Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 569
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Конькимен шапшаң сырғанау – бұл спорттық жаттығудың түрі, бұл жаттығуды орындағанда коньки тебуші жарыс шартында барынша мүмкіндігі бар өз жылдамдығымен ереже бойынша регламенттелген ара-қашықтықты жеңіп алуға тырысады. Шапшаң сырғанауда жәй және арнайы конькилер қолданылады. Сонымен қатар спорттың қысқы түрі, спортшылар конькимен мұз үстінде қосымша элементтер жасайды, әсіресе музыкамен бірге. Ресми жарыстарда ереже бойынша медальдардың төрт топтамасы ойнатылады: әйелдердің дара сырғанауы, ерлердің дара сырғанауы, жұппен сырғанау және сонымен қатар мұздағы спорттық би. Мәнерлеп сырғанау Қысқы Олимпиядалық Ойындарының бағдарламасына енгізілген. Сырғанаушылар әр-түрлі шоуларға жие қатысады, олардың шеберліктерін төрешілер емес, көрермендер бағалайды. (183 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/2779
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл | Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы | Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
9-10 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Мәтін мазмұны негізінде күтпеген сұрақтарға жауабы тез, өз ойын толық әрі орынды жеткізе алады. |
7-8 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. | Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. | Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
3-4 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, ойын шашыраңқы жеткізеді. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды. |
1-2 | Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. | Тақырыпты түсінуде ойы шашыраңқы. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде аз қатысады. |
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырманы орындаңыз.
[10]
А мәтіні.
-
Сөйле жырау!
Зерлі қызыл ала түрікпен кілемінің үстінде малдасын құрып, алтын тақтың қарсысында отырған Кет-Бұға қобызына таянған қалпы алға қарай сәл еміне түсті. Әміршісінің бетіне бажайлап қараған.
Тоғыз қанат ақ орданың іші қоңыр салқын еді. Топырақпен көміп бастырып тастаған іргеден қарашаның ызғарлы лебі білінеді. Қабағы қатыңқы Шыңғыс хан иығына жамылған бұлғын ішігінің жағасына тұмсығын тыққан күйі, мана таңертең Кет-Бұға табалдырықтан аттағандағы қалпында мүлгіп отыр. Көзі жұмулы. Ұйықтап отыр ма, әлде жан көрмеген жат елдерді ат тұяғына таптатар, өзінің нөкерлері мен қызметшілерін олжаға бөктірер жаңа жорықтардың жайын ойлап отыр ма, белгісіз. Селт етпеді. Қимылсыз, бір қалыпта отыра бергеннен аяғы талған Кет-Бұға қаһан ұйықтап кеттіме деп ойлай бастаған еді, ұйықтамаған екен.
«Жырла» деді хан.
Жырды аяғына дейін тыңдай да қоймас. Кенеттен «Жощыдан не хабар бар?» салса қайтпекпін? Алдын алу керек... Бұл сұрақты қоймайтын болсын...
-
Қайда барсаң Қорқыттың көрі! – деді қарт жырау күбірлеп. -
Не дейсің? – Қаһан көзін ашып алды.
Кет-Бұға бойын жазыңқырады да, өзінен жоғары да отырған әміршісінің көзіне көзін қадап сәл тұрып, кенет:
Теңіз бастан бұлғанды, кім тындырар, а ханым,
Терек түптен жығылды, кім тұрғызар, а ханым? - деді. (190 сөз)
5-сынып. Алматы «Рауан» 1996, Әдебиеті.
Ә мәтіні.
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кезі еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап.
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза құдай нұрға қанып.
Әке, әке! Мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып!
Бір бидай көтеріп тұр басын көкке
Қарайды шекірейіп өзге көпке.
Өзіне ешбірі де теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған:
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенге,
Ойлама, кем екен деп бәрі сонан.
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына!
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бірнешеуінің басы толық иіліп тұр,
Ән берген қожасына сиынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
Елде көп бұл бидайдай адам, - деді, -
Тәкаппар, оны халық жаман, - дейді, -
Қалпы емес тәкәппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - деді.
(186 сөз)
5-сынып. Алматы «Рауан» 1996, Әдебиеті.
А) Төмендегі көрсетілген сызба арқылы ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін мәтіндерден табыңыз.
Стильдің түрі | |
| |
Лексикалық ерекшеліктері | |
| |
[4]
Ә) Берілген мәтіндерден есімдіктерді ажыратыңыздар.
Есімдіктер | Мысал |
Жіктеу | Оны |
Сілтеу | Бұл |
Сұрау | Не дейсің? |
Өздік | Өзіне |
Белгісіздік | Бірнешеуінің |
Жалпылау | Ешбірі |
[6]
Балл қою кестесі
Оқылым
Сұрақ | Жауап | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | Жазба стилі. | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі |
Жазба стилі. | 1 | ||
Қарапайым сөздер, диалог. | 1 | ||
Көркем әдеби, лексика. | 1 | ||
2 | Жіктеу | 1 | Оқушы жауабы ескеріледі |
Сілтеу | 1 | ||
Сұрау | 1 | ||
Өздік | 1 | ||
Белгісіздік | 1 | ||
Жалпылау | 1 | ||
Барлығы | 10 | |
Жазылым
Берілген тапсырманы орындаңыз.
Ұсынылған тапсырма бойынша жазба жұмысын орындаңыз. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, 70-80 сөзден тұратын құттықтау құрастырып жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Жазылым
Балл саны | Сипаттамасы |
9-10 | Жазба жұмысының (құттықтау) құрылымын сақтаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді, қателерді жібермейді. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып жазған. |
7-8 | Жазба жұмысының (құттықтау) құрылымын сақтаған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық жеткізеді, жіберілген кейбір қателер сөздердің байланысында түсінуді қиындатпайды. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып жазған. |
5-6 | Жазба жұмысының (құттықтау) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір лексикалық сөздер орынды қолданылған. Сөздерді байланыстыру барысында ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер (мәтіндегі сөздердің стильдік, синонимдік қатарларын түрлендіріп дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады. Ойын жеткізе алмаған, қателерді ішін-ара жіберген. |
3-4 | Жазба жұмысының (құттықтау) құрылымы жүйесіз. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалған. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы грамматиакалық қателер ішін-ара (мәтіндегі үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік сөздерді түрлендіріп дұрыс қолданылмауы) жібереді. |
1-2 | Жазба жұмысының (құттықтау) құрылымын сақталмаған. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ ойы шашыраңқы. Көркем тіл құралдары аз қолданылған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут (уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі – тыңдалым, айтылым, екіншісі – оқылым, үшіншісі – жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсырма түрлері | Тапсырмалар сипаттамасы | Орындау уақыты, мин | Балл |
1-2 | 6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. | Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар | Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 150-170 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі. Оқушы мәтінді жеке отырып оқиды, (немесе мұғалім мәтінді оқып береді) ойын анық жеткізеді. Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында коммуникативтік жағдаятқа сай дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданады. Берілген мәтін бойынша өз пікірін білдіріп, диалогкқа түсуі қажет. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма бойынша оқушы тыңдаған мәтіннен термин сөздерді орынды қолданылуын бағалайды. | Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) | 5 |
5 | |||||
3-4 | 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану. | Ашық жауап, сәйкестендіру | Тапсырма жеке орындалады. А мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Көтерілген мәселені анықтауға әр мәтінге үш-үштен сұрақтар құрастырады. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады. | 15 | 2 |
6 2 | |||||
5 | 6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі); 6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану | Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар | Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін дұрыс қолданып, берілген тақырыптан ауытқымай, «Техниканың біздің елімізде дамығанына келісесіз бе?» немесе «Францияның Ұлттық кітапханасында 2700 қызметкер жұмыс жасайтынына келісесіз бе?» деген тақырыпқа абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп көлемі 100-120 сөзден тұратын «келісу, келіспеу» эссесін жазады. | 25 | 10 |
Барлығы | 40 минут | 30 |