Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 446
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім алушының практикалық сабақтағы жұмысын бағалау критерийлері:
№ | Бағалау критерийлері | Балл (max) | апталар | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |||
1 | Платонус, ZOOM т.с.с платформаларында сабаққа қатысу | 20 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + |
2 | Белсенділік | 10 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + |
3 | Конспект | 10 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + |
4 | Тапсырмалар орындау | 60 | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + |
| Барлығы | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Білім алушының БОӨЖ бағалау критерийлері :
№ | Бағалау критерийлері | Балл (max) | апталар | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |||
1 | Платонус, ZOOM т.с.с платформаларында сабаққа қатысуы | 20 | + | + | + | + | + | | | | | | | | | | |
2 | Сабақтағы белсенділік | 30 | + | + | + | + | + | | | | | | | | | | |
3 | Жеке таныстырылымы | 50 | + | + | + | + | + | | | | | | | | | | |
| Барлығы | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | | | | | | | | | | |
Білім алушының БӨЖ бағалау критерийлері:
№ | Бағалау критерийлері | Балл (max) | апталар | Барлығы | ||||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | | |||
1 | Глоссарий | 25 | + | | | + | | | | + | | | | | | + | | 100 |
2 | Топтық жоба қорғау | 100 | | | | | | | | | | | | 100 | | | | 100 |
VI. ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
1. Жұмыстардың барлық түрлерін көрсетілген мерзімде орындап, қорғау қажет. Кезекті тапсырманы орындамаған немесе одан 50% баллдан кем алған білім алушылар көрсетілген тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта тапсыра алады.
2. Жұмыстардың барлық түрлерін орындамаған білім алушылар емтиханға жіберілмейді.
3. Білім алушылар Қорқыт Ата атындағы ҚУ Академиялық адалдық кодексін орындауға міндетті. Толерантты, өзгелердің пікірімен санасатын болуы тиіс. Наразалығын әдепті түрде жеткізуі керек. Плагиат және басқа теріс жұмыс түрлеріне жол берілмейді. Аралық бақылаулар және қорытынды емтихан өткізу кезінде сыбырлап айтып жіберуге, көшіріп жазуға және шпаргалкалар пайдалануға, басқа біреулер шығарған есептерді көшіріп алуға, басқа біреудің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Курстың кез келген ақпаратын бұрмалаудан, интернетке рұқсатсыз кіруден, шпаргалкаларды пайдаланудан әшкереленген білім алушы «F» қорытынды бағасын алады.
4. Өзіндік жұмыстарды орындау (БӨЖ), оларды тапсырып, қорғау жөнінде кеңестер алу, сондай-ақ өтілген материалдар бойынша қосымша ақпараттар алу және оқитын курс бойынша туындаған барлық басқа сұрақтар бойынша білім алушылар оқытушыға оның офис-сағаттары кезінде жүгінуге құқылы.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Лекция №1
Тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе
Жоспары:
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің ерекшеліктері, міндеттері -
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы -
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің зерттеу әдістері
Лекция мақсаты: «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәніне қысқаша шолу.
Лекция мәтіні:
1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастыратын гигиена ғылымдары.Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні -жоғары оқу орындарында жеке оқылатын пән, мұның оқытатыны балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; олардың жеке дамуының, қалыптасу зандылықтары және тәрбие жұмысының әсерінен пайда болатын физиологиялық функциялардың ерекшеліктері. Бұл пән:
-
балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктері; -
олардың жеке дамуы мен қалыптасуының зандылықтары; -
оқушылардың жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтары және оның оқушылардың жасына байланысты ерекшеліктерін; -
физиологиялық функциялардың ерекшеліктерін тәрбие жұмыстарында пайдалану жолдарын оқытады.
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ мұғалімдерге психология мен педагогика пәндерінің негізін дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитариялық салауаттық мәселелерін қамтиды.
Пәннің негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
1. Болашақ мұғалімдерге балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері туралы білім беру.
2. Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандылықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
-
Өсу мен дамуды реттеудегі жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйенің ролін ашу -
Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру. -
Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция) сияқты функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру. -
Балалар мен жасөспірімдер организмінің жас ерекшеліктері туралы білімді оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда іс жүзінде пайдалана білу
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы - еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүдесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.
2. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні анатомия мен физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен саласы. Адам организмінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері ауру адамдарды емдеуге байланысты алынған. Ал ауру балаларды дұрыс емдеу үшін оның организмінің қалыпты құрылысы мен қызметін білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды қажет етеді. Осылайша, оқушылардың физиологиялық дамуы пәні ең алдымен физиология ғылымымен байланысты. Физиологияорганизмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері мен жасушаларының қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология (яғни қоршаған орта), сыртқы және ішкі жағдай
ларға байланысты өтіп жататын организмдегі құбылыстарды бақылайды. Физиология ғылымы организмнің жеке мүшелерін белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың қызметтерінің бір-бірімен қарым-қатынастарын сол тұрғыдан қарастырады.
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні балалар мен жас өспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлық тірі организмдердің құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады.
Оқушы организмі мүшелерінің, ұлпаларының, жеке клеткаларының құрылысын білмей, олардың қызметін білу мүмкін емес, сондықтан бұл гистология мен цитологияның ғылыми жетістіктерін кеңінен пайдаланады.
Оқушылардың фииологиялық дамуы пәні жалпы гигиена (гигея - емдеуші, денсаулық әкелуші) ғылымымен тікелей байланысады. Гигиена адам денсаулығына қажетті сыртқы ортаның (экологиялық) жағдайларын және аурудың алдын алуға бағытталған шараларды зерттейтін ғылым. Адам денсаулығы, оның ішінде оқушы денсаулығы табиғи және әлеуметтік-экономикалық әсерлерге байланысты қалыптасады, сондықтан гигиена ғылымы оған қажетті түрлі сауықтандыру жұмыстарын ұйымдастырып, оларды жүзеге асырып, бақылайды.
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні педагогика ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің зандарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Қорыта айтқанда бұл пән адам анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигиена мен медициналық гигиена, биохимия, биофизика, гистология, цитология, генетика, психология, педагогика, т. б. ғылымдарының табыстарына сүйенеді.
3.Оқушылардың физиологиялық дамуын зерттеу әдістері.
Басқа ғылымдар сияқты оқушылардың физиологиялық дамуы пәні жоғарыда атап өткен, һзі байланысатын барлық ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т. б.