ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 372
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кел, санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Басбармағым алғашқы,
Балаң үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 20 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар, оқу қызметінде түсінген, түсінбегендеріңді смайликтерді көтеру арқылы көрсетейік.
№21 ҰОҚ
36
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «С» дыбысы.
Мақсаты: «С» дыбысымен таныстыру;
Міндеттері: Балаларға дыбыстық талдау жасауды үйрету. Сөздерді буынға бөлуді дамыту. Саусақ моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:сөздерді буынға бөлуді;
Түсінеді: сөздердің буыннан құралатынын;
Қолданады: дыбыстарға сөздер құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қолайна, жұмыс дәптері, әуе сары шары.
Сөздік жұмыс: әуеден ұшып келеді.
Билингвалды компонент: сөз – слово.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар әліпбиден бізге қонақ келіпті. Есік қағылады, әуеден сары шар ұшып келеді.
-
Негізгі кезең:
– Балалар, мына шардың түсі қандай?
– Сары сөзі қандай дыбыстан басталады?
– Кәне, бірге «С», – деп айтайық.
– Енді айнаға қарап, «С» дыбысын тағы да айтайық.
– Сендердің еріндерің қалай керілді?
«С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы.
Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «С» дыбысы қысылып шығады. «С» дыбысы – қатаң дауыссыз дыбыс.
– Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Тілге жаттығу жасату.
Са-са – сана
Се-се – кесе
Со-со – сона
Ес-ес – пышақпен кес.
– Балалар, сендер «С» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы. Айтқан сөздерін буынға бөлгізу. Буыннан сөз құралатынын естеріне түсіру.
Билингвалды компонент: сөз – слово
Сергіту сәті:
Тікірейген құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп
Беті-қолын жуады.
– Енді, балалар, с дыбысына сөздер ойлайық.
Осы сөздердің ішіндегі «Сан» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
-
– дыбысы қандай дыбыс? А – қандай дыбыс?
Н – қандай дыбыс?
Дидактикалық ойын: «Мен айтайыншы»
Ойын шарты: педагог әртүрлі дыбыстарды үнтаспадан тыңдатады, балалар дыбысты ажыратып, қай дыбыс дыбысталғанын айтады.
– Балалар, сендер мұқият тыңдаңдар. Мен сөз айтамын, жоқ дыбысты сендер айтасыңдар. Сағат соқты - ...ырт.
Бақылдайды бақа- ...ақ - ...ақ
37
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 21 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
– Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?
№22 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «С» дыбысы.
Мақсаты: «С» дыбысымен таныстыру;
Міндеттері: Балаларға дыбыстық талдау жасауды үйрету. Буынға бөлуді үйрету. Ауызекі сөйлеу тілдерін, ақыл-ойларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дыбыстық талдау;
Түсінеді: «С» дыбысының дауыссыз екенін;
Қолданады: сөздер арасынан дауыссыз дыбысты анықтауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем сурет, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: әуе шары – воздушный шарик, сары – желтый.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызу. Бір-біріне жақсы сөздер айтады.
-
Негізгі кезең
– Балалар, өткен тақырыпта сендер қай дыбыспен таныстыңдар?
– Естеріңе түсіріңдерші, «С» дыбысынан басталатын сөздерді.
– «С» дыбысы қандай дыбыс?
Енді, балалар, осы «С» дыбысын өткен дыбыстарға қосып сөз құрайық.
– Балалар, сөздерге дыбыстық талдау кезінде, дыбыстардың несін ажыратамыз?
– Балалар, мына суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар?
– Осы сөздерді буынға бөліңдерші неше буыннан жасалады екен?
– Бір буында неше дауысты дыбыс болады?
Дидактикалық ойын: «Дауыссыз дыбыстарды анықта»
Ойын шарты: педагог өткен дыбыстарды атайды, балалар сол дыбыстан басталатын сөз айтады.
Сергіту сәті:
Ақшақар
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.
(З.Шүкіров)
Тіл ұстарту.
Са-са-са – ызыңдайды маса,
Ағаш болар таса.
Дидактикалық ойын: « Ойлан тап»
Ойын шарты: педагог жұмбақ жасырады, балалар жауабын табу арқылы сөйлем құрайды.
Мысалы:
Бақшада жер қазып,
38
Жиып алды жез қазық.
– Шешуі: сәбіз.
– Неліктен жез қазық делінген?
– Жез сөзі бұл жерде қызғылт деген мағынаны білдіріп тұр. Қазық дегені сәбіз жерге қазық сияқты қадалып тұрғанын білдіреді.
Саусақ бұлшық етіне жаттығу жасату.
Сорпаға тұз себемін,
Дәмін оның көремін.
Тұз аз болса тағыда,
Азырақ тағы себемін.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 22 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі оқу қызметі сендерге түсінікті болса, күліп тұрған смайликті көтеріп көрсетіңдер.
№23 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "Ң" дыбысы
Мақсаты: "Ң" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау. Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға, қызыл және көк түсті текшелерді қолдануды үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: "Аң", "таң", "оңға" сөздеріне дыбыстық талдау;
Түсінеді: "Ң" дыбысының дауыссыз екенін;
Қолданады:дәптермен жұмыс жасап, қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, текшелер, жұмыс дәптері, әдемі таяқша.
Билингвалды компонент: аң – зверь, таң – утро, оңға – направо.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгін бақшаға келе жатып, қолында сиқырлы таяғы бар сиқыршыны көрдім. Ол маған сиқырлы таяғын берді (әдемі таяқшаны көрсетеді). Ол маған: «Осы таяқшаның көмегімен балаларды Орманға саяхатқа апар», – деді.
– Кәне, сендер саяхатқа барғыларың келе ме?
Ендеше көздеріңді жұмыңдар.
Осы кезде педагог тақтаға орманның көркем суретін және аңдардың суреттерін іліп қояды.
2. Негізгі кезең
– Балалар, көздеріңді ашыңдар, сендер орманнан не көріп тұрсыңдар?
– Оларды бір сөзбен не деп атаймыз?
– "Аң" сөзін шапалақтау арқылы буынға бөлейікші?
– "Аң" сөзінде "Ң" дыбысы қай дыбыстан соң тұр?
– "А" дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз ба?
39
– Ал, балалар, қолымызға қолайнаны алып ң дыбысын айтып көрейік.
– "Ң" дыбысын айтқанда тіліміз таңдайымызға тиіп, кедергімен шығып тұр. Сондықтан "ң" дыбысы дауыссыз дыбыстарға жатады, көк текшемен белгілейміз.
– "Ң" дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
"Н" мен "Ң" дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы айтылуына көңіл аударту.
Бір қатарға "Ң", екінші қатарға "н" дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру.
Сергіту сәті:
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем.
Қоңыр аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі.
– Ал, балалар, қазір біз "аң" сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
– "Аң" сөзінде неше дыбыс бар? "А" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– Аң-ң-ң, "ң" дыбысын педагог қаттырақ айтады да, "ң" дыбысына екпін түсіп тұрғанын айтады.
– "Ң" дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
– Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
– "Аң" сөзінде неше дыбыс бар?
– Неше дауысты дыбыс?
– Неше дауыссыз дыбыс бар?
– Неге көк текшемен белгіледіңдер?
Билингвалды компонент: аң – зверь, таң – утро, оңға – направо.
Дидактикалық ойын: "Буынға бөл"
Педагог: Мен сендерге әртүрлі заттардың суреттерін көрсетемін. Сендер суреттерді атап, шапалақпен буынға бөлесіңдер.
Саусақтарға жаттығу: "Өнерлі екен он саусақ".
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №23 тапсырма орындалады.
Педагог көмек қажет балаларға көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Не ұнады, не қызықты болды?
№24 ҰОҚ
Білім беру саласы:Коммуникация.
Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "Ң" дыбысы .
Мақсаты: "Ң" дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Құрамында ң дыбысы бар сөздерді талдау. Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу, олар табиғаттың бөлігі екенін түсіндіру.
40
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Ң дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау;
Түсінеді: "Ң" дыбысы дауыссыз дыбыс екенін;
Қолданады: "Ң" дыбысын сөз ішінде дұрыс айтады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: орамал, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: орамал – платок.
ҰОҚ барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Жылулық шеңбері. Балаларды шеңберге жинап, күн нұрының сәулесіндей бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
-
Негізгі кезең
– Бүгінгі оқу қызметінде "ң" дыбысын қайталаймыз.
– "Ң" дыбысы қай дыбысқа жатады?
– Дыбыстарды не істейміз ?
"Ң" дыбысы қазақтың төл дыбыстарының бірі, оны таза, дұрыс айтып үйренуіміз керек.
Сөздік жұмыс. Тың, шың, іңір, сіңір сөздерінің мағынасын педагог түсіндіреді.
["Ң"] дыбысына жаттығу:
Мұрынды ұрып үнменен,
"Ң"-ды айтсаң болар "н" деген.
Қазақша сөйлей алмайды,
"Ң"-ды айта білмеген.
Мен жүремін тыңда да,
Іңірде де мен бармын.
Мен отырам шыңда да,
Сіңірде де мен бармын.
"Ң" аяқтар мыңды да,
"Ң" аяқтар заңды да.
"Ң" аяқтар аңды да,
"Ң" аяқтар маңды да.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр,
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Бойымызға күш жинап,
Бір демалып алайық.
Дидактикалық ойын: "Орамал тастамақ".
Ойын шарты: педагог өтілген дыбыстар бойынша дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап тауып, қайта педагогке лақтыруы керек. [с, б, м, қ, о, р, ғ, н, т, а].
Билингвалды компонент: орамал – платок.
Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Көбелек боп ұшамыз,
Көгершін боп ұшамыз.
Ұшып-ұшып аламыз,
Қолға қалам аламыз.
41
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №24 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Қандай тапсырма ең қызықты?
№25 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі:Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: "Е" дыбысы
Мақсаты: "Е" дыбысын таныстыру.
Міндеттері: Е дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын, ұсақ қол қимылдарын дамыту.Ұғымталдыққа тәрбиелеу,
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: Е дыбысының сөздегі орнын табады;
Түсінеді : "Е" дыбысының дауысты дыбыс екенін;
Қолданады: сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: доп, қызыл, көк текшелер, айна, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: түйе – верблюд, елік – олень.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Қай ай?
– Аптаның қай күні?
– Балалар, біз қандай дыбыстармен таныстық?
– Дыбыстар нешеге бөлінді?
Дауысты дыбыстар пен дауыссыз дыбыстардың айтылуында қандай айырмашылықтар бар?
– Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?
– Ал дауыссыз дыбыстар ше?
2. Негізгі кезең
– Адамдардың айтатын сөздері әртүрлі болады. Кейбір дыбыстар ауыз қуысынан еркін шықса, ал кейбіреуі кедергіге ұшырайды. Айнаны алып қараңдаршы, дыбысты айтуға не көмектеседі?