Файл: Педагогика оыту дістемесі сратары 1вариант (2022ж мамыршілде) 10вариантты сражауабы 30 дан айсысы малім тласыны білім беру сызбаларына.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 592

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
c) Бір-бірін тыңдап, әңгімелесуге үйрету мақсатында оқушыларды топтарға біріктіредіd) Нақты тапсырманы орындау мақсатында оқушыларды топтарға біріктіріп, рөлдерді бөледіe) Оқушыларды топтарға біріктіріп, оларға өз пікірлерін дәлелдеуді үйретеді3. Төменде көрсетілген тапсырмалардың қайсысы когнитивті қолдау көрсету үлгісі («көпірше») болып табылады?a) Жұмысты оқулықтан көшіріп жазуb) Есепті шығару алгоритмін ұстануc) Практикалық тапсырманы орындау үшін нұсқаулықты ұстануd) Мұғалім оқып тұрып, оқушының конспектілеуіе) Жұмысты басқа оқушыдан көшіріп алу4-8. Оқыту белсенді, қалаулы нәтижеге қол жеткізу үшін құрылған, кері байланысты қамтамасыз ететін, білім алуды түсінуді қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін алған білімдеріне шоғырландырылған және ықпалдастырылған болуға тиіс.Төменде берілген оқыту әдістерінің қайсысы аталған оқыту түрлерінің қайсысының тиімділігіне ықпал ететіндігін анықтаңыз (әр нұсқа үшін сәйкес келетін бір нұсқа таңдаңыз).Оқыту әдістері:a) Диалогтік оқытуb) Оқыту үшін бағалауc) Сыни тұрғыдан ойлауd) Орта мерзімді жоспарлауe) Топтық жұмысОқыту түрлері:

4. Белсенді

5. Қалаулы нәтижеге қол жеткізу үшін құрылған

6. Кері байланысты қамтамасыз ететін

7. Сөйлеу және жазу арқылы шоғырландырылған

8. Түсінуді қамтамасыз ету мақсатында бұған дейін алған білімдеріне ықпалдастырылған
Қалай оқу керектігін үйрету9. Балалар қандай жастан бастап өзінің оқуі үшін жауапкершілік ала алады деп саналады?a) 10 жастан бастапb) 3 жастан бастапc) 7 жастан бастапd) 15 жастан бастапe) 5 жастан бастап10. Перри және басқалар (2002) өздігінен реттелетін оқудың үш сипаттамасын берді: тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы; оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы. Төменде көрсетілген тапсырмалардың қайсысы өздігінен реттелетін оқу үшін барынша тиімді болып табылады?Нұсқалардың біреуін таңдаңыз:a) Күрделі тапсырмаларb) Қайталанатын тапсырмаларc) Білім алушылар маңызды деп бағалаған тапсырмаларd) Қызықты тапсырмаларe) Орындау үшін аса көп ынта-зейінді талап етпейтін сұрақтар
11. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» алынған мәтінді оқыңыз:Жүргізілген зерттеудің негізінде төменде келтірілген жауаптар нұсқаларының қайсысы дұрыс болып табылады?a) Жеті жастағы балалар объектілер ретін жаттай алмайдыb) Жеті жастағы балалар метакогнитивтік стратегияларды қолдана алмайдыc) Бес жастағы балалар қайталау стратегияларын қолдана алмайдыd) Бес жастағы балалардың объектілер ретін жаттауға шамасы келмейдіe) Бес жастағы балаларға метакогнитивтік стратегияларды үйретуге болады12. Джин Раддок «оқушы үнінің» мәні зор деп насихаттады. Ғалым бұл идеясымен не айтпақ болды?a) Сабақ барысында оқушының өз пікірін білдіруі көтермеленуге тиіс b) Жасына қарай оқушының үні әртүрлі болуы мүмкінc) Оқушының пікіріне қызығушылық таныту арқылы олардың білім алуын жетілдіруге боладыd) Оқушылар өз пікірін білдіру арқылы білім аладыe) Хормен ән салу оқушылардың жағымды сезімдерін дамытатын бірлескен шара болып табылады13. Мына мәтінді оқыңыз:Жоғарыда айтылған оқиғада мұғалім қандай екі тәсілді қолданды:a) Когнитивтік және әлеуметтікb) Эмоциялық және ынталандырушылықc) Әлеуметтік және эмоциялықd) Ынталандырушылық және когнитивтікe) Когнитивтік және эмоциялықОқуды бағалау (жиынтық) және оқыту үшін бағалау (формативтік)14. (5 балл)Ұсынылған үлгілерден формативтік бағалаумен жиі байланыстыратын бес тұжырымдама таңдаңыз:a) Оқушылар өз жұмысын бағалайдыb) Тапсырманы орындап біткен соң оқушыларға баға қойыладыc) Белгілі бір тапсырманы табысты орындау критерийлерін мұғалімдер мен оқушылар бірдей түсінедіd) Мұғалімдер оқушыларды олардың бағаларына қарай жіктейдіe) Оқушылар жақсы баға алуда басқа балалармен бәсекелеседіf) Мұғалім оқушының жұмысына егжей-тегжейлі түсініктеме (кері байланыс) береді g) Оқушылар өздерінің білім алу үдерісіне тартылған және бағалау нәтижелері бойынша өздерінің оқуларын қалай жақсартуға болатынын біледіh) Мұғалімдер оқушылардың жұмыстарына бағалау шәкіліне сәйкес баға қояды i) Оқушылар критерийлерге сәйкес бір-бірін бағалайдыj) Мұғалімдер оқушылардың жұмыстарына жүйелі түрде баға қойып тұрадыДиалогтік оқыту15. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» алынған мәтінді оқыңыз:

Төменде келтірілгендердің қайсысы Мерсер мен Литлтонның диалогтік оқыту мен оқу туралы идеяларына қатысты емес?a) Әңгіме – білім алу үшін ең жақсы тәсілb) Оқушылардың түрлі тақырыптар және тұжырымдамалармен байланысты идеяларды өзара талқылауларын көтермелеу қажетc) Оқушылардың топтық жұмыс арқылы бір-бірімен достасуы олардың жеке оқуларына ықпал етедіd) Оқушылар белсенді білім алушы және өзінің білім алу үдерісіне қатысушы болуға тиіс e) Мұғалімдер сабақта көп сөйлеулері керек16. Мерсер анықтаған әңгімелесу түрінің қайсысында оқушылар проблемамен бөліседі, сондай-ақ идеялар және пікірлермен алмасу, барлық идеяларды ойластырып, бағалау, ортақ білім мен түсінік құру арқылы бірлесіп ұғым қалыптастырады:a) Зерттеушілікb) Бейресмиc) Диалогтікd) Әңгіме-дебатe) Авторитарлық17. Выготский жас баланы оқушы ретінде сипаттайды, оның когнитивтік дамуы әлеуметтік өзара іс-әрекет барысында жүреді.Төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы Выготскийдің айтқанын барынша нақты түсіндіреді?a) Жастары ұлғайған сайын оқушыларда таразыланған ойлау дамидыb) Оқушылар мұғаліммен қарым-қатынас жасау барысында білім аладыc) Оқушылар жаңаны меңгеріп жатқанда ересектер мен құрдастары оларға қолдау көрсетедіd) Ересек адамдар оқушыларға білім бередіe) Оқушылар бір-бірін тыңдап білім алады18. Төменде келтірілген жауап нұсқаларының қайсысы мұғалім қойған сұраққа оқушы күтпеген жауап бергенде мұғалімнің барынша лайықты реакциясын көрсетеді?a) Басқа оқушыға назар аударып, немесе басқа тақырып не сұраққа көшіп, жауапты елемейдіb) «Бұл өте қызық екен» деп, жауаптың құнды екенін мойындайдыc) Жауапты атап көрсету үшін оның бір бөлігін қайталайдыd) Оқушыдан қосымша ақпарат беруді немесе жауапты барынша толығырақ түсіндіруді сұрайдыe) Оқушыға оның қателесетінін айтады да, сабақты жалғастыра береді19. Төменде келтірілген сұрақтардың қайсысы жоғары деңгейлі ойлауды аз талап етеді?a) Жер Күнді қандай уақыт ішінде айналып шығады?b) Жер ғаламшарының ғарыштағы орнына қатысты қандай қосымша ақпаратты білгіңіз келеді?c) Кеше өткен материал бойынша сұрақтарыңыз бар ма?d) Кеше Жер орбитасы туралы не білдіңіз?e) Неліктен Жерге Күнді айналып шығу үшін көп, ал Шолпанды айналып шығу үшін аз уақыт қажет деп шештіңіз?Сыни тұрғыдан ойлау
20. (5 балл)Төменде келтірілген тапсырмалардың ішінен кеңейтілген ауқымды (диапазон) мәселелерді шешу барысында оқушыларда сыни тұрғыдан ойлауды тиімді дамытуға көмектесетін бес тапсырманы іріктеңіз:a) Түрлі елдердегі анағұрлым бағалы пайдалы қазбаларды көрсететін картаның суретін салуb) Ұлы хандардың есімдері мен жетістіктерін анықтауc) Қарт адамдардан олардың өмірі туралы сауалнама алуға арналған сұрақтарды дайындауd) Оқушылардың критерийлеріне сәйкес көлік модельдерінің суреттері мен фотосуреттерін бөлуe) Табиғаттағы судың айналысын көрсететін диаграмма салуf) Тарихта белгілі адамдардың портреттерін салыстыру және талқылауg) Бару ұсынылатын белгілі бір объектілердің сипаттамасы бірге берілген саяхат маршрутының жоспарын жасауh) Өзеннің бастау алатын жерінен теңізге құятын жеріне дейін физикалық сипаттамасын анықтауi) Тарихи оқиға туралы бейнематериалды қарап, адамдардың белгілі бір қылықтарын, олардың неге олай істегенін талқылауj) Кітаптан немесе интернеттен білген тарихи оқиғалар туралы қысқаша шолу жазуДарынды және талантты оқушыларды оқыту21. Төменде келтірілген жауап нұсқаларының қайсысы талантты және дарынды балалармен жұмыста жалпымектептік тәсілді қолданған маңызды екенін барынша жақсы сипаттайды?a) Мектептегі бүкіл оқушылар мен мұғалімдер олардың табысын тиісінше қабылдай аладыb) Жалпымектептік әдіс талантты және дарынды балаларға жасы үлкен оқушылармен бірлесіп оқуға мүмкіндік бередіc) Талантты және дарынды балалар мектепті экстернмен бітіре аладыd) Мектептің барлық оқушыларына оқуда жоғары стандарттар қойылған жағдайда талантты және дарынды балалардың қажеттіліктері қанағаттандырыладыe) Жалпымектептік тәсіл талантты және дарынды балаларға сыныптастарынан жылдам жұмыс істеуге мүмкіндік береді22. Бағалау талантты және дарынды балаларды тиімді оқытуды қалайша қамтамасыз ете алады?a) Сынып жұмысын жоспарлау оқушыларды бағалаудың орташа нәтижелеріне негізделуі мүмкінb) Ата-аналар өз балаларының жетістіктерін басқа балалармен салыстыра аладыc) Мұғалімдер мүмкіндіктері әртүрлі оқушыларды бағалау нәтижелеріне сүйеніп оларға арналған тапсырмаларды жоспарлайдыd) Мұғалімдер тестілеудің формалды нәтижелерінің негізінде жоспарлауды саралай алады
e) Бағалау нәтижелерін мектеп директорына көрсетуге боладыОқыту мен оқудағы жас ерекшеліктері23. Адамдар басқалардың белгілі бір тапсырманы орындауын бақылау барысында білім алады деген идея қандай оқу теориясының негізі болып табылады?a) Ақпараттық процессингb) Сындарлылықc) Гуманизмd) Әлеуметтік-жағдаяттықe) Бихевиоризм24. Метатану дегеніміз:a) Басқа адамдарға қарағанда табанды болуb) Басқа адамдардың сенімдері мен тілектерін білуc) Басқалардың білімі және ойлау үдерісі туралы ойлауd) Өткенде болған оқиғаларға ой жүгіртуe) Ақпаратты қабілеттеріне қарай барынша қолайлы тәсілмен талдау25. Выготскийдің іліміне сәйкес, төменде келтірілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс?a) Адамдар білімді өздері қалыптастырадыb) Білім адамдар арасындағы өзара іс-қимыл барысында қалыптасадыc) Ойлау үдерісін қатты шоғырландыру арқылы білім алынадыd) Білім енжар тәсілмен алынадыe) Жас ұлғайған сайын білім толыса береді26. Шамамен 4 жасында балаларда «ойлау теориясы» дамиды. Бұл дегеніміз олар ... дегенді білдіреді:a) Өзінің және басқаның ойлау үдерісіне қарай әрекет ете аладыb) Басқа балалармен тиімді қарым-қатынас жасай аладыc) Ойлау дегеніміз не екенін түсінедіd) Ненің «жақсы», ненің «жаман» екенін түсінедіe) Өз қателерінен сабақ алады