ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 1805
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
276
сабаққа жоспар жасайды. Тақырыптық жоспар мұғалімнен білім, білік, дағдыны талап етеді, сондықтан тәжірибелі мұғалімдерге әдістемелік бірлестікте тапсыру керек. Тақырыптық жоспарларды жасауда көптеген ұсыныс схемалар кездеседі, оның ішінде (мысалы, М.И.Махмутовтың схемасы (тәжірибелі - шебер мұғалімдер әрқашанда жоспарға өзінше қарап, қосымша енгізе алады. Тақырыптық жоспар әрқашанда:
- сабақтың мақсаты мен міндеті;
- сабақтың құрылымы мен мазмұнында іс-әрекет көрсетілуі (оқушылардың іс-әрекетіне басшылық);
- сабақта оқушылардың іс-қимылының жүйесі, кезеңдері;
- технологияны кері алу үшін талдау жасау.
Тақырыптық жоспардың үлгі құрылымы
1. Сабақтың құрылымы.
2. Сабақтың мақсаты.
3. Негізгі дидактикалық міндеттер."
4. Қосымша дидактикалық міндеттер.
5. Мұғалімнің әдістемелік жұмысы.
6. Оқушылармен жүргізетін әдістемелік жұмыстар.
7. Мұғалімге арналған әдебиеттер.
8. Оқушыларға арналған әдебиеттер.
9. Қайталау.
10. Оқушылармен кері байланыс жасаудың формасы және олардың жұмысын бағалау.
11. Сабақты жабдықтау, дидактикалық материалдар.
12. Ескертпе.
Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың астарында күрделі талап - мұғалімнің шығармашылығы оны ғылыми негізге бағыттау:
1. Сабақтың тұтас педагогикалық процестің логикалық құрылымына кіруі;
2. Сабақта оқыту процесінің оқулық, тәжірибелік, дамытушылық функциясын жүзеге асыру.
3. Сабақта оқыту процесінің комплексті принциптерін (мақсаттылық, жүйелілік, ғылымилык, теория мен практиканың бірлестігі, еркіндік, педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы т.б.)
277
4. Әр сабақтың өткен және кейінгі сабақтардың тақырыбы, бөлімдері мен
логикалық байланысы.
5. Сабақтың кезеңдерінің логикалық байланысы.
6. Сабақтың құрылымының дидактикалық және психологиялық
үйлесімділігі.
7. Күн талабына сай мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын
ұйымдастыруда комплексті әдістер мен тәсілдерді іріктеу.
8. Оқу материалын игеруде оқушылардың ынтымақтастығын
ұйымдастыруда, сабақта шығармашылық жұмыс істету.
9. Сабақта оқыту технологиясының, дәстүрлі және жаңа түрлерін
үйлестіру.
10. Сабақта оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің тәсілі оның мақсаты,
міндеті, мазмұнына үйлесімді болуы.
11.Сабақта мұғалімнің оқу материалын игеруде информацияның
негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізуі.
12. Мұғалім мен оқушының еңбегін педагогикалық еңбекті
ұйымдастырудың ғылыми талаптарына сәйкес болуы.
Сабақтың өздігінен және алгоритмдік анализі. Мұғалімнің іс-әрекетінің табыстылығы, оның өзінің жұмысына анализ жасай білуі және мектеп администрациясы мен әдістемелік бірлестік басшыларының пікірлері.
Логикалық анықтама сөздікте (Н.И. Кондаков 1975) мынадай анықтама берілген: «Талдау бен жинақтау қосылып ой процесінің немесе нақты бүтіннің ыдырауы және ол бөліктердің қайта бұрынғы қалпына келуі. Сабақтағы іс-әрекетті ойша талдау жасаған бүтін (сабақ) оның бөлімдері (элементтік құрылымына және бөлімдерінің қайта қалпына оралуы (сабақтың мақсатына жету). Бұл жағдайда сабаққа логикалық талдау (өзін-өзі тексеру) - осы әдіс арқылы сабақта жаңа білім алу және оның нәтижесі сабақтың кемшілігін болдырмау. Мұғалім сабақты талдаудың теориялық негізін меңгерумен қатар тұтас педагогикалық процестің теориясын білу қажет. Мүғалім өзінің іс-әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық процесс, ал педагогқа оқушылар іс-әрекеттің субъектісі. Тұтас педагогикалық процестің кәсіби-педагогикалық жағы Н.Д.Хмель зерттеген, бұған автордың анықтамасы: «Педагогикалық процесс - балалардың мақсатты бағыттағы қарым-қатынасы мәдениетін игеріп қоғамдық өмірге белсенді араласу, педагогтың басшылығымен». Бұл анықтамадан, мұғалім мен оқушының
278
«педагог-оқушы», жүйесіндегі іс-әрекеттің субъектісі, сабақтың барысында қарым-қатынас орнатады. Мұндай қарым-қатынас мақсат пен іс-әрекеттің міндетін түсініп, ойын, еңбек, пікірлесу, оқудың жеке, бірлесіп, топтық іс-әрекетке қатысып (оқу формасы), оның тәсілін (әдісі мен жолын).
Жоғарыда келтірілгендерге қарасақ, негізгі түсініктер: мақсат, міндет, мазмұны, формасы, әдісі, тәсілі т.б. педагогикалық процестің құрылымдық компоненттері. Бұл тұста педагогикалық процестің қарым-қатынастағы субъектісі (мұғалім мен оқушы) оның құрылымдық компонентін негізге алып сабаққа анализ жасау. Келтіріген ережелер мектеп басшыларының іс-әрекетінің алгоритм мұғалімнің өзін-өзі тексеруі. Педагогикалық процестің құрылымдық компоненті логикасы:
- сабақтың мақсаты мұғалімнің тақырыбына үйлесімділігі;
- сабақтың міндеті, оның тақырыбы мен мақсатына үйлесімділігі;
- сабақтың мазмұны тақырыпты өткенде оның міндеттерін шешіп
мақсатына жету;
- оқушы сабақтың барысында оқу іс-әрекетінің субъектісі болу үшін
педагогикалық арақатынастың тәсілі мен формасы сай болуы қажет;
- қарым-қатынаста іс-әрекеттің тәсілі (әдіс) сабақтың міндетін жүзеге
асыру;
- сабақтың мазмұны, әдісі оқудың жұмыс міндетін толық шешу;
- сабақтың ұтымды нәтижесі (жалпы оқушылар санына қарағанда «4» пен
«5»-ке оқитын оқушылар сыныпта басым болу);
- қорытынды және ұсыныстар.
Оқу жұмысындағы талдау (өзін тексеру) т.б. формасында алгоритмі мыналар:
- талдау тұтас педагогикалқы процестің теорясы басшылыққа алынған;
- тұтас педагогикалық процестің құрылымдық компоненті сабаққа талдау жасаудың негізі;
- бұған дәлел талдаудаң компоненті жаңа логикасы, компоненттердің кұрылымы талдау мен жинақтауды біріктіреді.
279
Сонымен, сабақ педагогикалық процестің құрылымдық компоненті болу үшін мұгалім педагогикалық процеспен сабақты жақсы білу керек. Сабаққа қойылатын талаптар, типін, мақсатын, міндетін айқындау, материалды іріктеу, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мұғаліммен қатар оқушының да жұмыс тиімділігін арттырады.
Өзін-өзі бақылауға арналган сұрақтар
1. «Оқыту формасы», педагогикалық процестің компоненттерімен байланысы.
2. Оқытудың формасы сабаққа анықтама.
3. Неліктен оқытудың формасы сабақ болмақ?
4. Сабақтың қандай типтері кең қолданылады?
5. Сабақтың дидактикалық міндеттері.
6. Сабақта оқушылардың қарым-қатынасына педагогикалық басшылық қалай байқалады?
7. Сабақтың дидактикалық және психологиялық құрылымының үйлесімділігі.
8. Қазіргі сабаққа қойылаты» негізгі талаптар.
9. Сабаққа талдау жасау педагогикалық процестің басқа анализдерінен ерекшелігі.
Әдебиеттер
1. Зотов Ю.Б. Организация современного урока. Москва, 1984.
2. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Казучпедгиз, 1960, Алма-Аты.
3. Махмутов М.И. Современный урок. М., 1981
4. Селевко Г.К. Альтернативные педагогические технологии.М. ,2005.
5. Хан Н.Н Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.
6. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. Алма-Аты, 1990
7.Хмель н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998
8. Цырлина Т.В. На пути к совершенству. Антология интересных школ и педагогических находок XX века. М.: Сентябрь, 1997
9. Чередов И.М. Система форм организации обучения в общеобразовательной школе. М.,1997.
280
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар
1. Педагогикалық процестің компоненті схемалық құрылымдық негізінде оқу формасының басқа компонентерімен байланысын көрсет.
2. Жеке оқу пәндеріндегі сабақтың типтеріне сипаттама.
3. Сабақ жоспраы бойынша дидактикалық және психологиялық құрылымның байланысын түсіндір.
Реферат тақырыптары
1. Қазіргі сабақтың проблемасы.
2. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.
3. Сабақтағы қарым-қатынасқа педагогикалық басшылық.
4. Оқыту технологиясының дәстүрлі және альтернативті байланысы.
5. Сабаққа талдау және өздігінен талдау жасау.
281
2.12 Қазіргі мектептегі оқыту әдістері
Мақсаты: мұғалімнін іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және оқыту үрдісіндегі оқушылардың білім, білік дағдыларын меңгерте отырып, оқу-танымдық жұмыстарын ұйымдастыру.
Міндеттері:
а) оқыту әдісінің құрылымы мен мәнін ашу;
э) оқыту әдісінің салыстырмалы түрде тиімділігін көрсету;
б) оқыту әдістерін тандауды анықтайтын факторларға сипаттама беру.
Жоспар:
1. Оқыту әдісінің мәні, әдістері мен тәсілдерінің арақатынасы.
2. Оқыту әдістерінің үйлесімділігі және олардың оқушылар іс-әрекетінің тиімділігіне әсері.
3. Оқыту әдістерін таңдау.
Негізгі ұғымдар: әдіс, оқыту әдістері, тәсіл, оқыту тәсілдері, танымдық іс-әрекет, дидактикалық жүйе, түрлері.
Пәнаралық байланыс:. философия, гносеология, оқыту теориясы, психология, психофизиология, мәдениеттану.
Оқыту әдісінін мәні,әдіс және тәсілдерінің арақатынасы. Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс -жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат - мазмұн - форма - оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.
Әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы.
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі
282
(Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді.
Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі - бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.
Оқыту әдістері - тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі - үлгі болып табылады мұғалім - ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі - ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі - осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады.