Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 493

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


науқасты гематологқа жіберу

Он екі елі ішектің ойықжара сырқаты бар науқас жалпы әлсіздікке, физикалық жүктемеде болатын ентігуге, борды жеуге әуестенуіне шағымданады. Объективті: науқас бозарған, терісінің трофикалық өзгерістері байқалады. Қанда: 3,3х1012/л; НЬ – 90 г/л; ТК - 0,75; ретикулоциттер - 2%; қандағы темір - 5,6 мкмоль /л. Науқаста қандай асқыну дамыды

теміртапшылық анемия

Ер адам, 70 жаста, әлсіздікке, аяғының тоңазуына, парастезияға шағымданады. Анамнезінде – 7 жыл бұрын асқазан резекциясы жасалған. Қанында: Нв- 70 г/л, эритроциттер 2,0х1012/л, ТК- 1,2, лейкоциттер - 3,0х109/л, тромбоциттер- 140х109/л. Анемияның дамуына қандай себеп болды

гастромукопротеиннің тапшылығы

Әйел 68 жаста, жалпы әлсіздікке, басының айналуына, «аяқтарының мамықтығына», эпигастрий аймағындағы қолайсыз сезіміне шағымданады. Қанында: Нв-68 г/л, эритроциттер -2,0 х1012/л, ТК-1,02, лейкоциттер -3,0 х109/л, тромбоциттер -190 х109/л, таяқшаядролы-2%, сегменядролы-64%, эозин-1%, м-6%, лимф-27%, СОЭ-8 мм/сағ. ФГДС-да: атрофиялық гастрит. Бірінші кезеңде қандай зертханалық зерттеуді жасаған жөн

В12 дәруменің зерттеуге қан талдау

28 жастағы ер адам, 3 апта бойы стоматиттен нәтижесіз емделген, айқын әлсіздік, тершендік өршіген. Объективті: дене температурасы 38,8˚С, терісі бозғылт, ылғалды. Иектердің гиперплазиясы, жаралы-некротикалық стоматит. Жақасты лимфотүйіндері үлғайған, ауырсынусыз. Жалпы қан анализінде: эритроциттер-3,0 х1012/л., Нв-95 г/л, ТК - 0,95, лейкоциттер -14,5х109/л., бласты жасушалар -32%, т/я-1%, сегм-39%, лимф-20%, мон-8%, тромбоциттер -90 х109/л, ЭТЖ-54 мм/сағ. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді

жіті лейкоз

Науқас 23 жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер - 3,0х1012/л, гемоглобин-92 г/л, лейкоциттер - 44,2х109/л, тромбоциттер - 192х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Қан көрсеткішін талдаңыз

жеңіл дәрежелі нормохромды анемия

57 жастағы әйел жалпы әлсіздікке, басының айналуына, жүрген кездегі ентігуге, эпигастрия аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: күйлілігі төмен, тері және көрінетін шырышты қабаттары сарғыш реңді бозарған, шамалы спленомегалия. Қанында: эритроциттер -2,1х1012/л, Нв-89 г/л, ТК-1,1, лейкоциттер -2,8 х109/л, тромбоциттер-115 х109/л, ЭТЖ-24 мм/сағ, макроцитоз. Аталған патологияны емдеудің 5-7 күнінде қанда қандай өзгеріс анықталады

ретикулоциталық криз

60 жастағы әйел адам, жалпы әлсіздікке, эпигастрия аймағындағы ауырылық сезіміне, тамақ қабылдағанннан кейін кекіруге шағымданады. Объективті: дене температурасы 36,6°С; ТАЖ- 20/мин.; пульс - 96/мин.; АҚ - 115/70 мм. сын.бағ. Тері және көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Қан талдауында: эритроциттер - 2,0х1012/л; Нв - 100 г/л; ТК - 1,5; ЭТЖ- 28 мм/сағ. Асқазанның париеталдық жасушаларына антиденелер анықталған. Науқаста анемиялық синдромды емдеуде қандай тәсіл тиімді


В12 дәруменін тағайындау

30 жастағы науқас 1 айдан бері ауырады, әлсіздік, геморрагиялық синдром бар. Лимфа түйіндері ұлғайған. Температурасы – 38,5С. Тері жамылғысы бозарған, интоксикация. Қан анализі – Нв 40 г/л, эритроциттер 2,0х109/л, лейкоциттер 0,8х109/л, тромбоциттер 50∙109/л, ЭТЖ – 41 мм/с, формула есептелмейді. Мүмкін болатын диагноз

жіті лейкоз

Науқас А., 19 жаста, қарағанда спленомегалия. Гемограммада: лейкоциттер 78х10 9/л; лейкоформула: промиелоциттер 3%, миелоциттер 8%, метамиелоциттер 12%, таяқша ядролы 21%, сегментядролы нейтрофилдер – 41%, базофил – 3%, эозинофил – 6%, лимфоцит – 6%. Тромбоциттер – 784*109/л, гемоглобин – 114 г/л. Миелограмма: сүйек миы гипержасушалы, миелокариоциттер, мегакариоциттердің жоғарылуы, гранулоцитарлық қатардың барлық жасушалары анықталады. Зерттеудің келесі кезеңі қандай

қанды цитогенетикалық зерттеу

34 жастағы ер адам бір ай бойы науқас, әлсіздік, геморрагиялық синдром мазалайды Лимфа түйіндері ұлғайған. Температура – 39,5С. Тері қабаттары бозарған, интоксикация. Қанында: Нв - 36 г/л, эритроциттер - 2,2х109/л, лейкоциттер - 0,8х109/л, тромбоциттер – 50х109/л, ЭТЖ – 41 мм/сағ, формуласы саналмайды. Келесі зерттеу әдісін таңдаңыз

сүйек кемігінің пункциясы

Науқас 19 жаста, иектерінің қанағыштығына, тамағының ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене температурасы 39°С. Тері жамылғысы бозғылт, көптеген петехиялар мен экхимоздар бар. Бадамша бездері некрозды жабынмен жабылған. Жақасты лимфа түйіндер ұлғайған. Бауыр, көкбауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Қанда: эритроцит -2,5 х1012/л, Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейкоцит -29х109/л, бласты жасушалар - 98%, сегм - 2%, тромбоциттер -28 мың., ЭТЖ-26 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазға реакция оң. Осы аурудың диагностикасында шешуші симптом болып табылады

бластемия

Науқас С., 60 жаста, әлсіздікке, эпигастриядағы ауырсынуға, тұрақсыз дәретке шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғыш түстес бозарған. Беті ісіңкі. Тілі «лакталған». Бауыр, көкбауыр шамалы ұлғайған. Қанда: эритроциттер -2,6х1012/л, Нв-104 г/л, ТК-1,2 лейкоциттер -2,7х109/л, тромбоциттер -115х109/л, ЭТЖ - 30 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлылығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограммада: мегалобластты қан түзілу. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін

В12-тапшылықты анемия

В12 тапшылықты анемияға қандай клиникалық синдром тән

фуникулярлы миелоз

Науқас К., 24 жаста, қатты арықтауға (бір айда 9кг), ауызының құрғауына, шөлдегіштікке, жиі зәр бөлінуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарағанда: терісі құрғақ, алақандары сарғыш түсті, фурункулез бар. Зәр талдауында: қант - 2,9% және ацетон. Осы жағдайда төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған анағұрлым тиімді



қысқа әсерлі инсулин

Науқас 17 жаста, аузының құрғауына, шөлдегіштікке, бір ай ішінде 7 кг арықтауға шағымданады. Қантты диабет бойынша тұқымқуалаушылығы жоқ. Қарағанда: гипергликемия 13 ммоль/л, гликозирленген Нв -7% анықталды. Сіздің диагнозыңыз

қантты диабет 1 тип

Науқас 32 жаста, мазасыз, күйгелек, көптеген артық қимылдары бар, психикалық қозғыш, ұйқысы нашар, тәбеті жоғары бола тұра арықтаған, іш өтулер бар. Қарағанда: қол саусақтарының треморы, көз симптомдары оң. Жүрек үндері қатты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. АҚ– 150/70 мм. сын.бағ.. ЖЖЖ- 110 рет мин. Қалқанша безі ұлғайған, жұтынғанда көрінеді. Қан талдауы: Нв – 100 г/л. Лейк - 8.0*109/л, ЭТЖ – 12мм/сағ. Қандағы глюкоза – 6,8 ммоль/л. Дұрыс алғашқы диагнозды таңдаңыз

диффузды уытты жемсау

42 жастағы ер адам жоғары тәбетінің аясында артық дене салмаққа, АҚ –ның жоғарылауына, аузының құрғауына, диурезінің көбеюіне шағымданады. Қарағанда: бойы- 174 см, салмағы - 100 кг. Ашқарындаға гликемия 9,9 - 10,7 ммоль/л аралығында. Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау тиімді

бигуанидтер

38 жастағы әйел адам, дене салмағының жоғарылауына, тез шаршағыштыққа, бас ауруына шағымданады. Бойы – 180 см, салмағы – 108 кг. Бел өлшемі – 110см. Теріасты май клетчаткасының таралуы андроидты типте, терісінің папиллярлы -пигменттік дистрофиясы (acanthosis nigricans), АҚ 140/80 мм сын.бағ.. Осы жағдайда төменде көрсетілген препараттардың қайсысынтағайындаған анағұрлым тиімді

метформин

48 жастағы науқас әйел адам дене салмағының жоғарылауына, бас ауруына, бел аймағының ауырсынуына, беттеріне түтіктердің (бет шашының) өсуіне, ентігуге, депрессияға шағымданады. Бойы -160 см, салмағы 98 кг. Бет ұштары қызыл –қоңыр түстес, іші ұлғайған, қол-аяқтары жіңішке, арық. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Рентгенограммада: омыртқа сүйектері мен жамбас сүйектерінің остеопорозы. Іш қуысы мүшелерінің КТ-да: бүйрек үсті бездерінің бір жақты гиперплазиясы. Қан мен зәрде кортизол деңгейі шамалы жоғарылған, АКТГ төмендеген. Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін

Иценко-Кушинг синдромы

29 жастағы науқасқа бір жыл бұрын диффузды уытты жемсау (УДЗ, гормонды спектр, пункциялы биопсия) диагнозы қойылған. Мерказолилмен 20 - 30 мг/тәулігіне жүргізілген, тиреостатикалық ем нәтижесіз (емге бұлжымастық жоғары емес). 2 дәрежелі жемсау (БДҰ), айқын офтальмопатия, тахисистолалы жүрекшелер фибрилляциясы, дене салмағының жеткіліксіздігі және бос Т4 деңгейінің жоғары болуы сақталуда. Төменде аталғандардың қайсысы тиреотоксикоздың ауыр дәрежесін көрсетеді


62 жастағы әйел адам хирургиялық бөлімшеге аздаған жарақаттан кейін дамыған табанының бірінші бақайының ылғалды гангренасымен түсті. Қарағанда: тері мен шырышты қабаты құрғақ, бетінде гиперемия. Айқын семіздік, көз көруінің төмендеуі, варикозды ауруының айқын емес белгілері. Анасы мен тәтесінде: қантты диабет. Ашқарындағы гликемия 6,2 ммоль/л. Сіздің алғашқы диагнозыңыз

макроагиопатиямен 2 типті қантты диабет

22 жастағы әйел адам жүрек қағуына, эмоциялы лабилділікке, ашушаңдыққа, 2 айда 8 кг арықтауға шағымданады. Науқас астеникалы, жылауық, терінің диффузды гипергидрозы, жалпы тремор – «телеграф бағанасы» симптомы. ЖЖЖ 120 рет/мин. Қалқанша безі біркелкі ұлғайған, орташа дәрежелі экзофтальм. Төменде көрсетілген препараттардың қай тобын бірінші кезекте тағайындаған жөн

тиреостатиктерді

26 жастағы жігітте басынан өткен вирусты инфекциядан кейін тәулігіне 6 литрге дейін шөлдегіштік, жиі және көп мөлшерде зәр бөлу, соңғы айда 3 кг арықтау, жалпы әлсіздік пайда болған. Қандай ауру болуы мүмкін

қантсыз диабет

Динамикалық тексеру кезінде қантты диабеттің компенсация дәрежесін анықтайтын көрсеткішті атаңыз


гликолизирленген гемоглобин

50 жастағы артық салмағы бар науқас әйелде 2 рет ашқарынға гликемияның жоғарылауы 6,9 және 12,2ммоль/л дейін анықталған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін

қантты диабет 2 тип

42 жастағы науқаста гипотиреоздың клиникалық белгілерімен қалқанша безі 2-ші дәрежеге дейін ұлғайған. Қанында ТГ және ТПО, ТТГ-ға антиденелер жоғарылаған. Емдеу препаратын таңдаңыз

левотироксин

Әйел 33 жаста, шаршағыштық пен әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: қалқанша безінің субтоталды резекциясы, L-тироксин 50 мкг қабылдаған. Қарағада: беті ісінген, жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ 54 рет мин, АҚ- 100/70 мм. сын.бағ. ЭХОКГ: перикад қуысында сұйықтық бар. Емді тағайындауға зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты болып табылады

ТТГ, бос Т4 деңгейін анықтау

Эндокринологқа 42 жастағы науқас келді. Айқын әлсіздікке, дене салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келген ісінулерге, шамалы физикалық жүктеме кезіндегі айқын ентігуге шағымданады. Анамнезінде: көптүйінді эутиреоидты жемсауға байланысты струмэктомия жасалған. АҚ 70/40 мм.сын.бағ., ЖЖЖ - 56 рет мин. Жүрек үндері тұйық, кардиомегалия. ЭХОКС-та: перикад қуысында аздаған сұйықтық байқалады. Ашқарындағы гликемия 3,5 ммоль/л. Диагнозды анықтау үшін қандай гормондар қажет

ТТГ, Т4 бос

Ер адам 30 жаста, бойы 170 см, салмағы 105 кг, кеуде аймағында айқын майлардың жиналуы, иықтары мен сандарының ішкі беткейінде қызыл-қоңыр стриялар бар; бетінде және арқасында көптеген вульгарлы безеулер. АҚ 150/90 – 165/110 мм сын.бағ. деңгейінде тұрақты жоғарылаған. Кортизол деңгейі 1050 нмоль/л (қалыпты 101-535 нмоль/л). Ашқарындағы гликемия 12 ммоль/л, зәрдегі қант 1%, зәрдің ацетонға реакциясы теріс. Қантты диабеттің типін анықтаңыз

стероидты

Гипотиреозы бар қарт адамда 2-ші функционалды кластыстенокардия қосарланғанда жүргізілетін емду қағидасын таңдаңыз

L-тироксиннің аз мөлшерінен бастау

Науқаста қалқанша безінің 2-ші дәрежеге дейін жоғарылауы анықталды. УДЗ: құрылымы беркелкі емес, эхогенділігі өзгерген, оң бөлігінде шеттері анық емес «халосыз» құрылымы біркелкі емес ошақтық түзіліс бар. Оң жақтық лимфоаденопатия. Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін