Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1801

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жоспар:

І.Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.

2.Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мэдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде З.Тәрбиенің түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.

4.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.

Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мазмұны, тәрбие

мазмұнының өмірмен байланысы, тәрбиенің түрлері, тәрбие

мазмұнының этикалық және ұлттық аспектілері, өзін-өзі

тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері.

Пәнаралық байланыстар: философия, мэдениеттану,

социология, элеуметтік психология, педагогика тарихы. Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды жэне көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі

130

ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тәрбие мазмұны - эр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.


Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.

Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты - қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналаскан.

Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.

131
Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мэселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.

Осы ойлар "Мектепке дейінгі жэне мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасында" (1995 ж.), "Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының тұжырымдамасында"(1996 ж.), "Қазақстан республикасындағы этномәдени білім беру тұжырымдамасында"(І996 ж.), "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" (2000 ж.), "2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында"(2004 ж.), «Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында (2004 ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.



Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.

Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді көрсетеді..'«Гуманизм» ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.

Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.

132

Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен, гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным, қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы қарастырылады.

Тұлғаның жан- жақтылығы оның адамзат мәдинетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде. Тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарынын еңбектерінде кездеседі. Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілтен. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.

Барлық халық ертегілерінде, аңыздарында жағымды кейіпкерлер образдары арқылы адам тұлғасын жан-жақты жетілдіру ойлары орың алып отырған. Жан - жақты жетілген адам тураты көзқарас әдебиет пен өнер шығармаларында, халық шығармашылығында дамытылып отыр.

Жан-жақты' үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру -тәрбиенің басты мақсаты. Бірақ, кез келген қоғамда тәрбие мақсатының екі түрлі мағынасы болатынын айтып ету керек, яғни тұлғаның екі педагогакалық идеалы болады. Бірінші идеал өте жоғары деңгейде қарастырылады, ол идеал-мақсат, ол тәрбиенің ең жоғарғы мәнісін- өмірге келген әр адамға өзін-өзі іске асыруға, өздігінен дамуға мүмкіншіліктер жасауды камтамас етуге бағытталған арманға ұқсайды. Ол тәрбиеленушілерді неғұрлым жақынырақ жетелейтін жарқын үлгі, негізгі бағыт-бағдар. Екінші идеал неғұрлым, шындыкқа жақынырақ күнделікті өмірде орын алуы мүмкін. Тәрбиеленушілер үшін олар жарқын тұлғалар, сол заманның белгілі ардагерлері, жағымды кейіпкерлер, солардың
орнында болуды армандайтын, үлгі алғысы келетін атақты адамдар.

Тәрбиенің жалпы мақсатын іске асырудағы қиыншылықтар жалпы білім беретін мектептің міндеттерін қайта қарастырып нақтылауды талап етеді. Әлеуметтік институт ретінде мектеп педагогикалық процесске қатысушьшардың өзін-өздері іске асыруларына және өздерінін өмірдегі орнын анықтай алуларына жағдай жасауға тырысады.

Тұлғаны жан-жақты дамыту идеясын іске асыру негізінде батанын жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның ақыл—ойын дене

133

бітімін, күш-жігершілігін үйлесімді дамыту заңынын талаптары жатыр.

Қазіргі кезде ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы айтатын пікірлері бірдей емес. Мектепті ізгілендіру және демократияландыру процесстерімен қатар басқа да сұрақтар кеңінен талқыланып, олардың шешілуі тәрбиені жаңа сапалы деңгейге көтеруі тиіс. Бірақ барлық зерттеуші-педагогтардың тәрбие мазмұны жайлы ізденістері мынандай маңызды идеяларға негізделген:

1.Тәрбиенің мақсаттарын нақты түрде қою.

2.Мектептің, жанұяның педагогикалық процессінде балалар мен үлкендердің ынтымақтастығы.

З.Адамның өмірдегі өз орнын анықтай білу мәдениеті.

4.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы. Аса көп көңіл бағдарламалар мен іс-шараларды орындауға емес, тек балаға бөлінуі керек.

5.Баланың қабілеттерін, қызығушылықтарын, ескере отырып, баланы өз еркімен тәрбиеге қатыстыру.

6.Ұжымдылққка бағыттау.

Қазіргі кезде көптеген авторлар тәрбие ұғымын жеке тұлғаны жалпы адамзаттық мәдениетке өндіру процесі ретінде, және оның жоғарғы құндылықтар негізінде' өзін қоршаған шынайы өмір мен үйлесімді бірігіп тіршілік ету қабілеттерін қалыптастыруды қарастырады.

Тәрбиенің жалпы мақсатьгмен бірге тәрбие процессінде әр тәрбиеленуші үшін жеке мақсат, жеке даму жолы болуы тиіс. Себебі әр бір адам дара, қайталанбас жан. Әр адамның өзінің жан дүниесі, өз мақсаттары, ұмтылыстары, өзінің өмірлік ұстанымдары болады.

Егер де біз жеке тұлғаны тұтас құрылым деп қарастыратын болсақ, онда оқушы тұлғасын қалыптастыру мәселесі оқушыларға іс-әрекет мазмұнын, түрін, формасын таңдап алуға мүмкіндігі мол оқу материалын меңгеру кезінде де жөне оқудан тыс жұмыста да шешіледі.

Тәрбие стратегиясының нақты ұстанымдары "Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарында тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында" анықталған. Мектептегі тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыру барысында мұғалімдер төмендегі аталып отырған принциптерді іске асыруға қабілетті болулары қажет:


- педагогтың тәрбиеленушіні өз дамуына өзі жауапты субъект ретінде қарастырып отыр, тәрбиенің гуманистік бағытта жүргізілу принципі;

134

- табиғи жэне әлеуметтік мәдени процесстердің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан түсінуді қарастыратын табиғатқа сәйкестілік принципі;

- жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген ұлттық мәдениет ережелері мен регионалдық дәстүрлерге сәйкес тәрбиелеуді қарастыратын мәдениетке сәйкестілік принципі;

- әлеуметтік бейімделу дағдыларын, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік әрекеттестіктің тиімділік принципі;

- тұлғаның әлеуметтік және мәдени құзырлығын (компетенттігін) дамыту принципі.

Тәрбие мазмұны жеке тұлғаның жан-жакты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске асады. Оған: көзқарасты қалыптастыру, адамгершшікке, еңбекке баулу, тұлғаның саяси-идеялық, эстетикалық дамуы, дене шынықтыру, оқушылардың түрлі іс-әрекеттеріне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға жағдай жасау жатады.

Тәрбиенін түрлері мен олардын өзгешеліктерінін сипаттамасы.

Адамның жеке тұлға ретінде дамып қалыптасуында әлеуметтік тәжірибе мен жалпы адамзаттық мәдениеттің маңызы зор. Кең мағынада мәдениет адам іс-әрекетінің белсенді-шығармашылық сипатында қарастырылады. Әлеуметтік ортадағы әр

бір адам мәдениеттің материалдық, рухани, әлуметтік-нормативті болып бөлінетін үш бөлігін игеруі тиіс. Жалпы адамзаттық мәдениеттің әр —бір бөлігі әр адамның дайындық деңгейінің бір қырын көрсетеді.

Мәдениеттің белгілі бір саласьшың немесе бір іс-әрекет түрінің дамуына байланысты, қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты осы іс-әрекет түріне дайындау қажеттілігі туындаған. Яғни, нақты бір іс-әрекет түріне даярлауды ұйымдастыру тәрбие түрін анықтайды. Мысалы, өнердің дамуына байланысты эстетикалық тәрбие қажеттілігі туындады. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың дамуымен қоғамның нарықгық экономикаға, нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде жас ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттілігі пайда болды. Яғни, қоғамдағы барлық процесстер өзара тығыз байланысты да, өзара келісілген.

Тәрбиенің барлық түрлері мектептің тұтас педагогикалық процессінде ғылым негіздерін үйренуде, сонымен қатар отбасында да жүзеге асады. Оқушылар мектептегі білім мен тәрбие алған барлық жылдары бойы адамзат еңбегімен құрастырылған өмір мен мәдениет құндылықтарымен танысады.

Педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында тәрбие түрлерінің әртүрлі негіздер бойынша топтастырылатыны көрінеді.