Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 242
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Білім беру мазмұнының құрамына төрт құрауыш кіреді: сабақ, іс-әрекет амалдары, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге деген эмоциялық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. И.Я.Лернер осы құрауыштарға түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік әдістерді, проблемалық баяндау, эвристикалық, зерттеушілік әдістерді енгізеді 38. Білім беру мазмұнының қандай да бір құрауыштарын меңгертуде нақты әдіс не анықтауыш, не көмекші рөл ойнайды.
Интерактивтік оқытудың нақты және болжамды мақсаттары болады. Осындай мақсаттардың бірі – оқытуға жайлы, ыңғайлы жағдай құру, яғни оқушы өзінің жетістігін, интеллектуальдық дербестігін сезінетіндей жағдай, бұл оқыту үрдісінің өзін нәтижелі ете түседі.
Сабақтағы интерактивтік іс-әрекет өзаратүсіністік, өзараәрекеттестік орнататын диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыс, зерттеу жобалары, ролдік ойындар, құжаттармен және сантүрлі ақпарат көздерімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, суреттер т.б. жұмыстар ұйымдастырылады.
Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:
- тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
- тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
- оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
- педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивтік әдістерді қолдану келесі жағдайларды не шарттарды құруға мүмкіндік береді:
-
саналуан шешімдерді іздеуді және талдауды талап ететін мақсаттар мен міндеттер қоюға; -
күтілген нәтижеге жету үшін саналуан тәсілдерді таңдауға; -
коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытуға; атқарылған жұмыстар туралы ойлануға; -
шапшаңдық және ептілік секілді маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға; -
шешім қабылдау барысында ойлануға, мәселеге сын тұрғысынан қарауға; -
өзгелердің пікірін құрметтеуге, топта, командада тиімді жұмыс жасай білуге, жаңа жағдайларға, жаңа ұжымға, өзгермелі ортаға тез бейімделуге.
Интерактивтік оқыту бір мезетте бірнеше міндеттерді шешеді:
-
коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнатуға көмектеседі; -
ақпараттық міндеттерді шешеді, өйткені оқушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, олай болмағанда ортақ іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкін болмас еді; -
жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын (анализ, синтез, мақсат қою т.б.) дамытады, яғни білім беруші міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді; -
тәрбиелік міндеттерді қамтамасыз етеді, өйткені топпен, командамен жұмыс жасауға, өзгелердің пікірін тыңдауға үйретеді.
Интерактивтік оқыту тағы да бір маңызды міндетті шешеді. Сөз релаксация, жүйкеге түсетін жүктемені жою, зейін қою, іс-әрекет формасын алмастыру т.т.б. туралы болып отыр.
Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.
Интерактивтік оқыту технологиялары.
-
Жұптық жұмыс. -
Ротациялық (ауыспалы) үштік. -
Карусель – Айналмақ -
Шағын топтармен жұмыс. -
Аквариум. -
Аяқталмаған сөйлем. -
Миға шабуыл. -
Броундық қозғалыс. -
Есептеу ағашы -
Өз атынан сот. -
Азаматтық тыңдау. -
Ролдік (іскерлік) ойын. -
Пресс (сығымдау) әдісі. -
Өз қағидаңды ұстан. -
Дискуссия. -
Дебаттар.
Қазіргі уақытта әдіскерлер мен мұғалімдер бірқатар топтық жұмыс формаларын дайындады. Олардың ішінде кең тарағаны - "үлкен шеңбер", "желқаңбақ", "аквариум", "миға шабуыл", "дебат". Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивті оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданады.
Мысалы: Топтық өзара әрекеттестіктің ең қарапайым формасы - "үлкен шеңбер". Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең. Топ орындықтарға үлкен шеңбер құрып отырады. Мұғалім проблеманы тұжырымдайды.
Екінші кезең. Нақты уақыт аралығында (шамамен 10 минут) әр оқушы жеке, өз парағына проблеманы шешуге арналған ұсыныс шараларын жазады.
Үшінші кезең. Шеңбер бойымен оқушылар өз ұсыныстарын оқиды, топ үнсіз тыңдайды (сын айтылмайды) және әр бөлім бойынша пікірлер тақтаға тіркеліп жазылады – оны жалпы шешімге қосу не қоспау туралы дауыс береді. Сұрақтың шешімін табу жолдарын тез анықтау мүмкін болғанда ғана "үлкен шеңбер" тәсілі оңтайлы болады.
"Аквариум" - диалог формасы, онда бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды. Шеңбер ішіндегі оқушылардың проблема бойынша диалогтарын шеңбер сыртындағы оқушылар көрермен ретінде қарайды. Бұл әдіс-тәсілдің «Аквариум» аталуының өзі осыдан шыққан.
Осы ұйымдастырылған әдіс-тәсіл мектеп оқушыларына өз құрбыластарын сырттай, бір қырынан көруге мүмкіндік береді:
- олар қалай қарым-қатынас жасайды,
- басқалардың ой-пікірін қалай қабылдайды,
- туындаған дау-дамайды қалай шешеді,
- өз ойын қалай жеткізеді т.б.
Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.
Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.
«Өз қағидаңды ұстан» - деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз ұстанымдарын түсіндіргені дұрыс.
Мұғалім мен оқушының интерактивті шығғармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдісімен байланыстырылған.
Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алуы тиіс: Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық көз жеткізуі керек.
Сабақта интерактивітік оқытуды ұйымдастыру ережесі.
Бірінші ереже. Жұмысқа шамасына қарай барлық қатысушылар (оқушылар) қатыстырылуы тиіс. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау үрдісіне қатыстыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолданған пайдалы. Екінші жағынан, мұғалімнің белсенді оқыту әдістерін меңгеруі қандай да бір форманы тікелей енгізбейінше мүмкін еместігін ұмытпаған жөн. Белсенді оқыту әдістері туралы көптеген әдебиеттерді оқуға болады, бірақ оларды тікелей қолдануы, яғни өзінің ойынға, пікірталасқа т.б. қатысуы арқылы үйренеді
Екінші ереже. Қатысушылардың психологиялық дайындығын да ойластырған жөн. Яғни, оқушылардың осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау қажет. Сабақққа келген оқушылардың барлығы бірдей қандай да бір жұмыс формасына «тікелей енуге» психологиялық тұрғыда дайын болмайтынын ұмытпаған жөн. Осыған орай қатысушыларға өздерін еркін сезінуі үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап, оқушының өз-өзінен ашылуына мүмкіндік беру пайдалы
Үшінші ереже. Интерактивтік технологияны қолдануда оқушылар саны көп болмауы, яғни 30 адамнан аспауы тиіс. Осы шартты ұстанғанда ғана шағын топтың жұмысы нәтижелі болады. Өйткені топ мүщелерінің әрқайсысының қарастырылған мәселе бойынша пікір айтуға, сөз сөйлеуге мүмкіндігі болуы тиіс.
Төртінші ереже. Жұмыс жасайтын (сабақ өтетін бөлменің) орын талапқа сай болуы тиіс. Яғни, оқушылар топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар бір-бірін таңдау, тақта, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатындай жағдайды алдын ала қарастыру. Шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар немесе үлестірмелі материалдар алдын-ала дайындалып тұрғаны дұрыс.
Бесінші ереже. Қаралатын мәселелерді және атқарылатын жұмыстарды сабақтың ең басында талқылау қажет және оны бұзбауға тырысқан жөн. Мысалы, барлық қатысушылар кез-келген айтылған көзқарастарға шыдамдылық, сабырлылық танытып, әрқайсысысының сөйлеу құқығын құрметтеу қажеттігін келісіп алған дұрыс.
Алтыншы ереже. Қатысушыларды топтарға бөлу еркін таңдау негізінде құрылғаны дұрыс. Содан соң кездейсоқ таңдау принципін қолданған орынды.
Топтық жұмыс барысында мұғалім саналуан функцияларды орындайды:
-
топтағы жұмыс барысын бақылауды; -
сұрақтарға жауап береді; -
жұмыс тәртбін, қарсы пікірлерді не дау-дамайды реттейді; -
қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға немесе топқа көмек көрсетеді.
Тәжірибе көрсеткендей, топтық жұмыс – іс-әрекетті ұйымдастыру формасы, ал ең бастысы топтың іс-әрекет мазмұны болып табылады. Сондықтан осы жұмыс формасын тиімді қолданғанда шешілетіндей мәселелерді қарастыру қажет, яғни ойлауды дамытуға арналған жағдай құру қажет, материалды «жеңілден күрделіге қарай» принципімен іріктеу керек. Топтық жұмыс үшін алғашқы біліктікті меңгергеннен кейін шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қарастыру қажет.
Жұмыс барысында интерактивтік оқыту технологиясын жүйелі қолдану мүмкіндік береді –
оқушыға:
тұлғалық рефлексияны дамытуға; ортақ жұмысқа саналы түсінстікпен араласуға; оқу іс-әрекетінде белсенді субьективті ұстаным қалыптастыруға; қарым-қатынас дағдысын дамытуға; адамгершілік нормалары мен ортақ іс-әрекет ережелерін қабылдауға; танымдық белсенділігін арттыруға.
сыныпқа:
сыныпты топтық бірлік ретінде қалыптастыру; танымдық қызығушылықты арттыруға; топтық рефлекция кезінде талдау және өзіндік талдау дағдыларын дамытуға;
мұғалімге:
білім беру үрдісін ұйымдастыруға деген стандарттан тыс көзқарасына; оқу ғана емес, басқа да жағдайларда тұлғааралық өзараәрекетке деген мотивациялық дайындығын қалыптастыруға.
Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:
ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;
ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;
ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;
ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;
5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек. [17]
Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенуіне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да, жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Бұл педагогикалық үрдісті демократияландыруға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесін бір-бірінің жауаптылығын сезінеді.