Файл: 1 билет 1 Геоэкологияны рылымы мен ылыми мазмны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 290

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ІІ Өлшеу жүргізу

1.КФК-2 аспабында зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығын анықтаңдар η=-536нм Кювета =50мм

2.Алынған мәліметтерді дәптерге жазыңдар.

Қорытынды.

3 Экологиялық ақпарат.

Жоспар:

1. Экологиялық ақпарат түсінігі.

2. Экологиялық ақпараттың түрлері.

1. Түсініктің анықтамасы Орхусс конвенциясының №2 бабының 3 тармағында беріледі және ақпараттың келесі түрлерін қамтиды: қоршаған ортаның жағдайы туралы, соның ішінде оның жеке элементтері туралы (ландшафттар, табиғи объектілер, ауа, су және т.б.) және олардың өзара әрекеттесуі туралы, қоршаған ортаға ықпал ету факторлары туралы, заңнаманың саясатын қоса алғанда, қоршаған ортаға ықпал етуге қабілетті шаралар мен әрекеттер туралы, адамдар денсаулығы мен қауіпсіздігінің жағдайы туралы; экологиялық факторлардың ықпал етуіне байланысты мәдениет объектілері мен ғимараттары туралы. Экологиялық ақпарат жағдайында оның мазмұны ғана емес, көрсету формасы да маңызға ие. Бұл қағазға басылған құжаттар мен компьютерлік файлдар, сонымен қатар фотографиялар, иллюстрациялар, бейне- және аудиожазбалар және ақпараттың өзге материалдың формалары болуы мүмкін. Кез келген жеке және заңды тұлғалар экологиялық ақпаратқа рұқсат алу құқығына ие. Сонымен қатар ақпараттық сұраулар бір тұлғаның атынан (индивидуалды) да, бірнеше тұлғаның атынан (ұжымдық) да жолдануы мүмкін. Жеке тұлғалар ҚР азаматтығы болуына, белгілі бір аймақта немесе елді мекенде тұруына тәуелсіз экоақпарат сұратуға құқылы. Іс жүзінде экоақпаратты белсенді сұраушылар ретінде көбінесе табиғатты қорғаудың қоғамдық ұйымдар болады. Экоақпаратты қоғамдық сұрауға жауап максималды қысқа мерзімде берілу керек. Заңнама түрлі жағдайлар үшін экоақпаратты ұсынудың шекті мерзімдерін бекітеді.

2. Экоақпараттың келесі түрлері болады:

-төтенше

-оперативтік

-режимдік.

Мұндай жіктеменің басты принципі – ақпараттың жеделдігі мен сұрауды орындау уақыты. Төтенше ақпарат төтенше жағдаят туындағанда беріледі, мысалы, ластаушы заттарды дүркін шығарылуы кезінде. Ақпарат шекті жедел мерзімдерде жиналу керек, өйткені жағымсыз ықпалдан халықты қорғау бойынша шаралар осыған тәуелді. Оперативтік ақпарат та өте қысқа мерзімде жиналады, мысалы, тиісті ұйымдардың кәсіпорындарды тексеруі кезінде. Сонымен қатар құжаттама үшін бүкіл жауапкершілік осы кәсіпорынның жетекшісі мен инженер-экологына жүктеледі. Режимдік ақпаратты есеп түрінде кез келген кәсіпорынның экологтары кварталына бір рет тапсырылады. Есеп өндірістің ағымдағы жағдайы туралы ақпараттан тұрады. Ерте хабарландыру мониторингі бағдарламасының мақсаты – дүркін шығарындылар кезінде адам денсаулығына келтірілетін залалды, биотаның бастапқы бұзылуын болдырмау. Жабдықтар сенімді және оперативті болу керек. Талдаудың дәлдігі мен өнімділігін ескермеуге болады.



Мәліметтерді басқару шараларының 4 сатысы:

- мәліметтер бекітілу керек

- белгілі бір формаларға өзгертілу керек

- мұрағатталу керек

- зерттеудің кез келген сатысында қол жетімді болу керек.
4 Зерттелетін судағы құрғақ және тығыз қалдықты анықтау.
Билет №22

1 Атомды-абсорбциялық спектрофотометр, әрекет ету принципі, жұмыс істеу тәртібі

Жоспар:

1. Атомды-абсорбциялық спектрофотометрдің әрекет ету принципі.

2. Жұмыс істеу тәртібі.

Әрекет ету принципі.

Анықталатын элементтің сызықтық спектрін шығаратын разрядты түтікшенің жарығын зерттелетін заттың аэрозолі шашыратылған горелканың жалынынан өткізеді. Өлшенетін резонансты сызықтың орналасуына сәйкесспектр аймағын монохроматормен бөледі. Содан кейін сызықтан бөлінген сәуле фотокөбейткішке түседі. Шығарушы күшейткішпен күшейтіледі және сызықтық гальванометрмен тіркеледі. Монохроматордағы сәуленің дисперленуіне призмалар немесе дифракциялық торлар қызмет етеді. әртүрлі элементтердің автоматизациясы үшін жалын қолданылады: ауа-пропан, ауа-сутек, ауа-ацетилен, ауа- оттегі.

Жұмыс істеу тәртібі.

Шамды ашық катодпен қоректену көзіне қосады және шамның қалыпты жұмысын қамтамассыз ететін тоқ күшін орнатады. Газ бергішті ашады, жалынды жағады және оның биіктігін орнатады. Компрессорды қосады. Тазартылған су бойынша аспапты нөлге келтіреді. Содан кейін эталонды ерітінділерді талдайды, оларды жалынға концентрацияларының өсу ретімен енгізеді. Эталонды ерітінділердің концентрациясын өлшеп, концентрацияның абсорбциялылығына байланысты градуирленген график құрады. Жалынға талданатын сынаманы енгізеді, оның абсорбциялылығын өлшейді және градуирленген график арқылы анықталатын элементтің концентрациясын табады.



Блок-схема атомно-абсорбционного спектрофотометра:

1 — линейчатый источник резонансного излучения; 2 — монохроматор; 3 — детектор; 4 — усилитель; 5 — стрелочный прибор; 6 — самописец; 7 - цифропечатающее устрой¬ство; 8, 9 — ввод окислителя и топлива соответственно; 10 — распылитель; 11 = распылительная камера




1 - Газовый баллон

2 - Манометр подачи газа

3 - Компрессор

4 - Регулировка длины волны

5 - Школа длин волн

6 - Регулировка ширины щели

7 - Регулировка подачи газа

8 – Распылитель

9 – Капилляр

10- Горелка

11 - Распылительная камера

12 - Колба с анализируемым раствором

13 – Слив

16 - рукоятка чувствительности

17 – Регулировка тока

18 – Регулировка на фотоумножитель

19 – Кнопка вкл/выкл

20 – самописец
2 Суды физико- химиялық талдау әдістері.

Судың бейорганикалық компоненттерін анықтаудың негізгі әдістері- фотометриялвқ, атомды- абсорбциялық спектрометрия, жалынды- эмиссиялық спектрофометрия. Фотометриялық әдіспен анықтауда ФӘК, - КФК, СФ аспаптарын қолданады. Күнделікті қатарлы талдауларды жүргізуге визуальді колориметрия әдісі тиімді. Оның тиімділігі:

1. Далалық жағдайларда ж/е аз жабдықталған зертханаларда қолдану мүмкіндігі.

2. Несслер цилиндрінің биіктігі б/ша әлсіз боялған ер/ділердің түсінің қанықтылығын қарау.

3. Аспаптардың арзандығы мен қарапайымдылығы.

4. Кенет пайда болған әлсіз лайлануды, түсінің өзгеруін байқауға болады.

ААС ж/е АЭС АЭС ж/е ААС аспаптарында жүргізіледі. Аспаптардың сезімтал- дықтары жоғары болады.

Компоненттердің концентрациясы жоғары сулардың талдауында титрлеудің аяқталуын белгілеу үшін түсті индикаторларды қолдана отырып талдаудың титриметриялық әдісін қолданады. Арнайы аспаптардың көмегімен электрохимялық ж/е оптикалық титрлеу жүргізіледі. Титриметриялық әдістерді аниондарды анықтауда қолданады.

Гравиметриялық талдауды сирек қолданады, себебі олардың негізгі ерекшелігі калибрлік график тұрғызу керек емес.Гравиметриялық талдауды магнийді, натрийді, сульфаттарды, кремний қышқылдарын, мұнай өнімдерін, майларды анықтауда қолданады.

Тура потенциометрияны ерітіндінің «рн» мәнін анықтауда ж/е ион сұрыптаушы электрондарды қолданып көптеген иондарды (кадмий, мыс, қорғасын, күміс, иодидтер, сульфиттерді) анықтауда қолданады.

Полярографиялық талдау әдістерін түсті металлургялық өнеркәсіптің химко- аналитикалық зертханаларында мыс, никель, кобальт, цинк, висмут, кадмий, қорғасын ж/е т.б. металдарды рудаларда ж/е өнеркәсіптік қалдықтарда анықтауда қолданылады.


Судағы органикалық заттарды анықтауда хроматографиялық талдау әдістерінің барлық түрлнрін қолданады.

Нәтижелерді өңдеу және талдау.

Судың талдауын жүргізу үшін МЕМСЕ, ТУ ж/е т.б. норматифтік құжаттарға сәйкес реактивтер қажет. Олардың сақтау мерзімімен сақталу жағдайларына ерекше көңіл бөлу керек. М/ы: құрамында 1млде. 1мг элемент ион н/е т.б. заттар бар ерітінділерді 1 жыл сақтайды. 1млде. 0,1мг болса- 3 ай (егерде лайлану, тұнба, қабыршақ ж/е т.б. жағдайлар болмаса). Құрамындағы элемент мөлшері аз болса, жаңа дайындалған ер-ділерді қолданады. Стандартты ерітінділерді сүзуге болмайды. Стандартты ерітінділер дайындау үшін реактивтерді +- 0,01г дәлдікпен алады.

Ерітінділер дайындау үшін “химиялық таза” (х.ч.), “талдау үшін таза” квалификация реактифтерді қолданады.

Калибрлік графиктерді өлшеулерді 5-10 концентрациялары б/ша 3-5 серияларының нәтижесі ю/ша тұрғызады. График 3-4 айда 1 рет 5 нүктеден кем емес тексеріледі.

Аналитикалық жұмыстың дәл нәтижесін алу үшін паралель түрде нәтижелердің ұқсастығын (P, %) яғни өлшеу сапасын тексереді. Ол мына формуламен есептеледі.
3 Автоматтандырылған ақпараттық жүйені және тұрақты әрекеттегі үлгіні (ААЖ және ТӘҮ) құру.

1 Экологиялық-геологиялық мониторингтің құрылымы.

Мониторингі құру – бұу анықтамаларға негізделетін және қолданыстағы әдістемелік құралдарды қолданатын шығармашылық құрал.

Жалпы түрде экологиялық-геологиялық мониторингтің құрылымдық схемасы геологиялық орта мониторингінің схемасын қайталайды.

Негізгі бөліктері ақпарат жеткізу арналарымен өзара байланысқан бақылау блогы мен басқару блогы, сонымен бірге автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) және инженерлік қорғаныс жүйелері болып табылады.

Экологиялық-геологиялық мониторинг құрылымында негізгі жүйелер болып табылады: функционалдық, иерархиялық, мониторингтің бақылау объектілерінің жүйесі, өндірістік жұмыстардың, ғылыми-әдістемелік құралдардың және техникалық қамтамасыз ету жүйесі.

2 Экологиялық-геологиялық мониторингтің мазмұны мен функционалдық құрылымы.

Экологиялық-геологиялық бақылаулар (Н1), бақылаулардың нәтижелері бойынша жүйенің жағдайын бағалау (О1), жүйе дамуын экологиялық-геологиялық болжау (П1) және басқару (У1) циклдеріне ұйымдасқан рәсімдердің тәртіпке келтірілген жиынтығынан тұратын, мақсатқа бағытталған инженерлік-геологиялық, гидро-геологиялық және экологиялық-геологиялық әрекет жүйесі экологиялық-геологиялық мониторинг мазмұнының мәнін құрайды. Содан соң экологиялық-геологиялық бақылаулар жаңа циклде жаңа мәліметтермен толысады, жаңа уақыт аралығында циклдер қайталанады Н2, О2, П2, У2 және т.с.с.