Файл: Педагогика оулы ббк 74. 00 П24.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 1819

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ың ұғымдары: психологиялық ( ("қабылдау", "меңгеру", "ақыл-ойдын дамуы", "есте сақтау", "іскерлік", "дағды"), кибернетика ("кері байланыс", "динамикалық жүйе" және т.б.);

- жалпы ғылыми ұғымдар: "жүйе", "құрылым", "қызметі", "элемент", "тиімділік", "жағдай", "ұйым", "формалау" және т.б. (4 суретті қараңыз).

Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы "дидактика"терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфгант Раткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, "бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері" мағынасында,чех педагогы Я.А.Коменскивдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі "Ұлы дидакикасында" дидактиканы түсіндіреді.

Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци,

А.Дистервег, КД.Упіинский, Д.Дьюи, Г Кершенштейнер, В.Лай

жөне т.б. зор үлес қосты.

Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақта солардың ішінде педагогикалық әсердің және олардың нәтижесінің қабылдануы мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы бар.

236



Сурет 4. Оқыту теориясыңда қолданылатын ұғымдар

237

Маңызды дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар қатарына жататындары: танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы (Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымадамасы (М.И.Махмугов, И.Я. Лернер, А.М. Матюшкин т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер, В.В.Краевский, В.С.Леднев т.б.), мазмұнды жинақтау теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін онтайландыру теориясы (Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (Л.Я.Зорина, Н.К.Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (НД.Хмель, т.б. 1 кестені қараныз), оқытудың ұжымды оқыту теориясы (В.Дьяченко, т.б.).

Оқу үрдісі құрылымының моделі . Оқыту үрдісін тұтас жүйе ретінде мынадай үлгімен көрсетуге болады оқыту үрдісінің жүйе ретіндегі жүйе-құрастырушы ұғымдары мыналар: оқытудың мақсаты, мұғалімнің әрекеті (оқыту), оқушы әрекеті (оқу, білім алу) және нәтиже. Осы үрдістің өзгермелі түрдегі құрамдас бөліктері оқыту құралдары болып табылады. Оған оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері, оқытудын материалдық құралдары (көрнекі, техникалық, оқулықтар, оқу құралдары және басқалар), оқытудың ұйымдастыру формалары кіреді. Оқу құралдарының байланысы мен өзара бағыныштылығы оқытудың мақсаты мен оның түпкі нәтижелерімен тікелей байланыста. Осы барлық бөліктердің қызмет етуші бірліктерін нығыздайтын бағыты оқыту мен білім алу. (5-сурет)

238


Сурет 5. Оқыту үрдісініц құрылымдық моделі

Өзіңдік тексеруге арналған сұрақтар

1. Оқыту принципі дегеніміз не?

2. Оқыту процесін түсіндір.

3. Дидактика дегеніміз не?

4. "Заңдылық"ұғымы нені білдіреді?

5. Оқыту процесіне қандай белгілер тән?

6. Таным мен оқыту процестері өзара қалай байланысады?

7. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері қандай қарым-қатынаста болады?

8. Оқыту мен дамудың өзара байланысы қандай?

9. Оқытудың мәні мен принциптерінің өзара байланысы қандай?

10.Оқытудың негізгі қызметтерінің мәнін ашыңдар.

Әдебиеттер



1. Баранов С.Г. Сущность процесса обучения. М., 1981

2. Выготский Л.С. Сбор. соч. Т.6. М., 1984.

239

3. Дидактика //Российская иедагогическая энциклопедия. Т.1. М., 1999.

4. Каптерев П.Ф. Избранные педагогические соч. М., 1982.

5. Коменский Я.А. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.

6. Крысько В.Г. Психодогия и педагөгика в схемах и таблицах. Мн„ М., 2000.

7. Оконь В. Введение в общую дидактику. М., 1990.

8. Садыков Т.С., Абылкасымова А.Е. Дидактические основы обучения в высшей пгколе. А., 2000.

9. Теоретические основы содержания общего среднего образования. / Под ред. В.В.Краевского и И.Я.Лернера. М., 1983.

10. Ушинский К.Д. Избранные педагогические соч. В 2-х т. М., 1982.

Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар

1. Педагогика ғылымы аясындағы дидактиканың орны мен қызметін

анықтаңдар.

2. Мұғалімге дидактика не үшін қажет? (Оқу материалын өндеу үшін

дидакикалық білім кажет , пе?). Өз жауаптарынды түсіндіріндер.

3. Курстың бір тақырыбы бойынша білім мазмұнын жүйесін

құрастырыңдар.

4. Курстың бір тақырыбы бойынша танымдық – мәселемен тапсырма

құрастырыңдар.

5. Коменскийдің негізгі еңбегі "Ұлы дидактиканы" оқып шығып,

оқытудын саналылық принципін іске асыруға бағыттаушы

Я.А.Коменскийдің шартын анықтап, оны түсіндіріңдер.

6. В.В.Давыдовтың негізгі еңбектерінің бірі "Оқытудағы жинақтау

түрлерін мазмұндандар. Оқыту процесін ұйымдастыруда адамның

психологиялық қасиеттерін ескеру керектігін анықтап, оларды

сипаттаңдар.

7. Оқыту принциптері мәселесі бойынша библиография құрастырындар.

Әртүрлі әдебиеттердегі оқыту принциптерінің анықтамасын және

сипаттамаларын салыстырындар. Олардың ұқсастықтары мен

айырмашылықтарын анықтаңдар.

240

Реферат тақырыптары

1. Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның

мақсаты.

2. Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері.

3. Дидактика, әдістеме және олардың өзара байланысындағы оқыту

технологиясы.

4. Л.В.Занков жасаған бастапқы оқытудың тәжірибелік жүйесінің

дидактикалық принциптері.

5. Оқытудың ғылыми негізіндегі дидактиканың қызметтері.

6. Психологиялық білімдерді дидактикалық зерттеулерде пайдалану

тәсілдері.

7. Педагогика тарихындағы дидактикалық принциптері мәселесі

(Я.А.Коменский, КД.Ушинский, И.Г.Песталоцци, АДистервег,

П.Ф.Каптерев).

8. Оқушылардың ой-өрісін өлшеу әдістемесі.


9. Окушылардың таным белсенділігінің даму жодцары.

241

2.10 Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.

Мақсаты: білім беру мазмұнымен байланысты студенттерді теориялық білім жүйесін тәжірибелік тұрғыда қалыптастыруға бейімдеу.

Міндеттері:

а) Білім беру мазмұны ұғымның мәнін ашып көрсету.

б) Білім беру мазмұнының компоненттерін негіздеу.

в) Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалатынына сипаттама.

Жоспары:

1. Білім беру мазмұнын ұғым тұрғысында айқындау.

2. Білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері.

3. Білім беру мазмұны компоненттеріне сипаттама.

4. Казіргі кездегі жалпы орта білім беретін мектеп мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар.

Негізгі ұғымлар: білім беру мазмұны, мәдениет, пәнаралық байланыс, мемлекеттік білім беру стандарты, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.

Пәнаралық байланыс: философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.

Білім беру мазмұныңұғым тұрғысында айқындаү

Педагогикада білім негіздерінен бастау алған білім беру мазмұны күрделі көп аспектілі ұғым. Білім берудің жалпы анықтамасы -тұлғаның өмір жолында өзін-өзі дамытуға, мүмкіншілігін жете білуге бағытталған кең таңдау процессі (А.Г. Асмолов).

Демек білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.

Білімді адам деп - қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету (1 суретті қараңыз).

242

Бұған адамды іс-әрекеттің маңызды түріне кірістіру жолымен қол жеткізуге болады. Осыдан барып білім беру ұғымының астары ұйымдастырылған нормаланған процесс (және оның нәтижесі). Өткен ұрпақтың әлеуметтік мәнді тәжірибесін келесі ұрпаққа ұнемі беріп отыру және жеке тұлғаны әлеуметтендіру және генетикалық бағдарламаға сәйкес тұлғаның қалыптасуы.Сонымен білім беру мазмұны жеке тұлғаны дамыту және базалық мәдениетін қалыптастыруда негізгі құрал болып табылады. Дәстүрлі педагогикада көбінесе мектептің білім беру қызметін бағдарлы жүзеге асырумен білім беру мазмұнын анықтау, білім беруді жүйелеу, іскерлік, дағды, көзін жеткізу.


Сондай-ақ танымдық күшін дамыту және тәжірибеге дайындау, оқу-тәрбие жұмысының нәтижесінің жеткен жетістігі. Бұл бағдарлы білім беру тұрғысы мазмұнның мәнін анықтайды. Мұндай жағдайда білім - тарихи тәжірибені іздестіру процесінде жинақталған адамзаттың рухани байлығының көрінісі жеке тұлғаны әлеуметтендіруге мүмкіншілік туғызу адамның социуиға енуі.

Ғалымдардың айтуынша білім бағдарлы тұрғысы білім беру мазмұны үшін құнды болып табылады. Бағдарлы білім беру мазмұны тәртіп белгілеу, идеологияландыру білімнің ғылыми ядросын академизмдеуге алып келеді. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықта білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысында тұлғалық бағдар бірінші орынға қойылды. Білім мазмұны туралы И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин, В.С. Леднева, Б.М. Бим-Бад, А.В. Петровский еңбектерінде баяндалған. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мен қалыптасуын И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин білім мазмұнының теориялы тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде шығармашылық іс-әрекетпен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді және қоғамның мәдени-рухани материалдық байлығын дамытып және оны сақтауды ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға «жалпы адамзаттық тәрбие» беруде, табиғи құбылыстарды және қоғам өміріндегі жағдайларды олардың өзара байланысын түсіндіруде оқушылардың жұмысын ұйымдастыруда оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр

243



Сурет 1 - Білім беру мазмұның қалыптастырудың логикалық-

құрылымы

Бұл кіріктіру идеясы басқа әртүрлі елдерде жүзеге асырылған. Совет мектебі ұзақ уақыт бойына оқушылардың жалпы білім беретін дайындығын көтеру міндетін шешуде оң жетістіктерге жеткен.

244

Ғылым мен техниканың мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім мазмұнын анықтауда жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді қамтамасыз ету оқу жоспарын, оқу бағдарламасын және оқулықтардың жетілдіруі жүргізіледі.

Білім беру мазмұнында жаңаруы мектептің күрделі міндетімен байланысты, негізгі кемшілігі сол білім мазмұнының жиі өзгеруі эмпирикалық деңгейде қайта құру теориялық негізсіз, ешбір болжаусыз жүзеге асылуы. Жалпыға бірдей орта білім беру мазмұны қазіргі теориялық тұжырымдама тұрғысынан қоғам талабы, адам нені білу керек, қандай сапалық қасиеттерді меңгеруі тиіс екендігі айтылған. Нақты тарихи, қоғамдық-экономикалық жағдайда жасөспірімдерді дайындауға қойылатын әлеуметтік талап анықталады.