Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі ОРыт ата атындаЫ ызылорда университеті жаратылыстану институты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 450
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Шаш пен тері эпидермофитиясы. Терінің қыртыс қабаты- эпидермистің паразиттермен ауру эпидермофития деп аталады. Бір микробтар (грибок) теріні, екінші-берулері-терімен тырнақты және шашты зақымдайды. Көбнесе эпидермофития аяқ башпайларының арасын зақымдайды, бұндай кезде олар тершең болады және қатты қышытады.
Терінің қышыған жерлері – инфекция түсетін қақпа, ал сұйыққа толы көпіршікткер қоздырғыштрдың «резервуарлары». Ауру кейде экземаға асқынады. Эпидермофития дәрігердің қадағалауы ұзақ емдеуі қажет етеді.
Аурудың алдын алу шаралары: бұл ең әуелі тері гегенасы ережесін сақтау. Аяқты жуған соң башпай араларын мұқият құрғатып сүрту, ал инфекция бар деген күмәнді жағдайда йод немесе одеклон жағу керек. Монша, душ, жүзу бассейіндерін санитарлық жай-күіне бақылауды күшейту эпидермофитияның таралуына жол бермеу шараларының бірі болып табылады.
Көрсетілген шаралар сирек те болса кездесетін таз, теміретке, паршо, микроспория секілді тері ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.
Бақылау сұрақтары:
1) Терінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
2) Терлеу және оның сыртқа шығару қызметінің маңызы қандай?
3) Шаш күтімі қалай жасалады?
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ ПӘНІ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Практикалық сабақ №1
Тақырыбы: Жеке бастың гигиенасы.
Жеке адам гигиенасы қоғам гигиенасының бір бөлігі болып саналады. Гигиенаның, медицинаның қол жеткен жетістігі әр адам жеке бас гигиенасын сақтамай, өзінің денсаулығына немқұрайды қараса, оның денсаулығының оңалуына көмектесе алмайды. Жеке бас гигиенасы түсінігіне мыналар кіреді: күн тәртібі, тамақтану, терінің күтімі, ауыз қуысының күтімі, дұрыс киіну, дене тәрбиесі, үйдің санитарлық жағдайы, тұрмыстық аспаптарды қолдану (теледидар, шаңсорғыш, газ плитасы) және тұрмыстық химия тауарларын қолдану, тұрмыста, еңбек кезіндегі, дем алу және ұйқы кезіндегі жеке бас гигиенасы мәселелері. Адамның терісі ағзада газ және жылу алмасу қызметін атқарады. Зат алмасудың соңғы қалдықтарын, су буларын, тер, май және бактерицидті заттарды ағзадан шығарады. Терінің беткі қабатында ультракүлгін сәулелердің әсерінен «Д» витаминінің синтезі жүреді. Адамның терісі ағзаны метеорологиялық, механикалық, химиялық факторлардың әсерінен және микроорганизмдерден қорғайды. Терінің тазалығы мен шынығу деңгейі жоғарыда айтылған қызметтің бәрін жақсы атқаруда маңызды орын алады.Егер адамның терісі нашар бапталса, ол жерде микроорганизмдердің әсерінен органикалық заттар ыдырап, иісі жаман, ұшқыш қосылыстар пайда болады.
Организмнің жалпы жағдайы, денсаулық пен өмір ұзақтығы жеке бас гигиена ережелерін сақтауға байланысты болады.
Дене гигиенасының негізгі ережелері.
Тері, асқазан-ішек және гельминтті кеселдерді болдырмау мақсатында қарапайым және белгілі ережелерді сақтау қажет. Әрбір адамның күніне екі рет душ немесе ванна қабылдап, ішкі киімін ауыстыру керек.
Әжетханға барғаннан кейін, қоғамдық көлікпен жүргеннен соң, жануарлармен контакттан кейін қолды міндетті түрде сабындап жуу қажет.
Әрбір адамның жеке қолдануында (өз ұстарасы, тіс щеткасы, сүлгісі, кір ысқышы) және іш киімі (дамбалы, шұлығы, мәйкесі және с.с.) болуы тиіс.
Аяқты таза, жылы және құрғақта ұстау маңызды. Бұл суық тию мен зеңдік кеселдерден сақтайды.
Оңтайлы күн режімі.
Ұйықтау мен ас ішу режімін реттеген жөн. Бұл организмді бейберекет өмір салты тигізетін стресстен арылуға және жүрек-қан жүйесі кеселдері бұзылыстарының дамуынан бойды алыс ұстауға көмектеседі.
Ұйқы гигиенасы.
Ұйықтауға арналған төсек орынның ыңғайлы және таза болуы, аса жұмсақ немесе аса қатты болмауы керек. Ұйықтар алдында таза ауада серуендеу, терезені немесе терезе желдеткішін ашық етіп ұйықтау пайдалы.
Тағамдану гигиенасы.
Барлық жемістер мен көкөністер ағын суда мұқият жуылуы тиіс. Ет тағамдарының ыстық өңдеуден өтуі қажет.
Жыныстық гигиена.
Жыныс мүшелерін таза ұстауға баланы ерте жасынан үйреткен жөн. Жыныс мүшелерін күніне екі рет сабындап жуу және іш киімді күнделікті ауыстыру пайдалы. Кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды алыс ұстау венерикалық кеселдердің жұғуынан сақтандырады.
“Жан гигиенасы” немесе психологиялық гигиена.
Мүмкіндігінше артық стресстен қашқан немесе стресстік жағдайларға өз көзқарасыңды өзгерткен дұрыс. Өмірде стрессті толықтай болдырмау мүмкін емес. Босаңсу (релаксация) тәсілдерін игеру көптеген кеселдерді болдырмауға, тән мен жан үйлесімділігіне қол жетуге мүмкіндік береді.
Тапсырма 1. Төменде берілген кестені толтырыңдар
№ | Дене қозғалысының түрлері | Күнделікті | Анда - санда | Мүлде жасамаймын |
1 | Таңертеңгі ұйқыдан 7:00 тұрамын | | | |
2 | Таңертеңгі дене қозғалысы | | | |
3 | Таңертеңгі пайдалы ас ішу | | | |
4 | Оқу орнына келу | | | |
5 | Сабаққа деген белсенділік | | | |
6 | Сабақтан тыс іс-шаралар (секция, бокс, күрес) | | | |
7 | Денені шынықтыру | | | |
8 | Үйдегі дене еңбегінің орындалуы | | | |
9 | 22:00-де ұйықтау | | | |
Тапсырма 2. Бір күнгі таңертеңгі ұйқыдан тұрғаннан бастап кешке ұйқыға жатқанға дейінгі іс-әрекеттеріңнің тәуліктік жүйесін жазыңдар
Тапсырма 3. Бір күнгі ішкен тамақтың қанша ккал екенін анықтап, дәптерге жазыңдар
Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Жасөспірімдердің өсуі мен дамуы
Тірек-қимыл аппаратында немесе қозғалу аппаратында сүйектер, олардың қозғалуы және бұлшықеттер біріктіріледі. Қимыл аппараты тірек қызметін, қозғалу қызметін атқарады.
Тірек-қимыл аппараты белсенді және белсенді емес болып бөлінеді. Белсенді емес бөлікке органның бөліктері және сүйек тұтқаларының қозғалғыштығы тәуелді болатын сүйектер және олардың қосылуы жатады. Белсенді бөлікке қаңқа сүйектерінің қозғалуы үшін жиырылып қысқаратын бұлшықеттер жатады.
Тірек-қимыл аппаратын физиологиялық тұрғыдан оқу маңызды деректер алумен қоса адамның физиологиялық тұрғыдан дамуы жайлы да маңызды деректер береді.Физиологиялық тұрғыдан оқу адамның денсаулық ақауларын шешуді, спорттық сабақтар, қаңқа мен бұлшықеттердің байланысы жайлы мағлұматтар толықтырылады. Адамның физикалық жағдайына баға беруде антропометриялық зерттеулердің маңызы зор.
Антропометрия-адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Оның тәсілдері:
-
Соматометриялық-дененің салмағы мен ұзындығы, кеуде клеткаларының диаметрі т.б. -
Физиометриялық-өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қол бұлшықетінің күші, күштің пайда болуы. -
Соматоскопиялық-тірек-қимыл аппаратының күйі( омыртқа,кеуде клеткасы, аяқ формасы), жыныстық даму және май дәрежесі.
Тәжірибе № 1
Физикалық дамудың үйлесімділігін антропологиялық мәліметтер арқылы анықтау(соматометриялық зерттеулер)
Мақсаты:физикалық дамуды өлшеу арқылы бағалау.
Зерттеу объектісі:адам.
Материал және құрал-жабдықтар:ростометр, медициналық таразы, сантиметрлік лента. Тәжірибе топ болып немесе жұп болып орындалады.
Жұмыс барысы: Антропометриялық өлшем күннің бірінші жартысында медициналық кабинетте сырт киімсіз және аяқ-киімсіз өткізілгені жөн.
Бой өлшемі. Ростометр арқылы өлшенеді. Өлшенетін адам ростометрдің платформасына тік өкшесімен, бөксесімен тұруы керек. Эксперимент жүргізуші бойды өлшейді. Шыққан нәтижені бекітіңіз.
Кеуде клеткасының шеңберін өлшеу.Өлшенетін адам қолын жоғары көтереді,тәжірибе жүргізуші адам сантиметрлік лентаны күректің төменгі бұрышынан өтетіндей қылып орналастырады. Лентаның алды орта кеуде нүктесінен өтіп денеге тығыз орналасады. Содан кейін өлшенетін адам қолын түсіреді.
Кеуде шеңбері 3фазада өлшенеді:Әдеттегі дем алуда(пауза), максималды ауа жұту және шығару кезінде. Кеуде клеткасына экскурсия- ол дем алу және дем шығару кезіндегі шеңбердің айырмашылықтары.Кеуде қуысының экскурсиясын анықтаңыздар. Шыққан нәтижені бекітіңіз.
Дене салмағын анықтау. Өлшем медициналық таразы арқылы орындалады. Шыққан нәтижені бекітіңіз.
Есеп беру формасы
-
Кестені толтырыңыз.
Антропометриялық көрсеткіштер
Тәжірибеші | Бойының ұзындығы, см | Кеуде тұсының өлшемі, см | Дене салмағы, кг |
1. | | | |
2. | | | |
-
Шыққан нәтижеге баға беріңіз.
Жас, сау адамдардың кеуде клеткасының экскурсиясы 6-9см.
3.Сіздің нәтижеңізді кесте бойынша тексеріңіз.
4.Сіздің физикалық дамуыңыздың дәрежесін шығарыңыз.
Берілген кестені пайдаланып, әрқайсысыңызға сай келетін «дәліз» табыңыз (жас және көрсеткіш шамасы). «Дәліз» әр түрлі жыныстық және жас шамасы топтарының мәліметін,көрсеткішін сипаттайды. «Дәліз» түсінігі көп болған сайын, сіздің орта статистикалық мәліметтеріңіз дәлірек болады.
Мысалы:
1. Сіздің жасыңыз-15жас,дене ұзындығы -160см. «Дәліз» №4(ер балдар).
2.Сіздің жасыңыз-14жас, дене салмағы-40кг. «Дәліз» №3.
Практикалық сабақ №3
Тақырыбы: Рефлекс
Мақсаты: тыныс алу орталығының қызметі негізіндеүлкен ми сыңары қыртысы мен сопақша мидың өзара әрекеттесуін көрсету.
Зерттеу объектісі: адам
Қажетті құрал-жабдықтар: болмайды
Жұмыс жеке жүргізіледі.
Түсіндірме сөз
Сопақша ми жұлынмен жалғасады. Ақ зат бетінде, ал сұр зат ядро ішінде орналасқан. Сопақша ми да өткізгіштік және рефлекстік қызмет атқ-ды. Олардың сұр затында адамның тіршілігі үшін мағызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстерге:
-
Қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу, көзді жыпылықтату) -
Қоректену (ему,сору, жұту, сөл бөлу, ас қорыту) -
Тыныс (тыныс қозғалысы)
Сондықтан сопақша ми зақымданса адам тыныс алу және жүректің тоқтауынан тез өліп кетеді
Жұмыс барысы:
Сынақшы тыныс алады (өте терең емес) және демді кешіктіреді. Аз уақыттан кейін (30-40 секундтан кейін) демді ұстап тұру қиынға соғады, содан кейін мәжбүрлі түрде дем шығарады. Енді адамның тыныс алуы қалай өзгергендігіне назар аударыңыз.
Тыныс алу қалыпқа түскен кезде, сынақшы екі-үш рет жылдам және терең дем алу керек. Бұл ретте ол мәжбүрлі түрде тыныс алу кідірісін сезінеді.
Есептеу нысаны
Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.
-
Не себептен сынақшы демді аз уақытқа ұстап тұрған кезден кейін тыныс алу терең және жиі болып кетті? -
Жасалған тәжірибелерге байланысты тыныс алу орталығының қызметі негізінде қорытынды шығарыңдар.
Практикалық сабақ №4
ТАҚЫРЫБЫ: Жүйке жүйесі
МАҚСАТЫ: Бас миы бөлімдерімен танысу
Сұрақтар:
1. Бас миы құрылысының топографиясы.
2. Бас миының бөлімдері.
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады.Салмағы шамамен 1300-1400г.Ақ зат пен сұр заттан құралған.мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады.Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған куыстар болады.Оларды ми қарыншалары дейді,себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады.Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады. Ми 5 бөліменен тұрады.
Сопақша ми. Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы.Төменгі шеті жіңішкелеу,жоғарғы шеті жуандау.Ұзындығы 2,5-3см.Бір ми қарыншасы орналасқан.Онда ему,жұту,жөтелу,түшкіру.көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы орналасқан.Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын,ас қортуды реттейтін орталықтар бар.Егер сопақша ми зақымданса тыныс алу мен жүректің тоқтауынан адам тез өліп кетеді.
Артқы ми. Мишық пен ми копірі жатады.Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша ми аралығында орналасқан.Өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен жіне мишықтың қыртысымен жалғастырады.Бет терісінен, ауыз қуысынан,тілден,есту,тепе тендікті сақтаудан келетін хабаларды қабылдайды.
Мишық. Сопақша ми мен көпірдің артқы жағына жатады.Сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады.Сол сұр заты астында ақ заты орналасады.Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады.Дене бұлщықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді.Мишық жарақатанса адамның қол аяғы тез шаршайды,қозғалысы,тепе-тендігі, сөзі бұзылады.