ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1813
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы оқу барысыда танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекет.
Білім мазмұны оқу материалдарын жинақтау, нақты тарихи, психологиялық-педагогикалық өндеуден өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді араласуын, құндылықтар мен қажеттіліктер тұрғысынан және тұлғаның санасымен және психологиялық қасиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмұнын қалыптастыру барысында баланың жеке басының дамуы, қызығушылығы, дарыны ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) өз қалауы бойынша оқу пәндерінің жалпы білім беру мазмұнының мақсатын белгілеу. Мектептегі білім беру мазмұнына әсер ететін фактор ретінде қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы мақсаты, өзінің тарихи даму жолындағы
оқу процесінің, окушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке тұлғаның білім алудағы талап тілегі. Сондықтан оқу процесінің өзінде қоғамның жеке бастың талап тілегі мен қызығушылығына сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне байланысты білімнің мазмұныда өзгереді.
Сондай-ақ азаматтың өзі де таңдауға құқылы. Сондыктан педагогикада мынадай: халықтың білім алуға мұқтажы білім беруде көрсететін
қызметі, қосымша білім беру, дифференциялауды оқыту сияқты ұғымдар кездеседі. Білімммен қамтамасыз ету, мемлекеттік стандартқа сай міндетті түрде бағдарламаға сәйкес деңгейде білім беру мемлекеттің құзырына кіреді. Мемлекеттің қызметі - біліммен қамтамасыз ету, мемлекеттік стандартка сәйкес білім беру оқу бағдарламасындағы білімнің ең аз көлемін міндетті
251
түрде меңгерту. Оқу пәндеріңдегі оқу материалының мазмұнын толықтығын, аяқталуын және өлшемін анықтайтын жалпы принциптер мектепте білім беру мазмұнын тандаудың негізі болып табылады.
Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар.
Білім стандарты негізгі нормативтік құжат болып есептеледі. Білім стандарты саяси-әлеуметтік және мәдени мәнді білім кеңістігінің бірлігін қамтамасыз ететін республикада жалпы білім беретін мектептердің әрі
қарай дамуына қолайлы жағдай туғызады. Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.
Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс.
Жалы орта білім беру стандартына қойылатын талаптар:
- қажеттілігіне мүмкіндігіне сәйкес қызығушы жақтың әлеуметтік-мәдени
жағдайын ескеру;
- соңғы нәтиженің нормаға сәйкес бағдарлы болуы;
- білім саласы бойынша стандарттың құзырлық келісімін сақтау;
- мектептің әрбір сатысында тұлғаның даму міндетін ескере отырып білім
мазмұнының толықтығын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- білім мазмұнының бірлігін тиімді формада жазып көрсету;
- оқушылардың қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігн ескере отырып
мектептің, аймақтың, мемлекеттің жетіп көзқарасымен сәйкестендіре
көрсету;
- оқушылардың оқу жүктемесін шамадан тыс асып кетпеуін қарастыру;
- тексеру кезінде технолгиялық жағынан дайын болу.
Біздің Республика тәуелсіз тұтас бірліктегі мемлекет, республика-
дағы мектептер әртүрлі тілде оқыту мен қатар жалпы білім беру саясатын
252
сақтай отрып мемелекеттің қызығушылығы негізінде дамуы тиіс. Осыған байланысты білім беру мазмұны барлық мектепке бірдей міндетті түрде қарастырылады. Міндетті оқылатын пәндер мазмұнында республиканың кейбір аймақтарының экономикалық және мәдени-тарихи жағдайы көрініс табады.
Кейбір арнайы курстарда «Туған өлкенің мәдениеті мен тарихы», «Регионның экономикасы және экологиясы» т.б. жоғарыда айтылған регионның ерекшеліктері білім мазмұнында ескеріледі. Оқу жоспарындағы жалпы білім мазмұнында көрініс табады. Базистік оқу жоспары білімнің сатылық жүйелі принципіне негізделіп құраған.
Базистік оқу жоспарында қарастырылған мәселелер:
- негізгі мектепте білімін логикалық жағынан тамамдағаннан кейін өз
қалауы бойынша оқуды профильдік мектпте, гимназияда, әртүрлі орта,
арнайы лицейлерде т.б. оқу орындарында жалғастыру;
- мектепті гуманитарландыруға байланысты міндетті оқу жүктемесін
қысқарту;
- бір сағаттық эффектісі шамалы курстарды азайту;
- республикада тіл туралы заңға байланысты оқытуды мемлекеттік (қазақ
тілі) және басқа тілдерді мектпетің барлық түрінде оқыту;
- жеке тұлғаның қажеттілігіне байланысты қоғамда үш бағытта
ұйымдастырылған: ғылыми, жаратылыстану, гуманитарлық-эстетикалық
және кәсібі-техникалық профильді-дифференциацияланған оқытуды
енгізу
- білім беру мазмұнында көрсетілгендей жалпы білім беретін мектептердің
барлық типтері мен түрлерінде міндетті түрде оқыту.
Базистік оқу жоспарының жобасы бойынша:
- барлық пәндердің мазмұнына халық педагогикасындағы ұлттық
мәдениет компоненттерін енгізу;
- білім беруді гуманитарландыру;
- білім беруде математика-жаратылыстану бойынша жалпы мәдени
бағытты күшейту;
- әр пәнді оқыту әдісінің жүйесі жаңарып отыруы тиіс;
- оқу-әдістемелік комплексті әрбір курс бойынша кұру.
253
Базистік оқу жоспары екі бөлімнен тұрады - инварианттық және вариативтік. Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны
міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жинтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл -ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.
Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз тандауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдау бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен сәндік курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.
Бастауш сыныпта инварианттық бөлігі 89% құраса барлық оқу жүктемесінің 11% вариативтік бөлігі құрайды.
Инварианттық және вариативтік бөлігі І-ІІ сатыда 85% және 15%, 44,8% және 55,2%. Жалпы білім беретін мектептердің сатылық ерекшелігі базалық куспен анықталады, оқу жүктемесінің вариативтік және инварианттық қатынасы және мазмұндық құрылымы вариативтік бөлігін құрайды. Осы ерекшеліктер үш базистік оқу жоспарды мемлекеттік базистік жалпы орта білім беретін оқу жоспарын жеке қарастырады. Мектепті бітіргеннен кейін өз қызығушылығымен тандауы бойынша оқуды (профильды) көпқырлы мектептің бірінде жалғастырады. Көпқырлы мектеп ғылыми-жаратылыстану (лицей бағдарламасы бойынша) гуманитарлық-эстетикалық (гимназия бағдарламасы) және кәсіби-техникалық бағытта ұйымдастырылуы мүмкін. Көпқырлы мектептің мақсаты оқушыларға жағдай жасау, кейбір пәндерге оқушылардың қызығушылығын және қабілетін арттыруға кей пәндерге терең теориялық және тәжірибелік білім беруге бағытталған. Үшінші жалпы
254
мектепті бітіру сатысы. Білім берудің алты компоненты бірдей жалпы білім беретін мектепті бітіру дайындығына бағытталған. Бұрын міндетті емес болып есептеліп келген (Өнер) блогы құрайды. Бұл блок «Өнертануға кіріспе» деп аталады.
Алтыншы білім беру блогына дәстүрлі дене шынықтыру, еңбек, бастауыш әскери дайындық курсы кіреді. Осыған байланысты әр блоктың ішкі құрылысын ашып көрсету қажет, әрбір блок уақыттың өте аз мөлшерін
қажет етеді. Білім берудің вариативтік бөлішінің жоғарғы сатысы көпқырлы пәндерден, қолданбалы курс және әркімнің өз таңдауы бойынша курстардан тұрады. Көпқырлы пәндерге негізгі оқу пәні жатады, қолданбалы курсы негізгі пәндерден білімді тереңдетуге және тәжірибеге дайындайды.
Таңдаған курсы бойынша тек факультатив қана емес, басқа да көпқырлы пәндердің нақты саласы бойынша басқа бағытта да қызығушылығына сәйкес білім беріледі. Жалпы білім беретін оқу орындары нақты оқу жоспарын әзірлеуде, сондай-ақ базистік оқу жоспары нормативтік комплексті анықтайды.
- оқу мерзімін жалғастыру (жалпы және жеке әр саты бойынша);
- республикалық және мектеп компоненты мен білім стандартының
өзара қатынасы;
- жалпы орта білім берудегі вариативтік және инварианттық бөлігінің
дара қатынасы;
- базалық мектептер үшін міндетті факультатив сабақтарының
аптатық жүктемесі;
- оқушылардың апталық жүктемесі;
- жалпы сағат саны, мемлекеттік қаржыландыру.
Оқу жоспарын - Қазақстан Республикасының Білім министрлігі
бекітетін құжат, онда оқу пәндерінің құрамы саны оқу орнында оқылатын пәндерді жүйелі ретімен әр сыныптағы сағат санын көрсетеді. Қазіргі кезде оқу жоспарында оқылатын пәндер үш топқа бөлінеді. Міндетті түрде оқылатын (базалық компонент) оқушылардың таңдауы бойынша (дифференциациялық компонент) және мектептің кеңес беруі бойынша оқылатын пәндер, (мектеп және регионалдық компонент). Оқу бағдарламасын жасау тарихында екі принцип қалыптасты. Бірі - концентрлік, екіншісі -линейный. Біріншісінде бағдарлама анағұрлым күрделі. Мысалы, бастауыш сыныпта судың үш жағдайын (сұйық, газ тәрізді, қатты) түрін
255
оқытса, ал 7 мен 9 - сыныпта судың қайнауын молекула -кинетикалық қозғалыс түрінде түсіндіреді. Екінші прицип бойынша уақытты үнемді пайдалану, қайталау өткеннің жалғасын логикалық оқыту т.б.
Нақты оқу бағдарламасындағы материалдық мазмұны әрбір оқу пәндердің бойынша және барлық оқытылатын тақырыптары оқулықтармен оқу құралдарында берілген.