Файл: Жоба лтты ндылытар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 335

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сағақты кереге 
Шаңырақ біреу, 
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу 
Алты қанат боз үй дейсің мұны, 
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу. 
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң, 
Крегенің басында адалбақан 
Төрдегі текеметке малдас құрып 
Көнен хикаясын шертер атаң. 
Іргеден маңдай төсеп еспе желге 
Қымыз іш 
Сырқат қалмас еш денеңде. 
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық 
Артық мүлік болмайды көшпелі елде. 
Тап-таза, 
Ететұғын ауасы жас, 
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас. 
Жылы, жеңіл 
Тігуі, жығуы оңай 
Үй басуды үйренер зерделі жас.



Сюжеттік-рөлдік ойын: «Дүкен»
Тақырыбы: «Жұлдыздар дүкені»
Білімділік мақсаты: :Балалардың диалогты сөйлей білуге өз бетінше рөлді толықтыра түсуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:Ойын кезінде бір-бірімен байланыста бірнеше әрекет түрлерін атқаруға талпындыру.
Тәрбиелік мақсаты::Үлкендердің еңбегін сыйлай білуге және сыпайылыққа,адамгершілікке тәрбилеу.
Әдістері:Ойын,жеке жұмыс, рөлдерді сомдау.
Көрнекіліктер:Дүкен макеті,касса макеті,нан өнімдері,ойыншықтар,жемістер,карзина,суреттер,т.б.
Барысы:(Радиодан хабарландыру айтылады.)
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар.Қаламызда жаңа супермаркет «Аққайын»дүкені ашылып жатыр.Жаңа қызметкерлер мен жас мамандар қажет
Балалар: (Топқа әуенмен кіреді.)
1)Сұрақ:Қандай жемістерді білесіндер?
Айкүн:Алма,алмұрт,банан,апельсин,анар т.б.
2)Сұрақ:Нан туралы мақал-мәтел білесіндерме?
Сафия:Ас атасы нан»,»Нан болса әнде болады».
3)Сұрақ:Балалар қандай ойыншықтардың түрлерін білесіндер?
Адиля:Куыршақ,машина,доп,конструктор,ыдыс-аяқтар,т.б.
Ойыншықтар неден жасалады?
4)Сұрақ:Балалар мына сандар адасып кетіпті,осы сандарды кім маған ретімен қойып,тура және кері санап береді?
Адия мен Әлиша:ретімен кояды.123:321:
Балалар сендер сұрақ-жауаптан өте жақсы өттіндер,енді жұмыс орындарыңды тапсырайын.
Айкүн:Сен жемістер туралы жақсы біледі екенсін,жемістер бөліміне бара ғой.
Сафия:Сен нан туралы мақалды өте жақсы айттың,нан бқліміне бара ғой.
Адиля:Сен ойыншықтар туралы жақсы айттын,ойыншықтар бөліміне бара ғой.

Адия мен Әлиша: Сендер сандарды өте жақсы айыра білдіңдер .касса бөліміне бара ғойыңдар.
Сатып алушылар:Абдолла, Исмаил, Ясмин, Алуа, Райымбек, Ескендір, Айсана.
Күзетшілер: Эльхан мен Мират
Ойын ситуациясы: Сатып алушылар кезек-кезек дүкенге кіреді.
Өздеріне ұнаған бөлімдеріне барады.
Сатып алушы-Алуа: Сәлеметсіз бе, сізде банан бар ма?
Сатушы-Айкүн: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир1-Адия: Сізден 1 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Сатып алушы-Абдолла: Сәлеметсіз бе, сізде машина бар ма?
Сатушы-Адиля: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир2-Әлиша: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.) Тауарды пакетке салады.
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Сатып алушы-Айсана: Сәлеметсіз бе, сізде балмұздақ бар ма?
Сатушы-Сафия: Ия, бар. Міне алыңыз.
Касса бөліміне барып, тауарды береді.
Кассир1-Адия: Сізден 2 теңге. (ақшаны алып, чек береді.)
Шыға берісте, күзетші тұрады.
Күзетші Мират: Чекті көрсетіңіз. Жақсы. Тағы да келіп тұрыңыз.
Осылай барлық сатып алушылар кіріп шығады. Соңғы сатып алушы кеткенде. Дүкен жабылады.
Қорытынды:Бүгінгі жұмыс күндерін жақсы өтті,сендерді жұмыс барысында байқадым,берілген рөлдерінді нанымды бейнелей білдіңдер.Сау болыңыздар!




Киіз үйді құрастыру.

Мақсаты: білімдерін тереңдету. Балаларға қазақ халқының тұрғын үйі – киіз үй туралы түсінік беріп, ата кәсібінен хабар беру, атадан мұра болып қалған өнерді үйрету. Балалардың ой – өрісін дамыта отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, жұмыс жасау шеберлігін шыңдап дамыту. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатты жұмысқа.
Оңға қарады, солға қарады,


Алды допты қолына,
Қойды допты жолына
Топқа бөлу.
(Қоржыннан өз топтарына есім алады)
I топ «Орда» тобы.
II топ «Отау» тобы.
III топ «Шаңырақ» тобы.
Ой шақыру.
Бұрынғы көшпелі халықтың баспанасы не еді? (Киіз үй)
Киіз үй неше бөліктен тұрады? (Төрт)
Қандай? (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)
Киіз үй түрлері туралы слайд көрсетіледі. ( назарын суретке аудара отырып бүгінгі тақырыпты әңгімелеу.)
Киіз үй - «Атамыз-Алаш, керегеміз-ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киі үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да оны қастерлеп ұстап, ғасырдан-ғасырларға оның мән –маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен – жайы, баспанасы, мүлкі, мақтанышы.Киіз үйдің атқарған қызметі мен рөлі өте зор. Оған қарап отырып, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем еместігін аңғарамыз. Осы киіз үйде қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы зор роль атқарады.
Біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер, мәдениет сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады.
Киіз үй ішін жабдықтауға қазақ азаматтары байлығын аямаған және сол арқылы қазақ дәулеті мен мәдениетін таныта білген.
Киіз үй аз уақыт аралығында тігуге де, жинауға да ыңғайлы. Көшіп-қонуға қолайлы болғандықтан, малшылар оны қазір де көп қолданады. Киіз үй тегіс, су жүрмейтін құрғақ жерге тігіледі.
Киіз үй маңызы мен көлеміне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Киіз үй түрлері
Ой қозғау (сөздік)
Уық – шаңырақ пен кереге ортасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы – уықтың шаңырақ пен қаламдығына сұғылатын ұшы.
Қары – уықтың иініне дейінгі бойы.
Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге – үй іргесі мен шеңберін құрайтын негізгі бөлік.
Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Ерісі – ағаштардың кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жабылатын есік.
Маңдайша – екі босағаны жоғарғы жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Табалдырық – екі босағаны төменгі жағынан ұстап тұратын ағаш..
Топпен жұмыс.
«Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: төр, сол жақ, оң жақ,от орны» - дегенді түсіндіріп көріңдер.

Практикалық жұмыс.
1. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмысты көрсету. Жұмысты жасағанда жіберілген қателерге талдау жасау.
- Балалар, шаңырақ киіз үйдің қасиетті, киелі мүлкі.Атадан балаға мұра болып келе жатқан мұра екенін түсіндіру.
Венн диаграммасы. қорыту, пысықтау.


Тақырыбы: Сандық, кебеже құрастыру.

Білімділік: Балаларға техника қауіпсіздік шараларын ескертіп таныстыру. Қазақ халқының қо өнері туралы мәліметтер беру. 

Дамытытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қаблеттерін арттыру, 

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, шеберлікке, ізденімпаздылыққа баулу, Ата- бабамыздың ертеден келе жатқан қолөнерін оқып білуге үйрету. 

КЕБЕЖЕ – азық-түлік сақтауға арналған үй жиһаз- дарының бірі. К. Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Олардың жасалу тәсілі, сыртқы пішіні көп жер- лерде ұқсас болып келеді. К.-лердің бір-бірінен ерекшелігі олардың алдыңғы бетін көркемдеу тәсілінен байқалады. К., әдетте,абажа, абдыра, сандықаталатын мүліктерден кішілеу болады және ол төрге қойылмайды, сол жоқ деп аталатын қазанаяқжақта тұрады (қ. Қазанаяқ)Кебеженің төрт бұрышында тігінен орнатылған төрт қырлы ағаштар жақтау қазық деп аталады. Жақтау қазықтарға Кебеженің алдыңғы және артқы бетіндегі, екі жанындағы тақтайлар ырып бекітіледі. Астына қойылатын тақтайлар төрт қабырға жасап тұрған тақтайлардың астыңғы шетіне таман ырылып, саңылау болмайтындай жымдасып тұрады.

Саяхат



           Айлық жоспар бойынша балалар немен танысты, не үйренді?

  1. балалар киіз үйдің жасау жабдықтары туралы толық түсінік алды




  1. Белсенді сөздік қорына «Уық», «Шаңырақ», «Сықырлауық» т.б. сөздерін қосты.




  1. Қазақтың ұлттық әдеп- ғұрыпымен, имандылық- инабаттылыққа тәрбиеленеді.


Ойындар арқылы тиым сөздер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар үйретіледі.


  1. Киіз үйдің суретін салып, керегені мүсіндеп, кереге уықты ағаштан жасап, түс киізге ою- өрнек жапсырады, төрт- түлік

  2. малдың жүндерінің айырмашылығын зерттеді.





  1. Құрылыс блоктарынан үй, үй жиһаздарын құрастырып үйренді

  2. Балалардың ойын түрінде тест қабылдау.