ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1786
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәнаралық байланыстар: философия, жалпы педагогика, әлеуметтану, психология.
Заңдар педагогикалық теорияның даму дентейінің бейнесі. Әр бір ғылымның ең маңызды міндетінің бірі ақиқат шындықга әрекет ететін объективті зандарды танып білуі болып есептеледі.
Бір заттық саланың теориясын құруға және әрине, тәжірибелік міндеттерді тиімді түрде шешуге тек заңдарды танып білу ғана мүмкіншілік береді.
Ғылыми білім құбылыстарды жазып баяндау ретінде қалыптасқаны, сонан соң тәжирибе негізіңде эмпирикалық теориялардың қалыптасқанын және жеке зандардың ашылғанын ғылыми ізденістер тарихында қарап көруге болады.
Тек осы заттық саланың ерекше зандары ашылғаннан кейін қазіргі кезендегі ғылыми білім теориясы дамыды /1 кесте/.
XX ғасырдың 60 жылдарынан бастап педагогика окулықтарында заңдар мен зандылықтар жайыңда параграфтар орын тапты. Бірақ, олардың біреуінде де бұл не екеніне түсінік берілмеген. Ұғымдар өз бетінше қалыптасқан, неліктен автор осыны заң әлде зандылық деп санайтыны түсініксіз. Одан басқасы, нені зандарға, ал нені зандылықтарға жатқызуға болады екені ажыратылмаған. Осының барлығы тек педагогикалық зандар мәселесінің теориялық тұрғыдан зерттелмегенін ғана дәлелдейді. Белгілі дәрежеде бұл философтардың зерттеп дайындаған заңдар мен заңдылықтар туралы түсініктерін есепке алмағандықпен байланысты /4,5,6,7/.
97
Ғылыми білімнің жүйе ретіндс даму динамикасы
/химия, биология, астрономия, физика, псдагогика мысалдарында /
98
Философияда зандар мәселесі жаңа емес. Ежелгі Шығыс және Грецияның философтық жүйелерінің өзінде-ақ, «заң» терминін қолданбасада, осы феноменге деген өзінің көзқарастарын қалыптастырған болды, олар
«заң» деп әлемнің өзіне іштен тән обьективтік тәртібін, барлық заттардын табиғи даму жолдарын түсінді.
Екі мың жылдық өткен соң Д. Бруно «табиғат заңы» ұғымын алғашқы рет пайдалаңды. Бірақта ұғымның кең қолдануы Декартқа жатады, ол заңға екі атрибут — мәңгілік және тұрақгылық тән деп санады. Яғни, егерде объективті шындықтың бұл
саласы орынды болса, онын зандары мәңгі және тұрақгы, адамдар ерігіне тәуелді емес - объективті. Мысалға бет бұрайық: материя бар және материя мен энергияның сақталу заңы бар. Жер үстінде өмір, және ассимиляция және диссимиляция заңы бар.Ғаламда денелер бар және әлемдік салмақ заңы бар.
Жаңа дәуірде «заң» ұғымын жете зерттеуімен әр түрлі философиялық жүйелердін өкілдері шұғылданды. Ф.Энгельс өзінің «Диалектика природы» деген еңбегінде адамдар, зандардың әрекетін өздерінің бақылауларында әлдеқашаннан белгіледі және соңы тәжирибені жетілдіруде қолданды
деп айтып өтті /8/. Сондықтанда ғылыми заңдар бірден ашылмайды, ал ашылғандар сол заттық саладағы жаңа білімдерге байланысты анықтала береді. Жеткілікті көрнекілік мысал — химияда Д.И. Менделеевтің периодты заңының анықталынуы.
Жалпы философиялық бағытта «заң универсумның козғалысындағы мәннін бейнесі» /9/. Заң ол объективті реалды осы заттық саланың мәнін табу /біздің жағдайда — педагогикалық шындықтың/. Ал таным, заңның
ашылуы эмпирикалық деңгейден ғылыми білімнің теориялық деңгейіне көшуге мүмкіндік береді.
Педагогикада зандар туралы біздің түсінігіміз әрине, осы ғылымның пәнімен - педагогикалық процеспен байланысты.
Ғылым заңдарын танып білуіне даму үстіндегі педагогикалық теорияның ықпалы. Педагогикалық ғылымның заңдарын зерттеу шындығында 20 ғасырда басталды. Осында шартты түрде үш кезеңді белгілеуге болады:
- 20-30-шы жылдар философия саласындағы жалпы зандарды
педагогикалық шындыққа тура тасымалдаумен байланысты
/Трахтенберг О.В., Залкинд А.Б. және т.б/
- 40-60-шы жылдар педагогиканың зандарың және зандылықтарын
белсенді ізденумен мазмұнды. Бірақта мәселенің шешілуі таныс "оқыту"
және "тәрбиелеу" категорияларынан басталады, ал педагогиканың
ғылыми зерттеу пәні назарларынан тыс қалды
99
/Помогайба В.И., Каменоградский И.С., Петухов Н.Н.,
Марьенко И.С., Барабанщиков А.В./.
- 60-80шы жылдардың есте қаларлығы, ол осы жылдарда
педагогиканың зерттеу пәніне айқын көзқарастың қальштасуы
/оқу -тәрбие немесе біртұтас педагогикалық процесс/ /П.Э.
1965; ГмурманВ.Е., Данилов М.А., Ильин В.С., Хмель Н.Д.,/,
бұл педагогикалық заңдарды жасап шығаруда перспектива ашты.
Педагогикалық теорияны құру дәл педагогикалық заңдарды мұқият түрде жасап шығаруды талап етеді. Педагогикалық процесстің өзгешелігі оның өзінің табиғатынан әлеуметті екендігі болады.
Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі ұйымдастыруға қабілетті тек бір жағдайда болады. Егерде әр бір индивид, осы жүйеге қатысушы үйлесімді дамуына және өзін іс жүзінде көрсетуге қажетті және жеткілікті шарттарына ие болса. Демек, педагогикалық процеске маңыздысы - индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы.
Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірбиесін өсіп келе жатқан мүрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек,' тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары.
Осыдан педагогикалық процестің мынадай зандары болуы мүмкін:
- бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мүрагері тек өзінің
белсенді шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
- индивидтің өзін іс-жүзінде көрсете алатын және өз орнын таба
алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар
/барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі/ тұлға ретінде дамуы,
әлеуметтік процесі барысында, әлеуметтік белсенділік
кеңістігінің бірте-бірте кеңеюі барысында жүзеге асады;
- ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп
бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процеске қатысушылардың
әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдары оның мәндік ерекшеліктері демек ол тұтастықта да және бөліктерде де өзін көрсетеді.
Ұстаздың табысты кәсиби іс-әрекетітанып білген педагогика зандарына сәйкес іс-әрекет. Қазіргі кезеңде кәсіби іс-әрекет табысты
100
нәтижелерінен бағаланады. Ал бұл білім беру саласында әсіресе маңызды, өйткені бұл жерде табысты нәтиже - ол орын тапқан тұлға. Егерде білім беру саласында табысты нәтижелер болса, сонда қоғам өмірінің барлық басқа салалары, кәсіби іс-әрекеті түрлерінің әр түрлілігі жағымды өзгерістерге мүмкіншілік табады.
XX ғасырда бірте-бірте үдейе түскен, білім берудің дағдарысы, 60шы жылдарда анық білінді. Ф. Кумбс /1/ осы дағдарысқа толық жүйелі талдау жасады. Бірақ әр түрлі елдерде жасаған реформалау әрекеттері
шындығында ең бастысын қозғамаған: білім алу процесі және нәтижесі ретінде анықталған білім берудің парадигмасы бұрынғыдай болып қала берді. Сондықтан кездейсоқ емес 90шы жъшдарда ЮНЕСКО -ның
бас конференциясының XX сессиясы болып өткенде бүкіл дүниеде білім беру рөлінің казіргі кезендегі тұжырымдамасы қабылданды, оған білім берудің жаңа парадигмасы сай келеді: білім беру деп әлеуметтік пісіп - жетілумен жеке даралық өсуге жеткен тұлғаның қабілеттерін және мінез-құлқын толық жетілдіру процессін және нәтижесін түсіну керек.
Білім беруде алғашқы рет тұлғаның мүдделері бірінші орынға қойылды. Осы түсінікте болмыстың ең маңызды, матералисттік диалектикада ашылған өзгешелігі бейнеленген - ол заттандыру мен затсыздандыру. Білім беру жүйеде ұстаз ғылыми білімді жинаған әдіс-тәсілдерді айқындайды деген сөз. Оқыту процесі барысында оқушылар бұл әдістерді игеру арқылы меңгеріліп жатқан оқу пәнін игерді. Дәл осылай /іс-әрекет әдістерін меңгеріп алу/ болғандықтан оқушылардың тұлғасының өзгерілуі болады /заттандыру/. Шындығында дәл осымен жеке адам тұрғысына бағытталған білім берудің кажеттілігі белгіленді. Яғни, оқушы нені істей алады, оқыту процесі барысында қандай болады екендігіне ерекше назар аудару. Тек сонда ғана оқушылыр адамзаттың, /этностың, аймақгың, жанұяның, мамандықтың /мәдениетін меңгеруі және олардын қоғамдық кәсіби іс-әрекетте дамуы туралы айтуға болады.
Яғни педагогикалық зандар білім берудің сапасының мәнін түсінуде перспектива ашады-ол социумде өзін іс- жүзінде көрсете алуға дайын оқушылырдың тұлғасын жасау. Бірақ біртұтас педагогикалық процестің теориясымен оның заңдарын меңгермейінше, ұстаз ең бастыға қатыссыз
жеке бөліктерге шоғырлануы мүмкін. Педагогикалық заңдарды білу ұстазға практикалық жұмысты нақты мақсатқа яғни, түпкі нәтижеге анық бағыттарды белгілеп құруға мүмкіншілік береді.
101
Тұтас педагогикалық процесс теориясы - педагогтар мен оқушылардын оқу және оқудан тыс іс- әрекетінін бірлігін іске асырудын негізі
Сурет 1. Педагогтар мен оқушылардын практикалық іс- әрекетінін
теориялық негізі
102
Демек, ұстаз, тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктері және зандары туралы білімге ие болса, онда ол іс-әрекет ұйымдастыру арқылы оқушылар түрлі іс-әрекеттер және қарым -қатынастың жаңа әрі өте күрделі әдістерін меңгеруін жетуге болады (1-суретті қараңыз).
Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады. Ал индивидтің табысты іс-әрекеті тұлғаның өзгеруіне, даралығының дамуына келтіреді, өйткені қазіргі кезендегі білім беру парадигмасы дәлелдейді,оқу, оқудан тыс іс-әрекетпен қатар, адам мәнінің күшін дамытудың құралы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сүрақтар
1. "Заң" ұғымының мазмұнын анықтаңыз.
2. Әр-түрлі ғылымдар мысалында зандардың объективті сипатын ашып көрсетіңіз.
3. Тәжірбие үшін зандардын объективті сипаты нені білдіреді?
4. Практик ұстазда педагогикалық пропестің заңдарын білуі неде көрініс табады?
Әдебиеттер:
1. Кумбс Ф. Кризис образованиея в современном мире: системный анализ /Под. Ред. Г.Е. Скорова. М: Прогресс, 1971.
2. Проблемы методологии педагогики и методики исследований /Под. Ред. М.А. Данилова и Н. И. Болдырева. М: Педагогика, 1972.
3. Петухов Н.Н. Особенности законов объективного мира /В кн. Общие основы коммунистического воспитания. Ч. 1./. Л. ЛГУ, 1975.
4. Тугаринов В. П. Законы объективного мира, их назначение и исполъзование. М. ЛГУ, 1955.
5. Глезерман С.Е. О законах общественного развития: их характер и использование. М.: Политиздат. 1979.
6. Философский словарь. М.: Политиздат. 1980.
7. Новейший философский словарь. Мн.: изд. В. М. Сакун, 1998.
8. Энгельс Ф. Диалектика природы. К. Маркс. Ф. Энгельс. Соч. Том. 20.
9. Ленин В. И. Философские тетради. ПСС том 29.
ІО.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя Алматы: Ғылым. 1998.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Сабақ есебінде, қалай мұғалім іс-әрекетінде зандар көрінеді екенін жазып баяндаңыз.
103
2. Педагогикалық зандарды жүзеге асыра отырып сабақ жоспарының жобасын дайындаңыздар.
Реферат тақырыптар
1. Педагогикалық теорияның және оның негізгі құралдарының /заңдар, принциптер, заңдылықтар/ дамуы.
2. Педагогикалық заңдар А.С. Макаренконың тәжірбиесіңде
3. Ғылымның категорияларымен оның заңдарының өзара байланысы.
104
2.2.2 Педагогикалық процестің заңдылықтары
Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің компонентері мен зандылықгарынын арасындағы оның ішкі құрылымын көрсететін байланыстары туралы, түсінікті қалыптастыру.