Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1820

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


202

анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін" орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім беруді енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында "мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс" деп, ерекше аталып кеткен.

Конвенция, сондай-ақ БҮҮ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған "Бала құқығының декларациясы"; "Адам құқықтарының жалпы декларациясы" және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбйесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:

1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.

2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.

3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.

ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері "Неке және жанұя туралы" заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: "Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар". Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған

203

құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және баска құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықгық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.


Жанұяның педагогикалық процесін ұйымдастырудың теориялык негіздері. Жанұя тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында жанұя тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялык және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму деңгейін ескеру кәректігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен жанұя ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.

Жанұяның тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдык элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектілері - ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз - іс-әрекет.

Ұйымдастырылған мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Жанұядағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалык, т.б.) балаларды араластыру.

Баланың жанұяда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатысуы. Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның

204

деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады (2 суретті қараңыз).

Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің манызды ерекшеліктері көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.





Сурет 2

205

Жанұяның бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрыңғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Жанұяның_педагогикалык_процесінін_негізгісипаттамалары. Жанұядағы бала тәрбиесінің жетілуі әлеуметтік-педагогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бірі - оқушы тәрбиесіндегі жанұя мен мектептің ынтымақтастық қарым-қатынасы. Бұл ара қатынас жанұяның педагогикалық процесінің күйі туралы ақпарат болған жағдайда ғана жемісті бола алады. Жанұяның педагогикалық процесі күйінің диагностикалау жүйесін кесте түрінде көруге болады (кесте 1).

Кесте 1. Жанұяның педагогикалық процесінің жағдайын диагностикалау жүйесі.


Негізгі Көрсеткіштер

Көрсеткіштер

Диагностикалық

әдістер

Жанұяның

жалпы

сипаттамасы

1. Жанұя құрылымы.

2. Аукаттылығы, тұрмыстық жағдайы

3. Ата-ана туралы мәліметтер (білім деңгейі, кәсібі, әлеуметтік- мәдени құндылық бағыттары, мақсат-мүдделері)

Жеке іс құжаттарын

зерттеу.

Жанұяға бару

(бақылау, әңгіме-

жүргізу).

Құжаттарды

зерттеу,сауалнам.___

Өнегелілік-

психологиялық

ауасы

1. Өнегелілік мақсат-нұсқаулары

2. Жанұядағы өзара катынас стилі

3. Ата-ананын баланын өмір әрекетіннін мазмұнына көңіл бөлуі

Сауалнама.

Әңгіме. Оқушылардың шығармалары. Тестер. "Мен және менін жанұям" суреті. Ранглеу

Ата-ананың

педагогикалық

мәдениеті

1. Ата-ананың тәрбиенің максатын, міндеттерін түсінуі

2. Тәрбиенің құралдарын, фор-маларын, әдістерін, тәсілдерін білу

Сауалнама. Әңгіме. Бакылау.

Оқушының сипаттамасы

1. Жанұя өміріне белсенді араласу

2. Адамгершілік, интеллектуал-дық, өмірлік максатгар

3. Іс-әрекеттің мақсаты, себеп-салдарлары

4. Іс-әрекет түрлерінін алуан түрлілігі

5. Іс-әрекеттің білігі мен әдіс-тәсілпдерін игерү

Бакылау.

Педагогикалык

жағдайлар.




Педагогикалык процестің сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінде жатыр. /Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестің тәрбиелік мүмкіндіктерінің деңгейін айқындауға болады (жоғары, орташа, төмен) (кесте 2 қараңыз).

207







Көрсеткіштер

Деңгейлер

Жоғары

Орташа

Төмен

1.

Ата-ананың мақсат-мүдделері,

әлеуметтік-құндылық

бағыттары.

+

+

-

2.

Ата-ананың баланың өмір әрекетіне қатынасы.

+

+




3.

Ата-ананың адамгершілік мақсат-бағьптары.

+

+

-

4.

Жанұядағы өзара қатынас мәдениеті.

+

-

-

5.

Ата-ананың тәрбиенің мақсат-тары мен міндеттерін түсінуі

+

+

-

6.

Тәрбиенің амалдарын, әдістерін, тәсілдерін педагогикалық сауат-ты пайдалану.

+

-

-

7.

Ата-ананың баланың қызмет-әрекетін ұйымдастырудағы білік пен дағдаларының болуы.

+

-

-

8.

Оқушының жанұя өміріне араласуы.

+

-

-

9.

Баланың іс-әрекетінің мақсаты мен себеп-салдарының адамгер- шілік негіздері.

+

-

-

10.

Оқушының іс-әрекетінің алуан түрлілігі.

+

-

-

11.

Оқушының іс-әрекеттің біліктері мен тәсілдерін игеруі.

+

-

-