Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі м.Уезов атындаы ОТстік азастан университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 321
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ми сыңарларының үстіңгі беті қатпарланған сайлардан тұрады. Олар бір-бірінен қатпарланып бөлінген. Алдыңғы және артқы сайларды орталық немесе Роланд қатпары бөліп тұрады. Алдыңғы орталық сай ортаңғы қатпардың артында, ал артқы орталық сай ортаңғы қатпардың алдында орналасқан. Ортаңғы сайдың алдыңғы жағында жоғары, ортаңғы және төменгі маңдай сайлары бар. Олар өздері аттас қатпарлармен бөлінген. Орталық сайдың артында төбе сайлары орналасқан. Адамның желкесінде қатпарлармен бөлінген бірнеше сайлар болады. Самай бөлігінде 3 қатпар бар: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Адамның самай бөлігің маңдай бөлігінен бөліп тұратын терең қатпарды Сильвий қатпары немесе мидың бүйір жақ саңлауы дейді. Бүл атал-ған негізгі қатпарлар мен сайлардан басқа бірнешеуі бар. Олардың әрқайсысының өз аты болады.
Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қап-талған нерв клеткаларының аксондарынан түрады.
Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрондардан 10 есе артық болады.
Ми жарты шарларының қыртысы 7 қабат нейрондардан
тұрады:
1. Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жағында орналасқан үсақ нейрондардан қүрылған;
2. Сыртқы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бұрышты нейрондардан түрады;
3. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар;
4. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді ұсақ нейрондар;
5. Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы;
6. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, ұршық тәрізді, көп бұрышты және жұлдыз пішінді клеткалардай тұрады;
7. Бұл қабат жіп тәрізді өте ұзын нерв торшаларының кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы нейрондарға өтіп кетеді
Ми қыртысында белгілі бір қызмет атқаратын бөлімдер сезім, қозғалыс, байланыс және лимбика.
Орталык жүйке жүйесінің жоғары бөлімі ретінде ми жар-шарлары бір-бірімен байланысты екі үлкен қызмет атқарады: .
1. Организмнщ сыртқы ортамен баиланысын қамтамасыз етеді, яғни адамның мінез-құлқы, ойлау қабілеті, санасы ақыл-ойы - бұлардың бәрі жоғары жүйке әрекеттері;
2. Организмнің қызметтерін бір-бірімен байланыстыру, ішкі мүшелердің қызметтерін қажетті жағдайға қалыптас-тыру, келтіру, яғни үйлестіру. Бұлар төменгі дәрежелі жүйке әрекеттері.
Бұдан бір ғасырдай бүрын ми жарты шарларының бірдей еместігі, әсіресе олардың қызметінің арасындағы айырма-шылығы анықталған болатын. Мидың сол жағындағы сөйлеу орталығы зақымдалса, адам сөйлей алмай қалатынын Брок дәлелдеген. Осы аймақтың басқа бір нүктесіндегі нейрондар істен шыққаннан кейін, адамда сөздің мағынасын түсіну қабілетінің бүзылғанын Вернике анықтады. Сол мәліметтерге байланысты мидың сол жақ жарты шарының ойлауға қаты-сы барлығы байқалды.
Мидың оң жақ жарты шары кеңістікті қабылдау қызметін, ал сол жақ жарты шары сөйлеу, ойлау қызметтерін атқаратыны туралы мәліметті Р.Сперри ұсынды. Бұл қағида бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, көптеген ғылыми деректер жиналды.
Бақылау сұрақтары:
1.Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері және даму ерекшеліктері
2.Жұлынның өткізгіш және рефлекстік қызметтері
3.Сопақшы мидың қызметі мен жас ерекшеліктері
4.Ортаңғы мидың қызметі мен жас ерекшеліктері
Әдебиеттер:
1. К.Дуйсенбин, З.Алиакбарова Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2004
2. М.Т.Матюшенок. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және мектеп гигиенасы. Алматы, 1986.
3. Ж.Д.Демеуов, Б.Я.Байназарова. Мектепке дейінгі балалар анатомиясы, физиология және гигиенасы. Алматы, 1995.
Практикалық сабақтың тақырыбы:№4 Баланың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.
Мақсаты: Анфимов кестесі арқылы жоғарғы жүйке әрекетін бағалау әдісімен танысу
Жұмыс барысы:
Анфимов кестесімен жұмыс істеудің әдістемелік нұсқауы
Зерттеушілерге Анфимов кестесін таратып, 2 мин ішінде белгілі бір әріптер тізбесін ( мысалы, ОК) белгілеуге нұсқау беріледі. «Аяқталды» деген нұсқаудан кейін белгілеу тоқтатылады.
Жұмыс нәтижесі белгіленген және қате жіберілген әріптер санымен анықталады. Белгіленбей кеткен, сызылмаған әріптер тізбесі қате болып есептеледі.
2. Тәжірибе жүргізуге 3 оқушы таңдалып алынады.
3. Бір апта бойы және әр оқу күнінен кейін жұмыс қабілетінің өзгеруін бақылау нәтижесін кестеге түсіру
Оқу аптасы бойынша сынақ көрсеткішінің көлемі
( оқушының аты-жөні)
Апта күндері | Көрсеткіштер | ||
у | У1 | У 500 | |
дүйсенбі | | | |
сейсенбі | | | |
сәрсенбі | | | |
бейсенбі | | | |
жұма | | | |
4. Оқу күні барысында 3 рет (бірінші сабақ алдында, 3 сабақтан кейін, соңғы сабақтан кейін) зерттелуші оқушының жұмыс қабілетін бағалау. Нәтижесін кестеге толтыру. Кестені әр оқушыға жеке жасау керек.
Оқу күні бойынша сынақ көрсеткішінің көлемі
( оқушының аты-жөні)
Сабақтар | Көрсеткіштер | ||
у | У1 | У 500 | |
Сабақ алдында | | | |
3 сабақтан кейін | | | |
Сабақ соңында | | | |
Кестеде келтірілген белгілеулер:
-
У – белгіленген әріптер саны -
У1- барлық кеткен қателер саны -
У500 – 500 белгідегі қателердің жиілігі
5. Жұмысты қорытындылау. Анфимов кестесі бойынша есеп жазу, қорытындылау.
Анфимов кестесі
Бақылау сұрақтары :
-
Синапстардың құрылысы мен қызметі қандай? -
Пресинапспен постсинапстың айырмашылығы неде? -
Медиатор деп нені атаймыз? -
Нерв талшықтары деп нені атаймыз және оның түрлері? -
Нерв талшықтарының атқаратын қызметі қандай?
№ 5 Практикалық жұмыс. Оқушыларда көру қызметінің бұзылуларының алдын алу.
Мақсаты: оң және сол көздердің көру өткірлігін анықтау.
Қажет жабдықтар: Сивцев кестесі, указка.
Көру гигиенасы. Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті.В.Ф.Уткин (1971) мен Э.С.Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%,7-10жаста 4,5%,11-14жаста 10,5%,15-18жаста 21,5%,19-25 жаста 28,7%-да жақыннан көру қабілеті байқалады.А.А.Сычевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-да байқалады.
Көру гигиенасының талаптары:
Кітапты оқығанда,қағазды жазғанда баланың көзі мен қағза аралығы 35-40см болуы тиіс;
Баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс.Ең тиімді жарық мөлшері 150-300люкс шамасында.Жарық әрдайым сол жақтан түсуі қажет;
Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды;
Теледидарды ең кемінде 2,5-3м қашықтықта отырған жөн;
Көздің тазалығын сақтау керек;
Көз еттерін жаттықтыру
Жұмыс барысы
Көру өткірлігін анықтау үшін кестеден 5 м арақашықтықта тұрып, бір көзді алақанмен жабу керек. Зерттелушіге кез келен бір әріпті көрсетіп, қай жолақты ол анық көретінін белгіліп отыру қажет. Көру өткірлігін әр көзге төмендегі формула бойынша есептейді
у = а/х
мұндағы у — көру өткірлігі,
а — кесте мен зерттелушінің арасында,
х — оқылған әріптер көріну керек арақашықтық.
Кесте негізінен қалыпты көру жағдайында, бірінші (жоғарғы) әріптері 50 м арақашықтықта, ал оныншы (төменгі) – 5 м арақашықтықта көріну есебімен құрастырылған. Кестеде жолақтардың сол жағында арақашықтық көрсетілген.
Нәтижеде есптеп, әр көзге байланысты көру өткірлігін анықтау қоытындыларын жазу керек. Егер у = 0,8 болса, онда төмен көру өткірлігі.
Тапсырма: жұмыс аяқталғаннан кейін қорытынды шығарып, дәптерге жазу қажет.
Сивцев кестесі
Бақылау сұрақтары:
1. Көру анализаторының құрылысы қандай?
2. Көру анализаторының сезгіш бөлімін қаншаға бөлеміз?
3. Көз алмасының құрылысына сипаттама беріңдер?
4. Көздің торлы қабығына сипаттама беріңдер?
5. Астигматизм – дегеніміз не?
№ 6 Практикалық жұмыс. Оқушыларда есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алу.
Жұмыстың мақсаты: Есіту дәрежесін анықтау әдісімен танысу.
Тіл бетіндегі дәм сезу аймақтарының орналасуын анықтау
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: ұзындық (метр) өлшегіші,
қанттың, натрий хлоридының, магний сульфатының (немесе хининның 1% ерітіндісі) 20%-тік ерітінділері, лимон қышқылының (немесе асханалық сірке қышқылының) 1%-тік ерітіндісі, шыны таяқшалар немесе пипеткалар (4 дана), су.
Жалпы түсінік
Есту талдағышы
Есту талдағышы – мағынасы жағынан адамның екінші дистанциялық талдағышы болып саналады. Адам анық сөйлей бастағаннан, есту сезім жүйесі оған ең жоғарғыдәрежеде қызмет атқарады.
Есту мүшесі негізгі үш бөліктен – сыртқы, отраңғы және ішкі құлақтан тұрады (2-сурет а,ә). Есту рецепторы ішкі құлақтың иірім түтігінде орналасады, ол самай сүйегінің жуандаған бөлігінде жатады. Дыбыс толқындары оларға бірнеше жүйелі құрылымдар: сыртқы дыбыс тесігі, дабыл жарғағы, есту сүйекшелері, лабиринт сұйықтығы және иірім түтігіндегі негізгі жарғақ арқылы тікелей жеткізіледі. Есту талдағышының рецептордан ми қыртысына дейінгі жолда сигналдарды өңдеу, жүзеге асыратын көптеген дәйекті қосылған бөлімдері бар.
Адамның құлағы 16-дан (төменгі шекарасы) 20000 Гц-ке (жоғарғы шекарасы) дейінгі әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдай алады. Бұл диапазон 10-11 октаваға сәйкес келеді. Дыбыс жиілігін ажырату, адамның екі дыбыстың ең азғантай өзгешелігін айыра алатындығын сипаттайды.
Адамның қос құлақпен есту өткірлігі өте жоғары: ол дыбыс көзінің орналасқан жерін бір бұрыштық градус қатарына сәйкес дәлдікпен анықтай алады. Оның физиологиялық негізі ретінде, есту талдағышының құрамында нейрондардың дыбыс тітіркенісінің құлақаралық (интерауральды) айырмашылығы, құлаққа жету уақыты мен олардың күшін бағалау қабылеті қолданылады. Егер дыбыс шығатын жер бастың ортасынан шеткері орналасқан болса, онда дыбыс толқыны бір құлаққа ерте жетеді және күштірек естіледі, ал қашығырақ тұрған құлаққа – кешігіп келеді. Дыбыстың организмнен қашықтағандығын бағалау осы дыбыстың әлсіреуі мен тембрінің өзгеруі арқылы анықталады.
Құлақтың құрылысы (беталды қимасы): жарғағы (membrana tympani);
1 — қақпақ бөлігі (paries tegmentalis); 2 — балғашық (malleus); 3 — төс сүйекшесі (incus); 4 — артқы жарты шеңберлі өзегі (canalis semicircu-laris posterior); 5 — алдыңғы жарты шеңберлі өзегі (canales semicircularis anterior); 6 — үзеңгі (sptapes); 7 — кұрыш (cochlea); 8 – дабыл қуысы (cavum tympani); 9 — ішкі құлақ (auris interna); 10— дабылды керетін бұлшықет (m. tensor tympani); 11 — дыбыс түтігі (Евстахиев) (tuba auditiva); 12 — дыбыс түтігінің шеміршегі (cartilago tubae auditivae); 13 — дыбыс түтігінің жұтқыншақтағы тесігі (ostium pharyngeum tubae auditivae); 14 — таңдай пердесін көтеретін бұлшықет (т. levator veli palatini); 15 — дабыл 16 — сыртқы құлақ (auris externa); 17 — қалқан бүртігі (crus helicus); 18 — қарсы шиыршық (antihelix); 19 — қалқанның шиыршығы (helix); 20 — шиыршық аралық сайы.
Жұмысты орындау: Алдымен адамның сыбырлап айтқан сөзді, сосын әдеттегідей жай сөйлеу кезінде айтылған сөздерді қалай, қай дәрежеде еститінін (есіту қабылеті) анықталады. Зерттелуші адамның бір құлағын зерттеуші жаққа бұрады да, зерттелушінің екінші құлағын мықтап жауып тастайды (осы кезде яғни бір саусақпен екінші саусақты сипаған кезде пайда болған дыбыс құлақтың үнін өшіреді). Естіген сөздерін қайталап қаттырақ айту керек екенін зерттелуші адамға алдын-ала ескертеді. Зерттеушінің айтқан сөзін еріннің қимылына қарай түсініп қалмау үшін оны көрсетпеу керек. Зерттеуші өзі дем шығарған кезде сыбырлап жәймен нақты сөздерді (мысалы, алма, мойын, тау, т.б) айтады. Егер зерттелуші 6 м жерден естімесе, оны 1 м жақындатады да қайтадан есіту дәрежесін зерттейді. Бұл тәсіл зерттелуші адам барлық сөздерді анық естігенше қайталана береді. Есіту дәрежесі метр есебімен өлшенеді – зерттелуші адамның сыбырды қандай қашықтықтан естігені анықталады.