ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1804
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқыту әдісінің маңызды белгісі - дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және' әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).
Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.
Ол мына суретте көрініс тапқан.
283
Сурет 1 .Кітаппен жұмыс істеу тәсілі.
Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы - оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі - зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан
284
қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі - уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде мына ғалымдардың классификациялары кеңінен қолданылуда: Бабанский Ю.К., Верзилин Н.М., Перовский Е.И., Голант Е.Я., Лордкипанидзе Д.О., Махмутов М.И., Лернер И.Я., Скаткин М.Н. т.б
Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.
Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Окыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері.
Оқыту әдістері, оқушылардың танымдық және практикалық іс-әрекеті ұйымдастыратын, оқыту мақсатына сәйкес білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатқа бағытталған әдістерінің жүйесін құрайды. Мақсатқа сәйкес, оларды пайдаланатын нақты технологиялар арқылы әр түрлі әдістерді жүзеге асыру арқылы көруге болады.
Сөздік әдістер.
Баяндау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп- бекіту. Бірінші жаңа материалды игеруге
285
оқушыны дайындау, екінші - берілген мазмұнды баяндау, үшінші - оқытуды аяқтау бөлімі.
Берілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады.
Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.
Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудын тиімділігі басқа да оқыту әдісі— иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алган деректер жайында болуы керек.
Әңгіменің дамытушылығы. Сонда яғни, елестету, ес, ойлау, қиялдау, эмоциональды қобалжу сияқты психалық процесстерді белсенділік күйге әкеледі. Окушылардың тұрақты зейіні, білімділер, қызығушылығың қалыптастыру,
тәрбиелік нәтижесі болып табылады.
Лекция. Лекцияның ауызша әдістен айырмашылығы оқу материалының логикалық мазмұндалуы, акпарат ағымының көптігі, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады.
Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір немесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі.. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.
Лекцияны оқыту аспектісі оқушылардың көркемді оқу материалдарын тұтас қабылдап меңгеруі және аяқталғандығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Лекцяны дамытушылық тиімділігі окушылардың логикалық ойлау, диолектикалы ойлау тәсілдерін,мұғалім ойының нақтыда абстрактілі ойлау ағымынына білу болып табылады.
Лекцияның тәрбиелік мәні тұрақты еркін зейінін, конспектілеу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
286
Кітаппен жұмыс. Мектепте кітаппен жұмыс істеу - өзіндік білім алуды негізгі әдістерінің бірі. Бұл әдістің мәнділігі оқушының оқу ақпаратын өз ыңғайына, жағдайына қарай қайталап қарап, танымын өз шешімімен шектелуінде.
Окулық кітаптар оқу іс-әрекетін атқарады: білім алу, дамытушылық, тәрбие, ойлау, коррекциялық - бақылау т.б.
Кітаппен өзіндік жұмыста оқып шығу, жеке тараулармен танысу, жеке сұрақгарға жауап іздеу, кітапты немесе мәтіндерді рефераттау, мысалдар мен есептерді шешу, бақылау тесттерін орындап, материалдарды есте қалдыру мақсатында жаттау жұмыстарын орындау жатады.
Әдістің сапасы еркін, жылдам оқып, ойдан өткізіп, түсіну, қарастырылатын мәселелеріге әдебиеттер таңдай білуінде.
Берілген біліктердің бәрі оқушының мектепке келген күнінен бастап білім алу мақсатын біртіндеп қалыптастырады.
Бағдарламадағы оқу кітаптары сапасымен ерекшеленеді. Оқушылар жұмыс жүргізу барысында берілген тапсырманы орындауға керекті ықпалды іс-әрекет қарастырып, дұрыс орындалғандығы туралы мағлұмат алады.
Жаңа оқу кітаптары қорытынды кестелерді, диаграммада, графиктерде, көрнекті модельдерде, классификацияларда, коммуникативті түрде жинақталган материалдарда берілген. Демек мұғалімдерге берілген ақпараттарды талдауға көңіл бөліп, оқушылардың білім білігін қалыптастыру керек.
Кітаппен оқу жұмысын жасауда оқушылардың өзіндік бақылау білігін қалыптастыруға көп көңіл бөлген жөн. Оқушы кітаптағы мәтінді қанша рет оқып шыққанын санамау керек, оның оқығанын мазмұндап, толық түсіндіріп бере білу біліктілігін меңгергенін бақылауы керек. Бұл үшін уақыттың көбін берілген материалдарды оқуға емес, оны есте жақсы сақтап, белсенді түрде қайталап айтып бере алатын әдетті қалыптастырғаны жөн.
Әңгіме. Әңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы
287
болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістермен қатар қолданылу керек. Әңгіменің оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескерген жөн.
Мақсатына қарай әңгімені бірнеше түрге бөлуге болады: кіріспе әңгіме немесе ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалық т.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық-бақылау.
Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты оқушыларға берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дұрыс түсіндіргенін анықтау.
Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтіледі. Жаңа материалды оқушыға игертуде кіріспе әңгіменің мәні ерекпіе.
Жаңа білім игертуде катехизикалық (сұрақ-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу) әңгімелер қолданылады. Бүгінде мектептерде эвристикалық әңгіме көбірек орын алуда. Жаңалық ашуда оқушылардың, ойлау қабілетін жандандыратын дүние -мұғалімнің білікті сұрақ қоя білуінде. Сократтық әңгіменің шебері философ Сократ болған. Ол еш уақытта дайын жауап бермеген. Сократтың мақсаты білімнің өзі емес, адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған. Сократтың әңгімесі -әңгімелесушіге сұрақтар қою арқылы білгендері мен білмегендерінің шекарасын ажырата білу, сол арқылы ақылды, керемет, ойлы әлем ашуға жетелейтін ауызша диалог әдісі. Сондықтан да эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игеретіндігі байқалады.
Герменевтикалық әңгіме - түсіндіру, ынтықтыру өнері. Герменевтика - негізгі мәселесі философияға бағытталған, түсінік мәселесі. Бұл әңгімеде оқушылар өздіктерінен оқу құралдарын, кітаптарды, картинкаларды,
288
моделдерді қолдана алады. Герменевтикалық әңгіме әдісіне түсіндіріп оқу жатады.
Синтездеуші немесе бекітуші әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қорытындылауда қолданылады.
Коррекциялык бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.
Әңгіме барысында, барлық оқушылардың белсенділікпен қатысып, сұрақты зер салып тыңдауы, сұраққа дұрыс жауап іздеуі, өзінін достарының жауаптарын талдауы, өзінің көзқарасын айта білуі қадағаланады. Дұрыс жауаптарды мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табуына, бір-біріне сұрақ қоюына жол сілтенеді. Әңгіменің танымдық нәтижесі окушылардың білімінің мықты меңгерілуімен, өміршеңдігімен айқындалады. Әңгіменің дамытушылық тиімділігі ақыл-ойды үйлестіріп, тез және анық ойлай білуді қалыптастыруда, талдай және қорытындылай білуде, сұрақтарды дәл қойып, қысқаша ойлай алуында жатыр. Әңгіменің тәрбиелік мақсаты оқушының өз бетімен әрекет жасай білу қасиетін оятады, өз-өзіне сенімділік қасиетін жинақтауға көмектеседі, қарым-қатынас жасай білу мүмкіндігін қалыптастырады.
Көрнекілік әдістср.
Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.
Демонстрация. Оқушылардың сезіміне көрнекілікті құбылыстарды, процесстерді, объектілерді елестетіп, олардың сапасына әсер етеді. Берілген әдіс пен игерілетін құбылыстың динамикасын ашып көрсетуде, заттарды сыртқы пішінімен таныстырғанда кеңінен қолданылады және бір түрлі заттардың ішкі құрылысы немесе орналасқан әсерін қарастырады.
Берілген әдіс оқушылардың заттар, кұбылыстар мен процестердің, керекті өлшемдерін жасап, өзара байланысын, танымдық белсенділігін іске
289
асырып заттардың құбылысы мен мәнін, сапасын анықтайды.
Нақты жағдайда заттарды, құбылыстарды түсіндіруде демонстрациялау дидактикалық тұрғыдан құнды болып табылады. Егер де бұндай демонстрация өткізуге мүмкіндік болмаса, онда табиғи заттарды көлемді моделдеу арқылы танып білу негізгі роль атқарады. Олар заттардың құрылысын көру арқылы, двигательдің ішкі күйі, геометриялық фигуралардың өлшемдері, жергілікті жердің рельефі т.б. игеруге көмектеседі. Көптеген жаңа модельдер заттардың технолгиялық және техникалық ерекшелігін анықтап түсінуді қамтамасыз етеді.