ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1810
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3. Практикалық –тәжірибелік сабақтарда өз мамандықтарыңыз бойынша «үлгі сабақ» дайындап, өткізіңіз.
4. Жаңашыл педагогтар және сабаққа қатысты жаңа педагогикалық басылымдар туралы мағлұмат дайындаңыз.
5. Оқытудың даму тарихы мен ұйымдастыру түрлері туралы шағын шығарма жазыңыз.
269
6. Мұғалімнің оқыту әдістерінің көптүрлілігін нәтижелі пайдалануының алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне арналған қазіргі педагогикалық әдебиеттер туралы реферат жазыңыз.
Реферат тақырыптары
1. Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму тарихы.
2. Қазір оқытуды ұйымдастырудың сабақтан тыс түрлері.
3. Қазіргі талаптарға сай сабақ және оның көптүрлілігі.
4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
270
2.11.2 Сабақ - педагогикалық процесте
оқытудың негізгі формасы
Мақсаты: оқытудың негізгі формасы сабақ болғандықтан, оның ерекшеліктерін көрсету.
Міндеті:
а) «оқытудың формасы», «сабақ - оқытудың негізгі формасы», «сабақтың құрылымы» туралы түсінік беру;
э) оқыту формасы педагогикалық процестің компоненті рөлін көрсету;
б) сабақтың дидактикалық міндеті, типі, құрылымына мінездеме;
г) сабаққа қойылатын талаптар;
д) сабақта өздігінен талдау және алгоритмдік талдауды негіздеу.
Жоспар:
1. Сабақ - оқыту формасының жетекші түрі.
2. Сабақтың дидактикалық міндеті, типі, құрылымы.
3. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасы мен іс-әрекетіне педагогикалық басшылық.
4. Сабақ құрылымында дидактикалық және психологиялық байланыс.
5. Қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар.
6. Сабаққа талдау педагогикалық процестің компоненті ретінде.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, педагогикалык процестің компоненттері, оқытудың формасы, сабақ - оқыту формасының негізі, сабақтың құрылымы, сабақтың типі, сабақтың дидактикалық міндеті, сабаққа өздігінен талдау және талдау.
Пәнаралық байланыс: философия, психология, социология, оқытудың әдістері.
Сабак - оқыту формасынын жетекші түрі. Оқытудың формасы - педагогикалық процестің бір компоненті, ол технологиялык блоктың педагогикалық қарым-қатынастың тәсілі, формасы, әдісі, жолдары, оқушыларга тапсырма, құрамына кіреді. Бұл, мұғалім аталған компонентті қолданғанда, педагогикалық процестің заңы мен заңдылықтарын түсініп, оқыту формасы оның бөлігі екенін сақтау. Оқыту формасының түрлері: сабақ, практикалық және лабораториялық сабақтар, оқу экскурсиясы,
271
лекция, семинар, өндірістік практика, үй тапсырмасы және т.б.
Оқыту формасына мінездеме:
- ұжымдық және дара оқытуды бірлестікте жүргізу;
- оқушылардың өздік жұмыстарының дәрежесі;
- педагогикалық басшылықтың тәсілдері.
Қазіргі мектепте оқытудың жетекші формасы сабақ (оның типтері және әртүрлігі). Қазір дәстүрлі сабақпен қатар, дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ, диспут сабақ, сабақ - конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. Сабақ-педагогикалық (оқу-тәрбие) логикалық жүйелеген құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, олардың мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп, оқушының тәрбиесі мен танымдық қабілетін дамыту, яғни сабаққа педагогикалық процестің барлық құрылымдық компоненті мақсат, міндет, мазмұны, тәсілі, әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма қатысады (Н.Д. Хмель 6,7). Бұл жағдайды тақырыпты және сабақты жоспарлағанда, күнделікті сабақты басқару, оның барысы мен нәтижесіне анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының пайда болуына көз жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты түрде оқушылар ұжымының оқу материалын саналы меңгеру, шығармашылықпен оны пайдалану. Шындығында, оқушылардың іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен өткендіктен, мұғалім іс-әрекетінің объектісін түсініп, қазіргі уақытта педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болады.
Үздік мұғалімдердің жетістігінің себептері мұғалімнің оқушылардың белсенді, мақсатты, технологиялық білгір, сабақта шығарашылықпен және сабақтан тыс уақытта оқу тапсырмасын орындауға жағдай жасаған. Дәл қазір ақыл-ойдың көптеген белсенді формасы мен оқушының практикалық оқу іс-әрекеті дидактика теориясында шығармашылық белсендіктің динамикасы қалыптасты. (Скаткин М.Н.)
Бұған дәлел, сабақ оқытудың негізгі формасы:
- сабақ аяқталған, оқу процесінде уақыты белгіленген, оның барысында
мақсатқа жетуде нақты міндеттер шешіледі;
272
- сабақ - сабақ кестесі бойынша, оқу материалының көлемі ықшамды және
уақыт аралығында өткізіледі;
- оқушылардың сабаққа қатысуы міндетті, сондықтан олардың білім,
дағды, білік, оқу материалын меңгеруге логикалық ойларын
қалыптастыруға жағдай жасалған;
- сабақта оқушылар әртүрлі жеке дара, фронтальды, ұжымдық танымдық
іс-әрекеттке, оқу-тәрбиенің комплексті міндеттерін шеше отырып жеке
тұлғаны дамыту;
- мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы сонымен қатар, оқушылардың
өзара араласуы іс-әрекетті ұйымдастыруда оқушылар ұжымын
қалыптастырады;
- сабақтағы қарым-қатынаста оқудағы қарама-қайшылықтар шешіліп,
жеке тұлғаның белсенділігі, оқуға деген қызығушылығы және т.б.
жағымды қасиеттері тәрбиеленеді.
Сабақтың типтері, құрылымы, Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.
Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):
1. Жаңа білімді игерту.
2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).
3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.
5. Білімді қорыту және жүйелендіру.
Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.
Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1,19).
Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.
273
Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.
Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:
- дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);
- дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);
- оқыту әдісі (И.Н. Борисов);
- сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ - практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл
аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне және өзара араласуына педагогикалық басшылық. Сабақтың құрылымы оқушылардың оқу
274
жұмысында орындалады. Қазіргі ғылыми әдебиеттер мен педагогикалық практикада оқытудың үш формасына тоқталады - фронтальды, жеке, топтық.
Фронтальды жұмыс - бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен іс-қимылы. Мұғалім оқушылардың көршілігін жұмысқа тартып, олардың таным мүмкіншілігін, қабілет, дәрежесін ескеру қажет. Сондықтан сабаққа дайындалып, жоспарлағанда әртүрлі оқу жағдаятын, сабақтың дидактикалық міндетін шешуге бағыттау (тапсырманы іріктеу, сыныптын қайта информациялық хабар алу, кездескен қиындыққа көмектесу, дидактикалық ойындар өткізу т.б.) Ең бастысы оқушыларды өздігінен қорытынды жасауға талаптандыру (егер мұғалім өзі жасағанда).
Жеке - әр оқушының өздігінен жұмысын белгілеу, олардың дара дайындығы мен мүмкіншілігіне қарай. Жек жұмысқа үлкен мүмкіншілік тудыратын бағдарламамен оқыту, дидактикалық міндеттерді шешуге, сабақтың әр кезеңінде жеке жұмыстар жүргізу қажет. Жеке жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалім тарапынан, оқушы - консультант көмектеседі.
Топтық жұмыста оқушылар 4-6 адамнан жеке бірлесіп (динамикалық және аралас құрылыммен) істейді. Топ сабақта алынған тапсырма немесе жоспар бойынша істейді.Топтық жұмыс мұғалім мен оқушылар үшін күрделі, олардың күні бұрын психологиялық, дидактикалық және технологиялық дайындығын, алгоритмдік білімді қажетсінеді (5).
Мұнымен қатар авторлар (М.Д. Виноградов, М.А. Данилов, И.Б. Первин, Ю.Б. Зотов, В.В. Котов, Н.Н. Хан, Г.К. Селевко, В.К. Дъяченко т.б.) топтық жұмыспен фронтальды және жеке жұмыстың ең бастысы білім беру мен оқытудың мүмкіндігін тудыру. Бұл оқушылардың іс-әрекетінде оларды объектіден субъектіге айналдыру. Мұғалімнің көңіл аударатын жері: оқушылары түсініп белгілі бір шеңберде жеке іс-әрекет, оқу ықпалдастығында (оқушы-консультант, оқушы-лаборант, оқушы - ассистент т.б. іскерлік дағды, пікірлесуге, жолдасына көмектесу, оның жұмысын бағалау, дискуссия ұйымдастырып қатысу.
Сабактың дидактикалық және психологиялық құрылымының арақатысы. Сабақтың қиындығы, оның көп мәселелігі оқушылардың танымдық іс-әрекетін жоғарлатуға әсер етеді.
275
Педагогтар бүтінгі күні ғылыми-практикалық тұрғыдан негізгі екі мәселені шешуде:
1. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасында сабақ құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру.
2. Сабақта ұжымдық жұмыста әрбір оқушыға оптимальды жағдай туғызу, дәстүрлі оқыту мен сабақта фронтальды және жеке тәсілдермен оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру.
Қарама-қайшылықты оқушылардың жеке тапсырмасын максимальды түрде: сыныпты топтарға бөліп оқу үлгеріміне қарай оқыту. Бірақ бұл объективті себептерге байланысты тиімді болмады.
Сабақтың құрылымын жетілдіру екі бағытта дамыды:
- ең қажеттісі, сабақтың өзіне тән элементтері болуы;
- дегенменде сабақтың тұрақты құрылымынан бас тартып, мұғалімнің тәжірибе-интуициясына жол ашу. Әрине мұның қиындығы бір бағытты ұстанудың өзіндік қарама-қайшылығы кездеседі.
Сабақтың құрылымы объективті болжау, оның болашақ жолдарын терең түрде зерттеген Р.Г. Лемберг. Сабақтың құрылымында дидактика мен психологияның байланысы, оқушылардың жұмыс қабілетін ескеру. Көптеген сабаққа талдау жасау мынадай қорытындыға әкелді.
1. Оқушылардың жұмыс қабілеті ескерілмей, балалар шаршап, нерв клеткаларының жұмыс қабілеті шамадан тыс болуы.
2. Мұғалім аталған жағдайларды ескеріп, сабақтың құрылымында, оның барысында дидактика мен психологияның үйлесімдігін қадағалау қажет.
3. Бұл оқу материалын дұрыс бөліп және сабақта қарым-қатынасты ұйымдастырып оқушылардың жұмыс қабілетін біркелкі реттеп отыру (оқушылардың жұмыс қабілеті 10-35 минут). Мұнымен қатар, әртүрлі дидактикалық ойындар, сабақтың басы мен аяқ кезінде оқу іс-әрекетінің белсенді түрін (жұмыс қабілет зонасына) пайдалану. Мүмкін, әр сабақта бес дидактикалық міндетті орындау дұрыс болмас, оның есебіне рациональды түрде жетекшісіне бөліп қарау. Оның есебіне сабақтың тақырыбы, бөлімдерінде, бүкіл дидактикалық міндеттерді қолдана білу. Бұл қиын болғанмен, мұғалім тақырыптық жоспар жасағанда соның негізінде жеке