Файл: Рецензенттер Коржова Г. М.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 478

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қойылған мақсаттар жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемесімен қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді, оның негізгі және маңызды аспектілері осы әдістемелік нұсқаулықта ұсынылған.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭыДҰ) елдері оқушыларда оқуға қиындық туғызатын, соның салдарынан – ерекше білім беру қажеттіліктерінің пайда болу себептерінің үш тобын ұсынады:

  • баланың психикалық және дене даму ерекшеліктері;

  • мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары;

  • өмірдің қолайсыз жағдайлары (әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық және т.б. проблемалар).

Қазіргі уақытта Қазақстанда оқушылардың дамуындағы ауытқушылықтың салдарынан туындайтынерекшебілімберуқажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық көлемде қанағаттандырылады. Оларда психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен

ұсыныстарын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2%

  • ы білім алады. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастыру- әдістемелік мәселелердің дайындалмағаны себебінен балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру мектептерінде оқиды.

әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты - ҚР жалпы білім беру мектеп- теріндегі ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерінің мәнін ашу.

әдістемелік нұсқаулықтың міндеті:

    • жалпы білім берудің инклюзивтік қағидасының негізгі мазмұнын ашу;

    • ҚР жалпы білім беруде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алуына жағдай жасауды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ететін отандық нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру;

    • оқушылардың оқудағы қиындықтардың себептерін және соның салда- рынан пайда болатын ерекше білім беру қажеттіліктерін сипаттау;

    • оқушының ерекше білім алу қажеттілігін анықтау және бағалау алгоритмін сипаттау, оқу процесі барысында психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен тәсілдерін анықтау;

    • ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған жеке және қысқартылған оқу бағдарламасын құруға ұсыныстар беру.


әдістемелік нұсқаулықтар мектептердің басшыларына, мұғалімдеріне және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсететін мамандары- на (психологтарға, логопедтерге, арнайы педагогтарға, әлеуметтік педагогтарға), сондай-ақ Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне арналған.

әдістемелік нұсқаулық материалдары инклюзивті білім беруді дамы- ту бойынша мектептің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының алғашқы қадамдарын қамтамасыз ету мақсатында құрастырылған, алайда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша мектеп жұмысының барлық аспектілерін қарастырылмайды. әрине, Қазақстанда инклюзивті білім беру тәжірибесінің дамуына қарай қосымша нормативтік-құқықтық, ұйымдастыру-әдістемелік және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды. жалпы білім беру процесінің барлық қатысушыларына (әкімшіліктер, мұғалімдер, ата-аналар мен мамандардың) ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету әдістемелерін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берген белсенділіктері мен ұсыныстары үшін алғысымызды білдіреміз.

1 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ


"инклюзивті білім беру" ұғымы білім беру адамның негізгі құқықтарының бірі болатын және де ол әділ қоғамның негізін құрайтын тұжырымнан қалыптасқан. барлық оқушылар жеке қасиеттеріне немесе проблемаларына қарамастан білім алуға құқылы [2].

әлемдік қоғамдастық барлық адамдардың нәсілдік, этникалық, жыныстық, дене, психикалық және басқа да айырмашылықтарына қарамайтын құқықтары теңдігі принципін басшылыққа ала отырып, бҰҰ- ның халықаралық құқықтық актілерінде инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдарын бекітті.

«инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алу- ан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі» [2].

әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыру- адам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады.

жоғарыда талданған пікірлердің негізінде көптеген мемлекеттер- де ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың қажеттіліктерін бағалаудың және оқыту барысында қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтік- педагогикалық моделі қалыптасты. ал, ол біздің еліміздегі білім бе-
ру жүйесінде осы күнге дейін сақталып келген медициналық және дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді.

1-кесте. ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету және бағалау моделі


беҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың клиникалық-дефектологиялық моделі

беҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың әлеуметтік-білім беру моделі

«білім алуындағы қиындықтар мен про- блемалар баланың бойында қалыптасқан және ол мына ұғымдарға негізделген:

«мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар» бағалау –медициналық, ал білім беру-түзету тұрғысына бағытталған [3].

«білім алуында ерекше қажеттілікке мұқтаж бала қиындыққа бейім сондықтан да белгілі бір тосқауылдарға тәуелді. бағалау- адамның қажеттілігі, ал білім беру- білім алуға қолдау көрсету қоршаған ортаға бейімдеуге бағытталған [3].

біздің білім беру жүйесінде білім беруді басқару органдарынан, пмпк- дан бастап әрбір жалпы білім беру мектебіне дейін ең алдымен білім берудегі медициналық үлгіден (тәсілден) әлеуметтік үлгіге көшу қажет. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың сапалы білім алуға құқығын қамтамасыз етуді болжайтын әлеуметтік-білім беру моделін енгізу - жалпы білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап етеді. бұл барлық оқушыларды дискри- минациясыз және кемсітусіз білім алуда тең құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін икемді жүйе болуы керек.

Қазақстан халықаралық
құқықтық актілермен қатар бҰҰ-ның "мүгедектердің құқықтары туралы" (2016 жылы) және "білім беру саласындағы дискриманцияға қарсы күрес туралы" (2017 жылы) кон- венцияларын ратификациялай отырып, әрбір азаматтың қандай да бір кемсітушіліксіз сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етудің саяси еркіндігін көрсетеді.

конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес Қазақстан барлық деңгейде (мектепке дейінгі, мектеп, тжкб ұйымдарында, жоғары оқу орындарын- да) инклюзивті білім беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.бұл ретте инклюзивті білім беру жеке алынған нәрсе емес екенін түсіну маңызды, инклюзия бүкіл білім беру жүйесінің принципі болып табылады.

мектеп оқу процесінде қандай да бір себептердің салдарынан оқу ба- рысында қиындықтарға тап болған балалар бар екендігін және олардың нәтижесі ретінде қанағаттандырылуы қажет ерекше білім беру қажеттіліктер бар екенін қабылдауы тиіс.


Инклюзивті білім беру баланы емес, жүйенің өзгеруін болжайды
Ол барлық балалар әртүрлі екенін мойындайды, ал мектептер мен білім беру жүйесі барлық оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс. .. инклюзивтілік барлығын бірдей етуге ұмтылуды білдірмейді. Оның негізгі компоненті-икемділік, балалардың түрлі жылдамдықпен оқитынын тану, ал мұғалімдерге оқыту процесінің икемділігін қолдау үшін арнайы дағдылар қажет.

көп жағдайда балаларға жақсы, түсінікті, қолжетімді оқыту қажет. бұл өз кезегінде баланың жеке қажеттіліктеріне, қабілеттері мен даму ерекшеліктеріне сәйкес келетін түрлі әдістерді пайдалануды көздейді.(«барлығы үшін мектептер. арнайы білім алу қажеттілігі бар бала- ларды білім беруге қосу». «спасите детей» қоры лондон, 2002 ж)