Файл: Лекция жне зертханалы сабатарды, СЖ таырыптарыны атаулары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 212

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Саңырауқұлақтар өкілдерін макромицеттер және микромицеттер деп бөледі. Ал микромициттерде олар болмайды.

Миксомицеттер кейбір қасиеттері жағынан саңырауқұлақтарда ұқсас, дамуының белгілі бір циклінде амебаға тән қасиеттер, яғни жалған аяқтар байқалады. Олар жй бөліну арқылы көбейеді. Жеміс денесінде спораларда түзіледі. Қолайлы жағдайда олар амебаға ұқсас клеткаға айналады. Осындай кейбір клеткалар бір-бірімен қосылып, зигота түзеді. Миксомицеттердің ішінде өсімдіктер паразиттері де бар.

Кейбір саңырауқұлақтардың денесі бір-бірімен шатаса орналасқан жіңішке жіпшелерден тұрады. Мұны мицелий деп атайды. Олардың мицелийі буын-буыннан тұрады, бүір бұтақшалары болады. Саңырауқұлақтар мөлшері жағынан бактериялар мен актиномицеттерден едәуір ірі болады. Гифтерінің диаметрі 5-тен 50 мкм, кейде одан да үлкен.

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мицелийдің өзі бөлек-бөлек клеткаға бөлінбей бір клеткадан ғана тұрады. Мұндай саңырауқұлақтарды фикомицеттер, ал мицелийі клеткаға бөлінгендерін микомицеттер деп атайды.Клетка қабырғасының 80-90% азотты және азотсыз полисахаридтерден тұрады. Саңырауқұлақтардың клетка сыртында қабығы, ішінде цитоплазмасы бір немесе бірнеше ядролары бар. Қоректік қор заттары волютин, липидтер, гликоген және майлардан, көбіне қанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Крахмал болмайды.

Бластоспоралар мицелийден сегменттерге ажырауынан пайда болады.Пішіні аздап сопақшалау, дрожжыларға ұқсас, бүршіктену арқылы көбейеді.

Артроспора мицелийдің сегменттерге ажырауынан пйда болады. Саңырауқұлақтар жынысты да, жыныссыз да жолдармен көбейеді Жыныссыз жолмен көбейгенде жіпшелерінің ұшында споралар орналасады, ол спорангийлері.

Жыныстық жолмен көбейгенде екі клетка қосылып, спора түзеді. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтарда спора орналасқан ерекше қапшықтары болады. Спора бар мұндай қапшықтарды аскоспоралар дейді. Ал кейбіреулерінде споралар бүйір өскендерде, яғнибазидийларда орналасқан. Жыныстық жолмен көбейген саңырауқұлақтарда екі клетка сырт пішініне қарағанда бірдей болмаса, оларды ооспоралар деп атайды. Жыныстық және жыныссыз жолдармен көбейе алатындары жетілген, ал тек қана жыныссыз жолмен көбейетіндері жетілмеген саңырауқұлақтар деп аталады.

Кейбір саңырауқұлақтар қалың қабықпен қапталған гифтер, яғни хламидоспоралар түзуге бейімделген.Сонымен саңырауқұлақтардың биологиясын жете зерттеп білгенде ғана оның пайдалы жақтарын қолданып, зиянды әрекеттеріне қарсы күрес жүргізуге мүмкіндік туатын болады.


Аскомицеттергеаспергиллус, пенициллум, склеротиния т.б. жатады. Ашытқыш саңырауқұлақтар да осы кластың өкілі болып есептеледі. Олардың техникалық ерекше маңыз болғандықтан, жеке қарастырылады.

Қарапайымдылар бір клеткалы организмдер. Олардың шамасы, пішіні әр қилы, өзіндік даму циклдары болады. Қазіргі кезде қарапайымдылардың 15000 түрі белгілі. Олардың басым көпшілігі паразиттік тіршілік етеді, адам мен жануарларды зиянды, жұқпалы ауруларды қоздырады. Олардың пішіні әр түрлі: шар тәрізді, ұзынша, сопақша келеді. Ал кейбіреулерінің пішіні тіпті тұрақты болмайды. Қарапайымдылардың мөлшері 2-4 мкм-нан 3 см-ге дейін болады.

Цитоплазма сияқты – эктоплазма және эндоплазма және басқа да заттар (крахмал, гликоген, майлар, белок түйірлері, волютин) кездеседі. Цитоплазмада митохондрий өнебойы болады.

Ядросы құрылымы жағынан көп клеткалы организмдердің ядросына тым ұқсас болады. Жалпы оларда ядро саны біреу, бірақ бірнеше ядросы бар қарапайымдыларда кездеседі. Ядроның өзі шар тәрізді, сопақша, жалпақ таспа тәрізді болып келеді.

Қарапайымдылардың кірпікше, жіпше және жалған аяқшаларымен біршама жақсы қозғалады. Қарапайымдылардың қабығы қатты кутикула, яғни мүйізделген заттардан тұрады. Ол әрі тірек, әрі қорғаныс міндетін атқарады. Қарапайымдылар жәй бөліну арқылы көбейеді. Сонымен бірге олар жыныстық жолмен де көбейеді. Қолайсыз жағдай туғанда қарапайымдылар бактериялардың споралары сияқты циста деп аталатын дене түзеді. Циста қоректенбейді, қимылдайды, тыныштық күйде жатады. Ол көбінесе топырақта, суда жиі кездеседі.

Қарапайымдылар аэробты организмдер. Сондықтан олар топырақтың беткі қабатында тіршілік етеді. Олар топырақ реакциясына сезімтал. Бейтарап (нейтрал) реакциялы топырақта (рН-7,0) олар жақсы өніп өседі, рН 3,5-тен төмендегенде (қышқылды ортада) немесе 9-дан асқанда (сілтілі орта) олардың тіршілігі баяулап, ақыр аяғында өліп қалады.Қарапайымдылардың біразы автотрофты организмдер, яғни олар көмір қышқыл газы мен минерал тұздарды сіңіре алады. Олардың белокты, көмірсуларды, майды және клетчатка ыдырататын келбеттері бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Саңырауқұлақтардың құрылысының ерекшелігі неде?

2.Мицелилардың құрылысы қандай болады?

3.Өнеркәсіпте пайдалы қандай саңырауқұлақтар түрін білесің?

4.Қандай қарапайымдылар сүтқоректілер ағзасында өмір сүреді?

5.Цистаны қандай жағдайда түзеді?
6 Зертханалық жұмыс.



Тақырыбы: Микроорганизмдер физиологиясын зерттеу.

Мақсаты: Білімгерлерге микроорганизмдер физиологиясы және оларды зерттеу әдістерімен таныстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: Дистилденген су, глицин, аланин, пролин, лизин, сүзгіш құралдар, т.б.
Қысқаша мағлұмат

Барлық тірі организмдер сияқты зат алмасу процестері микробтарға да тән. Физиологиялық қызметтері қозғалу, өсіп-өну және көбею дайын энергияны қажет етеді.

Микробтар клеткасы негізінен судан және құрғақ заттардан тұрады. Мұнда су мөлшері 75-85 % құрайды, ал құрғақ заттар мөлшері 25-15 % шамасында болады. Құрғақ заттар түрлі минералдық және органикалық заттардан тұрады. Ылғал бар жерде ғана микроорганизмдер клеткасында өте күрделі химиялық процестер жүре алады.

Клеткаға келіп түскен қоректік заттар түрлі ферментативтік процестер әсерінен бірқатар өзгерістерге ұшырап клетка құрылымдарын құрауға және басқа да энергияға мұқтаж процестерге пайдаланылады.

Микроорганизмдер органикалық азот көздерінің ішінен көбінесе амин қышқылдарын талап етеді. Амин қышқылдары белок туындылары. Белок ыдырағанда пайда болатын амин қышқылдарының кейбіреулері микроорганизмдер тіршілігі әсерінен өзгеріске түсіп, олардан жаңадан пайда болған амин қышқылдарының мөлшері молая түседі. Қоректік зат ретінде қолданғанда глицин, аланин , пролин, лизин және орнитин амин қышқылдарын алдын ала дистильденген су қосылған күйдіргіш натрийда (NaOH) ерітіп алады. Ал қалған амин қышқылдарын тұз қышқылы қосылған дистильденген суда езеді. Кейбір амин қышқылдары (цистин және цистеин), сонымен қатар амидтерглютамин және аспарагин қыздыруға төзімсіз. Сондықтан оларды сүзу арқылы залалсыздандырады. Қалған амин қышқылдарын 0,5 атм. Қысымда 15 минуттай автоклавта залалсыздандырып алып, қолдануға болады.

Егер де микроорганизмдер бірнеше амин қышқылдарына мұқтаж болса, ол үшін белокты сол күйінде қолдану тиімсіз. Сондықтан оны алдын-ала гидролиздеп, яғни жартылай ыдыратып пептон алады да, соны қолданады. Пептонның өзі поли және олигопептидтер, амин қышқылдары, органикалық азот негіздері мен тұздары және микроэлементтерден тұрады. Пептон құрғақ, су тартқыш келеді, ашық сары, суда ерігіш ұнтақ. Қоректік ортаның 1 литріне 1-2-ден 20 г-ға дейін қосады.

Амин қышқылдары пептондар микроорганизмдер үшін тек азот көзі ғана емес, көміртегі мен энергия ретінде де пайдалана алатынын ескеру керек. Кейбір микроорганизмдер азот көзі ретінде молекулалық ауа азотын да қолданады. Бұларды азот тұтынушылар деп атайды. Оларға қоректік орта даярлағанда азотты қоспаса да болады.


Көміртегі мен азоттан басқа микроорганизмдер қоректік ортада өсуді қолданушы, яғни дәрумен, пуриндер,пиримидиндерді талап етеді. Олардың ішінде прототрофтар өсуді қолданушы заттарды қажет етпесе ауксотрофтар оларсыз тіршілік ете алмайды. Дәрумендерді залалсыздандырылған күйінде қоректік ортаны даярлау кезінде қосады. Бұл үшін олардан алдын-ала ерітінділер даярлайды.

Осымен қатар өсуді қолдаушы қоспа ретінде ашытқыш саңырауқұлақтардан дайындалған автолизатты қолдану пайдалы. Оны қоректік ортаның 100мл 0,05- тен 0,5г-ға дейін қосады. 100мл қоректік ортадағы амин азотының мөлшері 5-30 мг шамасында болады.

Пысықтауға арналған сұрақтар

1.Микроорганизмдер физиологиясы дегеніміз не?

2. Оларды қалай зерттейді?

3. Микробтар клеткасы неден тұрады?

4. Химиялық процестер қандай микроорганизмдер клеткасында жүреді?

5.Пурин, пиримидин не себептен қолданылады?
7 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Аэробты және анаэробты микроорганизмдерді өсіру әдістері.

Мақсаты: Студенттерді аэробты және анаэробты микроорганизмдерді өсіру әдістерімен таныстыру.

Қажетті құрал - жабдықтар: Петри табақшасы, колбалар, ірі қара бауыры, мақта, микроскоп, пинцет, т.б.
Қысқаша мағлұмат

Аэробты микроорганизмдерді қатты қоректік ортаның бетіндежәне сұйық орталарда өсіру. Мұндайда оларды қатты қоректік ортаның бетінде немесе жұқа қабатты сұйық ортада өсіреді. Олар өттегін қиналмай сіңіре алады. Мұндай микроб өсіп тұрған ортаның ауамен жанасу бетін ұлғайтса болады. Осындай жағдайды Петри табақшасын жасау қолайлы. Ал факультативті анаэробтар қоректік ортаның беті ғана емес сұйық ортаның төменгі қабаттарында да тіршілік ете береді. Осыған орай микроорганизмдерді беттік әдіспен өсіру лабораторияларда және өнеркәсіптік жағдайда қолданылады.

Сұйық ортада микроорганизмдерді өсіруде де қоректік ортаның оттегімен жанасу ауданының үлкен болғаны қолайлы. Бұндай жағдайда микроорганизмдер сұйықтығы еріген оттегін пайдаланады. Сондықтан аэробты микроорганизмдерді өне-бойы шайқалып тұратын қондырғыларға қойып өсіреді. Мұнда микроб өсіп тұрған колбаларды неғұрлым шапшаңырақ шайқаса солғұрлым орта оттегіне байый түседі. Өнеркәсіп жағдайына микроорганизмдерді былғауышы бар арнаулы аспап ферментерлерде өсіреді. Қолайлы температурада аэробты бөлме жағдайында да өсіреді.

Анаэроб микроорганизмдерді өсіру.Бұл топтағы микроорганизмдерді өсіру аэробтарға қарағанда күрделі келеді. Ол үшін төмендегідей арнаулы қоректік орталарды қолданады.

Ет- пептонды бауыр сорпасы (ЕПБС) немесе Китт- Тароцци ортасы.Бұл ортаны дайындау үшін ірі қараның 20-30 г бауырын тілімдеп кеседі, 20-30 мл түтік суына салып, 1200С- та 40 минуттай уақыт залалсыздандырады. Бауыр сорпасын мақта арқылы сүзеді де оны көлемінен үш есе көп ет сорпасымен сұйылтады. Осы қоспаның бір литріне 2,5 г ас тұзын қосып, қышқылдығын (рН) 7,6-7,8-ге жеткізеді. Бауырды тағы да алып сыртындағы жарғағынан тазартып, кішкене- кішкене етіп тілімдеп әр пробиркаға салып үстіне дайындалған сорпаны құяды. Орта бетіне вазелин майын құйып 30-40 минут 1200С- та автоклавта залалсыздандырады.