ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1799
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
135
Ең жалпылама топтастыру көне дәуір философтарының ілімдерінен бастау алатын ақыл-ой, рухани, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтиды.
Қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге және тәрбие жұмысының көптүрлілігіне байланысты азаматтық, саяси, ұлтаралық, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру, құқықтық, экологиялық, экономикалық тәрбие турлерін ажыратады.
Әр түрлі әлеуметтік институттарға қарайтындығына байланысты отбасылық, мектептік, мектептен тыс, конфессиялық (діни), балалар, жасөспірімдер ұйымдарындағы, арнайы білім беру мекемелеріндегі тәрбие түрлері болып бөлінеді.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты авторитарлық, демократиялық, либералдық, еркін тәрбие түрлері орын алады.
Философиялық тұжырымдардың ерекшеліктеріне сәйкес прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, жеке тәрбиелеу түрлері болады. Қысқаша түрлеріне тоқталып өткен жөн.
Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процессіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.
Ақыл-ой төрбиесінің мақсаты - балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу.
Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- танымдық қызығушьшықты дамьпу;
- танымдық белсенділікті қалыптастыру;
- белгілі білім көлемін меңгеру;
- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;
- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.
Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.
136
Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.
Адамгершілік тәрбиесі - тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.
Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:
- адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;
- адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;
- адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;
- адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;
- қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;
- өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.
Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі - адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», "Өзіңдегі адамгершілікті сақта"- деген өсиеттері осыны айғақтайды.
137
Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа "Мен"- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.
Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.
Құқықтық тәрбие дегеніміз балалардың кұқұқтық сана-сезімін, қоғамдағы құқықгық нормалар мен құқұқтық мәдениетті сақтау, заңды құрметтеу дағдыларын қалыптастыру.
Құықтық тәрбиенің мақсаты -оқушыларды күрделі құқықтық
қоғамдық қатынастармен таныстыру.
Кұқықтықтәрбиенін міндеттері:
- құқықтық мемлекеттік азаматын тәрбиелеу;
- өмірге қажетті карапайым заңгерлік сауатылықты меңгеру дағдыларын қалыптастыру;
- балаларды өз кұқтарымен міндеттері мен құқықтық жаупкершіліктерімен, кұқықтық қатынастармен таныстыру.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын бірнеше заң құжаттары бар. Балаларды қоғамдық өмірге дайындау маңыздылығы, және ұлттық сана-сезім мен азаматтықты тәрбиелеу принциптері негізінде жасалған бала құқығы мен мүдделерін іске асыруда пайда болатын қатынастарды қадағалайтын "Балалар кұқықтарының декларациясы", Қазақстан Республикасының "Балалар құқығы туралы заңы", "Балалар құқығы туралы конвенция" іске асырылуда.
Әлеуметтік ортадағы өмір ер адам бойында өз Отанына деген сүйіспеншілікті, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруды талап етеді. Әр бала жеке тұлға болуға, өз өмірін өзі құруға, өз ойын еркін айтуға, азамат болуға құқылы.
Азаматтық тәрбие дегеніміз балаларды қоғамның саяси өмірінің негіздерімен таныстыру, өзінің азаматтық міндеттерін орындауға дайындығын қалыптастыру.
Азаматтық тәрбие жеке тұлғаның азаматтық сана-сезімін, конституциялық, кұқықтық көзқарасын қалыптастыруды қарастырады.
Азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты - адам бойыңда отанға
деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын,
138
бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейді.
Азаматтық тәрбиенін міндеттері:
- тұлғаның өз абыройын бағалап құрметтеу сезімін, жеке тәуелсіздігін және тәртіптілігін қалыптастыру;
- адамға өзін заңды, саяси, әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіретін тұлғаның азаматтылығын қалыптастыру;
- тұлға бойыңда басқа азаматтарға және мемлекетке деген сыйластық және сенімділік қатынастарын қалыптастыру;
Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға деген даярлық адамгершілік тәрбиесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Экологиялық_тәрбие'>Экологиялық тәрбие - ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.
Экологиялық тербиенің міндеттері:
- жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
- табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;
- адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту;
- қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы, және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру.
Еңбек- тәрбиесінін мақсаты - балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуте даярлыктарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру.
139
Еңбек тәрбиесінің міндеттері:
- оқушыларды еңбек іс-әрекетінің әр түріне мақсатты бағыттайтын жалпыға пайдалы еңбек қажеттілігін қалыптастыру;
- белсенділік, іскерлік, еңбекті құрметтеу сияқты қасиеттерді дамыту;
- тұлғаның қайсарлығын, ұқыптылығын, тапқырлығын, ептілігін және басқа да жігерлік қасиеттерін дамытатын қажетті дағдыларды бекіту;
- жастарға кәсіптік бағдар беру, оқушыларды еңбек іс-әрекет түрлерімен уақытылы таныстыру;
- оқушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық және өзара көмектесу, өзара жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. "Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек...Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек... Тәрбие адамның ақылын ғана'дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет.
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Экономикалық тәрбие дегеніміз балалардың нарықтық экономика жағдайында шаруашылықты тиімді жүргізу қағидалары мен нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін, талаптары мен мүдделерін қалыптастыруға жүйелі және мақсатты ықпал жасау.