ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1795
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бірте-бірте игеруі, сана мен төртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. Әлеуметтендірудің адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Түлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру — тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып калыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлсрге үздіксіз жауап қайтаруынан».
Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары батаның бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуте тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлдеқайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек.
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрскстін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі тураты иікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік
123
кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Сөз жоқ, адамды әлеуметтендіру нәтижелері әлеуметтік белсенділік, адамның әлеуметтік қарым-қатынасы байланысында көрініс беретін әрекетшілдігі. Әлеуметтендірудің көрсеткіштері: әлеуметтік ортаға бейімделу, әлеуметтік дербестік және әлеуметтік белсенділік.
Әлеуметтендірудің көптеген тұыжымдамаларын талдау, олардың барлығын осы аталған позициялардың, ұстанымның біріне жақындайды, олардың өзі адамның әлеуметтендіру жүйесіндегі орнын түсінуі. Біріншісі, адамның әлеуметтендіру жүйесінде моральдық позициясын ұстанады, ал әлеуметендірудің өзін адамның қоғамға бейімделу кезеңі ретінде қарастырады, әрбір мүшені өзіне тән мәдениетіне қарай қалыптастырады. Мұндай көзқарасты субъект - объект деп қарауға болады (қоғам объсктивтік әсер, ал адам —оның объектісі). Бұл ұғым — пікірдің басында Э. Дюркгейм және Т. Парсонс тұрды.
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өзі өзіне, өмірдегі Жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты «субъект-субъект» деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч.Кули жоне Д.Г. Мид ұстанды.
Балалар, жасөспірімдер, жастар өзара қарым-қатынаста, әлеуметтену кезінде олардың дамуларына азды-көпті әсер ететін түрлі жағдайлардан өтеді. Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді.
Бірінші - мегафакторлар (мега- ете үлкен) - космос, неосфера, планета, әлем бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
Екінші - макрофакторлар (макро-үлкен)
- ел, мемлекет, этнос, қоғам бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүрстін
тұрғындарды әлеуметтендіру.
Үшінші — мезофакторлар (мезо-орташа)
- тұрғылықты жерде халықтың болмыс түрі, әртүрлі субмәдениетке
қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобын әлеуметтендіру
жағдайы.
Микрофакторлар - белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады - үйелмен мен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие
124
орындары, әртүрлі қоғамдъщ, діни, мемлекеттік, жеке үйымдар, микросоциум.
Әлеуметтік тәрбиенің мазмұны жеке түлғаны қалыптастырудың барлық жүйесін қамтиды. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді.
Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік тәрбиенің мазмұны;
- ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғаны
әлеуметтендіру;
- жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөліктері: отанға деген
сүйіспеншілік, халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке деген
жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық мәдениеттілігі, эстетикалық
және дене дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның
әлеуметтік институттармен қарым-қатынасы,. орта және тәрбие (сурет 1)
Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың
әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-
ерекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның
ойъшша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін,
яғни әр адамның меңгеруі қажет — материалдық, рухани және социо-
нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латьш тілінен
аударғаңда өндеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші
мағынасы-рухты деріптеп кетеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің
«Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін
теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э.
Тайлер мәдениетке барлық білімнің жиынтығы ретінде, яғни адамның
табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем
өнер, әдет-ғұрып, діншілдік денгейінде зерделеген.
С.Б. Малиновский мәдениет теориясы адам табиғатының: биологиялық (адам өз тұқымымен жалғастыру үшін) және әлеуметтендіру жағын да ескеру
қажет деп түсіндірген
125
Сурет1. Тәрбиенің мақсатындағы әлеуметтік негіздері
Онын ойьшша, мәдениет тұтас қажеттілік құндылықтары, құқықтар, конституциядағы әлеуметтік баптарда бекітілген идея кәсіп, нанымдар мен дәстүрлерден тұратын тұтастық. «Мәдениет» ұғымының тарихына арналған арнаулы еңбекте, Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен карым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтарымен және басқа адамдармен пікірлесу. Кювильге мәдениетке бұдан көрі кеңірек анықтама береді. Ол мәдениетке материалдык әлем заттарын жатқызады, оның ішінде өндіріс өнімдерін, сонымен қатар, мінез-құлық пен психология құбылыстары: білім, қатынас, құндылықтар. А.К. Уледов «мәдениетті коғамның рухани қазынасы» деп бағалайды. Бұл жағдайда қоғам мен мәдениет ұғымының ара қатынасы бүтін мен бөлшектің ара қатынсындағы сапасы ретінде түсінеміз. Әрқашанда мәдениет шығармашылық еңбекпен байланысты. Мәдениетті материалдық және рухани құндылықтың жиынтығы ретінде қараған абзал. Мәдениетті биологиялық тұрғыдан тек адамға тән іс-әрекеттің тәсілі ретінде түсініп қана қоймай, «оның техника-логикалық және заттық-өнімдік» шектерін, сонымен қатар материалдық, рухани және көркем мәдениет сияқты үш мәнін М.С. Каган болжады. Ол материалдық мәдениеттің тәжірибеде қайта жаңартуға және оның практикалық коммуникативтік мәнінің адам қызметіне тигізер ықпалына тоқтайды.
Материалдық мәдениет адам қолымен жасалған материалдық құндылық заттардың жиынтығы материал (машина, құрал-жабдық, техника, әртүрлі бағыттағы объекгілер т.б.). Мәдениеттің бұл саласы адамдардың тума қасиет шеберлігінде еместігі ескеріледі. Рухани мәдениетті кеиде интеллектуалды деп те атайды, адамдардың табиғат пен әлеуметтік ортаны қабылдау мен бейнелеудің белгілі бір ғылым мен өнерді айқындалған болмысы ретінде қабылданады. әлеуметтік-ережелі мәдениет, қоғамдық өмірді ұйымдастыру (экономика, құқық, саясат т.б.) тума қасиет мінез-құлыққа тәуелді еместігімен оқшауланады.
Жалпы адамды тәрбиенің әлеуметтік негіздерінін, мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, тәрбиенің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, тәрбиенің әлеуметтік мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның
127
іс-әрекетінің белсенді-жасампаз санасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрскет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді.
Тәрбиенің әсері дегеніміз-қалыптасып келе жатқан тұлғаның ортамен (әлеуметтік қана емес, сонымен бірге табиғат, матриалдық, рухани) мақсаттарға сай өзара қарым-катынасы болып табылады. Әлеуметгік тәрбие - өзіне тән әдістер арқылы, сонымен қатар экономикалық саяси, құқықтық идеалды қалыптастыратын тәрбие кеңістігі екенін бүгінгі педагогтық қауым мойындауда.
Өзіне-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
2. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.
3. Тәрбие, «тәрбие мақсаты», «әлеуметтендіру», «персонализация» түсініктерді айқындау.
Әдебиеттер
1. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика: Курс лекций. М., 1999.-
2. Мудрик А.В. Социальная педагошка. М., 1999.
3. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма-Ата, 1990,69 с.
4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М., 1974, с 84.
5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998, с 27.
6. Фромм Э. Иметь или быть. (пер.с англ. - М. Прогресс, 1989, с 29
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Жатпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру.
2. Сынып ұжымының сипаттамасы бойьшша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.
3. Тұлғаны әлеуметтендіруде әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.
128
Реферат тақырыптары
1.Теория мен тарихи педагогикалық ойдың дамуында «тәрбие максатына» анықтамасын дамыту.
2.Жастарды кәсіптік іс-әрекетке дағдыландыруда әлеуметтендіру шараларының маңызы.
3.Қоғамдық тәрбие мақсатының әлеуметтік негізі.
129
2.3.2. Тәрбиенін мазмұны
Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастарын ашу.
э) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.
б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.
в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның негізгі тәсілдерін сипаттау.