Файл: Р. С. Касымова леуметтік педагогты Жмыс технологиясы оу ралы Алматы, 2020.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 306
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А) Дағдарыс
Б) Белсенділік
С) Іскерлік
Д) Экстраверт
Е) Еліктеуіш
Тест жауаптары
Рет саны | Дұрыс жауап | Рет саны | Дұрыс жауап |
1 | А | 31 | А |
2 | А | 32 | А |
3 | С | 33 | С |
4 | Д | 34 | А |
5 | Д | 35 | А |
6 | Б | 36 | Е |
7 | Б | 37 | А |
8 | Д | 38 | Б |
9 | А | 39 | С |
10 | Б | 40 | А |
11 | С | 41 | Б |
12 | Е | 42 | С |
13 | В | 43 | А |
14 | А | 44 | А |
15 | А | 45 | А |
16 | Д | 46 | С |
17 | С | 47 | Е |
18 | Б | 48 | А |
19 | Е | 49 | Е |
20 | Е | 50 | А |
21 | Е | 51 | А |
22 | Б | 52 | Б |
23 | Б | 53 | А |
24 | Б | 54 | Б |
25 | А | 55 | С |
26 | Д | 56 | Е |
27 | А | 57 | С |
28 | Д | 58 | Е |
29 | А | 59 | А |
30 | А | 60 | Д |
Кесте-11. Әлеуметтік педагогтың жұмыс түрлерінің әдістері, нәтижелері
№ | Жұмыс түрі | Әдіс | Ұстаным | Нәтиже | Технология |
1 | Әлеуметтік педагогтың «тәуекел топ» балалары-мен жұмысы | педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу; диагностикалау; коррекция; -оңалту | -тәрбие бағдарламасы; -адамгершілікке тәрбиелеу | Қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау. | Әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастырушылық технология |
2 | Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы | -білім берудегі әдістер мен тәрбиелеу; -сипаттау; -кеңес беру; -әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету; -коррекция; -бақылау; -байқау; -пікірлесу; -анкета; -тестілеу. | -ұйымдастырушылық; -әлеуметтік-саяси; -әлеуметтік-құқықтық; -басымдық ұстанымы; -құпиялық; -толеранттылық; -гуманизм ұстанымы; -өзара қарым-қатынас; -өзара қабылдау; -альтуризм; -әмбебап ұстанымы (көмекке мұқтаж болуы бойынша жүргізілетін жұмыстар, діни, идеологиялық, нәсілдік, жастық дискриминацияны болдырмау) | - әлеуметтік педагог отбасымен бірлесе әрекет етуін ұйымдастыру. - әлеуметтік педагог отбасының балаларына педагогикалық,психология-лық көмек көрсетуге бағытталған қызметін қамтуы. | Профилактикалық; Диагностикалық, Реабилитациялық технологиялар |
3 | Әлеуметтік педагогтың девиантты балалармен жұмысы | -профилактикалық; -бақылау; -әңгімелесу; -өмірін ұйымдастыру; -байланыс орнату; -диалог құру; -кедергілерді анықтау; -мәселені талқылау; -психологилық-педагогикалық қолдау көрсету. | -қайта тәрбиелеу тұжырымдамасы; -тәрбие ұстанымы. | Тұлғаның өз мәселесін түсінуге, оның шешімін табуға бағыттау; Үйретіп немесе кеңес бермеу, өзіндік шешім табуға ояту. | Өзара ықпалдастық қарым-қатынас технологиясы |
4 | Әлеуметтік педагогтың суицидті мінез-құлықты балалармен жұмысы | -әлеуметтік профилактика; -әлеуметтік психологиялық; -тренинг; -ойын терапиясы; -медитация; -арт терапия; -психологиялық кеңес беру. | -жүйелілік; -превентивтілік (алдын алу); -оңтайлылық; -адамның өз күшінің белсендірілуі; -қайтымдылық; -күш біріктіру; -қабылдамау қағидасы; -сананы тірілту қағидасы. | Әлеуметтік алдын-алу шараларының түрлері: (бейтараптандыратын; орнына келтіретін; ескертетін; жоятын; бақылайтын және оның нәтижелері). Суицидалды индивид өмірге бейімделгенге дейін. | Әлеуметтік-педагогикалық; әлеуметтік-психологиялық |
5 | Әлеуметтік педагогтың гиперактивті мінез-құлықты балалармен жұмысы | -зерттеу мінез-құлықты бағалау; -танымдық даму деңгейін бағалау; -түрін анықтау; -қадағалау сауалнамасы; -алдын алу; -түзету. | -мінез-құлық психотерапиясы; -когнитивті терапия; -дәрі-дәрмектік терапия; -әлеуметтік бейімделуді арттыру; -педагогикалық . технологияны қолдану | Әлеуметтік педагог көмек бере отырып, жүйке жүйесіне (миға) салмақ түсірмеу. | Диагностикалық, Профилактикалық; Коррекциялық |
6 | Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жұмысы | -құжат жинақтау; -әңгімелесу; -анкета жүргізу; -тестілеу; -сұхбат алу; -бақылау; -кеңес беру; -ойын, жаттығулар жүргізу; -сендіру; -түсіндіру | Тәрбиеде технологиялық тұғыр; жобалау тұғыры. | Тұлғаны өмірлік дағдыларға үйрету, дайындау. | Педагогикалық қолдау; Мақсат қою; Емдік. |
7 | Әлеуметтік педагогтың мигранттармен жұмысы | -кеңес беру; -психологиялық түзету; -көмекті анықтау; - әлеуметтік жеңілдіктер; -орналастыру; -қоғамдық ұйымдармен бірлесіп істейтін жұмыстарды ұйымдастыру; -тренинг жүргізу; -болжау; -ұйымдастыру; -стрессті болдырмау; -ақпараттар (беру, жинау, орнату, алмасу). | Әлеуметтік-дәрігерлік; құқықтық нормалармен таныстыру; мәдени-тәрбиелік іс шаралар жүргізу; жұмыспен қамтамасыз ету; тіл үйрету ( оқыту курстарын ашу). | Халықтық миграция процесін дұрыс ұйымдастыру, қадағалау, ел экономикасына, демографияға үлес қосу. Тиімді бақылау жүйесін құру қажет; құқықтарды қорғау; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүдделері; елден шығу, елге кіру; тұрғылықты жерді таңдау; мәселелер бойынша әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер жүргізу; ұйымдармен (көші-қон мәселелерімен айналысатын) байланыс. | Педагогикалық, психологиялық, Құқықтық, Бейімдеу |
8 | Әлеуметтік педагогтың қарттармен жұмысы | -бейімделу; -өмір салтын қалыптастыру; -егде азаматтарды жұмысқа орналастыру - кәсіби қайта даярлау; - уақтылы сәйкес шаралар қабылдау; -психологиялық; -медициналық-әлеуметтік; -құқықтық көмек; -әлеуметтік қорғау. | - адамгершілік; - қауіпсіздік; - ыңғайлылық; - мемлекет тарапынан бас тартудың алдын-алу; - cыйластық; - мәселені баламалы шешу; - ұлттық, мәдени, дүниетанымдық, діни көзқарастардың ерекшеліктерін ескеру; - қауіпсіз кәрілікті қамтамасыз ету; - кепілдік; -әлеуметтік тонусты сақтау; - үйреншікті тұрмыс салты; - пайдалы мүшелері арқылы қоғамды белсендіру. | - зейнетақы мөлшерін ұлғайту; - зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру; - үйде күтім жасау қызметін дамыту; - қарттар үйлері желісін кеңейту; - бұл үйлердегі өмір сүру жағдайларын жақсарту; - қарт адамдар санатының ішінде ерекше әлеуметтік көмек қажет (мүгедектер, соғыс ардагерлері мен жалғызбасты азаматтар және аз қамтылған зейнеткерлер); - әлеуметтік дәріханалар, ауруханалар, емдік-сауықтыру мекемелерімен қамтамасыз ету. | Профилактикалық; Диагностикалық, Реабилитациялық технологиялар |
Нормативтік заңдар:
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасы «Отбасы және неке» туралы Заңы, Алматы,2005
3. Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары» туралы Заңы
4.«Бала құқықтары» туралы Конвенция
5.«Бала құқықтарының»Декларациясы
6. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңы
7.Қазақстан Республикасының 1999 ж. 28.08. №73, Үкімі
8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясатының тұжырымдамасы. 2004жылғы.,№581
9. «Қазақстан -2030» бағдарламасы
10. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы
11. «Көші-қон» Заңы
12. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңы.
ГЛОССАРИЙ
№ | Термин атауы | Термин мазмұны |
1 | Агрессивтілік | Зиян келтіруге бағытталған дұшпандық, шамданған сипатты мінез-құлық |
2 | Адаптация | Бейімделу |
3 | Акцепт | Екпін |
4 | Антипатия | Сүйкімсіздік, жиренішті |
5 | Амбиция | Шамданғыш, ызақор |
6 | Амнезия | Жадтың бұзылуы, еске түсіруге қабілетсіздік |
7 | Арттерапия | Өнер терапиясы |
8 | Апатия | Енжарлық, селқостық |
9 | Аутизм | Өзінің ішкі уайымына берілу, тұйықтық |
10 | Аффект | Жанға ауыр тиетін жағдайларда пайда болатын жүйкелік-психикалық қозу, долданған хал, ашу кезінде естен адасу. |
11 | Әлеуметтік орта | Адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем. |
12 | Әлеуметтік прогресс | Қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы. |
13 | Әлеуметтік роль | Белгілі бір әлеуметтік бағытты ұстанған жеке адам ғадетінің, мінез-құлқының, тәртібінің жүйелі ресми үлгісі. |
14 | Әлеуметтік институт | Қоғамның негізгі кажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі. |
15 | Әлеуметтік стереотип | топ мүшелерінің басқа топтың немесе категория адамдарының қалпын бөлісуі. |
16 | База | Негіз |
17 | Валидті | Жарамды |
18 | Гипотеза | Ғылыми болжам |
19 | Диаграмма | Кесте |
20 | Диагностика | Анықтау |
21 | Диагноз | Талдау, анықтау. |
22 | Девиация | Нормадан ауытқу |
23 | Девиантты | Әлеуметтік нормалардан ауытқу, қоғамға немесе өзінезиян келтіретін мінез-құлық |
24 | Деликт | Құқықтық нормаларды бұзатын іс-әрекет |
25 | Интеллект | Ақыл-ой |
26 | Инструкция | Нұсқау |
27 | Интервал | Арақашықтық |
28 | Интерпритация | Түсіндіру, талдау беру |
29 | Классификация | Жүйеге келтіру |
30 | Конфиденциалды | Жасырын |
31 | Корректив | Түзету |
32 | Критерии | Белгі |
33 | орреляция | Өзара байланыстылық |
34 | Концепция | Пікір |
35 | Компетенттілік | Хабардарлық, жете білушілік |
36 | Манипуляция | Басқару |
37 | Мотив | Себеп, дәлел |
38 | Мода | Үлгі |
39 | Норма | Норма, ереже, шама, мөлшер |
40 | Соматикалық | Денелік |
41 | Суицид | Өзіне-өзі қасақана қол жұмсау |
42 | Потенция | Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің жеткіліктілігі |
43 | Превенция | Жағымсыз құбылыстың алдын алу- профилактика жасау мақсатында ықпал ету. |
44 | Психопатия | Адамның әлеуметтік ортада қолайлы бейімделуіне кедергі жасайтын, мінезінде көрінетін психикалық ауру. |
45 | Реприза | Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау |
46 | Репрезентативті | Дәлдігі |
47 | Релаксация | Босаңсу |
48 | Фиксация | Жазып алу, белгілеп қою |
49 | Этап | Кезең |
50 | Фобия | Қорқыныш |
Біліп жүріңіз
ШЫҢҒА ШЫҒАР ЖОЛ
Күшіңіз сарқылмасын!
Назарды шоғырландыру күші
Өз назарыңызды бір кәсіпке ғана арнаңыз. Бүкіл құрсауларды бұзып, шыңға шыға біліңіз. Сіз көздеген биік шыңға кез-келген адам шыға бермейді, оған тек алдында белгілі бір мақсаты бар, өз дегеніне жетемін деген сенімі бар адамдар ғана жетеді. Сіз таңдап алған жолдан аздап болса да ауытқитын болсаңыз, ол бүкіл бағытыңызды өзгертеді. Сіз шыңға шығамын деген шешімге дайын болсаңыз, онда сіздің біліміңіз де, қаражатыңыз да, көрегендігіңіз де күшейе түседі. Өмірдегі үлкен табыс, жетістіктердің басында адам назарының шоғырлана білуі, барлық талаптар мен қабілеттердің алға қойылған мақсатқа жетуде топтастырылуы, қандай болмасын қиындықтарға қарамастан міндеттердің батылдықпен бұлжытпай орындалуы, қиындықтарға мойымау және алданбау секілді нәрселер тұр. Ішкі қуаты берік адам өз жолын тауып, ол жолдан таймастан биікке шығады.
Тек қана назарыңызды шоғырландырыңыз
Қыс кезінде күн сәулесін бір жерге тоғыстырсаңыз, сіз міндетті түрде от жаға аласыз. Бизнес алыптары – құдықты инемен қазатын шыдамды әрі еңбекқор, назарын бір жерге шоғырландырып үйренген адамдар. Сол себепті олар биікке шыға білді. Көптеген бизнесмендердің қатесі – күшін шашырату, бұл күштің оңай әрі тез сарқылуына әкеледі. Темірді қызғанда ғана емес, оны қызғанша да соға білуіңіз керек. Өз күшіңізді керек бағытта игере білсеңіз, оны сол бағытта арттыра білсеңіз, онда бірер айдан соң сіз биікке шығар жол табасыз.
Өз күшіңізді бірдей деңгейде барлық нәрсеге жұмсамай, бір ғана нәрсеге шоғырландырыңыз.
Тәжірибеде биікке жету тек қабілеттердің арқасында ғана емес, сонымен қатар соған деген құлшыныстың арқасында мүмкін екенін көрсетеді. Биікке жете білген адам өз жұмысына жан-тәнімен кіріседі.
Піл мен шыбын
Бірде оқушы мен ұстаз орманда қыдырып жүрді. Оқушы өзінің назарының үнемі бір нәрседен басқа нәрсеге ауыса беретініне мазаланды. Ол ұстаздан: «Неге көптеген адамдардың назарлары бір заттан екінші затқа дамылсыз ауыса береді де, ал кейбірі өз назарларын бір затқа толық әрі ұзақ аудара алады? Өз ойларыңды ретке келтіру үшін не істеуге болады?» - деп сұрайды. Ұстаз өзінің шәкіртіне қарап былай дейді: «Мен саған бір әңгіме айтып берейін. Піл өзінің тұмсығымен ағаштың жапырақтарын жұлып жатты. Шыбын келіп, оның құлағының түбінде ызылдап тұрып алады. Піл өзінің үлкен құлағымен оны бір желпіп, қуып жібереді. Бірақ шыбын қайта оралып, пілдің мазасын алған соң, піл құлағымен қайта желпиді. Осылай жалғаса береді. Ақыры, піл шыбыннан: «Сен неге сондай тынымсыз әрі шуылдақсың? Бір мезет болса да бір жерде тыныш отыра алмайсың ба?» - деп сұрады. Шыбын оған: былай деп жауап қайтарды: «Менің назарымды кез-келген нәрсе, иіс болсын, зат болсын, дыбыс болсын барлығы өзіне аударады. Менің бес сезімім мені бес жаққа тартады, менен келер не шара? Ал сенің қулығың неде? Сен қалай осылайша төзімді әрі байсалды болып жүресің?». Піл шайнап болып былай дейді: «Менің бес сезімім назарымды билемейді. Не нәрсе атқарып жатсам да, менің назарым тек сол нәрседе болмақ. Қазір де, тамақ жеп жатырмын, сондықтан тамақтан басқаны ойламаймын. Осылайша мен тамақ жеуден рахат алып, оны жақсы шайнаймын. Мен өз назарымды өзім билеймін, ол мені емес».
Әңгімені бастан аяқ зер салып тыңдаған оқушы екі қабағын көтеріп, жымия күлді. Ол өз ұстазына қарап: «Мен түсіндім! Мені өзімнің бес сезімім билеп жатқанда, ойым сан жаққа жүгіреді. Ал егер де мен өз сезімдерім мен назарымды билейтін болсам, онда менің санам тыныштық табады» - дейді. «Дұрыс айтасың, - дейді ұстаз.
– Сана назардың ауысуына шапшаң әрі тез жауап қайтарады. Өз назарыңды билей білсең, өз санаңды билейсің».
Ремез Сассон
Жол қайда апарса да, одан көзді жұмып өтпеңіз. Одан да алдын ала дайындалған жолмен емес, қайталанбайтын, өзіңіздің жеке бағытыңызбен жүрген жөн.
Ниеттер автобусы
Біреу кіреді...
Біреу шығады...
Біреу қалады...
Сіз қалушылардың арасында болыңыз.
Автобусқа қажетті адамдарды отырғызып, қажет еместерін шығарыңыз. Қажет адамдарды дұрыс орындар бойынша, белгілі тәртіп бойынша отырғызыңыз, оларды апарар жолды есте сақтаңыз. Адамдардың сіздің басты активіңіз деп есептемеңіз. Олай емес. Қажет адамдар ғана – актив. Қызметке сіздің бизнесіңізге немқұрайлы қарамайтын, жанып тұрған, қайратты адамдарды қабылдаңыз.
Білу, үйренуге қабілетті болыңыз
Сіз бүгін биікке шығуға септігін тигізетін не істей аласыз? Экономикалық дүрбелең кезінде не істейсіз? Жұмысты атқаруда сәтсіздіктер болса, қандай әрекет жасайсыз? Қаражаттың бәрі жұмсалып, өз-өзіңізге деген сенім жоғалып, өз-өзіңізді нашар сезінсеңіз не істейсіз? Барлығы да оңай. Сіз айналада болып жатқан оқиғаларға қарамастан өз ісіңізді керемет жүргізе аласыз. Егер бір нәрсе жетіспесе, өзгеріңіз. Егер бір нәрсе ұнамаса, өзгеріңіз. Бір нәрсе жетпесе, өзгеріңіз. Келесі күні сіз дәл осы қалпыңызда қалуыңызға міндетті емессіз. Сізді үнемі жігерлендіретін нәрселер – өзіңізді қажет нәрсені жасауға көндіру, биікке шығу, жағымсыз нәрсені сәттілікке айналдыру.
Өмірдегі ұлы жетістіктер оқып-үйренуге әрқашан дайын, оқуға деген ынтаны биікке шыққанынша сақтай алатын адамдар үшін арналған. Бұл өз армандарын іске асыра алатын және бұрынғы дағдысы бойынша өмірден өз дегенін ала алмайтын адамдар арасындағы ерекшелік.
Өзіңізді оқуға құштар екеніңізді көрсетіңіз.
Кеңседе қолым бос емес деп, түнге дейін отыра бермеңіз, бизнесті жылжытуға үлес тигізбесе, уақытыңызды құр үстелдің басында отырумен өткізбеңіз. Үстел – болашағыңызды барлау үшін қауіпті орын. Үйден шығыңыз да, қоршаған ортаға кіріп, оны өз ісіңізбен таныстырыңыз. Өзіңізбен бірге бір бума таныстыру картасын (визитная карточка) алып, оларды оңды-солды таратыңыз. Біреу алар, біреу алмас, біреу сізге қосылар, біреулер өз