Файл: Оулыты тарауларына арналан сабатарды ысамерзімді жоспарлары саба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 327

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Ортасы

ФТ.ҚБ. Мұғалім оқулықпен жұмыс ұйымдастырады.

Мәтінді оқу, сұрақтарды талқылау. Суреттер бойынша әңгіме.

– Біз үнемі адамдардың ортасында боламыз.

Сол үшін айналамыздағы адамдардың жанында болу да жағымды болу үшін тәртіп ережелері

ойластырылған. Міне, мектептің де өзіндік мектеп ережелері бар.
ЖЖ. Оқулықтағы мәтінді оқып шығыңдар. Суреттерге қараңдар. Парталас көршіңмен тапсырманы

талқыла.

– Мектеп ережесін оқып шығыңдар. Есте сақтаңдар: тәртіптің басты ережесі – айналаңдағы адамдарға кедергі болмау.
ФТ.ҚБ. – Келіңдер, осы ережелерді тағы бір рет қайталайық!
Биыл ғана мектептің

Табалдырығын аттадым. Әліппені қолға алып, Әріптерді жаттадым.

Суреттер бойынша әңгімелейді.

Суреттерге қарап, парталас көршісімен тапсырманы

талқылайды.

Ережені тағы бір рет қайталайды.



Тапсырма. Критерий А. Егер балалар мектеп ережелерін сақтаса,

дөңгелекті жасыл түспен, егер мектеп ережелерін сақтамаса қызыл түспен бояйды.
Дескриптор

  1. Суреттегі балалардың мектеп ережелерін сақтайтынын анықтайды.

  2. Егер тәртіп ережелерін сақтаса, суреттің

Оқулық

Оқулық








Партаға алғаш отырдым, Бұдан басқа бақыт жоқ. Оқушы болдым, мінекей, Ойнауға енді уақыт жоқ.
Білімнің қайнар бұлағы, Өнердің жарқын шырағы, Тұрағы өзің, мектебім,

Шәкірттің асыл тұрағы.
Мектебім – мәңгі бапкерім, Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды Ақтаймыз талай әлі біз.
Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

Менің арқам тік,

Менің арқам тік, (Қолды артқа ұстап, бір орында жүру).

Еңкеюден қорықпаймын

(Алдыға еңкею).

Тік тұрып, шалқаямын

(Артқа шалқаю, тік тұру). Бұрыламын (Денені бұру). Бір, екі, үш, төрт

Үш, төрт, бір, екі (Алдыға еңкею және тіктелу).

Мен бойымды тіктеймін

(Денені бұру).

Басымды тік ұстаймын (Алдыға еңкею және тіктелу).



Сергіту жаттығуын орындайды.

жанындағы дөңгелекшені жасыл түспен бояйды.

  1. Егер тәртіп ережелерін сақтамаса, суреттің

жанындағы дөңгелекшені қызыл түске бояйды.

  1. Мектеп ережесін

бұзатын балаларға кеңес береді.

  1. Мектеп ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.



Тапсырма. Критерий

В. Мектептің қай

бөлмесінде өзін еркін сезінетінін белгілейді. Дескриптор

1. Мектепте өзін еркін сезінетін орынды

белгілейді.



Оқушы дәптері







Ешқайда асықпаймын (Қолды артқа ұстап бір орында жүру).

Бір, екі, үш, төрт (Денені бұру).

Отырамын, еңкейемін

(Отыру, еңкею).

Жан-жағыма бұрыламын! (Денені оңға-солға бұру). Арқамды түзу ұстаймын (Алдыға еңкею, тіктелу).
Ж. Мұғалім оқушы

дәптеріндегі тапсырманың орындалуын

ұйымдастырады. Оқушы дәптеріндегі

тапсырмалардың орындалуын тексереді.


Оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.



Тапсырма. Критерий

В. Сұрақтарға жауап беріңдер: Мектептегі оқушылар несімен ерекшеленеді? Ортақ қандай нәрселер бар?

Барлық мұғалімдер мен оқушыларды не

байланыстырады?

Дескриптор

1. Сұрақтарға жауап беріп, өз жауаптарын негіздейді.


Оқушы дәптері

Соңы

Мұғалім ойын ұйымдастырады.

ФТ. ҚБ. – Келіңдер, мектептегі тәртіп ережесін қалай түсінгендеріңді тексерейік. Ойын «Сөз қос» деп аталады.

  • Сабақта ынталы, байсалды және ... (зейінді)бол.

  • Қалмай бәрін жаз, ...

(бөлмей) тыңда.

  • Барлығы ... (түсінікті)

болу үшін анық, ашық сөйле.

  • Жауап бергің келсе, қолыңды ... (көтерукерек).

«Сөз қос» ойыны. Сөйлемге сөз қосып толықтырып, аяқтайды.

Марапаттау, алғыс айту.

Сөйлемдер








  • Досың жауап берген кезде

... (сөзін бөлуге) асықпа.

  • Ал досыңа көмектескің келсе, жайлап ... (қолыңды көтер).

  • (Қоңыраудың) ... соғылғаны естілсе, сабақ аяқталды деп біл.

  • Қоңырау қайта соғылса, сабаққа ... (дайын)бол.

«Оқушы дәптеріндегі» соңғы тапсырманы орындаңдар.

Жаңа тақырыпты түсінгенге сәйкес келетін суретті белгіле.

ҚБ. Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Барлықтарыңа

сабақтағы жұмыстарың үшін алғыс айтамын!


«Оқушы дәптеріндегі» соңғы тапсырманы орындайды.





Оқушы дәптері




    1. сабақ




Ортақ тақырып:

Бөлімше

Мен және менің мектебім

1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Педагогтің аты-

жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың

тақырыбы

Мектепке баратын жол

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.4.4 – жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру.




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • бағдаршам белгілері мен олардың маңызын түсіндіретін болады;

  • жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігін негіздей алады.

Көптеген оқушылар:

  • өздерінің үйден мектепке және мектептен үйге дейінгі жолдарындағы қауіпті жерлерге талдау жасай алады;

  • жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәніне талдау жасай алатын болады.

Кейбір оқушылар:

  • өз әрекеттерінің мүмкін болатын салдарын болжай алады;

  • тіршілік қауіпсіздігінің негізін түсінетін болады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Мұғалім сабақты бастайды. Көптен күткен қоңырау

Сыңғырлаған бір сәті Өсу-өрлеу жолында Шәкірт үшін бір саты!

Мектебім – айтар әнім. Сан рет қайталадым, Өзіңнен алғанымды Өзіңе қайтарамын.

– Бүгінгі сабағымыз «Мектепке баратын жол» тақырыбына арналған. Біз өзіміз білетін жол жүру тәртібін еске түсіріп, жол белгілерімен танысамыз. Жолда

кездесетін қауіптер туралы, олардан қалай құтылуға болатыны туралы әңгіме қозғаймыз.

Бүгінгі сабақта:

«Мектепке баратын жол» тақырыбымен танысады.







Ортасы

ФТ. Мұғалім әңгіме ұйымдастырады.

– Сабақты ережелерді қайталау мен графикалық диктантты орындаудан бастаймыз. Шартты белгілерді тақтадан көріп тұрсыңдар:


– Сабақты ережелерді қайталау мен

графикалық диктантты орындаудан бастайды.


ҚБ


Тақтада шартты белгілер:

Қызыл дөңгелек – жоқ. Жасыл дөңгелек – иә.








Иә – жасыл дөңгелек, жоқ – қызыл дөңгелек, білмеймін – боялмаған

дөңгелек.
Ж.– Жаяу жүргінші жолдың көлік жүретін жолымен жүреді (жоқ).

  • Мәшинелер – көлік жүретін жолмен жүреді. (Иә)

  • Жаяу жүргінші көшеден

бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтеді. (Иә)

  • Көлік жүретін жолдан өткенде алдымен оңға, содан соң солға қарау керек. (Жоқ)

  • Жолды жаяу жүргіншілер өтетін жерден жүріп өту керек. (Иә)

  • Көшеден мәшине жоқ болса, бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрған кезде де өтуге

болады. (Жоқ).

  • Көлік жүретін жер мен тротуарда ойнауға болмайды. (Иә)


ФТ. Мұғалім ұсынған үлгі бойынша өз бетінше тексеру. Тақтаға дұрыс жауаптар ілінеді.

  • Егер барлық жауаптарың дұрыс болса, жасыл түсті карточканы көтеріңдер.

  • Егер қателерің болса, қызыл түсті карточканы көтеріңдер.


Балалар жеке парақтармен жұмыс істейді.

Үлгі бойынша өз бетінше тексереді.




Боялмаған дөңгелек – білмеймін.

Әр оқушыда алдын ала дөңгелектер салынған парақ және қызыл,

жасыл түсті белгі – карточкалар.







Дәптермен жұмыс.

ФТ. Мұғалім оқулық бойынша жұмыс ұйымдастырады.

Мұғалім мәтінді оқиды. Сұрақтар бойынша талқылаулар:

  • Жол қозғалысына қатысатындар кімдер?

  • Жолда қандай ережелерді сақтайсың?

  • Жолда кездесетін қауіптен қалай сақтану керек?


Дәптермен жұмыс

ФТ. Мұғалім сергіту сәтін

ұйымдастырады. Мұғалім қызыл дөңгелекті көрсетеді. Балалар қозғалмай бір орында тұрулары керек. Мұғалім сары дөңгелекті көрсетеді. Оқушылар алдымен солға, содан соң оңға бастарын

бұрады. Мұғалім жасыл дөңгелекті көрсетеді. Балалар бір орында тұрып адымдаулары керек. Мұғалім бағдаршам белгілерін ауыстырған сайын оқушылар да тиісті қозғалыстар көрсетеді.
Оқулықпен жұмыс.

ФТ. – Балалар, сендер жаңа ғана жол қозғалысының басты көмекшісінің белгілеріне

қарадыңдар. Ол көмекшіні қалай атайды?

Ол туралы не білесіңдер, айтыңдар.


Сұрақтар бойынша мәтінді талқылайды.

Сергіту жаттығуын орындайды.


Сұраққа жауап беріп, ойларымен бөліседі.

ҚБ

Тапсырма. Критерий А. Бағдаршам көздерін ерекшелігіне қарай

бояйды.

Дескриптор

1. Бағдаршам көзін сипаттамасына сәйкес бояйды.

Тапсырма. Критерий В. Мектепке/үйге қарай жолдағы

қауіпті бейнелейтін суретке қарап әңгіме құра.

Оқушы дәптері

Оқулық








Бағдаршам біледі, Бәрін де көреді.

Адам да, көлік те Сол шаммен жүреді.

– Жол белгілері әртүрлі болады және олардың мәні де әртүрлі. Оқулықтағы суретке қараңдар.

Қандай белгілерді бұрын кездестіріп едіңдер? Қай жерде? Айтып

беріңдер. Оқулық мәтінін оқу.
Ж. Мұғалім оқушы дәптерінде тапсырмалар орындауды

ұйымдастырады.
Ж. Оқушы дәптеріндегі тапсырманың орындалуын жұптасып тексеруді

ұйымдастырады.



Оқушы дәптерінде тапсырмалар орындайды.
Оқушы дәптеріндегі тапсырманың

орындалуын жұптасып тексереді.

Дескриптор

  1. Бояйтын суретті зерттейді.

  2. Өзінің мектепке/үйге қарай жолындағы

қауіпті таңдайды. 3.Таңдап алған суретті бояйды.

4. Қауіптен қалай құтылуға болатынын әңгімелейді.

Тапсырма. Критерий

С. Жол белгілерін бояйды. Олардың

маңызы туралы айтып береді.

Дескриптор

  1. Жол белгілерін бояйды.

  2. Олардың маңызы туралы айтып береді.



Оқушы дәптері

Соңы

ФТ.– Бүгін өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?

  • Кімнің сабақтағы жұмысына көңілі толады?

  • Сендерді қуантқан не нәрсе?

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындаңдар:

Сабақтағы жұмыс деңгейіне сәйкес келетін бағдаршам белгісін бояйды. ҚБ. Мұғалім: – Жарайсыңдар,

балалар! Барлықтарыңа сабақтағы жұмыстарың үшін алғыс айтамын!

Сұрақтарға жауап береді.

«Оқушы дәптеріндегі» тапсырманы орындап, сабақтағы жұмыс

деңгейіне сәйкес келетін бағдаршам белгісін

бояйды.

ҚБ

Мадақтау, алғыс айту.

Оқушы дәптері