Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 379
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Н. Данилевскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасы
1869 жылы жазылып біткен аты барша жұртқа танымал «Ресей және Еуропа» еңбегінің авторы жаратылыстанушы, философ, әлеуметтанушы Николай Яковлевич Данилевский пікірінше, адамзат тарихы өзіндік жеке дара мәдени-тарихи типтерден құралады және даму сатысы барлық әлемге бірегей, жаппай жүруі тиіс, ал батыс Еуропа тарихи ерекшеліктерінің бар әлемге еш қақысыз көшірілуі дұрыс емес. Мәселен, славяндық мәдени-тарихи типті дамыту және сақтау Ресейдің тарихи міндеті. Батыс Еуропа, Ресей мен славяндыққа кері көзқараста, сондықтанда славян халықтары өздерін жоюға ұмтылған батысқа қарсы күреске дайын болып, мықтап бекінуі тиіс, ол үшін славяндардың басын біріктіру қажет. Н.Я. Данилевскийдің мұндай қызықты ойы мәдени-тарихи типтер концепциясын жасаушы көптеген ғалымдардың назарына ілігіп, біршама талқылау-тартысқа түсті. Кітап автор қайтыс болғанан кейін де оның досы Н. Страховтың қадағалауымен бірнеше рет қайта басылып шықты.
Ғалым пікірінше, Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия біздің санамызда тарихи жағынан да, географиялық орналасу тұрғысынан да бір-біріне қарама-қарсы сипат алған. Үздіксіз алға жылжу мен ұдайы жетілдіруді ұстанған Батыс және Еуропа әлемнің прогестік полюсін құраса, Шығыс пен Азия – қазіргі заман адамының ашу-ызасын тудыратын тоқырау полюсін құрады. Бұл ешкімге күмән туғызбайтын тарихи-географиялық аксиомалар. Егер Батыс болмаса онда Шығыс, егер Еуропа болмаса онда Азия жоқ, демек мұнда белорта жоқ. Еуропа - Азия, Батыс - Шығыс деген болмайды. Тіпті егер бұлар болған жағдайда ақылға сыйымсыз болар еді. Тоқырау мен жанасудың әрбір қосындысы өзімен бірге зияндылық пен өлімді алып келеді. Біз санамыздағы прогресивтіліктен, еуропалықтан, адамзаттық өркениеттен еш құтыла алмаймыз, прогресс біз үшін өлімнен де артық жеккөрінішті, өмірден де артық құнды, тіпті одан тыс өркениеттің болуы мүмкін емес, себебі одан тыс прогресс жоқ, олай болса, біз, біздің өлкені Еуропалық деп қалай ашық айта аламыз.
Өз еңбегінде Н.Я. Данилевский «Ресей Еуропаға кіреді ме»? деген сауалға: Қалай ыңғайлы, мүмкін кірер, мүмкін кірмес, мүмкін белгілі бір бөлігі кірер және оның қанашалықты кіретіні әркімнің өз тілегіне байланысты. Шын мәнінде ешқандайда Еуропа жоқ, тек алғашқыда басқа азиялық жартыаралдардан ерекше айрықшаланатын, ал аяғында ақырындап сырғып бөлініп бара жатқан Азияның батыс жартыаралы ғана бар – деп жауап берген болатын [35, 86 б.]. Сонда «Еуропа» сөзінің ешқандай мән-мағынасы жоқ жәй ғана дыбыс болғаны ғой? Әрине жоқ! Бірақ оның мағынасы географиялық емес, мәдени-тарихи жағынан барынша толық және оның Еуропаға кіруі немесе кірмеуі туралы сұраққа географияның еш қатысы жоқ. Олай болса мәдени-тарихи мәндегі Еуропа деген не? Бұған жауап өте анық әрі жағымды. Еуропа герман-романдық өркениеттің қалдығы немесе метафоралық түрде айтар болсақ, Еуропа дегеніміз герман-романдық өркениеттің нақ өзі. Ғалым осылайша Еуропаның шығу тегін талдап айтып беруге тырысады және көптеген айғақтар мен мысалдар келтіре отырып, өз ойын дәлелдеп шығады. Мысалы, Фалестің философиясы, Геродоттың тарихы, Гиппократтың медицинасы, сонымен қатар, мүсін өнері, лирика, поэзия және тағы да басқа салалар кіші азия жағалауында пайда болған эллиндік өркениет жемістері. Демек, ежелгі эллиндік мәдениет өз дамуында Азия, Еуропа және Африка атты әлемнің үш бөлігін аралап өтті, яғни тек ғана Еуропаның маңызын құраған жоқ. Ол Еуропада басталмады және аяқталмады. Қай кезде Еуропа өркениеті шығармашылық күшке толы апогея дәуіріне сай келеді және жоғалып кеткен Үнді, Грек, Рим өркениеттерінің қайсысы олардың барынша көп қор жинаған дәуірінің нәтижесі болып отыр? Аналогияның таңқалдырғаны сонша, бұған жауап бермеу қиын, ХVІ және ХVІІ ғасырға бірінші не сәйкес, бұл турасында Петр шіркеуі пайда болған сәтте былай жазылды: Рафаель, Микеланджело және Кореджио, Шекспир өздерінің драмаларын жазды, Кеплер, Галилей, Бэкон және Декарт жаңаша ойлау негізін салды, сонымен бірге ғылыми зерттеудің жаңа тәсілін ойлап тапты, ал екінші – теоретикалық және практикалық нәтижелерге толы - ХІХ ғасыр. Бірінші дәуірге өзіндік таза еуропалық өнер мен еуропалық ғылым жинақталды, сондықтан келесі уақытта ол тек сол жол арқылы ғана дамуды жалғастырды. Жеміс дегеніміз күз айының басында берілетін байлық, ал түс, көктем соңының беретін берімі. Дәл осылай қалыптасқан өсімдік ұрығы таңқалдырар әсем бейнемен қанық бояулы жылтыр түс беріп, белгілі бір қабықта пайда болады, ал жаңа философия мен ғылыми ой ұрығы да дәл осындай поэзияның бар кереметімен өнердің бар асылымен айнала қоршалады. Гүлдену кезеңі өсімдік өміріндегі ең соңғы жаңа сәті, сондықтанда ол келесі бір өмір жарқылының ізін білдіретін өсу күші шығармашылығының ең жоғарғы мезеті болып есептелінеді. Ол басты сіңіргіш мүшелер және жапырақ тәрізді солып қалғаннан кейін жалғасады; кейде байланып әрі қалыптасқан жерінде, тіпті жемістің өзі өсімдіктен жұлынып қалғаннан кейінде жалғасады; кейде арнайы сақтау бөлмесінде де жалғасады. Осылайша қоғамдық күш шығармашылығының ең жоғарғы сәті, ары қарайғы бар мәдени дамудың мазмұнына қызмет етер сол идеяның нақты пайда болу кезін, сол уақытты мойындауы тиіс. Бұл қозғалыс, бұл серпіліс нәтижесінің әлі де болса өсуі мүмкін және ол өзімен бірге бар байлығын, өркениеттер жемісін береді, бірақ оны пайда болғызып және жетекші еткен күш әлсіреп, өзінің құлдырау шағына қарай ауысады. Өз циклін аяқтаған барлық пайда болған өркениеттердегі ақырындап дамудың көптеген түрлері осындай сипатта, оның қалай қарай жүруі бізге азды-көпті танымал. Егер Еуропаның мәдени-тарихи типі осындай жалпы сипаттамадан нақты өзгертілмейтін мәмілеге келу керек болса, онда сол өзгертілмейтін жалғыз нұсқаның себебін көрсету керек, ал біз оны мойындайын десек, көре алмаймыз. Дегенмен келесі жайтты көзден таса қылмау керек: Римнің мәдени типі бір мемлекетте өмір сүре отырып, өте қарапайым болды. Ең қиыны Грек типі, ал мұндай әртүрлі кезеңдердегі қиыншылықтар соңы оның даму барысында тіпті бірдей болуы мүмкін емес. Ал тек өзінің тәтті естеліктерімен тіршілік етіп жатқан Афинада өмір оты сөне бастаған кезде, Ахей мен Этолий одақтары біраз уақытқа дейін грек бастамасының өміршеңдігін әлі де болса сақтаған еді. Оданда толық әрі ұзақ сақталыну процесі Александр колониясы мен кейінірек Царьградта болды. Екі негізді еуропалық тип одан да күрделірек, сондықтанда ол табиғи, оны құрайтын қандайда бір халықтардың даму жолы қолайсыз жағдайларға байланысты тоқтап қалды, олай болса, бұл халықта шығармашылық бастаманың жоғары дамуы мен оның нәтижелері өзге халықтармен салыстырғанда кешірек пайда болады. Мысалы, Реформация кезінде бастау алған жоғары мәдениет дамуының тоқтауына басты себеп болған отызжылдық қаңыратқан қанды соғыс Германияның басынан өткен еді. Сондықтанда өткен жүз жылдықтың жартысында енді ғана басталған Германиядағы жоғарғы поэтикалық шығармашылық дәуірі, оның ізін қуған өзіндік-германдық философиялық ой мен ХІХ ғасырдың алғашқы ағымында бірінші орынды иеленген ғылымның дұрыс дамуы еуропалық өркениеттің жалпы жүру жолына айтылған жоғарыдағы көзқарасқа қайшы болып есептелінбейді, демек оның шығармашылықты жасаушы күштері шамамен бір жарым немесе екі жүз жыл бұрын нақты өзінің сара жолына түсті. Олай болса, жеміс беру уақыты басталды.
Өз ойын қорытындылай келе, Н.Я. Данилевский тарихи дамудың бірнеше жалпы тұжырымдарын бес заңға негіздейді. 1 заң. Ешқандай терең филологиялық ізденісті тудырмайтын, шығу тектерінің тікелей қатынасы сезіліп тұруы үшін барынша өзара жақын, жеке тілі немесе тілдер тобымен сипатталатын кез-келген тайпа немесе халық қауымдастығы, егер ол өзінің рухани жатырынан тарихи дамуға қабілетті және балалық шақ уақытынан өткен болса, онда өзіндік мәдени-тарихи тип құрады. 2 заң. Өркениеттілік өзіндік мәдени-тарихи типке тән және халық өзіне тиесілі саяси тәуелсіздікті пайдалану үшін пайда болуға және дамуға қабілетті. 3 заң. Бір мәдени-тарихи типтің өркениеттік бастауы басқа типті халыққа берілмейді. Әрбір тип өзі тіршілік кешіп отырған немесе қазіргі заманғы өркениеттің, яғни бөгденің әсерін азды-көпті ала отырып, өзі үшін өзіне жасайды.
- 1 2 3 4 5 6 7 8 9
О. Шпенглердің мәдениет тарихы
Локалды өркениеттің мәдени-тарихи типі туралы идеяны 1869 жылдың өзінде-ақ орыс тарихшысы Н.Я. Данилевский ұсынған болатын; бұл идея дами түсіп, 1918 жылы О. Шпенглердің «Еуропаның батуы» атты кітабында жарияланды. Ағылшын тарихшысы Арнольд Тойнби 12 томдық «Тарихты зерттеу» атты еңбегінде үш ұрпақтың локалды өркениет айналымы және олардың циклдік динамикасы туралы ойды барынша толықтырды. «Аннал» француздық тарихи мектебінің басшылығындағы Марк Блок пен Люсьен Февр және осы мектептің ең көрнекті өкілі Фернан Бродель қоғам тарихындағы циклдердің сан алуан түрлерін зерттеуге қомақты үлес қосты. Адамзат тарихындағы үш толқын - аграрлық, индустриалды және постиндустриалды - идеясын американдық футуролог Олвин Тоффлер негіздеді. Тарихи цикл зерттелімі бойынша орыс зерттеушілері арасынан Л.Н. Гумилев пен жалпытарихи процестің сегіз фазалы концепциясымен қазіргі заманғы тарихшы И.М. Дьяконовты ерекше атап өту керек.
С.А. Вайгачев пікіріне сүйенсек, қазіргі заманғы философия мен әлеуметтануда Н.Я. Данилевскийдің аты О. Шпенглер, А. Тойнби, Ф. Нортроп, А. Шубарт, П.А. Сорокин сынды ойшылдардың қатарында [46, 54 б.]. Бірнеше еуропалық тілге аударылған «Ресей және Еуропа» еңбегінің авторына, батыс Еуропа мен Американың ең жоғарғы ғылыми шығарылымдарында көптеген мақалалар арналып жазылды. 1964 жылы Н.Я. Данилевскийдің өркениетті салыстырмалы түрде талқылаудың халықаралық қоғамына қосқан үлесі бағаланды, есесіне ғалым мұрасының тағдыры өз отанында құрметке ие болмады. 1895 жылдан бері Н.Я. Данилевскийдің осы атақты кітабы мен басқа да еңбектері Ресейде бір ретте қайта басылып шықпады, ал оның аты ұмытылуға айналды. Біздің пікірімізше ғалымның түпкі ойы, мақсаты дұрыс, бірақ еңбектің жазылу барысында ол нигилизмге, ұлтшылдыққа, ұлтжандылыққа көптеп салынып отырады, сондықтанда кітаптың кейбір тұстарындағы ұлттық нигилизмге тән ойлар В. Соловьев ойымен сәйкес келіп қалады. Ол адамзат өркениетінің тағдырын үш әлемдік күш анықтайды, олар: Шығыс, Батыс және славяндық әлем – деген болатын. Оған қоса ғалым алғашқы екеуін әлсіз, құлдырауға ұшыраған деп есептеп, үшінші, яғни славяндық әлем оларға күш беріп, жаңартып отырады, бұл тек ғана славяндық және орыс халқы ғана болмақ – деген ойларын білдірген еді. Өркениеттің алғашқы ошақтарын анықтап оларды жіктеу теориясы жоғарыда талданған А. Тойнби, О. Шпенглер, Н.Я. Данилевский және т.б. ғалымдардың еңбектері арқылы жақсы таныс.
Шпенглердің циклдік тұжырымдамасы "Еуропаның іңірі" атты кітабында тұжырымдалды (1920). Циклдік тұжырымға:
-
тарихтың үздіксіздігі ретінде қоғамдық прогресті жоққа шығару; -
мәдениет пен өркениеттің қарсы тұруы;
өркениеттік прогресті қалыпқа сай түсінуден бас тарту және Батыстың кері кетіп, азғындағанын мойындау. Шпенглер бойынша, мәдениет деп ағзаға ұқсас (онда да сол өмірлік кезеңдерді өткереді: балалық, жастық, ақыл тоқтату, қарттық) тарихи-мәдени тұтастық түсініледі. Мәдениеттердің әрқайсысының әр нәрседен - тілден, өнерден, мемлекеттен, ғылымнан және т.б. көрініс табатын өз жаны болады. Шпенглер 8 дамыған, гүлденудің шегіне жеткен мәдениетті анықтады: антикалық (аполлондық), арабтық (сиқырлы), египеттік, вавилондық, үнді, қытай, мексикалық және еуропалық (фаусттық). Мәдениеттен өркениетке өту ежелгі дәуірде б.д.д. IV ғ. болды, ал оның құлдырап, жойылуы Рим дәуіріне сәйкес келеді. Еуропа өркениет сатысына XIX ғ. өтті, Шпенглердің пікірінше, оның құлдырауы 2000 ж. шамасына сай келеді. Шпенглердің идеялары қазіргі жаһандану процестерін зерттеуде ерекше өзекті болып отыр.
-
А. Тойнбидің өркениеттік қатынасы
Тойнби дүниежүзілік тарихты туылудан өлімге дейін бірдей фазалардан өтетін шартты ерекшеленетін өркениеттердің жүйесі деп қарастырды. Оның айтуынша, өркениет - ол екі критерий бойынша қаралатын тұйық қоғам:[1] 1) дін 2) діннің ұйымдастыру формалары.
Тойнби 21 өркениетті қарастырды:
1. египеттік
2. андтық
3. ежелгі қытайлық
4. минойлық
5. шумерлік
6. майяндық
7. сирийлік
8. индтік
9. хеттік
10. эллиндік
11. батыстық
12. қиыр шығыстық (Корея және Жапония)
13. православтық христиандық (негізгі) (Византияда және Балканда)
14. православтық христиандық Ресейде
15. қиыр шығыстық (негізгі)
16. ирандық
17. арабтық
18. индуисттық
19. мексикандық
20. юкатандық
21. вавилондық
Осыларға қоса, Тойнби туылмаған өркениеттерді (қиыр батыстық христиандық, қиыршығыстық христиандық, скандинавтық, туылмаған сирийлік) қарастырады.
гіз өркениет болған. Олар Египеттік, үнділік, вавилондық, қытайлық, грек-римдік, византия-арабтық, батысевропалық, майя мәдениеті. Ғалымның пікірінше батыссібірлік өркениет қалыптасу сатысында. Атақты ағылшын әлеуметтанушысы А. Тойнби өзінің «Постижение истории» атты еңбегінде әлемде 21 өркениет болғанын пайымдайды. Ғалымның айтуынша эллиндік, батыс, египеттік, шумерлік, минойлық, үнділік, хеттік, қиыршығыстық (корея мен жапондық), правословиялық (альпілік және ортатеңіздік), православиялық (ресейлік), ирандық, вавилондық, сириялық, арабтық, индустық, қытайлық, қиыршығыстық, андылық, майялық, юкатандық, мексикандық өркениеттер. А. Тойнби өркениеттің генезисіне үңіліп, египеттік өркениет біздің жыл санауымыздан 4000 жыл бұрын пайда болды, ал шумерлік – 3000 жыл бұрын десе, қытайлық өркениет б.ж.с. 1000 жыл бұрын, орыс-христиандық біздің жыл санауымыз бойынша 1- мыңжылдықта пайда болды деп болжамдайды.
А.Тойнби өркениет атауын табиғи ортамен байланыстырады. Оның пікірінше, египет пен шумерлік, үнділік өркениет - өзендік, андылық, хеттік, мексикандық өркениет – таулық, минойлық, эллиндік, қиыршығыстық (жапония)- архипилагтық, ал қытайлық, мүмкін үнділік, православиялық-христиандық (ресей) – континентальдық, ал Майя мәдениеті – ормандық ормандық өркениет болды деп санайды [51, 7-16 б.].
-
Д. Белл мен Э.Тоффлердің өокениеттік дамудың толқындық тұжырымдамасы.
Элвин Тоффлер (ағыл. Alvin Toffler; 4 қазан 1928 ж., Нью-Йорк, АҚШ – 27.06.2016, Лос-Анджелес, АҚШ) — американдық философ, әлеуметтанушы және футуролог, постиндустриалдық қоғам тұжырымдамасы авторларының бірі.
Тоффлердің негізгі жұмыстарында диссертация орындалады:
Адамзат жаңа технологиялық революцияға (супериндустриалды) өтуде. Бірінші толқын (аграрлық қоғам) және екінші (индустриалды қоғам) жаңасымен ауыстырылып, ақпараттық немесе постиндустриалды қоғам құруға әкеледі.
-
С. Хантингтон шығармаларындағы өокениеттер идеясының қақтығысуы
Хантингтон қырғи-қабақ соғыстан кейінгі жаһандық қақтығыстардың тенденциялары осы өркениеттік бөліністерде барған сайын артып келе жатқанын айтады. Югославия ыдырағаннан кейін, Шешенстанда және Үндістан мен Пәкістан арасындағы соғыстар өркениетаралық қақтығыстың дәлелі деп аталды. Ол сондай-ақ Батыстың құндылықтары мен саяси жүйелерінің әмбебаптығына Батыстың кең таралған сенімі аңғал және демократияландыруға деген тұрақты ұмтылыс пен мұндай «әмбебап» нормалар басқа өркениеттерге одан әрі қарсылық тудыратынын дәлелдейді.
Хантингтон Батыс халықаралық жүйені құрып, өз заңдарын жазып, оған Біріккен Ұлттар Ұйымы түрінде мән бергендіктен, мұны қабылдағысы келмейді деп санайды.
Хантингтон экономикалық, әскери және саяси биліктің Батыстан әлемнің басқа өркениеттеріне үлкен ауысуын анықтайды, бұл ол екі «жалған өркениет» Син және Ислам деп анықтайтын нәрсеге барынша сәйкес келеді.
Хантингтон ислам өркениеті жаппай халық жарылысын бастан өткерді, бұл ислам шекарасында да, оның ішінде де тұрақсыздықты тудырды, мұнда фундаменталистік қозғалыстар танымал бола бастады. Оның «исламдық ренессанс» деп атаған көріністеріне 1979 жылғы Иран революциясы мен Парсы шығанағындағы бірінші соғыс жатады. Хантингтонның «Халықаралық қатынастар» журналындағы мақаласындағы ең даулы мәлімдемесі «Исламда қанды шекаралар бар» деген сөз болса керек.