Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 565
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз. А мәтінін жұбымен іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз. Мәтінге ауызша коментарий жасаңыз.
[10]
1. Оқылым стратегияларын қолдану: коментарий жасап, іріктеп, рөлге бөліп оқыңыз.
2. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажырата біліңіз.
А мәтіні.
Дастан: Асқар, тарихи тұлғалар дегенді қалай түсінесің?
Асқар: Тарихи тұлғаларға менің ойымша қоғам қайраткерлері мен көрнекті ақын-жазушылар, хан билер деп ойлаймын. Ал сен қалай түсінесің?
Дастан: Дұрыс. Менің де ойым осылар. Сен тарихи тұлғаларға кімдерді жатқызасың?
Асқар: Тарихқа үңілсек, Асанқайғы жерұйығымен таныс, Ахмет Байтұрсынұлы, Ақан серілерді және тағы да басқалар.
Дастан: Сен Асанқайғы жерұйығымен таныс дедің, бұл кісі бойынша толық ақпарат бере аласың ба?
Асқар: Асанқайғы (Сәбитұлы Асан – ХҮ ғ.) – ұлы философ, ақын. Еділ бойында туған. Әкесі саятшы болған. Алтын Орда ханы Ұлұғ – Мұхамедтің, Қазақ хандығы құрылған тұста – Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Оның «Жерұйық» іздеу идеясы – баршаға жайлы һәм әділетті қоғам орнату жөніндегі адамзаттық аңсарымен үндес әлеуметтік-саяси әрі философиялық ұлы идея. Асанқайғы ойларының енді бір өзегі – адам мен қоғам, табиғат пен тіршілік тақырыбы. Ел билеушіге қарата айтылған сөздерінде өмірдің ащы шындығын ашық жайып салады.
Дастан: Өте керемет. Сен жаттап та алғансың ба?
Асқар: Иә, себебі мен осы кісі бойынша ғылыми жоба жазып зерттегенмін.
Дастан: Өте жақсы. Айтпақшы Асқар автобусым келді сау бол, көріскенше.
Асқар: Сау бол. (166 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Ә мәтіні.
1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" - деген өлеңінде: Қақаған қар аралас соғып боран, ел үрей — көк найзамен жау торыған. Әкесі Жапа мүсәпір кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты бұлбұл әнші екен. Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандығына бағынышты болатын. Ал қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді. 1864 жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң Ресей империясы билеген замандағы халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы, намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады. Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы шенеуі бастау алып жатқан-ды. Жамбыл дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен (Сүйекең) кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады
. (161 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/51205/
А) А мәтінін іріктеп, рөлге бөліп, ауызша коментарий жасаңыз.
[6]
Ә) Ә мәтініндегі көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді ажыратып сәйкестендіріңіз.
Мәтін | Шартты белгі | Мысал |
Көнерген сөз | | Сүйекең |
Эвфемизм | Мүсәпір кедей | |
Дисфемизм | Найзамен | |
Табу | Бұлбұл әнші |
[4]
Балл қою кестесі
Оқылым
Сұрақ | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | А мәтінін іріктеп оқу | 2 | |
2 | Рөлге бөліп оқу. | 2 | |
3 | Мәтінге ауызша коментарий жасау. | 2 | |
4 | Көнерген сөз – найзамен | 4 | |
Эвфемизм – бұлбұл әнші | |||
Дисфемизм – мүсәпір кедей | |||
Табу – Сүйекең | | | |
Барлығы | 10 | |
Жазылым
1. Берілген тапсырманы орындаңыз.
2. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданып, көлемі 70-80 сөзден тұратын өмірбаян құрастырып жазыңыз.
[10]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Жазылым
Балл саны | Сипаттамасы |
9-10 | Жазба жұмысының (өмірбаян) құрылымын сақтаған. Өзіне таныс белгілі бір адамды сипаттап не суреттеп жазған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді жазба жұмысында қолданған. |
7-8 | Жазба жұмысының (өмірбаян) құрылымын сақтаған. Өзіне таныс белгілі бір адамды сипаттап не суреттеп жазған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізеді, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді жазба жұмысында қолданған. |
5-6 | Жазба жұмысының (өмірбаян) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды. Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздер жазба жұмысында жалпы әсерді бұзады. |
3-4 | Жазба жұмысының (өмірбаянның) құрылымы жүйесіз. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы грамматиакалық қателер ішін-ара (мәтіндегі неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді. |
1-2 | Жазба жұмысының (өмірбаянның) құрылымы сақталмаған. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы. Көркем тіл құралдары аз қолданылған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздерді қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан
тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым, айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамсы
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, мин | Балл |
1-2 | 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 180-190 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) идеясын анықтайды. Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында жан-жақты тұжырымдап, көтерілген мәселені түсіндіреді. Көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіруі қажет. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікірін білдіреді. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін лексикалық бірліктерді көркемдік ерекшелігіне сай қолдануын бағалайды. Жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
3-4 | 6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану. | Ашық жауап, сәйкестендіру | Мәтіндерді оқып, ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Мәтініндерден есімдіктерді ажыратып қолданады. | 15 | 8 |
2 | |||||
5 | 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу; 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану | Жазбаша толық жауапты қажет ететін тапсырмалар | Білім алушылар ұсынылған тапсырма бойынша жазба жұмысын орындайды. Стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. | 25 | 10 |
Барлығы | 40 минут | 30 |