ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 553
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КІРІСПЕЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Туризм – реформалық үрдістерге тез әрекет ететін, экономиканың тез түрленуші саласы, мемлекетте балама жеке туристік кәсіпкерліктің пайда болуына ықпал етеді. Осыған орай, туристік нарықтың монополизациялану үрдісі белең алды, себебі, өндірістердің шоғыры туристік ірі компанияларды құруға мүмкіндік берді. Әлемдік тәжірибе туристік бизнестің дамуына салынған қаражаттың мемлекетке қыруар пайда әкеліп отырғанын көрсетті. Негізгі әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде туризм заманауи жағдайларда көптеген елдің экономикасына әсер етті. Экономиканың пайдалы және аса табысты саласы бола отырып, жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, сыртқы сауда балансын белсендіруде, қосымша жұмыс күшін құруда және халықты еңбекпен қамтуда үлкен рөлге ие. Сондай-ақ, туризм экономиканың негізгі салаларына, атап айтқанда көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтыну тауарлары өндірісі және т.б. әсер етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік катализаторы болып табылады. Өз кезегінде, туризм дамуына демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, діни және саяси-құқықтық сынды түрлі факторлар әсер етеді.Қазақстандағы кәсіпкерлердің туризмге қызығушылығы келесі факторлармен анықталады: туристік бизнеске үлкен инвестициялар керек емес, ол капиталды тез айналдырады, валюталық операциялар есебінен пайда табу және республика халқының демалысын қамтамасыз ету мен денсаулығын қалпына келтіру бойынша маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу керек болғанда туризмді дамытудың ұлттық, аймақтық жобаларына мемлекет тарапынан біршама қаражат керек болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында туризмнің, әсіресе, эко және этнотуризмнің дамуына экономиканың маңызды саласы ретінде ерекше көңіл бөлуді тапсырды. [1]. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Нарықтық жағдайда туристік нарықты қалыптастыру мен дамыту мәселелерін көптеген алыс шетелдік экономист ғалымдар, атап айтқанда М.Портер, Ф.Котлер, Кифяк В.Ф., Нордин С. өз еңбектерінде қарастырған. Туристік бизнесті дамыту мәселелерін зерттеуге ресейлік ғалымдар Балабанов И.Т., Балабанов А.Т., Решетников Е.Г. және т.б. ат салысты. Туризм саласының жеке аспектілері қазақстандық ғалымдардың, атап айтқанда, С.Р.Ердавлетов, Е.С.Никитинский, Э.А.Вуколов, С.К.Сұрағанова, Г.М.Дуйсен, Н.Абуев еңбектерінде көрініс тапқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – елімізде туризм саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық аспектілердің қалыптасуы мен қызмет етуін бағалау бойынша ұсыныстар дайындау. Аталған мақсат міндеттерді қалыптастырады:
Әр қызмет көрсетудің еңбек күшін жаңадан өндірудің өзіндік әсері бар халыққа қызмет көрсетуге қойылатын міндеттерді, атап кетсек:
В.Ф.Кифяк туристік нарықты субъектілер құрамы ретінде қарастырып, нарықтардың негізгі бес түрін көрсетеді:
Дипломдық жұмыстың мақсаты – елімізде туризм саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық аспектілердің қалыптасуы мен қызмет етуін бағалау бойынша ұсыныстар дайындау. Аталған мақсат міндеттерді қалыптастырады:
-
«туризм нарығы» түсінігін нақтылау, экономикалық және әлеуметтік факторларды сипаттау;
-
өндірушілердің еркін бәсекелестігі; -
тұтынушылардың еркін таңдау мүмкіндігі; -
сапа және көрсететін қызметтер қауіпсіздігі саласы үшін бірыңғай ережелердің болуы.
-
өнім сатылатын аумақ; -
белгілі кезеңде сату көлемімен өлшенетін арнайы өнім және қызметке сұраныс; -
қоғамның экономикалық жүйесінің барлық деңгейінде, барлық қоғамдық өндіріс шеңберінде тауарлар мен ақшалай қызметтердің қозғалу механизмі.
-
тұтынушыларға туристік қызметтерді жеткізу үдерісін ұйымдастыру; -
туристік қызметтерге белгіленген ақы мен тұтынушылық ақыны іске асыру; -
клиенттердің толық мәндегі демалысы; -
еңбекке деген материалды ынталандыруды қолдау.
-
тұтынушыға ұсынудың өзіндік формасы; -
олардың айрықша функционалдылығы.
Әр қызмет көрсетудің еңбек күшін жаңадан өндірудің өзіндік әсері бар халыққа қызмет көрсетуге қойылатын міндеттерді, атап кетсек:
-
халыққа ұсынатын қызметтің көлемін ұсыну, ол кезде минималды тұтыну шығыны арқылы өндіріледі; -
рационалды және нәтижелі жұмыс күшін пайдаланатын материалдық ресурстар; -
жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың шығармашылық еңбектегі сұранысына жауап беру керек.
| Аты – жөні | Анықтамасы |
| О.А.Любицева | Туристік қызмет көрсету нарығы – саяхат уақытында халықтың қызметке сұранысын демалуын ойын-сауықпен қамтитын саласы |
| И.В.Зорин, В.А.Квартальнов | Туристік нарық - туристік-экскурциялық қызметтердің ақшаға айналуы және керсінше ақшаның туристік - экскурциялық қызметтерге қызметтердің ақшаға айналуы және керісінше ауысуының бейбіт шаруашылық жүйесі |
| Р.А.Юрик | Туристік нарық – туристік қызметті тұтынушылар (тапсырыс берушілер) мен сатушыларды (тасымалдаушылар) біріктіретін институт нмесе механизм |
| В.С.Боголюбов, В.П.Орловская | Туристік нарық – сол жерде сол уақытта арнайы физикалық туристік тауарлар мен қызметтерге сұраныс, сату мен сатып алуды біріктіретін қоғамдық - экономикалық құбылыс |
| Г.И.Гладкевич | Туристік нарық – ішінде «Туристік сұраныстар, туристік өнімді ұсыну, бағалар мен бәсекелестік арасындағы өзара байланысты» экономикалық жүйе ретінде қарастырады |
| Екерту: автор құрастырған | |
-
туристік қызметті өндірушілер нарығы; -
тұтынушылар нарығы – өзі пайдалану үшін қызметтерді сатып алатын жеке және заңды тұлғалар; -
арадағы сатушылар (турагенттер, делдалдар) – өзіне пайда әкелетін жағдайда болашақта қайта сату үшін қызметтерді қамтитын адамдар мен ұйымдардың жиынтығы; -
қоғамдық мекемелердің нарығы – әртүрлі коммерциялық емес мекемелердің қызметін қамтамасыз ету мақсатында қызметтерді сатып алушылар; -
халықаралық нарық – сатып алушылар, тұтынушылар, өндірушілер және арадағы сатушылардың жиынтығы [4].
-
ішкі туристік нарық, ол өзіне тек осы ауданның ғана тұрғындарының осы аудан бойынша сапарларын кірістіреді; -
кіру туристік нарығы, аудан бойынша осы ауданның тұрғындары болып табылмайтын адамдардың сапарлары; -
шығу туристік нарығы, аудан тұрғындарының басқа ауданға сапарлары.