натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау Натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу | |||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | ||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру; Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату | Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу. | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | ||||||
Уақыты | Кезең дері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
2 минут | Ұйым дастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін, Натурал сандардан тұратын сандар тізбегі тақырыбын қарастырамыз Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: Натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау Натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу Ұйымдастыру сәті Үй жұмысын тексеру Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. Қандай сандар натурал сандар деп аталады? Нөл саны натурал сандар қатарын жата ма? Көп таңбалы натурал сандар қалай оқылады? Натурал сандардың қандай қасиеті бар? | | | | |||
8 мин | Жаңа сабақ | Жағымды психалогиялық ахуал тудыру (түйсіну байланыс) «Сағат бағыты бойынша достасу» ойыны арқылы. Тақтаға сағаттың суреті ілінеді, әр оқушыға сағат суреті беріледі «Әр оқушы 12,3,6,9 кездесетін адам тандайды» Уақытты атаған кезде оқушылар уақытқа сай кездесетін адамын табады да келесі әрекеттер жасайды: Сағат 12-де - амандасады, Сағат 3-те – құшақтасады, Сағат 6-да – арқа түйістіру Сағат 9-да-жақсы сөз, тілек айтады оқушылар бір-бірлеріне | Сұрақтарға жауап береді Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады | Оқушылар осы мысал-дарға қарап түсінеді. | Слайд | |||
15 минут | Бекіту тапсырмасы | Оқушырларға келесі тапсырма ұсынылады: Астында орналасқан 4 суреттерде нүктерлерді санаңыз 1-сурет 2-сурет 3-сурет 4-сурет Қай заңдылықмен олар орналасқан? Оқушылар нүктерлердерін орналысу заңдылықты аңықтайды. 1;3;6;10;15;21;28.... Осы қатар қалай басқа атауға болады? Тақырыпқа шығу «Натурал сандар тізбегі» Сабақтын мақсаттырды анықтау Тапсырма 1. Өмірден сандар тізбегімен байланыс мысалдар келтіріңіз Тапсырма 2. Алғашқы бес натурал сандар тізбегінің жазыңдар a) 7-ге еселік натурал сандар тізбегі; b) 4-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандар тізбегі Тапсырма 3. Өз мысалдар сандар тізбегінің айтыңдар. Тапсырма 4. Сандар тізбегі анықтама беріңіз. Есептер шығару 1) Натурал сандар тізбегінен келесі тізбекті алуға болады a)1;4;9;16;25;36;49…… b)4;7;10;13;16;19;22…. 2)Сиқырлы шаршы толтыңдар Қорытындылау кезеңі.Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін анықтау. 1) Бассейнде таңертең 16 топ, кешке 10 топ суға шомылады. Кешке қарағанда таңертең неше топ артық шомылады? (6 топ) 2) Бала досына 6 төсбелгі бергеннен кейін өзінде 54 төсбелгі қалды. Балады барлығы неше төсбелгі болған? (60 төсбелгі) 3) Ең үлкен бес таңбалы санды тап. (99999) Топтық жұмыс №1 сандарды цифрлармен жазыңдар: А) бес миллион қырық екі мың а) сегіз миллион жиырма төрт үш жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз он үш №2 үш рет қайтара жазып, санды сөзбен жаз: 21 35 №3 осы цифрлары бар екі таңбалы сандарды жазыңдар: Қ)Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін ,не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. | | | Слайд | |||
10мин | Жеке жұмыс | Оқулықтан №149 | Тапсырманы орындайды | Мониторинг | | |||
5 минут | | Бүгінгі сабақта: Натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау Натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу Үйге тапсырма. №150. | Тақырыпты меңгергенін анықтау | | Whatsapp месенжерін қолдану Презентация |
Сабақ жоспары
Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні: | | | ||||||||
Пән/Сынып: | 5 сынып | | ||||||||
Күні: | 22.09.20. | | ||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі | | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері | | ||||||||
Оқу мақсаты: | 5.1.1.5.натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу; 5.1.2.8. натурал сандардың бөлгіштерін табу; 5.1.2.9. натурал сандардың еселіктерін табу. | | ||||||||
Бағалау критериі: | -натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды; -сандардың ортақ бөлгіштерін табады; -сандардың ортақ еселіктерін табады. | | ||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | | |||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру; Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату | Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу. | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | | |||||||
Уақыты | Кезең дері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | | ||||
2 минут | Ұйым дастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін, Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері тақырыбын қарастырамыз Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу; натурал сандардың бөлгіштерін табу; натурал сандардың еселіктерін табу. Ұйымдастыру сәті Үй жұмысын тексеру «Сандарды бейнеле» әдісі арқылы топтарға бөлу және сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту және топтарға бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеп, көрсетеді | | | | | ||||
8 мин | Жаңа сабақ | «Конверт-сұрақ» әдісі оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады. Сұрақтар:
Оқушылар сабақтың мақсатын құрайды.
Жаңа сабақ. https://youtu.be/tbH8WmmieRM сайтынан видео сабақ | Сұрақтарға жауап береді Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады | Оқушылар осы мысал-дарға қарап түсінеді. | Слайд | | ||||
15 минут | Бекіту тапсырмасы | «Аквариум» әдісі арқылы берілген жаңа тақырыпты топпен талқылап,ой-пікірлерімен санаса біліп, топпен ортаға салады. ҚБ: «Қолпаштау» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды ынталандырып, әрі қарай жұмыс істеуге жетелейді. (Жұптық)Тапсырма-1: «Шыршаны безендір» әдісі арқылы тапсырманы жұппен талқылайды, өз ойларын ортаға салады, 2-ге бөлінетін сандарды тауып, тексереді, нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді. Жауаптың дұрыстығын анимациялық презентация арқылы тексереміз( жауап дұрыс болса шар немесе жұлдыздар шыршаға ілінеді, дұрыс емес жауап берілсе, онда жыпылықтайды).Берілген сұрақтар арқылы жұптар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі. Дескриптор:_Берілген_сандардың_2-ге_бөлгіштерін_таңдайды;ҚБ:_«Шапалақтау»'>Дескриптор: Берілген сандардың 2-ге бөлгіштерін таңдайды; ҚБ: «Шапалақтау» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды. Жетекші сұрақтар:
а : b = с (Жауабы: а — бөлінгіш, b — бөлгіш, с — бөліндінің мәні)
Бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндінің мәнін көбейтеміз.
Бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз ҚБ: «Басбармақ» арқылы бойынша бағалайды. Жетекші сұрақтар:
(Жеке)Тапсырма-3: «Ойлан» әдісі арқылы әрбір оқушы өзі жеке тапсырманы орындайды. 5 және 10 сандарына еселік болатын екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз. Дескриптор:
ҚБ: «Смайликтер» арқылы бағалайды. Жетекші сұрақтар:
Бұл сөз орыстың ескіше «қысқа»сөзінен шыққан.
-Берілген санның ең үлкен және ең кіші еселігі? Оқулықпен жұмыс №168,169,171 | | | Слайд | | ||||
10мин | Жеке жұмыс | Қосымша карта | Тапсырманы орындайды | | | | ||||
5 минут | | Бүгінгі сабақта: натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу; натурал сандардың бөлгіштерін табу; натурал сандардың еселіктерін табу. Қорытынды: «БББ» кестесін толтыру арқылы не білгенін, не білетінін , не білгісі келетінін жеткізеді. «Ақылды доп» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, сабақты бекітеді. Рефлексия: «Алма ағашы». Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі». Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ». Үйге тапсырма. №170,172 | Тақырыпты меңгергенін анықтау | | Презентация | |
Сабақ жоспары
Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні: | | | ||||||||
Пән/Сынып: | 5 сынып | | ||||||||
Күні: | 24.09.20. | | ||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі | | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері | | ||||||||
Оқу мақсаты: | 5.1.1.5 Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу 5.1.2.8 Натурал сандардың бөлгіштерін табу 5.1.2.9 Натурал сандардың еселіктерін табу | | ||||||||
Бағалау критериі: | Натурал санның бөлгіші мен еселігін табу анықтамасын біледі Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады Натурал сандардың еселіктерін таба алады - | | ||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | | |||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру; Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату | Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу. | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | | |||||||
Уақыты | Кезең дері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | | ||||
2 минут | Ұйым дастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін, Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері қарастырамыз Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу Натурал сандардың бөлгіштерін табу Натурал сандардың еселіктерін табу Сыныппен амандасу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Мен сіздерге сенемін» психологиялық тренинг жүргіземін. Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландырамын | | | | | ||||
8 мин | Жаңа сабақ | (Ұ) «Сұрақты ұстап ал» әдісін пайдаланып сұрақтар қою арқылы натурал санның бөлгіштері мен еселіктері ұғымын өздері тұжырымдауға жетекші сұрақтар беремін 1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады? 2.Нөл саны натурал сан бола ма? 3 .Ең үлкен санды атауға бола ма? 4 1ден бастап 20 ны қоса алғандағы натурал сандар жазылған кесте құрыңдар 5. Осы кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер (1,2,4,5,10,20) 6 . 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар(5,10,20,25,30...) Сұрақтарға жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын «Мозайка» әдісін пайдаланып сыныпты 3 топқа топқа бөлемін Жаңа білімді қалыптастыру Оқушылар топта мәтінмен жұмыс жасайды Тақырып бойынша натурал сандардың бөлгіштері, еселіктері туралы түсінік қалыптасады | Сұрақтарға жауап береді Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады | | Слайд | | ||||
15 минут | Бекіту тапсырмасы | Жж) Деңгейлік тапсырмалар А деңгейі «Конверттегі сұрақ» әдісі 1-тапсырма. Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар 5 және 45, 9 және71, 8 және34, 16 және 80, 17 және 51, 4 және 63, 12 және 60, 23 және 115 2- тапсырма 3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарынан теріп жазыңдар: 2-нің еселіктерін 21-дің бөлгіштерін В деңгейі «Кім жылдам? әдісі 1. 18 асықты асық саны өзар тең болатындай неше тәсілмен үймелерге бөлуге болады? Әрбір үймеде неше асықтан болуы мүмкін? 2. 45- ке бөлгіш және 5-ке еселік санды жазыңдар С деңгейі «Ойлан тап»
Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын | | | Слайд | | ||||
10мин | Жеке жұмыс | Оқулықтан | Тапсырманы орындайды | | | | ||||
5 минут | | Бүгінгі сабақта: Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу Натурал сандардың бөлгіштерін табу Натурал сандардың еселіктерін табу Үйге тапсырма беру. №176, №183 Рефлексия
Жеке оқушымен жұмыс 1. 1) 502 саны 22088 санының бөлгіші; 2) 65 667 саны 3127 санының еселігі; 3) 13 188 саны 24 санының еселігі; 1) 762 саны 16 664 санының бөлгіші болатыны дұрыс па? | Тақырыпты меңгергенін анықтау | | Презентация | |
Сабақ жоспары
Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні: | | | ||||||||
Пән/Сынып: | 5 сынып | | ||||||||
Күні: | 25.09.20. | | ||||||||
Тарау немесе бөлім атауы: | 5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі | | ||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Жай және құрама сандар | | ||||||||
Оқу мақсаты: | 5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;. | | ||||||||
Бағалау критериі: | жай және құрама сандардың анықтамаларын білу | | ||||||||
Саралап оқыту тапсырмалары | | |||||||||
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру; Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату | Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату; Тапсырмалардың жауаптарын жазу. | Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы | | |||||||
Уақыты | Кезең дері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | | ||||
2 минут | Ұйым дастыру | Сәлеметсіздерме! Бүгін, Жай және құрама сандар тақырыбын қарастырамыз Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;. Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық. 1. Оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қадағалай отырып, жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. 2.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу (Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:
Еселіктері деп ше? | | | | | ||||
8 мин | Жаңа сабақ | Жаңа сабақ. OnlineMektep-BilimLand сайтынан видео түсіндіру
1-ден өзге натурал сандар бөлгіштер санына қарай жай сандар және құрама сандар болып бөлінеді. 1.Жай сандар. Кестеде берілген 41 және 11 жай сандар. Олардың әрқайсысының тек екі ғана бөлгіші бар. олар 1 саны және сол санның өзі. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды. Мысалы, 101- жай сан.101 санының бөлгіштері: 1 және 101. Ең кіші жай сан – 2 саны. 2 санынан басқа жай сандардың барлығы –тақ сандар. Сонда 2 саны – жалғыз ғана жұп жай сан. Жай сандар шектеусіз көп. Кітапта 1000-ға дейін жай сандар кестесі бар. 2.Құрама сандар. Кестедегі берілген 35,26,18 сандары –құрама сандар. Екіден көп бөлгіштері бар сандар құрама сандар деп аталады. Мысалы, 8 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,4,8. 24 саны – құрама сан, бөлгіштері: 1,2,3,4,6,8,12,24. Натурал 1 санының бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі 1 саны. 1 жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды. Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы, 5 пен 7, 11 мен 13,17 мен 19 – егіз сандар. |