Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1823

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


214




Сурет 3 Жанұя мен мектептің педағогикалық процестерінін өзара

іс-әрекеттесу формалары.

Өзін өзі бакылауға арналған сұрактар

1) Жанұяның педагогикалық процесінің құрылымын ашыңыз. "Жанұяның педагогикалық процесінің компоненттері және олардың ара қатынасы" сызбасын жасаңыз.

2) Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптерінің жанұядағы бала тәрбиесінің нәтижелілігіне ькпал-әсерін көрсетіңіз.

215

3) Жанұяның педагогикалық процесі дамуының қозғаушы күші неде?

4) Жанұяның педагогикалық процесінің дұрыс ұйымдасқаны туралы қандай көрсеткіштер арқылы білуге болады?

5) Жанұяның педагогикалық процесінің негізгі сипаттарын (өзгермелі) зерттеу үшін диагностикалық әдістер жиынтығы керек екенін дәлелдеңіз.

6) Әңгіме әдісін қолданғанда қандай талаптарды орындау керек?

7) Сынып жетекшісіне тәрбиелік жұмыс жоспарын құруда жанұяның педагогикалық процесінін қандай көрсеткіштерін ескеру керек?

8) Мектеп пен жанұяның ынтымақтастық әрекетінің негізгі формаларын атаңыз.

Әдебиеттер

Азаров Ю.П. Семейная педагогика: Педагогика Любви и Свободы. М.,1993.

Арнаутова Е.П., Иванова В.М. Общение с родителями: Зачем? Как?-М., 1993.

Байдельдинова Г.К. Методика изучения семьи. Алма-Ата,

1983.

Байдельдинова Г.К. Школа и семья формируют человека. Алма-Ата, 1984.

Куликова Т.А. Семейная педагогика и домашнее воспитание. М., 1999.

Макаренко А.С. Книга для родителей. М.,1983.

Международная Конвенция ООН о правах ребенка. М., 1989.

Прихожан Л.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи М., 1990.

Семья глазами психолога. М., 1995.

Семейный кодекс Республики Казахстан. Алматы, 2000

Сухомлинский В.А. Родительская педагогика. Соч. в 3-х томахТ. 3. М., 1981.

12. Хмель Н.Д., Байдельдинова Г.К., Жукенова К.А., Илларионова Л.П., Тригубова Н.Н. Влияние единства содержания и формы работы на профессиональную подготовку учителя (аспект: работа учителя с семьями школьников). Методическое пособие. Алматы, 1995.

216

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1) А. С. Макаренконың "Ата-аналарға арналған кітабын" оқып шығыңыз, ондағы педагогикалық ойлардың өзектілігін дәлелдеңіз.

2) В. А. Сухомлинскийдің "Ата-ана педагогикасы" кітабы бойынша реферат жасаңыз.

3) Өзіңіздің балалық шағыңызға талдау жасай отырып

, жанұя - адам дамуының орны ерекше факторы туралы шағын шығарма жазыңыз.

4) Жанұяның дәстүрлерін бейнелейтін мақал-мәтелдерді тауып, жазыңыз; олардың қайсысын қазіргі жағдайларда колдануға болады, ал қайсысын ескірген деп айтуға болады?

5) Жанұя тәрбиесінің мәселелері бойынша жаңа педагогикалық басылымдар (кітаптар, мақалалар) туралы ақпарат дайындаңыз.

6) Жанұя тәрбиесінің белгілі бір мәселелері бойынша әдебиеттер тізімін жасаңыз.

7) Әдебиет көздерінен ата-ана мен баланың ара қатынасы мәселелері бойынша педагогикалық ситуацияларды табыңыз (немесе өзіңіз құрастырыңыз).

Реферат тақырыптары

1. Жанұя тәрбиесінің құқықтық негіздері.

2. Толық емес жанұялардағы бала тәрбиесінің

қиыншылықтары.

3. Жанұя шежіресі мен оның бала тәрбиесіндегі орны.

4. Халық педагогикасы тәсілдері, оларды қазіргі жанұя

тәрбиесінде қолдану.

5. Оқушылардың танымдық тілек-қалауларынын дамуындағы

жанұяның орны.

6. Ата-ана мен баланың ара қатынасы.

7. Жанұяның баланың өнегелілік тәрбиесіндегі орны.

8. Жанұядағы баланың эстетикалық тәрбиесі.

9. Мектеп пен жанұяның ынтымақтастық әрекеттестігінің

формалары.

10. Ата-аналар жиналысын өткізудің әдістері.

217

2.9 Тұтас педагогикалық процестегі оқыту-жеке

тұлғаны қалыптастыру құралы

Мақсаты:

Тұтас педагогикалық процесті оқыту процесін жеке тұлғаны қалыптастырудың құралы ретінде негіздеу.

Міндеттері:

а) тұтас педагогикалық процестің құрамдас бөлігі ретінде оқытудың және "дидактика", "оқыту процесі", "оқытудың қызметі", "оқытудың бөлшектері", "окыту процесінін қозғаушы күштері" "оқытудың заңдылықтары", "оқытудың ұстанымдары" ұғымдарының мәнін сипаттау;

ә) тұтас педагогикалық процесс құрылымында оқытудың мақсатын, міндеттерін, қызметтерін ашып көрсету;

б) дидактиканы педагогика ғылымында білім беру мен оқытудың теориясы ретінде негіздеу.

Жоспар:

1. Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі, зандылықтары, козғаушы күштері мен ұстанымдары.

2. Оқытудың әдіснамалық негізі.

3. Оқытудың психологиялық негізі.

4. Дидактика — оқытудың және білім берудің теориясы.

5. Оқыту урдісінің моделі.

Негізгі ұғымдар: дидактика, оқыту процесі, оқытудың қызметі, оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары., танымдық іс-әрекет.


Пәнаралық байланыс: философия, білім беру философиясы, оқыту, психология, педагогика тарихы.

Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері. қызметтері, зандылықтары,

қозғаушы күштері мен ұстанымдары

Оқыту үрдісі - оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытудың мақсаттары шешілетін мақсатты бағытталған, бірізді өзгеріп отыратын мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі.

Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын
218

және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері (кесте 1 қараңыз).

Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатка ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:

- білім беру - бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:

- тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.

Оқытудың мақсаты - дамытудың қоғамдық - тарих тәжірибесінің жан - жақтарын: білімдер мен іскерліктері, ғылым, мораль, еңбек, әдебиет, өнер, жалпы және дене тәрбиесін меңгеруге бағытталған мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушының оқу-танымдық өзара бірлескен әрекетінен ойша күтілетін түпкі нәтиже. Жалпы мақсатта қоғам ғылымның, техникалық, сондай-ақ өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына сәйкес кетеді.


Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және окыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретіңде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипатгайды

(оқыту процесінің теориялық негіздері кесте 1)

219



1 кесте. Оқыту процесінің ғылыми негіздері (Н.Д. Хмель)

220

Оқытудың әлеуметтік, педаготикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тербиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыу қызметі атқарылады (дамыту қызметі).

Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағдарлау қызметінің де мәні зор.

Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креативтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқьпу процесі — түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен зандылықтар арнайы айқындалатын зандылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феномен мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктсрі - зандарды құрайды.

Оқыту процесінің заңдылықтары:

> Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі. Бұл заңдылық баланың қоршаған дүниені тануға деген ықыласын жүзеге асыруға жағдай жасайды, мұғалімнің балаға өмірде қажет болатын, оларды қызықтыратын білімді берудегі белсенді ыкыласын қажет етеді.