ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1793
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
110
ұйымдастыруда) ынтымақтастыктын объективті алғы шарты ішінде болса, онда олар балалардың іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған мұғалім тарапынан немесе коллектив атынан берілген тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады. (Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.)
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығынын бар екендігінің көрсетеді, оны ескерілмейінше педагогикалық пропестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларды да анықгауды шамалайды. Педагогикалық процестін заңдылықтары қандайда болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп-салдар детерминдықпен, жалпылықпен сипатталады. Зандылықгар объективті осы процеске қатысушылардан—олардың ұнамды көңіл—күйінің тілектерінен тәуелсіз.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігі эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысыңда анықталды. Егер зандылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықгалған зандылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін,өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте
түседі. Ең ақырында қандайда болмасын процестің зандылықтарын
тану оны басқару мен мұғалім іс -әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20 - шы жылдарында тәрбиенің зандылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.) Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан
тыс уақытындағы (Болдырев. Н.И., Щукина Г.И.; Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) зандьшықтары зерттелді. XX ғасырдың
соңғы он жылдығыңда пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестін зандылықтарына шолу жасалған (И.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б. Т. Лихачев , В.А. Сластенин).
111
Педагогикалық процестің зандылықтары "ұстаздар — оқушылар" жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысы (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.
Сондықтанда педагогикалық процестін негізгі мынадай зандылықтары болады:
- оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік
экономикалық қажеттілігіне сай болады;
- педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын
көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары
арқылы талап етіледі;
- педагогикалық процесс екі жақгы процесс, ол ұстаздармен
оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен
байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс -әрекет;
- оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият
ойластырған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі;
- педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырлуы
оқушылар коллективі, соньгмен катар жеке оқушьшардың жас
ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;
- педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі,
олардың бір - біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір — біріне
әсері бар;
- педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге
бағытталған;
- педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің
ортасы мен
өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды
тудырады,соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қальштасады.
Заңцылықгар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процессті негізгі жағдайда заңдар мен зандылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оку-тәрбие жұмысының сапасынан төмендеуіне әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің зандары мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере отырып, баланың түлға ретінде дамуының
112
тиімді жағдайын нақгьшы әлеуметтік — экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу кдбілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнін басшылыққа алуға тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін болды.
Принциптер мұғалімнің іс- әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық
бағыттылығы;
- іс - әрекеттің санамен мінез - құлық бірлігін қалыптастыруға
бағыттылығы;
- педагогикалық процестегі іс - әрекеттерді оқушылар тұлғасын
дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
- педагогикалық талап қоюшылықты окушының көзқарасын оны
адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым -қатынасын сыйлаумен
ұйымдастыру;
- оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты
(индивидуалдық) психологиялық физиологиялық жас ерекшелік
пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
- педагогакалық басшылықгы оқушылардың инциативасымен,
қайраткерлігімен ұластыру;
- оқушылардың іс- әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;
- ұстаздардың, оқушьшар ұжымының және отбасыларының
оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
- әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуыңдағы жаңа құрылымды
үздіксіз бақылау.
Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері озара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс- әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін (2 суретті қараңыз).
Суретте тілдің екі бағыты керсетілген. Сағат тілі бойынша оқушьшардьщ іс-әрекетінің үйымдастьфылуы керсетілген, керісінше бағытта
113
педагогикалық процесте жанылысқан жерін тауып алу үшін қозғалыс.
ІІедагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.
Педагогикалық процестін теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенін нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша , әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс - әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті көбінесе оқылатын материалдын мазмұнымен байланыстырады немесе оқушыларда қайсарлықгы, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Сурет 2. Педагогикалық процестегі компоненттердің өзара кестесі
114
Сөзсіз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден менгерілетін пәннің мазмұны қаншалықгы қоғамның даму денгейіне, оның мүддесіне сай келетіндегіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықгы табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік зандылықгарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.
Кезінде А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшітіктерімен байланысты деген болатын. Демек, процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушьшардын қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн (сурет — 3).
Сурет 3. Педагогикалық процесте оқушының қарым-қатынас (тәрбиелгк тетіктері) жүйесі
I - ата-ана мен балалардың арақатанасы
II - мұғалім мен оқушылардың арақатынасы
III - сыныптас және құрбы-құрдастар арақатынасы
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мүғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір - бірімен өзара қарым - қатынастары. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір -бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.
115
Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғатімнің маңызы зор,ол үшін мүғалім білімінің беделінің, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор,оның жетістіктері қаңдай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушьшарды бірте — бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинакталады,тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмеңдмейді. Бірақ жоғары кластардың өзінде де толық жойылмайды.
Бірақта зерттеулердің (А.С. Макаренко; Т.Е. Конникова ; Л.И. Новикова; М.Н. Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақгастығында балаларға еркіндік берумен іс - әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе- тендіктің керектігі анықталған. Онда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықгы, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да) және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл мұғалім мен окушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оньщ өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.
Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығында кем емес. Бұл оқушьшар арасындағы өзара қарым -қатынастары Н.К. Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатындстардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Макаренко нақтырақ болды ол: "ұтаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек" дейді.
Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатындстдрдың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін.
Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс -әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырьшған ерекше бір іс- әрекет ретіндегі олардьщ коллективтік қатынастары оқушыларда бір — бірін тұлғалық қабылдау мәдениетін максатты тәрбиелеу, оқушылардың өзін -өзі тану процесі барысында оларға
116
жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінін жүріс --тұрысын өзі реттеу және әлеуметтк тиімді өз орнын табуымен байланысты.
Оқушылардың өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бүл тетік, бірінші көрсетілген тетік сияқгы, тек іс — әрекет болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында. Сонымен қатар іс - әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылған болуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақгастықпен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарттар жасалынады.
Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекетпен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіңдік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді әзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.