ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 465
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ерекше білім беру қажеттілігі - бұл әр оқушының оқуы табысты бо- луын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі.
жалпы білім беруді дамыту инклюзивтілік принципті негізге ала отырып, білім берудегі құндылықты бағдарлардың өзгеруін болжайды. инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары оқу үдерісінің барлық қатысушыларына төмендегілерді мәлімдейді:
-
мүмкіндіктердің алуан түрлілігін кедергілер мен проблемалар емес, ре- сурстар ретінде қарастыру. мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қоғамдағы толе- рантты мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің ресурстары. бір оқушының қиындықтарын жеңуге қатысты жұмыс, әдетте, басқа балаларға да пайда әкеледі; -
оқу үдерісін оқуда жоғары жетістіктері бар оқушыларға ғана емес, барлық сынып оқушыларына бағдарлап құру; -
ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды тек мамандармен (ло- гопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) ғана емес, барлық білім беру процесіне қатысушылар тарапынан және де бірінші кезекте мұғалім тарапынан қолдауды қамтамасыз ету; -
оқу процесінде оқушыға көмек көрсету мәселелерін командалық тәсілмен шешу; -
оқушыларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру кезінде "кемсітуден" бас тарту. көмек "инклюзивті білім алушы", "ерекше", "дағдарысты", "инклюзияға жататын" балаларға емес, оқушылар қауымдастығының толық құқылы мүшесі болатын оқушыға көрсетіледі. кемсіту дисриминацияның көрінісі болып табылады.
ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мек- теп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары
мен қызметтерін жасауы керек [4].
сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады:
-
оқушылардың алауан түрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім; -
білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу; -
білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану; -
білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау; -
мамандардың көмегі; -
жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; -
ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидалары ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:
-
барлығының сапалы білім алуындағы құқықтарының теңдігі; -
әр адамның интеллектуалдық дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғындар үшін барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі [5, 1-тарау, 3-бап].
ҚР білім беру аясындағы заңнамасында бекітілген:
-
баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы; [5, 6-т, 49-б]; -
баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы [5, 5-т, 26-б, 2-б]. Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет [6]; -
білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т. 6-б. 47; 4]; -
білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі [5, 2 тарау, 6 бап. п 21-5)].
Осы жауапкершілік шеңберінде елдің барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, логопед, психолог,
тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік енгізіліп жатыр. білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін қоғамдық қауымдастық пен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық- техникалық жағдайлар құрылып жатыр.
Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерек- ше қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың нұсқаларын қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады. жалпы немесе арнайы сынып- та оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагог- тармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жекелік немесе топтық сабақтар өткізу қарастырылады [7, Қосымша. 2, п. 25].
арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін) ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі ар- найы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі [8; 9 -12].
Оқытудың нәтижесін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Қысқартылған немесе жекеленген бағдарламаның мазмұнына бағдарлай отырып, яғни оқушының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекеленген тап- сырмаларды қолдануға міндетті. ерекше білім беру қажеттілігі бар бала- ларды және жеке оқу бағдарламасымен оқитын балаларды аттестациялау мәселесі оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес арқылы шешіледі [13].
Формативті бағалау кері байланысты және оқу материалдарын меңгерудегі жеке қиындықтарына жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді [13-15].
ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар мектепті
тәмамдаған кезде мемлекеттік үлгідегі аттестатқа ие болады [16].