Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 445

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ортаңғы ми. Артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан.Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады.Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді.Теріде пигменттің түзілуін реттейді.Кенеттен шықан дыбыс,жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.

Аралық ми. Ортаңғы мидың алдыңғы жағына жатады.Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан тұрады.Аралық мида да да бір ми қарыншасы бар.Көру, дәм сезу,есту және т.б. Рецепторлардан келетін қозу аралқ миарқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.Зат алмасу, жүрек қан-тамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, уйқы жұмысын реттейді.Ағзаның ішкі ортасы,дене температурасы, тынысалу,қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.

Тапсырма №1. Суретті салыңыз.


Тапсырма №3. Ми бөлімдерінің суретін салыңыз.



Бақылау сұрақтары:

1. Ми құрылысы?

2. Сопақша мидың атқаратын қызметтері?

3. Артқы мидың атқаратын қызметтері?

4.Мишықтың атқаратын қызметтері?

5. Ортаңғы мидың атқаратын қызметтері?

6. Аралық мидың атқаратын қызметтері?

Практикалық сабақ №5
Тақырыбы: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері.
Тәжірибе № 1
Жас ерекшеліктеріндегі көру қабілетінің бейімделуі
Мақсаты: өмір бойғы көздің өзгеруінің бейімделуімен танысу.

Зерттеуші объект: адам

Материалды және құрал-жабдықтар: тесігі бар ширма, түйреуіш, штативке бекітілген сызғыш.

Жұмыс жұппен жүргізіледі.
Жұмыс барысы: Көрудің анық жақын нүктесін табу үшін, бір көзіңізді жұмыңыз, келесінің алдына 2 тесігі бар ширманы орналастырыңыз, олардың арақашықтығы көз қашықтығынан 1 диаметр кіші болуы керек. Сынақтан өтіп жатқан адамға осы көзіне түйреуішті бекітіп, оны біртіндеп экранға жақындатыңыз. Көзден белгілі бір қашықтықта бейнеайырылыса бастайды. Осы қашықтықты анық жақын көру нүктесі ретінде белгілеңіз.

Алысты көрмейтіндерге анық алыс нүктені табуға болады: түйреуіш керісінше біртіндеп көзден жоғала бастайды. Бұл арақашықтықты алдағы бейненің үлкеюін түйреуіш айырыла бастайды. Бұл арақашықтықтың алыстағы анық көру нүктесінің орнын анықтайды.

Есептеу формасы

Көздегі мәліметтерді қолданып, алынған нәтижені салыстыр. Шешімін шығарыңыз.


Күштің жас аралық өзгерістерінің бекіту қашықтығы анық көрінетін ең жақын нүктеге дейін.

Кесте 1.

Жас ерекшеліктер өзгерісіне байланысты

көрудің жақын нүктесіндегі диапазон күшін бақылау


Адамның жасы

Көздің анық көру қашықтығы, см




















Москвадағы Гельмгольц атындағы ҒЗИ-да миопияның профилактикасымен айналысады және де оның прогресіне физикалық жаттығулар және медикаментоздық құралдар көздің бекіту аппаратына әсер етеді.

Бұл жаттығулар цилиарлық бұлшықеттің функцияларының арттыруына көзделген. Сондықтанда жаттығулардың әсерлі болуының критерийі көздің өткірлігін жақсарту үшін емес, көздің бекіту қабілетін арттыру үшін қызмет жасау керек.

Цилиарлық бұлшықет- жақын арадағыны көріп, есте сақтау үшін өте белсенді жұмыс жасайтын көздің ішіндегі жалғыз бұлшықет. Бұндай жаттығулар қанайналымды жақсартады, сондықтанда қызметтері өте көп.

1 жаттығу. Отырып: көзімізді 1-2-3-4-с жұмамыз. 5-с ашамыз. 8-10 рет қайталаймыз.

2 жаттығу. Отырып: тез көзді 1-2 мин ашып жұмамыз.

3 жаттығу. Тұрып: тіке 1-2 мин қарап тұрамыз. Сұқ саусақты ортаңғы сызықпен 25-30 смс түзу жүргізіп, 5 с қарап тұрамыз. Қолымызды жібереміз. 10-12 рет қайталаймыз.

4 жаттығу. Тұрып: сұқ саусаққа қарап, қос көрінгенге дейін жаймендеп жақындата береміз.

5 жаттығу. Отырып: жабық көзіңізді қабақтың бойымен 1 мин уқалаймыз.

6 жаттығу. Тұрып: оң қолыңздың сұқ саусағын 25-30 см арақашықтықта 3-5 с қарап тұрамыз. Көзімізді ашып екі көзіңізбен саусаққа 3-5 с қарап тұрамыз. 5-6 рет қайталаймыз.

7 жаттығу. Тұрып: қолымызды басқа жақа алып және иәлген қолымыздың саусағын жаймендеп оң жақа жылжытып және саусақты бақылаңыз. 10-12 рет қайталаймыз.

8 жаттығу. Отырып: үш саусақпен әр қолымызды жоғары қабақты басамыз,1-2 с кейін саусағымызды қабағымыздан түсіреміз. 10-12 рет қайталаймыз.

9 жаттығу. Терезе әйнегіне көзге шеңбер деңгейінде диаметрі 8 мм қызыл түсті шеңбер жабыстырыңыз. Шеңберден арақашықтығы 30-35 см тұрып, ойша сол сызық бойынша жоғары көру үстінде шеңберге қандайда бір пәнге , алыс арақашықтықта тұрған: үй, тал.сол шеіберді кері айналдырып керісінше қайта аударыңыз. Бұл жаттығу бекіту бұлшықетін жатықттырады. Сіз алысқа қарадыңыз- ол босаңсиды, шеңберге қарай күшейеді. 10-15 рет қайталаңыз.



10 жаттығу. Көзге түймені немесе басқа бір затты алам айыра алмайынша жақындатыңыз. Сосын ол зат кері шегініп көзге қайта жақындайды. 10-15 рет қайталаңыз.

Бұл жаттығуды азанда кешке орындап тұру керек. 1 айлық жаттығудан кейін жарты ай демалыс керек. Содан кейін екі айлық курсты арасына үзіліс жазап жалғастыруға болады.

Э.С.Аветисов профессор, офтальмолог, РСФСР-дың және Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Аветисовтың көзге арналған жаттығуы

  1. Көзімізді қатты 3-5 с жұмамыз, содан кейін ашамыз. 6-8 рет қайталаймыз.

  2. Тез 15 с ішінде көзімізді ашамыз. 3-4 рет қайталаймыз.

  3. Көзімізді жұмып, саусақпен қабағымызды шеңбер бойында уқалаймыз.

  4. Көзді шеңбер қозғалысымен,содан кейін басқа бағытта уқалаймыз. 4-6 рет қайталаймыз.

Аветисовтың цилиарлық бұлшықет жаттықтыруы

Терезе алдында 30-35 см арақышықтықта тұрыңыз. Көздің деңгейіне қарай әйнекке мөлшері 5-8 см кішкентай дөңгелекті бекіту керек. Сол бір линияда бір объект көрінеді. Кезек бойынша сол объектіге және меткіге қарау керек.Жаттығуды 25-30 күн ішінде 2 реттен қайталап, 15 күн үзіліс болуы керек.

Жаттығу басталады:

2 күн 30 мин

2 күн 5 мин

Қалған күндері 7 мин

2 Тәжірибе

Есту өткірлігі
Мақсаты: сөз арқылы есту өткірлігін анықтау

Зерттеуші объект: адам

Материалдар мен құрал-жабдықтар: метрлік желі немесе рулетка, мақта тампоны және қабаттардың тізімін дайындау.

Жұмыс топ болып жүргізіледі.
Есту сезімталдығы жай сыбыр жүзінде жүзеге асырылады. Екі топқа бөлінеді: Бірінші топтағы сөздер дауыстылар у, о, және дауссыздар м,н,в,р. Мысалы: қарға, есік, теңіз,нөмір т.б. Екінші топтағы сөздер- дауыстылар а, и, э және ызылдаған, еселенген дауыссыздар. Мысалы: сағат, қырыққабат сорпасы, қоян, жүн т.б.
Жұмыс барысы: Эксперимент жасаушы бір құлағын мақта тампонымен жауып қояды. Одан кейін зерттеуші шамалы арақашықтықта 1-інші және 2-інші группадағы сөздерді қайталайды, біртіндеп алшақтайды. Зерттеушінің тұрған арақашықтығы яғни, сынақшы 50 % одан көп дұрыс емес сөздерді айта бастайды. Сынақшы мен зерттеуші арасындағы арақышықтық созылып жалғасады. (өте қажет кезінде зерттеуші артқа бұрылуы мүмкін, арақышықтық екі еселенеді). Нүкте сол сынақшыдан алыстайды. Ол ешқандай сөз ести алмайды. Ол арақашықтық қатып қалады. Мақта тампонын ауыстыра отырып, әр құлағына бірнеше рет қайталайды.

Нәтиже бағасы

  1. 1-інші топтағы сөздер арақашықтығы 5 см ажырайды (Жиілігі төмен)

  2. 2-інші топтағы сөздер 20 м арақашықтықта ажырайды. (жиілігі жоғары)



Есептеу барысы
Осы нәтижелерге қарап салыстырыңыз неге 1-інші топтағы сөздерді адамдар өте аз қашықтықта сезінеді.
Практикалық сабақ №6

Тақырыбы: Жасөспірімдер эндокринологиясы

Сабақтың мақсаты: Организмдегі барлық бездерді танып білу

Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық (лат. секреция — сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет-без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей )шемесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек. экзо - сыртқы, сыртқа гея-тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал і ш к і секрециялық немесе эндокриндік (грек. эндон - ішкі + крино –бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады: Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды.

1 тапсырма:

Адам жасы:

Гипофиз салмағы:

Жаңа туған нәресте




10 жасқа дейін




Жасөспірім




Ересек жас





2 тапсырма: Эпифиз, гипофиз, қалқанша без және қалқанша маңы безінің аурулары мен олардың белгілері

Без аурулары:

Белгілері:







































Практикалық сабақ №7

Тақырыбы: Ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс безі

Сабақтың мақсаты: Ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс безімен танысу, олардың ауруларын білу;

Түсіндірме:
Ұйқы безі — аралас секрециялық без, яғни ішкі және сыртқы секреция безіне де жатады. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады.

Бүйрек үсті бездері - бұл іштің жоғарғы бөлігіндегі бүйректің үстінде орналасқан ұсақ бездер. Олар организмде бірнеше гормон түзеді және шығарады.

Бүйрек үсті бездері екі бөлімнен тұрады: қыртыс және медулла. Кортекс - бұл бездің сыртқы бөлігі. Ол кортизол және альдостерон гормондарын шығарады. Медулла - бұл бездің ішкі бөлігі. Ол адреналин және норадреналин гормондарын шығарады.

Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмніңпісіп-жетілуін реттейді.
1 тапсырма: Ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс безінің аурулары мен олардың белгілері (кемі 5 без ауруы жазылады)

Без аурулары:

Белгілері: