ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1817
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазіргі жағдайда қоғамның әлеуметтік тапсырысы, оның жалпылама түрде халықтың көпшілігі ғылым жетістіктерімен, мәдени құндьшықтармен, сапалы жоғары білімді адамдардың акыл-ой дене еңбегі жағынан қоғам өміріне белсене араласатын жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру. Білім беру мазмұнын оқыту арқылы игерілген тәжірибені әріқарай дамытып әлеуметтік мәдени мазмұны ересек ұрпақтың тәжірибесін келесі ұрпаққа беруді қамтамасыз ету. Ю.К. Бабанский ғылым мазмұны негіздерін совет педагогикасында төмендегі өлшемдер бойынша таңдады:
1) Ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мазмұнының негізгі
теориялары, заңдары және ұғымдарын тұтас түсіндіру, өлшемі.
2) Білім беру мазмұны материалының жоғары ғылыми және тәжірибелік
мәнін мектептегі оқылатын, өздігінен білімін көтеретін материалдарды
әрбір пәнге және оқу пәндер жүйесін енгізу.
3) Білім мазмұнының күрделігі оқушылардың жас ерекшелігімен оқу
мүмкіншілігіне сай болуын қарастыру өлшемі.
4) Әрбір пәнді оқытуға берілген мерзімі білім мазмұнының көлемімен
сәйкес болуы.
5) Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұнын құруда дүниежүзілік
тәжірибені ескеру.
6) Қазіргі кездегі мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен
білім мазмұнының сәйкес болуы.
245
Білім беру мазмұның қалыптастырудың принциптері.
Білім берудің мазмұнының теориялық негізі XVIII ғ. соңы XIX - басында қалыптасқан. Олар материалдық және формалдық деп аталған.
Біріншісін дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп атаған. Оны жақтаушылар оқыттудың мақсаты ғылымның әртүрлі санасынан кең көлемде оқушыларға білім беру деп есептелген. Бұл пікірді XVII ғ. Я.А.Коменский өзінің көп жылдық өмірін арнаған оқулығында оқушыларға қажетті білімді енгізуді көздеген.
XIX ғасырдың белгілі педагогтары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырыдама бүгінгі күнде де өз жақтастарын тапты. Кейбір ақпаратқа толы оқулықтар мен бағдарламалардың мазмұнына талдау жасағанда оқушылардың меңгеруі өте қиын болатындығы айғақталды. Білім беру мазмұны формальдық теория бойынша немесе дидактикалық формализм, оқытудың құралы, оқушылардың танымдық қызығушылық және даму қабілеті ретінде қарастырды. Сондықтан оқу құралын таңдауды негізгі өлшемі классикалық тілдер мен математикада оқу пәнінің дамытушылық құндылығы болып есептеледі. Дидактикалық формализмнің теориялық негізін игерілген іс-әрекет, білім және іскерлік құрайды.
Дидактикалық формализмді жақтаушылар ерте заманнан белгілі, мысалы Гераклиттің ойьшша «білімі көптік ақылды емес» Цицеронда осындай пікірде болған. Жаңа кезеңде дидактикалық формализм пайда болды, оның негізі И.Канттың философиясында және гуманизмге қарсы тұрған Песталоцциде жатыр. Оның пікірі бойынша оқытудың негізгі мақсаты «оқушылардың дұрыс ойлауы немесе формальді түрде білім беруді күшейту». Германияда бұл теорияға жақын болған А.Дистервег,ол өзінің «Неміс ұстаздарына басшылық» - деген еңбегінде (1850 ж.) өз көзқарасын білдіреді. Формальдық теорияны жақтаушылардың еңбегі білім беру мазмұны оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына, ес ойлау тағы басқалар қабілеттеріне көңіл бөлуі. Бұл теорияның әлсіздігі оқу бағдарламаларында тіл, математика пәндері көрініс тапқан. Осыған сәйкее (кұбылыстар мен заттардың көріну процесстері) оқушының ойлау қабілетінің дамуына, қалыптасуына, білімді игеруіне әсер етеді. Бұл екі жақты диалектикалық тәуелділік энциклопедизмді жақтаушыларға түсініксіз болды.
246
Оқытуды анықтау оның мазмұны арқылы формализмді жақтаушылар арқылы емес, оқытудың мәнін субъективті процессуальды жағынан жоғары бағалауы жеткіліксіз еді. Екі теория да К.Д.Ушинскийдің ғылыми сынына ұшырады. Ол кісінің айтуынша «парасаттылық нағыз білімнің арқасында ғана дамиды» - сондай-ақ мектеп адамды біліммен қаруландырып, сол байлықты қалай қолдануды үйретеді дейді. Орыс педагогикасында К.Д.Ушинскийден бері карай материалдық жэне формальдық тұрғыдан идеямен қамтамасыз ету бірлігі білім беру мазмұнын таңдауда қарастырылған.
Қоғам және тұлғаның қызығушылығын айқындайтын білім беру мазмұнының бастапқы анықтаушы оның мақсаты болып табылады. Қазіргі заманда білім берудің мақсаты -қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс-әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай мақсат қою тұлғаның іскерлік, білім. дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Сондықтан да білім ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту өз мүддесі үшін емес, нағыз әдемілікті танып білуге үйрететін құрал. Адам - қоршаған ортамен бірлікте тұлға болып қалыптасатын динамикалық жүйе. Тұлғаның күштілігі уақыт өзгеруіне байланысты және субъектінің қасиеті адамның (онтогенетикалық) организмінің дамуына сәйкес. Ол іс-әрекет жүйесінде жүзеге асады. Басқа сөзбен айтқанда субъектінің дамуы іс-әрекеттің жемісі. Іс-әрекет түрлері (еңбек, ойын, қоғамдық) тұлғаның дұрыс дамып жетілуі үшін жағдай жасау туралы сөз болып отыр.
Осыдан барып білім берудің мазмұнын анықтайтын тұлғаның іс-әрекеті болып табылады. В.С.Ледневтың тәжірибесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мазмұнын анықтауға болады дейді. В.В.Краевскийдің - педагогикалық теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру принципі қарастырылған. Ол принцип білім берудің барлық элементтерімен барлық деңгейлерінде қоғамның ғылым, мәдениет және тұлғаның дамуымен сәйкес келеді. Ол - тұлғаның өсуі үшін және мәдениетті өмір сүруі ушін дәстурлі білім, іскерлік, дағды қоғамның әлеуметтік дамуы деңгейін
247
көрсететін білім беру мазмұнына өндіру қажет дейді.
Оқытудың процессуалдық және мазмұндық бірлігі принципі жалпы білім беру мазмұнын тандағанда бір жақты пәндік - ғылыми бағдарлы болып келеді. Ол білімнің мазмұнынсыз нақты оқу процессті жүзеге асыра алмайды. Жалпы білім беру мазмұнын құрастырғанда қажетті принциппен технологияны енгізуі қажет. Білім беру мазмұнының құрылымдық бірліктегі принципі әр деңгейдс оқушы тұлғасы мен педагогикалық іс-әрекетті оқу материалы, оку пәнін теориялық жағынан бірлікте қарастырады. Соңғы жылдары білім беру мазмұнын таңдағанда гуманитарландыру және негіздеу бағдарлы - білімнен тұлғалық бағдарлы білімге көшу тенденциясы байқалды. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитарландыру принципі жалпы адамзаттың мәдениетті, оқушылардың тәжірибелік және шығармашылық жағынан меңгеруге жағдай жасаумен байланысты. Бұл принцип оқушылардың көз-қарасын қалыптастыруға дайындаумен байланысты. Қазіргі кездегі қоғамның даму жағдайы, сондай-ақ тұлғаның мәдени гуманитарлық компоненті: өмірлік мәдени өзін-өзі анықтауы; еңбек мәдениеті және экономикалық мәдениеті; саяси және құқықтық мәдениеті; интеллектуалдық, адамгершілік, экологиялық, өнер және дене мәдениеті, отбасымен мәдени қарым-қатынас жағдайы сияқты көптеген аспектілерден тұрады. Мазмұнын терең негіздеу арқылы жалпы білім беруді дегуманизациялауды жеңу принципі болып табылады.
Пәнаралық байланыста, сабақтастығын гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді қалыптастыруды талап етеді. Бұлай оқыту білім алудың тәсілі ғана емес, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқушыларды жаңа біліммен қаруландыру, әдістерімен өздігінен іскерлік дағдыны меңгерудің құралы болып табылады.
Жалпы білім беру мазмұнының беріктілігі оның жүйелі түрде оқу процесін гуманитарландыру, оқушыларды шығармашылықпен оқу ақпарат құралдарын шамадан тыс емес мүмкіндігіне қарай алуға жағдай туғызады.
Жалпы білім беру мазмұнның компоненті тұлғаның базалық мәдениетімен байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес, шығармашылық әрекет белгілі білімнің іскерліктің тәрбиелеліктің негізінде қалыптасады.
248
Білім мазмұнының компоненттеріне сипаттама. Қазіргі демократиялык қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес қазіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмұнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалық бейімделуіне мектепте оқыта отырып жеке тұлғаның шығармашылыққа деген қабілеттілігі еркін тандауды
іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлганың қасиеттері. Қазіргі демократиялық коғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталган. Бұл жерде адам өндірістік фактор ретінде қарастырылады.
Білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында оқушылар меңгеретін білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастырылады.
Оқыту барысында оқушылар міңдетті түрде білім мазмұнының астары ретінде ғылыми білімдер жүйесін тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет (И.Ф.Харламов). Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын аша алмайды. Негізгі біліммен ғылымды меңгеру адамға қалыптаскан
қоғам кұрылысының ішкі жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не істеу керек екенін талап ету жеткілікті.
Бұл жағдайда білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика т.б.) оқу пәндеріндегі білімді және дағдыны жеткілікті жеткізілуі қажет. Қазіргі даму жағдайында Қазақстаңдағы жалпы білім беру мектептерінде мұның барлығы жеткіліксіз.
Қоғам өмірінің кеибір салаларына байланысты мәселелерін шешу, оқушылардан білім мазмұнын меңгеру, ерік-жігері, қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған ортаны қорғау, қатыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық және коғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзкарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, құндылық мәні бар сұраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді. Білім беру мазмұнының тұжырымдамасындағы мақсат-гумандық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің
249
барлық құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бұл тұжырымдама шығармашылық іс-әрекеттік және құндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталған әлеуметтік тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі:
1. Табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру . Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін қалыптастыру, танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінде дұрыс әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.
2. Белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде тұлғаның дағды, іскерлік ілімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды; іскерлік осы тәжірибенің мазмұнын құрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесіңде халықтардың әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
3. Шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда
іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе жас ұрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз әсерін тигізеді.
4. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дүниеге деген басқа адамдардың талаптарына, тұлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес құндылық қатынас тәжірибесі.
Қоршаған дүниеге қатынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке іс-әрекетте көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік тәжірибеде
оның жеке басының тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. Барлық білім мазмұнының аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлікті тәжірибесінен көрінеді. Қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік
250
тәжірибеде оқу мазмұнын игеруде адам қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы, жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында, екінші жағынан іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Адамды оқытуда тұлғаның қажеттіліктерін өтеу оқу мазмұны болып табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мектепте білім беру мазмұнын қалыптастырудың жолы әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен, таныстыру.