Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1821

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің "Адам тәрбие пәні" атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.

228

Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:

- оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;

- оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;

- оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;

- оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:

- Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді;

Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;

- Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;

- Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;

- П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-орісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;

- Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.

Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі ұғымдар енгізідді: - даму - бұл организмнің жүйке жүйесінің, психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің кәріпісі;


- оқыту - қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі

- Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлтгық, көпқырлы дөстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.

229



Сурет 2. Оқыту үрдісін ұйымдастыруының инварианттық тұрғысы

Тәрбиеленетін де, оқытылатын да адам абстрактілі емес. Ол барлық уақытта әдетте ұлттық сана мен өзіндік санасының, ұлттық танымының, сезімінің және еркінің ерекшелігін адамдардың басқа бір адамдармен өзара қатынстары мен қарым-қатынастарындағы ұлттық келбетінің идеялық ерекшеліктері тән болатын қандай да бір ұлттың әкілі.

230

Ұлттық психологиялық ерекшеліктер оқыту мен тәрбиенің мазмұнын тікелей байланыстырады, сондықтан олар белгілі-бір ұстанымдарға негізделе отырып іске асырылады.

Біріншіден, педагогикалық әсердің этноспецификалық детерменизм ұстанымы.

Екіншіден ұлттық сана және ұлттық өзіндік педагогакалық іс-әрекеттердің бірлігі ұстанымы.

Үшіншіден, ұлттық идеалмен сәйкестігі нақты өмір мен еңбектің жағдайындағы педагогикалық әсердің ұстанымдарын ескерусіз қалдыруға болмайды.

Төртшшіден, ұлттық бейімделген мүмкіндіктерді педагогикалық әсерде дамыту ұстанымы.

Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын нсихологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларын сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалар-дан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.

Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты родді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Цесталоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.

Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуға баланың іс-әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың XX ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр. Г.Кершенштейнер халықтың "еңбек мектебі" баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген ұғымына сөйкес "азаматгьіқ тәрбие" тұжырымдамасын жасады. В.Лай тәрбие мен оқьпу оқушыларға сырттй әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-күй, би сабақтары, түрлі ауызша және жазбаша жұмыстар мен жануарларды бағып-қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі ретінде қарастырылуына сәйкестендірілген "әсер ету" формуласына негізделген "әрекеттегі педагогика" тұжырымдамасын ұсынды.



231


Сурет 3. Оқыту мен тәрбиенің ара қатынасы

232

Қазіргі тандағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу - оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі тандағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А.Цукерман, В.В.Давыдов, Д.Б.Элъконин, С.А.Смирнов) еректпе атауға болады.

Л.В.Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды.:

- қиыншылықтың жоғарғы деңгейіңде оқыту;

- бағдарламалық материадды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;

- теориялық білімнің жетекші маңызды ролі;

- оқшылардың оқу процесін ұғынуы;

- барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.

З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, тиімді өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі. Тиімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова тиімді ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі - жаңа білімді өзбетінше игеру және оны іс-әркетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:

- ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;

- ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;

- мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;

- ойдың жүйріктігі - кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігіңде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны. З.И.Калмыкованың дәлелдеуі бойьшша, дамудағы оқыту төмендегі дидакгикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:

а) оқытудың мәселелігі;

ө) оқьггудың жекелігі және даралығы;

б) ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы теориялық) үйлесімде дамуы;

в) ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;

г) есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру.

Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы, озі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар

233

байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мәнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.

Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасындағы шарттары ретінде төмендегілер белгіленеді:


1. Оқытудың барлық қатары оқушыларда түрлі деңгейлерде толықтырылған оқу жұмысының тәсілдерін қалыптастыру идеясына сәйкестендірілуі керек;

2. Әрбір оқу пәнінде оқу жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы және оларды оқушыларда қалыптастыру маңызды;

3. Оқушылар жағынан өздерінің оқу әрекеттерін басқару тәсілдерін қалыптастыру қажет.

Сонымен жоғарыда қарастырылған тұжырымдамалар жалпы психиканы дамыту мақсатында оқушылардың психикалық қызметін (негізінен ойдың) дамытумен (Л.В.Занков), шығармашылық ойын дамытумен (З.И.Калмыкова) немесе ойлау операцияларын қалыптастырумен (Е.Н.Кабанова-Миллер) байланысты. Оқу әрекеттерін ұйымдастыруға бағдар ретінде оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту тұжырымдамасы кең таралған.

Г.А.Цукерман тұжырымдамасына сәйкес, оқытудағы маңызды міндеттердің бірі - оқушыларды оқу ынтымақтастық дағдыларына оқыту. Оқу процесі мұғалім мен баланың ынтымақтастығы негізінде жасалады. Ол оқу бірлестігіңдегі үш басты сипаттамаларды ажыратады:

- өзара әсердің симметриясыздығы (бала үлкен адамды қабылдамайды, ол өзіне қажетті білімді іздестіреді, ал мұғалім баланың ізденісін ретттеп, тиімдендіреді);

- баланың танымдық инициативасы;

- жаңа білімге нақты сұраныс жасау.

В.В.Давыдовтың Д.Б.Элькониннің тұжырымдамалары бойынша оқушыларды дамыта оқытудың негізінде теориялық білімді сараптау, жоспарлау және рефлексия арқылы меңгеру процесіңде оқу әрекетін оның субъектісінде қалыптастыру теориясы жатыр. В.В.Давыдовтың және Д.Б.Элькониннің тұлғаны дамыта оқыту тұжырымдамасы, бірінші окушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған.

Берілген шығармашылықтың әдістемесін бейнелейтін, С.А.Смирновтың тұжырымдамасында, педагогоикалық процестің негізгі мақсаты ретіңде, әлеуметтік тәжірибенің қарқынды жинақталуымен және баланы ішкі психологиялық тыныштық пен өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру

234

үйлесіміндегі қабілетін мүмкіндігінше дамытудың шарттарын жасау жағдайы қарастырылады. Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:

- оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;

- сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;

- оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру. Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой белсенділігін) дамытуға ерекше көңіл аударады.


Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktiras - зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) - балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды. Оқыту үрдісі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын дамып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.

Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:

1. Теориялық (диагностикалық және болжамдық прогностикалық);

2. Практикалық (нормативтік, құрал ретінде). Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан, құбылыстың мәніне жақын белгілі бір тобын білдіреді, екінші жағынан, сол

235

ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты.

Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:

- философиялық категория: "мән мен құбылыс", "байланыс", "жалпы және жалқы", "болмыс", "сана", "тәжірибе" және т.б.

- педагогиканың жалпы ұғымдары: "педагогика", "тәрбие", "педагогикалық іс-әрекет", "педагогикалық ақиқат" және т.б.

- дидактиканың жеке ұғымдары: "оқыту мен оқу". "оқу пәні", "оқу материалы", "оқу жағдайы", "оқыту құралы", "оқыту тәсілі", "мұғалім", "оқушы", "сабақ" және т.б.

- пән аралық ғылымдард