Файл: Лекция жне зертханалы сабатарды, СЖ таырыптарыны атаулары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 213

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Грам әдістемен бояу. Бұл әдісті 1888 ж. Дания ғылымы Грам ұсынған болатын. Осы әдіспен боялу және боялмауына байланысты микробтарды Грам оң, Грамтеріс деп үлкен екі топқа бөледі. Бұл әдістің мәнісі мынада: трифенилметан қатарындағы бояулар, мысалы геницианвиолет, метилвиолет, кристаллвиолет протоплазмадағы рибонуклеин қышқылы магний тұзы бар жерде иодпен қосылғанда спиртте бактериялар артынан спиртпен өңдегенде бояу кетпей, көкшіл-күлгін түске боялған күйі қалып қояды. Бұл Грам оң бактериялар. Бұған көптеген шар тәрізді бактериялар, таяқша тәрізді бактериялардың біраз түрі, мәселен Вас. Subtilis, Cl. Pasteurianum т.б. жатады.

Кейбір бактериялар клеткасында мукополисахарид және фолифосфат нуклеотид қосылыстары өте аз болады және оларды липопротеидтен тұратын екі қабат қоршап жатады да, генецианвиолет және иод оған өте жәй енеді және онымен мықты байланыс түзе алмайды. Препаратты жуған кезде ол спиртте тез еріп, клеткадан – шайлып кетеді. Бактериялар түссізденіп қалады. Оларды басқа бояумен бояса, сол түске бояла береді. Бұндай бактерияларды (Escherichia Coli, Proteus Vulgaris, Pseudomonas және т.б.) Грамтеріс деп ажыратады.

Бояу тәртібі. Фиксацияланған жұғындының бетін сүзгіш қағаз тілімен жабады да оның үстіне геницианвиолет ерітіндісін құйып, 1-2 минут ұстайды. Содан соң препаратты сумен жуып, үстіне Люголь ерітіндісін құяды да 2 минуттай ұстайды. Осыдан кейін препаратты сумен жуып, 960 спиртке 0,-1 минуттай батырып қояды. Препаратты тағы да жуып, фуксинмен 1-2 минуттай бояды. Бояуды төгіп препаратты тағы да жуады, сүзгіш қағазбен кептіреді, иммерсиялы жүйені қолдана отырып микроскоппен қарайды. Грам әдісімен боялған бактериялар қара күлгін түсті, ал боялмағандары қызыл түсті болады. Грам әдісімен боялғанына анық сену үшін жаңадан дайындалған микроб культураларын алған жөн.


Бақылау сұрақтары:

1. Чапек ортасының құрамын айтыңыз.

2. Дифференциалды-диагностикалық орталар қандай жағдайда пайдаланылады?

3. Табиғи ортаға қандай заттар кіреді?

4. Арнаулы қоректік орталарға қандай қоректік ортаның түрлері кіреді?

5. Агар-агар қандай зат?

6. Грам оң және грам теріс деп неліктен бөлеміз?

7. Микроорганизмдерді бояуда қандай ерітінділерді көп пайдаланамыз?

8. Фиксациалауды қалай жүргізесіз?

9. Бактериялар спорасын қандай әдіспен бояйды?

10. Микроорганизмдерден препараттарды дайындаудың қандай түрлері бар?
3 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Микроорганизмдер клеткаларын санау әдістері.

Сабақтың мақсаты: Микроорганизмдердің санын анықтау әдісімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Микраскоп, штатив, фильтр қағазы, жарық беруші, штатив, жабын әйнектер, милиметр қағазы, микропипетка, мителен көгі, бактерия суспензиясы, 96% спирт, Дригальский шпателі.

Тапсырманың орындалу барысы.

1.1 мл бактерия суспензиясында бактерия клеткасынның санын анықтау.

2. Микроорганизмдерді санау әдісімен танысу.
Микроорганизмдердің субстраттардағы санын анықтау үшін бірнеше әдістер қолданылады.Оларға: микроскоп арқылы тікелей санау, боялған фиксацияланған екпелерге санау, мембранды фильтрлерде, Кох әдісі арқылы немесе тығыз бетте санау және сұйық қоректік ортада санау әдістері. Тығыз және сұйық қоректік ортада санау үшін тіршілікке бейім микроорганизмдер саналады. Микроскоп арқылы тікелей санау оларды толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде бірақ, өлі клеткаларда саналып кетеді.Сондықтан олар дәл көрсеткіш бермейді.

Тығыз қоректік ортада санау. (Кох әдісі.) Бұл әдістің ерекшелігі өсіп тұрған колонияларды санайды. Бұл жерде әр колония бір клетканың бөлінуінің нәтижесі. Егу әдісі 3 кезеңнен тұрады:

1. Ерітіндіні дайындау.

  1. Петри табақшасына тығыз қоректік ортаға егу.

  2. Өскен колонияларды санау.

Мына формула бойынша 1мл – дегі клеткалар санының орташа мөлшерін анықтайды.

М = а .10n | v

М- 1мл микроорганизмдер саны.

а- Петри табақшасындағы микроорганизмдер колониясының орташа саны.

n- егу саны.

v- егуге алған суспензия мөлшері.

Бақылау сұрақтары:



1.Виноградский – Бридо санау әдісі қандай?

2.Кох әдісінің артықшылығы неде?

3.Элективті культура дегеніміз не?

4.Колония дегеніміз не?

5. Микроскоп арқылы санауды қалай жүргізеді?
4 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Бактериялардың морфологиясы және клеткаларының құрылысын зерттеу

Сабақтың мақсаты: Бактерия клеткаларының морфологиясы мен олардың құрылысының ерекшелігімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Микроскоп, жабын әйнектер, бактериялогиялық ілмекше, спиртовка, микроорганизмдер культурасы, бояғыш заттар, метилен көгі, сулы фуксин, фильтр қағаздары.

Тапсырманың орындалу барысы.

Сурет бойынша бактерия клеткаларының формаларын анықтау.






Мына кестені толтыру.


Культураның атауы.

Препараттың атауы.

Объектив

Сурет

Ескертпе
















Өздерінің сыртқы түріне, тіршілік ету жағдайларына қарай микроорганизмдерді мынадай топтарға бөледі: бактриялар, микроскоптық саңырауқұлақтар,актиномицеттер,балдырлар,қарапайымдар және ультрамикробтар.Әр топтағы микроорганизмдер өздерінің белгілі бір қасиеттері мен атқаратын қызметіне қарай өз алдына бұдан да кішірек тармақтарға бөлінеді.

Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тәріз- ділер – коккалар, таяқша тәрізділер – бактериялар,бацилдар және спираль тә- різділер – вибриондар, спириллалар. Шар тәрізді бактериялардың жеке-жеке түрлері коккалар делінсе,екі – екіден қосақталған түрлері – диплококкалар,өз- ара тіркескен, моншақ тәрізделгендері – стрептококкалар, төрт – төрттен тір- кескендері – тетракоккалар,
сегіз – сегізден текшеленгендері – сарциналар делінеді.Ал олардың стафилакоккалар деп аталатын бір тобындағы шар тәр- ізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды.

Бактериялардың спираль тәрізділері екі тармаққа бөлінеді,олардың бірі вибриондар- үтір тәріздес, екіншісі – спириллалар – бұйралана орналасқан таяқша бактериялар. Соңғы топқа ауру қоздырғыш спирохета бактериялары жатады. Олар бактерия мен қарапайымдар аралығында орналасады.

Көптеген шар тәрізді бактериялар клеткаларының диаметрі 1-2микронға тең (микрон – миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Жұмыр клеткалары бактер- иялардың ұзындығы 1-4 микронға ені 0,5-1 микронға дейін барады. Сондық- тан дасудың бір тамшысында бірнеше жүздеген миллион микробтар кездесе- ді. Кейбір бактериялар мөлшері едәуір болады дедік.

Бактерия клеткаларының құрылысы. Құрылысы жағынан алғанда бак- терия клеткалары өте қарапайым. Ол сыртқы абықшадан әр түрлі заттары бар цитоплазмадан, вакуолядан және ядродан құралады.Клетканың қабықша- сы шырышты затқа толы болады.

Ядро.Бактерия клеталарында ядроның болуы жөнінде толып жатқан пікір- лер бар. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро заттары (хроматин) цитоп- лазмада ұсақ дәндер күйінде шашырап жатады.

Ядроның химиялық құрамы өте күрделі. Оның басты бөлігі – дезоксин укле- опротеидтер. Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады.

Микроорганизмдер – көбінесе бір клеткалы,өте ұсақ,жай көзге көрінбейтін тірі организмдер.

Спора және оның түзілу процесі.

Бактериялардың кейбір түрлері сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына аса төзімді келетін спора түзеді Спора – бактерия клеткаларында орналасқан дөңгелек, кейде сопақша келетін жарқырауық түйір.

Бактериялардың қозғалуы. Қозғалу қабілеті негі- зінен бактериялар әлеміне тән құбылыс емес. Бұлардың кейбір өкілдері ғана өздігінен қозғалуға бейім келеді. Бактериялар протоплазмалық талшықтары арқылы қозғалады.

Бактерия клеткаларындағы талшықтардың саны түрліше болып келеді. Егер бактерияның бір ғана талшығы болса оны монотрихты, бірнеше талшығы болса – лофотрихты, талшық бактерия клеткасын түгел жауып жатса – перитрихты талшықтану деп атайды.


Бақылау сұрақтары:

1.Бактериялар қалай көбейеді?

2.Бактериялар қандай систематикалық топқа жатады?

3.Бактериялардың басқа микроағзалардан еркшелігі қандай?

4.Микробтар спораны қалай түзеді?

5.Вибриондардың құрылысы қандай?
5 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Микроскопиялық саңырауқұлақтар мен қарапайымдылар клеткасының құрылысын зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Микроскопиялық саңырауқұлақтардың және қарапайымдардың клеткаларының құрылысының ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Микроскоп, жабын әйнектер, бактериялогиялық ілмекше, спиртовка, микроорганизмдер культурасы, бояғыш заттар, метилен көгі, сулы фуксин, фильтр қағаздары.

Тапсырманың орындалу барысы:

1.Актиномицеттердің клеткаларының құрылысымен танысу.

2.Қарапайымдылардың клеткаларының құрылысының ерекшелігімен танысу.

3.Төмендегі суретті пайдаланып актиномицеттердің түрлерін анықтап, кестені толтырыңыз.

Туысы

Мицелий

Спора түзуші гифалары

Спора типтері

Спораның орналасуы

Mucor

Тармақталмаған

Тармақталмаған спорангий

Эндоспора

Спорангияда орналасады

Asperilus

Тармақталған

Тармақталмаған конидий

Экзоспора

Бұйра бас түзе отырып конидиялардың соңында орналасады.

Penicillium

Тармақталған

Тармақталған конидий

Экзоспора

Таяқша түзе отырып конидиялардың соңында орналасады.





уысы

Мицелий

Спора түзуші гифаларының болуы

Спора түрлері

Спораның орналасуы

Микроорганизмдердің ішіндегі ең үлкен тобы саңырауқұлақтар. Олардың клеткасында хлорофилі болмайды.Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, дайын органикалық заттармен қоректенеді, хемоорганотрофтар, аэробты организмдер. Оларды Мусоtа деп аталатын ерекше тірі организмдер тобына жатқызады. Бұған нағыз саңырауқұлақтар (Eymycota) және шырыштылар немесе миксомицеттер (Myxomcota) жатады. Қоректік заттар бетіне колония түзіп орналасады. Бактериялардан айырмашылығы олардың құрылысы күрделілеу және көбею тәсілі жетілген.