ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 1039

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Rp.: Pastae Zinci-salicylatae 25,0

D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
Суппозиторийлер-Suppositoria

(Суппозиторий-Nom.sing.Suppositorium Acc.sing.

Suppositorium Acc.pl.Suppositoria)

Суппозиторийлер- бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын қуыстарға енгізуге арналған мөлшерге бөлінген жұмсақ дәрілік түр.

Суппозиторийлер тік ішекке (ректальды) – suppositoria rectalia, қынапқа арналған (вагинальды) – suppositoria vaginalia және таяқшалар – bacilli деп ажыратылады. Тік ішекке арналған суппозиторийлер жергілікті және резорбтивті әсер етеді. Суппозиторийлердің ұшы үшкір, пішіні конус немесе цилиндр тәріздес, салмағы 1,1-4,0 дейін болады. Қынапты суппозиторийлер жергілікті әсер етіп, салмағы 1,5-6,0 дейін болады. Суппозиторийлердің пішіні шар тәріздес, тұқым тәріздес немесе ұшы дөңгелек тығыз болып келеді. Суппозиторийлердің негізі ретінде какао майы пайдалынады. Өндірісте суппозиторийлер дайындалатын негіз ретінде желатин-глицеринді және сабынды-глицеринді негіздер кеңінен пайдалынады. Қазіргі таңда суппозиторийлер фармацевтикалық өндірістерде дайын түрінде шығарылады.

Фармацевтикалық өндірістерде шығарылатын суппозиторийлерге, басқа да официнальды дәрілік түрлер сияқты рецепте дәрілік түрдің аты атау септігінің жекеше түрінде (Suppositorium Nom.sing.) cum (менен) етістігінен соң, табыс септігінің жекеше түрінде дәрілік заттың аты (Abl.sing.) оның мөлшері жазылады. Жазылымда D.t.d. N. … мен сигнатурасы көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

Құрамында 0,2 ихтиолы (Ichtyolum) бар 10 официнальды тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. 1 суппозиторийден таңертең және түнге белгілеңіз.

Rp.: Suppositorium cum Ichtyolo 0,2

D.t.d. N. 10

S. 1 суппозиторийден таңертең және түнде.

Кей жағдайда күрделі құрамды суппозиторийлер коммерциялық атауға ие, Мысалы, «Анузол», «Бетиол» және т.б. суппозиторийлер. Бұл суппозиторийлерге жазылым дәрілік түрдің аты табыс септігінің көпше түрінде (Abl.pl.Suppositoria) көрсетіліп суппозиторийдің (Nom.sing) аты оның санымен шектеледі. Мұндай рецепте дәрілік заттың мөлшері көрсетілмейді.

Рецепт үлгісі

«Бетиолдың» (“Bethiolum”) 10 суппозиторийіне жазыңыз. 1суппозиторийден күніне 2 рет белгілеңіз.

Rp.: Suppositoria “Bethiolum” N.10

D.S. 1 суппозиторийден күніне 2 рет
Тік ішек пен қынапты суппозиторийлерге рецепт жазғанда барлық ингредиенттердің атауы мен мөлшері жазылады. Рецепте негіздің мөлшері көрсетілмейді. Мұндай жағдайда форма түзгіш заттың аты, ал оның мөлшерінің орнына
q.s (quantim satis – қажетті мөлшерде) деп жазылады.

Рецепт үлгісі

Құрамында 0,02 промедолы (Promedolum) бар 6 тік ішек суппозиторийіне жазыңыз. Ауырсынуда 1 суппозиторийлерден белгілеңіз.

Rp.: Promedoli 0,02

Olei Cacao q.s.

M.f.suppositorim rectale

D.t.d. N.6

S. Ауырсынуда 1 суппозиторийден
Жапсырмалар-Emplastra
(Жапсырма-Nom.sing. Emplastrum, Gen.sing.Emplastri)

Жапсырмалар (пластыр – теріге тартатын жабысқақ таңғыш) – дене температурасында жұмсарып, теріге жабысу қасиеті бар жұқа қабатты майысқақ масса. Агрегаттық күйіне қарай қатты және сұйық жапсырмалар деп ажыратылады. Қатты жапсырмалар бөлме температурасында консистенциясы тығыз, ал дене температурасында жұмсарады. Сұйық жапсырмалар (тері желімі) теріде еріткіш буланғаннан соң пленка түзетін ұшқыш сұйықтықтар.

Медициналық тәжірибеде қолданылатын жапсырмалар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Жапсырмалар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.


Рецепт үлгісі

Жай қорғасын жапсырмасының (Emplastrum Plumbi simplex) 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.

Rp.: Emplastri Plumbi simplicis 50,0

D.S. Терінің зақымдалған жеріне жылытып, дәкемен қою үшін.
3. Сұйық дәрілік түрлер

Сұйық дәрілік түрлерге: ерітінділер, шырыштар, эмульсиялар, суспензиялар, тұнба мен қайнатпалар, тұндырмалар, сығындылар, микстуралар және линименттер жатады.
Ерітінділер – Solutiones

(Ерітінді – Nom.sing. Solutio, Gen.sing.Solutionis)

Ерітінді деп қатты дәрілік затты еріту немесе сұйық дәрілік затты еріткішпен араластыру жолымен алынатын сұйық дәрілік түрді айтамыз. Ерітінді дәрілік зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш ретінде жиі дистилденген су (Aqua destillata), кейде 70%, 90%, 95% этил спирті (Spiritus aethylicus 70%, 90%, 95%), глицерин (Glycerinum) мен сұйық майлар: вазелин, зәйтүн, шабдалы (Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum) майлары пайдаланылады. Осыған сәйкес сулы, спиртті, глицеринді және майлы ерітінділер болып ажыратылады. Нағыз ерітінділер әр уақытта мөлдір, әрі майда бөлшектер мен тұнбалардан тазартылған, мөлдір болуы тиіс. Ерітінділер сыртқы тәнге және ішу үшін, сонымен қатар егу (инъекцияға) үшін де қолданылады.
Сыртқы тәнге арналған ерітінділер

Сыртқы тәнге арналған ерітінділерге шаюға, жууға арналған ерітінділер көз, құлақ, және мұрын тамшылары жатады. Тамшыларды 5-10 мл түрінде, ал басқа мақсатта қолданылатын ерітінділер 50-100 мл түрінде дайындайды.

Ерітінділер рецепте қысқартылған және толық түрінде жазылады. Өндіріс жағдайында немесе дәріхана жағдайында еріткіш ретінде сулы, майлы және спиртті ерітінді қолданылып, рецепте қысқартылған түрі қолданылады.

Сулы ерітінділерге рецепт жазуда Rp.: (Ал:) белгілеуінен соң дәрілік түрдің атауын ілік септігінің жекеше түрінде – Solutionis (ерітіндісінен), дәрілік заттың атауы (ілік септігінің жекеше түрінде, бас әріппен қысқартылусыз), ерітіндінің концентрациясы мен (сызықша арқылы) мөлшері (миллилитр немесе грамда) жазылады. Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) көрсетіледі.

Ерітіндінің концентрациясын қысқартылған жазылымда үш әдіспен белгілеуге болады:

1.Пайыз бойынша (%);

2. Қатынасы бойынша (1:1500);

3. Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде (0,6-200мл);
Рецепт үлгісі

0,02% фурацилиннің (Feracilinum) сулы ерітіндісінің 500мл жазыңыз.

Жараны жуу үшін белгілеңіз.

Пайызбен көрсетілген ерітіндінің концентрациясы

Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml

D.S. Жараны жуу үшін
Салмақ-көлемдік қатынасы түрінде ерітіндінің концентрациясы


Rp.: Solutionis Furacilini 0,02%-500ml

D.S. Жараны жуу үшін
Майлы немесе спиртті ерітінділерге рецепт жазуда дәрілік түрдің атауы (Solutionis), ілік септігінде дәрілік заттың атынан соң oleosae (майлы) немесе spirituosae (спиртті) деп көрсетіліп, концентрациясы мен ерітіндінің мөлшері көрсетіледі. Соңынан D.S. көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

1. 100 мл 10% камфораның (Camphora) майлы ерітіндісіне жазыңыз. Буын аймағын сүрту үшін белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Camphorae oleosae 10%-100ml

D.S.Буын аймағына сүрту үшін.
2. 50мл 1% бриллиантты жасылдың (Viride nitens) спиртті ерітіндісіне жазыңыз. Терінің зақымдалғанаймағын сүрту үшін белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Viridis nitentis spirituosae 1%-100ml

D.S.Терінің зақымдалған аймағын сүрту үшін.
Ерітінді дайындау барысында қандай да бір сұйық май немесе спирттің белгілі концентрациясын еріткіш ретінде қолданғанда жазылымның толық түрінде жазылады. Ол кезде еритін зат, оның мөлшері бөлек жазылып, ал келесі қатарда еріткіш және оның мөлшері көрсетіледі. Соңынан M.D.S. (Misce. Da. Signa. –Араластыр. Босат. Белгіле.) деп жазылады.

Рецепт үлгісі

50 мл вазелин майында дайындалған 10% анестезин (Anaesthesinum) ерітіндісіне жазыңыз.

Есептеу: 10,0-100мл

Х – 50мл

Х=500/100=5,0

Rp.: Anaesthesini 5,0

Olei Vaselini ad 50 ml

M.D.S.Жара бетіне жағуға.

“ad” – «дейін» деген мағына береді. Ол жазылымның толық түрінде жазылып, ерітілетін дәрілік затқа еріткішті ерітіндінің жалпы мөлшеріне дейін қосылатынын көрсетеді.

Көз тамшылары ретінде (Guttae ophthalmicae) дәрілік заттың сулы немесе майлы ерітінділері пайдаланылады. Бұл дәрілерге рецепт сыртқы тәнге арналған ерітінділерге рецепт жазу ережелеріне ұқсас жазылады. Конъюнктиваға 1-2 тамшыдан тамызу үшін белгіленеді.

Официнальды ерітінділердің концентрациялары көрсетілмей (тек ерітіндінің атауы мен оның мөлшері көрсетіледі) жазылады.

Рецепт үлгісі

100 мл сутегі асқын тотығының официнальды ерітіндісіне (Solutio Hydrogenii peroxydi dilutae) жазыңыз. Шаю үшін (1 стакан суға 1 ас қасық ерітінді) белгілеңіз.

Rp.: Solutionis Hydrogenii pexoxydi dilutae 100 ml

D.S. 1 ас қасығын 1 стакан суда ерітіп, шаю үшін
Ішуге арналған ерітінділер

Ішуге арналған ерітінділерді 5-15 мл мөлшерінде (мөлшерленген стаканмен немесе шай, орта, ас қасықпен) сондай-ақ тамшы түрінде белгілеп, қолданар алдында су немесе сүтпен (майлы ерітінділер) араластырып тағайындайды.

1 шай қасықта 5мл, 1 орта қасығында – 10мл, ал 1 ас қасықта 15 мл сулы ерітінді болады. 1 мл сулы ерітінді 20 тамшыға тең.


Ерітіндіге рецепт жазғанда дәрілік заттың жалпы мөлшерін немесе концентрациясын, ерітіндінің жалпы көлемін және мөлшерлеу (қасық, тамшы және т.б.) әдісін білу керек.
Рецепт жазу үшін 1) Ерітіндінің концентрациясын

2) Ерітіндінің жалпы мөлшерлерін анықтау қажет
Рецепт үлгісі

1. Бір реттік мөлшері 1,0 кальций хлоридінің (Calcii chloridum) ерітіндісін 12 рет ішуге жазыңыз. Ас қасықпен (15 мл) 4 күн бойына күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.

Жазылымның қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis Calcii chloride 12.0-180ml

Жазылымның толық түрі:

Есептеу: 1,0 х 12,0=12,0

15 ml х 12=180ml

Rp.: Solutionis Calcii chloride 12.0

Aquae destillatae ad 180 ml

Misce. Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет
Рецепт үлгісі

2. Мөлшері 0,001 атропин сульфаты (Atropini sulfas) ерітіндісін 20 рет қабылдау үшін 10 тамшыдан күніне 3 рет ішу үшін белгілеңіз.

Жазылымның қысқартылған түрі:

Rp.: Solutionis Atropini sulfatis 0.02%-10 ml

D.S.10 тамшыдан күніне 3 рет

Жазылымның толық түрі:

Есептеу: 0,001 х 20=0,02

10 тамшы х 20=200 тамшы

1 мл-20 тамшы

Х-200 тамшы

Х-200х1/20=10 мл

Rp.: Atropini sulfatis 0,02

Aquae destillatae 10 ml

Misce. Da. Signa. 10 тамшыдан күніне 4 рет ішуге.
Шырыштар – Mucilagines

(Шырыш – Nom. sing. Mucilago, Gen.sing Mucilaginis)

Шырыштар – жабысқақ әсері бар, тұтқыр сұйықтық болып табылатын жоғарғы молекулалық қосылысты ерітінділерге жатады.

Шырыштар өсімдік текті кілегейлі заттарды еріту жолымен (мысалы, шайырлар) немесе өсімдік шикізаттарынан (зығыр тұқымының шырышы, жалбызтікен тамырынан алынған шырыш) кілегейлі заттарды тұндыру тәсілімен алынатын сұйық дәрілік түр. Көбінесе шабдалы шайырының шырышы (Mucilago Gummi Armeniacae), аравий шайыры (Mucilago Gummi arabici), жалбызтікен тамырының шырышы (Mucilago radicis Althaeae) және крахмал шырышы (Mucilago Amyli) қолданылады.

Барлық шырыштар официнальд, сондықтан жазылымда шырыш атауы мен оның мөлшері көрсетіледі.

Рецепт үлгісі

Құрамы 1,5 хлоралгидраттан (Chloralum hydratum) және 50 мл крахмал шырышы (Mucilago Amyli) мен судан бірдей мөлшеріндегі микстураға жазыңыз. Бір реттік клизмаға белгілеңіз.

Rp.: Chlorali hydrate 1,5

Mucilaginis Amyli

Aquae destillatae āā 25 ml

M.D.S. Бір реттік клизма үшін.

Шырыштар тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттармен бірге бырыстырғыш дәрілік зат ретінде қолданылады. Шырыштармен бірге спиртті препараттарды, қышқылдар мен сілтілерді белгілеуге болмайды, себебі олар шырыштың тұтқырлығын өзгертуі мүмкін.