Файл: Білім беру жйесін сапалы дамыту мселесі азастан Республикасыны Білім туралы заында 1, Елбасы Н..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 241
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІ. Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
2.1 Бастауыш мектептің қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану жолдары
Бастауыш оқу – білім берудің ең негізгі саласы. Бастауыш білім жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында не бастауыш сатысында оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы арқылы қамтамасыз етіледі. Негізгі мектеп пен жоғары сынып оқушылары осы жерден дағды алып, алғашқы және негізгі дайындықтардан өтеді.
Бастауыш сатының өзіндік ерекшелігі – ғылымның негізгі салаларының бастапқы түсініктері осы жерде беріліп, интеграцияланған пәндердің, сараланған оқыту жүйесінің болуында. Сонымен қатар оның өзіндік оқыту теориясы, өзіндік әдіснамасы қалыптасқан 45.
Жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру тәжірибесінде әдістерді жаңаша көзқараспен қолдану басты талаптардың бірі. Себебі дұрыс ұйымдастырылған оқыту үрдісі – білім мазмұнын сапалы меңгертетін бірден бір жол. Ал оқушыға терең де тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруде қазақ тілінің алатын орны ерекше.
Қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты сапалы да, саналы білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. Орынды және дұрыс қолданылған әдістер сабақтың алдына қойылған мақсатын анықтайды, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіреді
Білім беру әдістері сан алуан. Қазақ тілі әдістемесі осы әдістерді қолданады, өз пәні тұрғысынан қайта қарастырады. Сондай-ақ «Қазақ тілі» пәнінің ерекшелігіне қарай өз әдістерін құрады және енгізеді. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсеткенде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Әрине, білім беру әдістерін таңдап қолдану, оны қай уақытта іске асыру және білім беру әдістерін қай материалға байланысты сұрыптап алу - әдістеменің қиын, әрі күрделі мәселесі. Сондықтан оқушылардың жас ерек-шеліктерін, сауаттылық деңгейлерін, танымдық, логикалық ой-өрістерінің дамуын ескеріп, оларға ұсынылатын тілдік материалдардың көлемін таңдау аса қажет. Оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді.
Мемлекеттік тілді меңгеру және құрметтеу өзекті мәселе. Сондықтан өскелең ұрпақты ана тіліне оқытуда әр түрлі әдістемелік
жаңа әдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай әр мұғалім қазақ тілін оқытуда жаңа әдістемелік технологияларды қолданып жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Әрине, тілді меңгертуде әлі де көптеген қиыншылықтар жетерлік. Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен туындайды. Тілді меңгертудің негізі- есту, көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып, оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. Яғни, жеке тұлғаны қалыптастыру жолы. Қазақ тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: оқытуда ең бірінші негізгі түйін - оқушы, ал ұстаз – мұғалім ғана емес – ол тану әрекетінің дамытушысы. Демек, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып әрі нәтижелі әрі қызығарлық сабақ жүргізу, интерактивті тәсілді пайдалану – біздің басты міндетіміз.
Ғалым С.Р.Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралында зерттеуші ғалымдардың оқыту әдістерін топтауын басшылыққа алып, әр топтаудағы жекелеген әдістерге тоқталды. «...әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады» - деп, әдістердің тиімді жолдарын таңдауды мұғалімдерге жүктейді 48.
Мектептің бастауыш сатысында оқытудың мақсаты:
- оқытудың келесі сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабілеттерін және біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететін қарапайым білім негіздерін меңгерту;
- негізгі оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру;
- ұлттық ділін, өз елінің мәдени-тарихи ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетті таныту.
Жалпы бастауыш білім (1-саты) оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерін, оқу әрекеттеріне өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениетін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгертуді қамтамасыз етеді.
Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес
дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептің бастауыш сатысында Филология білім саласына Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу пәндері енеді.
Бастауыш сатыда Филология білім саласын оқыту жүйелі-концентрлі ұстанымға негізделіп, мазмұны жағынан кешенді сипатта болады. Оқытудың бұл құрылымы тілді оқытудың коммуникативтік – іс-әрекеттік бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдік білімнің жаңаша сапасын қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.
Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзіндік мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының тілдік іс-әрекеттерге ауызекі және жазба тілдегі толыққанды дайындығын қамтамасыз етеді.
Қазақ тілі пәнінен оқытудың басты мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Қазақ тілін оқытуда сөйлеу туралы түсінік беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілдік құбылыстарды талдау, орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту міндеттері қойылды.
Қазақ тілі пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. «Қазақ тілі» оқулықтары жаңартылып, жаңа мазмұнда дамыта оқытуға негізделіп құрылған. Бағдарламалық материалдардың Тіл және сөйлеу, Фонетика, Лексика, Сөзжасам, Морфология, Синтаксис, Мәтін, Пунктуация бөлімдерінен құрылуы негізгі тілдік ұғымдарды бір-бірімен тығыз байланыста қарастыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы теориялық білімді ұғыну мен оны сөйлеу әрекетінде практикалық тұрғыдан меңгеру үрдістерінің бірлігіне қол жеткізілді. Қазақ тілі пәні 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады, оқу жылында 136 сағат.
Қазақ тілін оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының мектеп компонентіне (таңдау пәндер) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.
Қазақ тілінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізімі:
-
Қазақ тілі оқулығы (2-4 – сыныптар). -
Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар). -
Қазақ тілінен үлестірмелі дидактикалық материалдар (2-4-сыныптар). -
Диктанттар жинағы (2-4-сыныптар)
Қазіргі білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге орай бастауыш сыныпта оқытуды жетілдіру әр ұстаздан дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.
Бүгінгі таңда әдіс түрлерін жетілдіруге және ең тиімділерін ұстаздардың таңдап алуына толық еркіндік берілген. Осыған орай мектеп мұғалімдері соңғы кезде интерактивті әдістерді жиі қолдана бастады
Оқытудың интерактивтік әдістеме элементтерін белсенді ендіру жұптасып, шағын және үлкен топтарда жұмыс жасауды көздейді.
Оқытудың интерактивтік әдістемесі мұғалімнен етене сіңген көптеген ықпалдарды қайта қарауды талап етеді. Мысалы, сыныпта оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасын орнату жеңіл секілді. Бірақ өзара сыйластық болмаса, бірін-бірі тыңдай білмесе, ортақ дұрыс басшылық болмаса сабақты өткізгенмен еш нәтиже алынбайды.
“Интерактивтік оқыту әдістемесі” – ағылшын тілінен. “interact” – өзараәрекетестікте болу, бір-біріне әсер ету; ауыспалы топ құрамында өзараәрекеттесу арқылы оқыту дегенді білдіреді.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті тақта оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.
Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал – жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу технологиясындағы автономды түрде меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік береді.
Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтары есебінен оқытушыларға «тақтаның алдында тұрып түсіндіру».
Егер сабақ барысында оқушылар арасында, сондай-ақ оқушылар менмұғалім арасында өзара әрекетестік жоғары деңгейде көрініс тапса, онда біз оқыту мен оқуды интерактивті деп атаймыз. Осындай өзараәрекеттестік әдетте қандай да бір мәселені қалай шешу қажеттігін және ұсынылған шешім қаншалықты тиімді екенін талқылау формасында өтеді
Ең бастысы бұл жерде проблеманы шешу үрдісі ұсынылған шешімнен де маңыздырақ екенін түсінген маңызды. Өйткені интерактивтік әдістеменің мақсаты жай ақпарат беру емес, оқушылардың жауапты өз бетінше таба білу дағдыларын қалыптастыру.
Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзараәрекеттестік сапасын анықтамайды. «Өзараәрекетестік» әдісінің негізгі ерекшелігі сол, ол Ашылу үрдісін ұсынады, оның мәні оқушылардың өзараәрекетестік арқылы оқу дағдыларын меңгеруінен тұрады.
Ең нәтижелі оқыту дәл өзараәркеттестік үрдісінде жүзеге асады. Мектеп оқушылары дискуссия, яғни пікірталас кезінде тез үйреніп, жақсы еске сақтайды деген пікір бар. Бұл келесі себептер жүзеге асады:
-
оқушылар ақпарат алып қана қоймайды, олар басқа нұсқаларға қарағанда, өздерінің шешім қабылдаудағы жолы және шешімнің өзі неліктен дұрыс деп есептелді деген сұрақтарға логикалық түсініктеме беруге мәжбүр; -
Оқушылар идеяны тереңінен қарастырады, өйткені олар негізсіз құрылған қорытындының талас туғызатынын біледі; -
Оқушылар проблеманы шешу барысында өзінің және өзгелердің тәжірибесін қолданады. Осындай ортақ білім қоры кез-келген жеке оқулықтағы білімнен артып түседі; -
Мұғалім де оқушылардан бір жаңалықты ести отырып, үйренеді.
Көптеген сыныптарда тек ең үздік, озат оқушылар сұрақтарға жауап береді, ал қалғандары үнсіз қалатыны тәжірибе жиі байқалады. Оқушы сынып алдында еркін шығып, әсіресе, қандай да бір фактілерге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен жеткілікті деңгейде сізге сенім артуы тиіс. Бәлкім, сіз “сендер білесіңдер ме?” деген дәстүрлі сұрақтың орнына “сендер не ойлайсыңдар?” деген сұраққа оқушылар әдеттенгенге дейін жеке оқушылармен өзараәрекеттесуден бас тартуды жөн көретін шығарсыз. Оның орнына оқушылардың өзараәрекеттесуіне негізгі күшіңізді салыңыз.
Оқушылар өз пікірі мен идеяларын өз қалауымен ашық айтуы үшін мұғалім келесі пайдалы тәсілдерді қолдануы қажет:
1) Әрқашанда олардың айтқан пікіріне алғыс білдіріңіз.
2) “Берілген жауап дұрыс емес деп есептеймін“ деп айтпаңыз, оның орнына басқа оқушылар осы пікірмен келісе ме, сұраңыз. Егер бүкіл сынып талқыланған сұрақты дұрыс түсінбесе, онда сізге оларға өз көзқарасыңызды түсіндіруіңізге болады
3) Пассивті оқушыларды таңдауға тырысыңыз. Кейде кейбір оқушылар пассивті болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың да өзгелерден ұтымды өзіндік ойы не пікірлері болуы және сыныптың талқыланатын мәселеге деген басқаша көзқарасын туғызуы мүмкін.
Интерактивтік әдістеменің, кез-келген оқыту әдістемесі секілді топтағы өзараәрекеттестікті ұйымдастыруға ықпал ететін көптеген тәсілдері бар. Бұл тәсілдерді төмендегідей классификациялауға болады:
Сәйкестікті іздеу
Рейтинг
Топтастыру
Дұрыс/дұрыс емес
Дұрыс немесе өзгерісті талап етеді
Артықшылығы мен кемшілігі
Сіз қалай ойлайсыз?
Зерттеу және есеп беру
Ролдік ойын
Миға шабуыл
Дебаттар
Сондай-ақ интерактивті болатын көптеген тапсырма түрлері де бар, оның барлығы мұғалімнің шығармашылығына байланысты.
Мәселен, Сәйкестікті іздеу тәсілін қарастырайық. Оқушылардан осы тапсырманы орындау барысында сипаттау сөзінің не сөйлемнің сәйкестігін анықтау талап етіледі және де бұл тапсырманы күрделі мәтіндермен таныстыруды бастағанға дейін орындау ұсынылады. Бұл ұғымдардың мағынасын бекіту үшін таптырмас тапсырма.
Тапсырма “Сәйкестікті іздеу”. Жұптасып жұмыс жасай отырып, қандай жануардың қандай төлі бар екенін анықтаңдар.
Кесте 4
Жануарлар | Төлі |
1. Ит 2. Қой 3. Жылқы 4. Сиыр | А) Қозы Б) Бұзау В) Күшік Г) Құлын |
Кесте 5. Тапсырма “Ертегілер”
№ | Пікірлер__М_енің_пікірім'>Пікірлер | Менің пікірім |
1 2 3 4 5 6 | Ертегілер оқуға жеңіл, тез жатталады. Оларды ересектер де, балалар да жақсы көреді. Ертегілер түрлі ғажайыптарға толы. Олар қашанда жқсылықпен аяқталады. Мен де ертегі жаза аламын. Мен ертегі оқығанды жақсы көремін. | |