Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 336

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жолымен кете берер, бірақ сіз іздеуден жалықпаңыз. Егер де сіз кеңседе отырып қана әрекет етсеңіз, мекемеңіздің баяу қарқынмен өсуі кепіл. Қандай да бір клуб мүшесі болыңыз, сіздің ұсыныстарыңыз бен өнімдеріңіз, бизнесіңіз біреуді қызықтырады-ау деген жерлерге барып тұрыңыз. Көптеген зорыққан адамдар тез тамақтану мейрамханаларына барады. Бір бөтелке су алып, бір жақсы кітап алып, сонда бірер сағат отырыңыз. Адамдар өз тамақтарын алып, сіздің жаныңызға отырғанда олармен әңгімені бастаңыз.
Өз бизнесіңізді жан-жақты зерттеңіз. Ол көпқырлы гауһартасқа ұқсас. Өз бизнесіңізді гүлдендіргіңіз келсе, тез орайда үлгілі жетекшіге айналуыңыз керек.Шешімді тек өзіңіз ғана қабылдай аласыз.
Өміріңізді өзгерте алатын сезімдер

Өз өміріңізге өзгерістер енгізуге құлшындыратын 5 сезім бар.
Жиіркену.

Сіз өз өміріңізге, сәтсіздіктеріңіз бен уайымдарыңызға жиіркенішпен қараған сәтіңізден бастап, өмірді жақсартуға деген қадам ойластыра бастайсыз. Сізге уәж беретін ешкімді күту қажет емес.

Батылдық.

Келешек үш жыл уақытыңызды биікке шығуға арнаңыз. Өжет болыңыз, өзіңіздің интеллектуалдық қорларыңызды іске қосыңыз. Өзіңіздің шешіміңізді берік ете түсіңіз, жүрегіңізде ықылас отын жағып, сәтсіздік желдеріне оны өшіртіп алмауға тырысыңыз, керісінше сол оттың өршелене түсуін қадағалаңыз. Қолыңыздағы штурвалды мықты ұстап, галстуктарды уақытылы ауыстырып отырыңыз. Көп нәрсе желкендерді жинақтау мен оларды дұрыс орнатуға байланысты. Сізді алдағы күтіп тұрған нәрсеге құштарлықпен ұмтылып, содан қанаттаныңыз. Мүмкіндіктер шектеусіз. Олардың тапшылығы тек батылдықтың жетіспеушілігінен ғана болуы мүмкін.

Тілек.

Сіз өзіңіздің тілектеріңізді ескеріп, солардың арқасында өзіңізді арманыңыздағы кейіпке енесіз. Барлығы сіздің тілеуіңізше болады. Басқалай болуы мүмкін емес.

Ауыру.

Әр адам өзінің ауырсыну мен күйзеліс шақыратын сезімдерінен анағұрлым жақсы, ұнамды әрі тәтті сезімдерге ұмтылар жолда шешім қабылдайды. Егер сіздің тісіңіз ауыратын болса, сіз өзіңіздің күн тәртібіңізді өзгертіп, тіс дәрігеріне қалай да жолығасыз. Неліктен? Өйткені сіз ауырсыну сезімінен арылғыңыз келеді.


Шыңға шығу.

Шыңға шығар жолдағы қиын-қыстау сәттердегі ары қарай қозғалу қорқынышын шыңға жетпеу қорқынышымен алмастырыңыз. Егер үрейіңізді жеңгіңіз келсе, оның сейілуін күтіп, үйде отырмаңыз, мәселеге көзбе-көз қараңыз, оны шешіңіз.

Көп сөйлегенше, әрекет етіңіз. Сонда сәттілікке жетесіз.
Ауырсынусыз өмір болмайды

Бес жыл сайын өміріңізде күйзелістер болып тұрады. Өмірдің өзі сізді алға қарай жетелейді. Ал сіз талмай биікке қарай ұмтыла беріңіз. Сіз онда ауырсынуларға қарамастан жетуіңіз тиіс. Өйткені өмір сынаққа толы, сынақтан өткен сайын адамның ерік-жігері күшейе түседі.

Шешім қабылдау.

Шешім қабылдаумен адамның өмірін өзгертетін ең күшті сезімдерге байланысты. Шешімдер ауырсыну мен рахат алу екеуін салыстыра отырып қабылданады. Шыңға шығу, биікке жету шешімі ерекше жағдайларға байланысты. Ол жай ғана серендеу емес, маңдай терін төгіп, еңбек ету, болашақ дәрежеге лайық болу. Көптеген адамдар таразының бір басына жетемін деген мақсатын, оның нәтижесінде жейтін жемісі мен рахатын салса, екінші басына оған жетер жолдағы қиянат, қиыншылықты қояды. Шешім қабылдаудың ең оңтайлы үрдісі сұраққа жауап беру арқылы жүзеге асады. Сіз бірдеңе ойлап тапқыңыз келеді ме? Сіз бұл сұраққа жауап беріп, шешім қабылдағанда сіздің тағдырыңыз да өзгермек. Биікке шығу нақты бір жағдайда әрекет ету ретін таңдау мен бар қуатты қабылданған шешімді іске асыру арқылы анықталады.

Махаббат,Байлық,Сәттілік
Бір әйел үйінен шығып, ауласында отырған бейтаныс үш шалды көреді. Әйел оларға былай дейді: «Меніңше, мен сіздерді танымаймын. Бірақ сіздердің қарындарыңыз аш сияқты. Үйге кіріп, тамақтанып алыңыздар». Үшеуі:

«Үй иесі ше, үйде ме?» - деп сұрайды.

– Жоқ, ол кетіп қалды.

– Онда біз кіре алмаймыз. Кешке күйеуі үйіне оралғанда, әйелі оған болған жайтты айтып береді. Күйеуі әйеліне ол үшеуін тағы да шақыр дейді, өйткені ол үйде болғандықтан, олар кіру керек деп ойлайды. Әйелі шақырады.

– Біз үйге үшеуіміз бірдей кірмейміз.

– Неге?

– Оның есімі Байлық, - дейді үшеуінің біреуі.

– Мынау Сәттілік, ал мен Махаббатпын. Енді үйіңе кір де, үйге қайсымызды кіргізетіндерің жайлы ақылдасып кел, - деді ол. Әйелі күйеуіне болған нәрсені айтып еді, күйеуі: «Ондай болса, Байлықты кіргізелік» - деді. Бірақ әйелі онымен келіспеді: «Одан да Махабатты кіргізелік, үйіміз Махаббатқа толсын» - деді. Сөйтіп екеуі де үйге алдымен Махаббатты кіргізуге келісті. Шал орнынан тұрып, үйге қарай бет алды. Отырған екеуі де орындарынан тұрып, Махаббаттың соңынан ерді. Әйел аң-таң болып: «Мен үйге тек Махаббатты шақырдым ғой. Сендер неге ілестіңдер?» - деп сұрады. Сонда үшеуі бірдей: «Егер де сіз Байлықты шақырсаңыз, қалған екеуі орындарында қалушы еді, бірақ сіз Махабатты шақырдыңыз... Ал Махаббат бар жерде үшеуі де бар. Махаббат бар жерде Сәттілік те, Байлық та бар», – деген екен.


Шыңға шығудың үш құпиясы:

  1. Өнімді айналымға енгізуге бел буыңыз.

  2. Көптеген командалардың арасында көшбасшыға айналыңыз.

  3. Өзіңіздің білетін нәрсеңізді басқаларға да үйретіңіз, қызметкерлерді өзіңіз қабылдаңыз, мамандарды даярлаңыз.

Сіз қазір жол торабында тұрсыз ба?

Мүмкін сіз қазір өмірдің жол торабында тұрған боларсыз, жаңа адамдармен танысқыңыз келіп, өміріңізге жаңа нәрселер енгізгіңіз келетін шығар. Мүмкін басқа біреудің арманын орындаудан жалыққан боларсыз? Жолдың бірі оңай, төменге қарай түсетін, орташа жол болар, екіншісі өз-өзін жетілдірудің қиын-қыстау жолы болар. Соңғысы, жоғары жылдамдықпен жүретін жолға тез айнала алады. Онда сіз шыңға шығатын көптеген белгілер көре аласыз.
Қандай жолды таңдайсыз?

Осындай жолайрығына мыңдаған адам келеді. Олар да сіз сияқты біреуін таңдау керек болады. Сіз қай жолды таңдайсыз? Егер төмендегі сұрақтардың кез-келгеніне иә деп жауап берсеңіз, онда сіздің жолыңыз – шыңға шығар жол.Сіз жалықтыңыз ба? Өміріңізге мән бергіңіз келе ме? Өз компаниядағылардың бәрін таң қалдырғыңыз келеді ме? Өзіңізді танытқыңыз келе ме? Өз өміріңізді қызықты әрі таңғажайып еткіңіз келе ме? Азат, ешкімге тәуелсіз болғыңыз келе ме? Өзіңіздің көшбасшылық қабілеттеріңізді ұштағыңыз келеді ме? Өз компанияңыздағы ең жоғары лауазымды иеленгіңіз келеді ме? Сіз сияқты ойлайтын адамдармен бірлесіп саяхатқа шыққыңыз келеді ме? Шыңға шығудың арқасында өз табысыңызды екі, үш немесе он есе арттырғыңыз келеді ме? Қарыздардан құтылғыңыз келеді ме? Бәлкім, сіз қазір жолайрығында тұрған боларсыз. Сіз осыған дейін қабылдаған шешімдерден де маңызды шешімді қазір қабылдайтын мүмкіндігіңіз бар. Өзіңіздің өткен өміріңізді ұмытыңыз. Сіз енді кімсіз? Сіз осыған дейін кім болғаныңызды ұмытыңыз. Сіз қазір кімсіз? Кім болуға бел будыңыз? Ойланыңыз да, шешім қабылдаңыз. Шешіміңіз берік болсын.
Аборигеннің сабағы

Африканың жабайы өңірлеріне саяхаттау кезінде зерттеуші өзімен қоса екі ұзын айна алып алады. Жолда аялдап, екі айнаны ағаштарға сүйеп, өз тобындағы адамдармен экспедиция жайлы әңгімелеседі. Содан кейін, зерттеуші айнаға қарай қолында найзасы бар аборигеннің жақындағанын көреді. Айнаға қарап, абориген өзінің бейнесін көреді де, оны найзамен қадай бастайды, өйткені айнадан көріп тұрған өз бейнесін ол жау деп таниды. Ақыры айна сынады. Зерттеуші аборигенге жақындап, оның айнаны не үшін сындырғаны жайлы сұрайды. Абориген айнадағы жаудың оны өлтіргісі келгенін көріп, одан құтылу үшін алдымен өзі найзаны қадағысы келді деп айтады. Зерттеуші айнаның ол үшін арналмағандығын түсіндіріп, аборигенді екінші айнаға қарай жетектеп, айнаның адамның өз бейнесін көріп, шашының, киімінің дұрыс тұрғандығын қарауы үшін арналғанын айтады. Абориген мұны білмегенін айтады.


Әркімнің өмірінде осындай жағдай болады. Олар үшін өмір – күрес. Әр бұрылыста олар өз жауларымен күресуге дайын тұрады. Олар өздерінің жауын күтумен өмір сүреді, сондықтан жаулары күндердің бір күнінде келеді. Күресті күтеді, сондықтан күрес болады. Қиындықтар бірінен соң бірі келеді деп күтеді, қиындықтар үсті-үстіне бола береді. Сондықтан, әрқашан да жақсылық ойлау керек. Жақсы ой адамды рухани, эмоционалдық тұрғыдан байытып, оны жігерлендіре түседі, ал жамандық пен жағымсыз нәрсе ойлаған адам азғыра түседі.
Сылтаулардан бас тарту кредосы

Мен сылтауларды мойындамаймын. Менімен болып жатқан нәрселер үшін өзім жауаптымын, өзімнің әр сөзіме және ісіме жауаптымын. Мен өмір сүру деген не екенін білемін және қайда баратынымды да анық білемін. Мен өз өмірімнің мақсатын анық білемін және өз міндеттерімді саналы түрде атқарамын. Мен өзімнің әрекеттерімді шынайы атқарамын, шешімдерді тәуелсіз түрде қабылдаймын, күшімнен келгеннің барлығын жасаймын.

Мен рухани қиыншылықтарға алып келетін реніштер мен өкініштердің барлығын өзіме де өзге де кешіре аламын. Мен қиындықтарды жеңіп, өткенді ұмытып, арманымды іске асыруда келемін. Мен өзімді сыйлаймын, өз-өзіме деген құрметті жоғалтпауға тырысамын, басқаларды сынға алмаймын. Мен әр адамды өз күйінде, өз табиғатымен қабылдаймын. Менің басқалардан еш жерім артық та, кем де емес. Мен өзімнің қабілеттерім мен талаптарыма сенемін. Мен өзімнің денсауылығыма жақсы көңіл бөлемін, қуатым тасып тұрған қалпымды, өмірге деген құлшыныс нәтижесі болып табылатын жақсы көңіл-күйімді ылғи сақтаймын. Мен ойлау, сөйлеу, әрекет ету барысында өз-өзімді бақылаймын, құбылыстарды төзімді түрде зерттеп, талдаймын. Мен өзімнің де, басқалардыңда алдында ылғи адалмын, өз алдыма орындалатын мақсаттар қоямын. Мен өзімнің таңдап алған өмірім үшін қиындықтармен де қорқыныштармен де күресемін. Менің арманым биік. Мен әрқашан оқимын, үйренемін, даму үстіндемін, санамды кеңейтіп, жаңа дағды мен машықтарды иеленемін. Мен жүйеге еніп, командалық көшбасшыға жүктелетін тапсырманың барлығын атқарамын. Мен көшбасшыларға арналған өз-өзін жетілдіру бағдарламасына күн сайын қатысамын, ең болмаса 15 минут шамасында күнделікті жағымды кітап оқимын. Мен адамдардың қамын ойлаймын, оларды жақсы көремін, оларға өздерін барынша жан-жақты танытуға мүмкіндік беремін. Мен күн сайын жаңа адамдармен кездесемін де, оларды аптасына 5-6 рет жұмыс жоспарымен таныстырамын. Мен басқа адамдарды түсінемін және олармен жақсы қарым-қатынастамын. Менің отбасым, балаларым, достарым әрқашан менің есімде, олар мен үшін өте қымбат. Мен адамдарды құрметтеймін, олардың талаптары мен қабілет, дарындарын құптаймын. Мен басқаларға көмектескім келеді, олардың өмірлерін жақсы жаққа өзгерткім келеді. Менің өмірім – өз шешімдерімнің нәтижесі, мен өзімнің қалай өмір сүріп жатқаным үшін жауапты екенімді мойындаймын. Мен сылтауларды ескермеймін. Неге? Өйткені менің өмір сүру философиям сондай!


Баяғы заманда бір елде жас келіншек өзінің рухани тәлімгеріне былай депті:

– Мен шексіз байлыққа қол жеткізгім келеді, өйткені оның көмегімен әлемге көмектесіп, оны емдегім келеді. Маған осындай байлыққа жету жолын айтшы.

– Әр адамның ішінде екі құдай-ана өмір сүреді. Адамдардың барлығы осы екеуін жақсы көреді. Алайда, сенің білуің қажет бір құпия бар. Соны саған айтайын. Сен осы құдай-ананың екеуін де жақсы көргеніңмен, оның біріне ерекше ықыласпен қарауың тиіс. Бұл білім құдай-анасы Сарасвати. Оның артынан ер, оны сүй, оған көп назараудар. Екіншісі, Лакшми – байлық құдайы. СенСарасватиге көп назар аударған сайын, Лакшми сені қызғанып, өзі саған назар аудара бастайды. Сен білім құдайына қаншалықты табынып, оны құрметтесең, байлық құдайы саған соншалық көп назар аударуға тырысады. Ол сенің артыңнан бір елі қалмай еретін болады. Ал сенің армандайтын байлығың сонда өзіңді тауып келеді. Білім, тілек және батылдық зор күшке ие, сол күш – байлықты иелену кілті».

Әр адамды өзімнің жақын туысым деп санаңыз

Егер сіз әр ресми келіссөзге келген адаммен өзіңіздің анаңызбен не әкеңізбен, әпкеңіз не ағаңызбен сөйлескендей іс жүргізсеңіз, онда сіздің әрекеттеріңізден жылу, қайырымдылық желі еседі, сүйіспеншілік пен түсінушілік, кешірім сияқты жақсы қасиеттер ашылады.