Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1791

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Міндеттер:

а) "Зандылық" ұғымының мәнін анықтау;

б) Педагогикалық процестің бөліктері арасындағы тұрақгы байланыста заңдылықтардың бейнесін ашып көрсету.

в) Зандылықтардың нақгылы көрінуінде принциптердің маңызын көрсету.

Жоспар

1. Педагогикалық процестің заңдылықтары.

2. Педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымы.

3. Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.

Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, бөліктері, заңдылықгар, құрылымы, принциптер, жобалау, модельдеу. Пәнаралық байланыстар: философия ғылымының әдіснамасы, педагогиканың әдіснамасы, саясаттану, әлеуметтану.

Педагогикалық процестің заңдылықтары

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту -тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңцар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту - тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.

Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс - әрекетінің объектісі — біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс - әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Зандылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақгылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.

Мұғалімді дайыңдау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықгай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі - құрылымдық сипаттау, алда болатын іс - әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар

105

— оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.

Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқгы педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді ,бірақ ішкі белсенділік пен өзін - өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенін бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т.,Афанасьв В.П.,Блауберг И.В., Садовский В.Н. және т.б.):


-қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатка ие, оның қызмет атқаруы

мақсатка сәйкестік сипатты білдіреді; жүйе өзара байланыстағы және

өзара тәуелді элементтерден (компонентерден) тұрады;

-жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;

-жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуімен

тұрақтьшығын қамтамасыз етеді;

-жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен

байланысын көрсетеді;

жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;

-жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады (сурет 2)


Сурет 1. Педагогикалық процес блоктарының өзара байланысы

Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек кана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың

арасыңда оның орнын анықтауға және "ұстаздар - оқушылар" жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім

106

қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.

Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінін ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның ргосезкиз - қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген "процесс"деген ұғымның мағынасы "ұстаздар - окушылар" жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір

ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын зандылықгарымен байланысты.

Педагогикалық процестің ' компоненттері және құрылымы.,

Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды иедагогикалық ироцестің бөліктеріне жатқызады. М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.



Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері "ұстаздар мен оқушылар" жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.

Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын

107

анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.

Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындагы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықгалады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан

өсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал - мақсат) ретінде қарастырады.

Алайда мақсат -идеал немесе іс - әрекеттің нәтижесінін өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.

Егер идеал — мақсатқа жету ақыл — ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртүтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат — міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.

Кейбір мақсат-идеал мен мақсат - міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда, оны субъект - субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықган оқушылармен бірге жасау керек.


Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И. Ленин) бағытталуы керектігіне сеңдіреді. Маркарян Э.С. өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттерді меңгеруі керек.

108

Әрбір көрсетілген қабаттар өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Материалдық ол мәдениет адамзат жасаған заттар жиынтығы материалдық құндылқтар (машиналар, саймандар, техника әртүрлі міндеттері бар объектілер). Бұл мәдениет қабатымен мұра болмайтын біліктер байланысты адамның бар материалдық құндылықтарды жаңа тәжірибеге енгізуге және жананы жасауға, мүмкіншілігіне себеп болады. Рухани мәдениетті, кейде оны интеллектуалды дейді, адамдардьщ айналада қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортада, ғылымда, өнерде белгіленеген белгілі бір қабылдау мен бейнелеп көрсету деңгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т.б.) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс- тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір қабаты адамзат белгілі бір іс-әрекетте "орындаған".

Жалпы адамзат мәдениетінің әрбір қабатының ерекшелігі ең алдымен тұлғаның жан - жақты дамуы дәл адамзат мәдениетінің барлық байлығын меңгеруді талап етуін көрсетеді. Екіншіден мәдениет қабатының

әрбіреуі, адамды дайындаудың бір жолын көрсетеді. Үшіншіден әрбір мәдени мұраның мазмұнының ерекшеліктері, тұлғаның жан - жақты дамуы үшін қолдануға болатын, яғни индивидке мәдениет мазмұнын меңгеруге көмектесетін іс-әрекет түрлерін, кұралдарды анықтау қажеттігіне бағыттайды.

Тұлғаның қальштасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс - әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс - әрекет тәсілдері арқылы жасалынғанын анықтайды. Ал индивидтің іс - әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық міндеттері шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс - әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым - қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.


Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырьшған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс -әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондъгқтан педагогикалық ықпал ету кдлыптасу барысыңдағы тұлғаның ортамен ( тек

109

әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын — ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс - әрекет барысында қалыптасады , іс - әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс - әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс - әрекеттің езі барлық адамның саналы өмір кезендерінде маңызды.

Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:

- қаңдайда болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп

жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген

педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.)

жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі

құралдарының қарым - қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б

объективтік алғы шарттарын көруге болады;

- кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану

мақсатымен міңдеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың

барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші,

негізгі, өзекті іс - әрекетті анықтауды талап етеді;

Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес сонымен бірге ол оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық ықпал ету құралдары туралы айтылғандар педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстын формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайлы таңдау жайлы егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс -әрекеттер түрлері) әдетте айыпталмайды.

Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жқмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін "еңбегін затын"талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс -әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындауға кажет. Оқушылар үшін таным іс - әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады. Сондықтан, егер формада ( өзара әрекеті